Абубакирова Г.Н.
аға оқытушы,
филология магистрі
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Қазақстан,
Қостанай қ.
ҚАЗАҚ
ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып сөз әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты: Білімділік: а) Лексикология
тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, сөз байлығын зерттейтіндігіне
түсінік беру. в) Сөзге нәр беріп тұратын
мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестеріне
тоқталу. Көнерген сөздерге, омоним, синоним, антонимдерге
түсінік беру.
Дамытушылық:
Көркем сөздің астарын, мәнін түсініп
сөйлеуге үйрету, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Ұшқыр да ұтымды, жүйелі де нақты сөйлеуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Қазақ халқының сөз өнеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру, өз бетінше ізденуге талпындыру. Шешен
сөйлеуге баулу.
Сабақ түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі
материалдар, плакаттар, сызбалар, аудиомагнитофон.
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,
салыстыру, талдау, жинақтау, венн диаграммасы, кластер әдісі.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,
сабақтың мақсатымен, шартымен (топ басшысын сайлау, топтың ұранын тағайындау, сөз
және мақал-мәтел, шешендік сөз сайысы) таныстыру.
ІІ Өткен материалды қайталау (үй
тапсырмасы)
- Лексикология нені зерттейді?
- Лексикология қай
тілден енген сөз?
- Лексикологияның салаларын көрсетіп,
оларға түсінік беріңіз.
Веен
диаграммасы Кластер
әдісі
ІІІ Ойын шартымен жұмыс І топ Ұлан ІІ топ Тіл ашар
1. Топ басшысын сайлау.
2. Топ ұранын дайындау.
3. Мақал-мәтел
сайысы.
Тапсырма: Бұл сайыс
үшін мақал-мәтелдер бес тақырып көлемінде
таңдап алынды. 1.
Тәлім-тәрбие туралы. 2. Жақсылық, жамандық,
достық, қастық туралы. 3. Еңбек туралы. 4.
Өнер-білім туралы. 5. Тіл өнері туралы.
Енді осы тақырыптар бойынша
берілген мақал-мәтелді жалғастырыңыздар (1, 3, 5, 7, 9 - Ұлан тобы
үшін, 2, 4, 6, 8, 10 - Тіл ашар үшін).
//Ұқыптының тоны тозбас/, /Ұқыпсыздың ісі
оңбас//. //Ашу – дұшпан,
ақыл дос/, /Ақылыңа
ақыл қос//. //Жақсының
аты өлмейді/, /Ақынның
хаты өлмейді//. //Досы
көпті жау алмайды/, /Ақылы
көпті дау алмайды//. //Жан
қиналмай, жұмыс бітпес/, /Талап
қылмай, мұратқа жетпес//.
//Еңбек ерлікке жеткізеді/, /Ерлік
елдікке жеткізеді//. //Ақыл
көпке жеткізеді/, /Өнер
көкке жеткізеді//. //Өнер
– ағып жатқан бұлақ/, /Ілім – жанып тұрған шырақ//. //Сөз сүйектен өтеді/, /Таяқ еттен өтеді//. //Шебердің қолы –
ортақ/, /Шешеннің тілі
ортақ//.
4. Көнерген сөздер. Көнерген сөз
дегеніміз қандай сөздер?
Тапсырма: Берілген көнерген
сөздердің мағынасын айтыңыз.
Ұлан тобы үшін: Торсық – сусын
құю үшін, ысталған теріден жасалған шағын
ыдыс; Иінағаш – су
әкелут үшін әдейі жасалған құрал:
әпкіш, күйенте, мойынағаш; Мақпал – Тығыз тоқылған түкті
әрі тұмсық, қалың мата; Жертөле – уақытша мекендеу үшін жерден
қазылып төбесі жабылған баспана; Балахана – үйдің екінші қабаты,
жоғарғы үй;
Тіл ашар тобы үшін: Мес – сұйық
тамақ құю үшін, бітеу сойылған ешкі терісінен
жасалған ыдыс; Күбі –
май түсіруге арналған піспегі бар ыдыс; Зембіл – ауыр заттарды тасу үшін жасалған екі кісілік
тасымал құралы; Бастырма
– төбесі жабық, жан-жағын ашық етіп жасалған жай,
лапас; Ұра – астық
сақтайтын жерден қазылып жасырын, жабық бөлме;
5. Тұрақты сөз тіркестері. Тұрақты
сөз тіркестері дегеніміз не?
Тапсырма: Шашыраңқы
түрде жазылған тұрақты сөз тіркесінің
мағынасын бір сөзбен жеткізіп, осы сөзге қатысты
тағы да басқа бірнеше тұрақты сөз тіркесін айтыңыз.
(1, 2 Ұлан тобы үшін, 3, 4
Тіл ашар үшін).
Қорқу –
төбесіне суық су құйып жібергендей болу; жаны зәр түбіне кетті; жаны мұртының ұшына
келді; жүрегі су етті; төбе
шашы тік тұрды; қос
үрей болды; су жүрек;
қоян жүрек; қос
үрей болды; суқаны
қашты. Сұлу – жаяу жатып, атты түсіп қарағандай; ақша
маңдай; ақша бет; бір
қасық сумен жұтып жіберерлік; жаңа туған ай секілді. Қуану - төбесі
көкке жетті;
мәре-сәре болды;
мұраты таулап отырды; бетіне нұр жүгірді; езуі екі құлағына жетті. Лезде - көзді ашып жұмғанша; иек астында жүріп
кетті; әп-пүш дегенше кірпік қаққанша лып берді;
көз ілестірмеу; демнің арасында.
6. Омоним. Синоним. Антоним. Сіздерге қойатын мынадай
сұрақтарым тағы бар: Омоним
дегеніміз не? Синоним дегеніміз не? Антоним дегеніміз не? Өте жақсы, рахмет. Ендігі
жерде сіздер үнтаспадан өлең жолдарын тыңдап, сол
өлең жолдарынан омоним, синоним, антоним табыңыздар. (1, 3, 5
- Ұлан тобы үшін, 2, 4, 6 - Тіл ашар үшін).
//Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан
да/, /Алдамаған кім
қалды тірі жанда/? /Алыс-
жақын қазақтың бәрін көрдім/, /Жалғыз-жарым болмаса анда-санда//. (А.Құнанбаев).
//Орынды іске жүріп, ой таппаған/. /Не болмаса жұмыс қып, мал
бақпаған/, /Қасиетті
болмайды ондай жігіт/, /Әншейін
құр бекерге бұлғақтаған//. (А.Құнанбаев).
//Жедел көмек – автобус/ /Оқыста о да тұр күтіп/: /Тұрсын ол әрбір шақта бос/ /Қайтеміз оны зырғытып//? (Х.Ерғалиев).
//Туған тілім –
тірлігімнің айғағы/, /Тілім
барда айтылар сөз ойдағы/. /Өссе
тілім, мен де бірге өсемін/, /Өшсе
тілім, мен де бірге өсемін//. (Ә.Тәжібаев).
//Ескі дүние есігін теуіп ашып/, /Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып/. /Босағада тұрмады, төрге ұмтылды/. /Бұзып, жарып, еңсеріп,
еркін басып//. (Қ.Аманжолов).
//Жаз да маған жақсырақ/, /Сабырлықты мін деме/: /Ол жұлқынып, бақ сұрап/. /Жорта берсін, үндеме//?
(Қ.Бекхожин).
7. Шешендік сөз (көрініс). Тапсырма: Берілген
шешендік сөзбен танысып, рөлге бөліп көрініс етіп
көрсетіңіздер (1 - Ұлан тобы үшін, 2 - Тіл ашар үшін).
IV Үй тапсырмасы: Ұлан тобы үшін: Синонимдер
сөздігінен күнделікті
өмірде аз
қолданылатын 10 сөз жазып келу. Тіл ашар тобы үшін: Омонимдер сөздігінен күнделікті өмірде аз қолданылатын
10 сөз жазып келу.
V Қорытындылау: Лексикологияның тілдегі
барлық сөздердің жиынтығын, сөз
байлығын зерттейтін ғылым екендігін айта келіп,
сабақты қорытындылау.
Әдебиеттер тізімі
1. Болғанбайұлы
Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. -Алматы, 1997. -95б.
2. Кеңесбаев І.,
Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика.- Алматы,
1975. -293б.
3. Белбаева М. Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы.- Алматы, 1976. -127б.
4. Айғабылұлы А.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы,2004.
-320б.