Атом энергиясының даму
мәселелері
Қазіргі дамыған заманда шаруашылықтың
негізін отын мен электр энергиясын өндіру құрайды. Қоғамның даму дәрежесі
көбінесе энергияның өндірісімен және тұтынылуымен
анықталады. Халықтың санының өсуімен,
экономиканың дамуымен, жаңа кәсіпорындардың ашылуымен
энергияны тұтынуға сұраныс артады. Ғалымдардың
айтуынша, Қазақстанда 2015 жылға қарай электр
энергиясының тапшылығы айқын сезіліп, 2030 жылға
қарай 6600 мегаватт қуаттылығы бар жаңа станциялар
қажет болады. [1] Қазірдің өзінде бізде энергияға
сұраныс артып келеді. №1 кестеде
және №1 суретте жылу және электр энергияларының динамикасын
көруге болады.
Кесте №1. Жылу энергиясын тұтыну динамикасы
Жыл |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
Жылу энергиясын тұтыну, млн. Гкал |
87,32 |
90,83 |
83,18 |
93,22 |
94,06 |
93,37 |
96,12 |
98,02 |
103,35 |
Ескерту: [2] дерек көзі бойынша автордың
құрастыруымен |
Жылу энергиясы 2012 жылы 2004 жылмен салыстырғанда
18%-ға өскен, 2004 жылы халық саны – 14 951 200
адам болса, 2013 жылдың басында 16 909 776 адамға
жеткен. Ал, электр энергиясы 35%-ға өсті.
Сурет №1. ҚР электр энергиясын тұтыну
динамикасы.
Ескерту: [2] дерек көзі бойынша автордың
құрастыруымен
Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаев қабылдаған «Қазақстан – 2050
стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
халыққа жолдауында XXI
ғасырдың 10 сын-қатері айтылды. Сол 10
сын-қатердің ішінде
жаһандық энергетикалық қауіпсіздік және
табиғи ресурстардың сарқылу сын-қатері айтылды.
Осыған байланысты, Елбасымыз энергия жұмсалуының 2015
жылға қарай жалпы ішкі өнімде 10%-ға төмендеуі
керек деген тапсырма берді. Бұл тапсырма «Энергосбережение-2020»
бағдарламасына енгізілді. Егер біз энергия жұмсалуын 10%-ға
төмендететін болсақ, онда 2015 жылы энергияны тұтынуымызды 35
млрд. кВт/сағ.-тан кем емес мөлшерде қысқартуымыз керек
болады екен. Ал, бұл қазіргі барлық өндірісте
тұтынылып жатқан энергия мөлшерінің 70%-ын
құрайды. Сонда бұл барлық дерлік өндіріс секторын
энергиядан ажырату болып табылады. Бұл мүмкін емес нәрсе,
сондықтан кешенді түрде энергияны үнемдеу керек.
Бағдарлама бойынша 2020 жылы
жалпы ішкі өнімнің энергия жұмсауы 25%-ға төмендеуі
керек. Мұндағы «энергия тұтынылуы» жалпы ішкі өнімге
жатқызылған
алғашқы энергоресурстардың елімізде тұтынылған санын көрсетеді.
Алғашқы энергоресурстарға газ, мұнай, көмір,
жаңартылған энергия көздері жатады. Көмірсутекті
экономика дәуірі бірте-бірте аяқталуға жақындап,
оның орнына баламалы немесе жаңартылған энергия
көздеріне негізделген дәуір келе жатыр. [3]
Біздің елімізде негізгі энергия көзі ретіндегі ресурстар
көмір, мұнай, газ болып саналады. Қазіргі кезде бізде
мұнай мен газ қарқынды өндіріліп жатыр. 2011 жылы
мұнайды (газ конденсатын қосқанда) өндіру 80,06 млн
тонна, ал 2012 жылы 79,3 млн тонна болды. [2] Бұл көрсеткіш 2014
жылы 83 млн. болады деп күтілуде. Егер мұнай мен газ өндіру қарқыны осылай
жалғаса берсе, онда ол 2020 жылға қарай 120млн. тоннаға
жетуі мүмкін, олай болған жағдайда барланған
мұнай-газ қоры 60-70 жылға ғана жетеді. [4]. Міне, көріп отырғанымыздай
бұл ресурстар сарқылатын, орнына қайтып келмейтін ресурстар
болып табылады. Сондықтан энергияның басқа көздерін,
яғни жаңартылған энергия көздерін игеруді ойластыру керек.
Жаңартылған энергия көздерінің ішінде ең тиімдісі – атом энергиясы. Атом
энергиясын алу үшін уран қолданылады және бізге арзан және көп энергия
береді. Себебі, 1 кг байытылған уранның беретін энергиясы 100 тонна
жоғары сапалы көмірдің беретін энергиясымен бірдей. [5] Уранды пайдалану арқылы
өндірілген энергия жер бетіндегі 75-80% адамзатты қамтамасыз ете
алады. [6] Ал, бізде уранның мол қоры бар. Сонымен қатар, мұнай, газ,
көмірден энергия алғанда ауаға улы заттар тарайды (парниковый
эффект) , ал атом энергиясын өндіргенде ауа ластанбайды. Біздің
«жасыл экономикаға» көшуімізге байланысты, бұл жағымды
жағдай, сол себепті, атом энергиясын игеру керек. Мысалы,
жаңартылған энергия көздерінің ішінде елімізде жел
энергиясының қуаты 1500кВт, ал күн энергиясының
қуаты 504 кВт қана. [7] Жалпы, Қазақстан бойынша барланған
уран қоры 817 мың. тоннаны құрайды. [8] Уран қоры бар 6 аудан, барлығы
53 кен орны бар.
Біздің ел үшін атом энергиясы саласына SWOT талдау.
Күшті жақ Уран қоры бойынша 2 орын (817 мың тонна) Жерасты сілтісіздендіру әдісі арқылы
өндіруге болатын әлемдік уранның 85%-ы
Қазақстанда Отын ұнтағы мен таблеткасын шығаратын
үлкен зауыт (Өскемен металлургия зауыты) Қытай және Ресей сияқты экономикасы
дамыған мемлекеттермен көршілес орналасқан |
Әлсіз жақ Қазақстанда АЭС жоқ Уранды байытатын технологияның болмауы
(Ресейдің Ангарск, Новоуральск қалаларында Ресей мен
Қазақстан бірігіп уран байытып жатыр) Уран өндірісіне шетелдік инвестициялардың
уран қорындағы үлесі 58%, ал Қазақстанға
42%-ы тиесілі, ал өндірістің тек 50%-ы ғана Қазақстанға
тиесілі. |
Мүмкіндіктер Әлемдік «ядролық ренессанс» болатын болса,
болашағы бар ядролық отын өндіріп, АЭС салу Вертикальды біріктірілген компаниялар бәсекелстікке
өте қабілетті болуы Атом энергетикасында
берік орынды иелену |
Қауіптер Әлемдік «ядролық ренессанс» болмаса, онда
вертикальды біріктірілген компаниялардың түсімі мен таза
пайдасының азаю мүмкіндігі Ядролық отын циклінде технология жағынан
жоба бойынша серіктестерге тәуелділік Артық әртараптандыру қаупі |
Қайнар көзі: [9] дерек көзі бойынша
автордың құрастыруымен |
SWOT талдаудан
көріп отырғанымыздай бізде АЭС жоқ, уран байытатын технология
жоқ. Бұл біздің әлсіз жағымыз. Алайда, бізде отын
таблеткасын шығаратын үлкен Өскемен металлургия зауыты бар,
сонымен қатар Үлбі металлргия зауытында да отын таблеткалары
жасалады, ал ол АЭС үшін ядролық отынның ең
негізгі компоненті. Егер біз АЭС
салатын болсақ, онда бізге отын таблеткасын импорттаудың керегі жоқ
болады және елімізді энергиямен қамтамасыз ете аламыз. Мысалы,
Францияда АЭС елде өндірілетін электр энергиясының ¾
бөлігін құрайды, ал Бельгия мен Литвада 3/5 бөлікті,
Украина, Словакия, Корея Республикасында 1/3 бөлікті құрайды.
[10] Одақтас Республикалардың бірі Украинаны алатын болсақ,
дүниежүзіндегі ең
қуатты АЭС-тердің рейтингісін шығарғанда, рейтингтегі
10 АЭС-тің ішінде қуаттылығы бойынша 3-ші орында тұр.
Ол Запорожская АЭС-і, 6 реактрдан тұрады, жалпы қуаты 6000 МВт. Ал,
сол рейтингте 10-шы орында тұрған АҚШ-тың
Уинтерсберг АЭС-інің жалпы
қуаттылығы 3 942МВт, ол 4 млн-ға жуық адамды
энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Егер, біз Украинадағы Запорожская
АЭС сияқты 6000 МВт қуаты бар АЭС салсақ, ол біздің 7
млн-дай халқымызды энергиямен қамтамасыз етер еді. [11] Негізінде,
Қазақстанда АЭС салу туралы айтылып жүр. Ол дүние
жүзіндегі ең қауіпсіз атом электр станциясы болады. Ең
алғашқы атом электр станциясында орнатылатын ректордың
түрі де белгілі. Ол су негізінде жұмыс істейтін блоктық
энергетикалық ректор (ВБЭР-300). Оның қуаттылығы 300
МВатт болады. Зерттеу негізінде атом электр станциясын салуға болатын 5
аймақ таңдалып алынды. Осы аймақтарда геофизикалық,
технологиялық, техникалық анализдер
жүргізілді.
Атом энергетикасын игеріп, дамыту үшін
бірқатар бағдарламалар қабылданған. «Развитие атомной
отрасли в Республике Казахстан на 2011-2014 годы с перспективой развития до
2020 года». «Государственная программа по форсированному
индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан». Бұл екі
бағдарлама да атом саласын дамытуға бағытталған.
«Развитие атомной отрасли в Республике Казахстан на 2011-2014 годы с
перспективой развития до 2020 года» бағдарламасының негізгі
міндеттері: атом саласын дамыту, атом энергетикасын дамыту, қоршаған ортаны қорғау. Бұл
бағдарламаға (2011-2020жылдар аралығы) жалпы 1161428,0 млн.
теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен
27336 млн. теңге, бюлжеттен тыс қаражат мөлшері 1134092,0 млн. теңге. [9] Алайды,
бұл бағдарлама тиімсіз жүзеге асып жатыр, себебі, 2011-2012
жылдары жоспарланған 46 іс-шараның 25-і орындалмай, 4,2 млрд.
теңге ақша қолданылмады. 2,3 млрд. теңге
ақшаға тиімсіз жұмсалған. Уран өндіруге
бөлінген 306 млрд. теңгенің 174,1 млрд. теңгесі
ғана игерілген. [12]
Адамзат өмірі әрқашан қауіптерден
тұрады. Бірақ, адамдар олардан сабақ алып, жеңе білуі
керек. Оның мысалы ретінде, Жапонияда болған қайғылы
оқиғаны айтуға болады. Бірақ, Жапония біраз уақыттан
соң болған трагедияны жеңіп, сабақ алып үйренеді.
Бұндай технологиялық апаттар болды, болып жатыр, әлі де
болады. Гидроэлектрстнция ең қауіпсз деп айтылып жүрген,
бірақ Саян-Шушен
гидроэлектрстанциясында болған оқиғ оның да
қауіпсіз екендігін көрсетті. Ал, жылу электр станциясы
көмірді қолданғандықтан, ауаға улы заттар тарайды.
Бұл жерде қандай экология! Ал атом электр станциясының
болашағы адамзаттық фактор мен табиғи апаттан
қаншалықты қорғануы мен қауіпсізденуінің
жоғарылауына байланысты, яғни қауіпсіздік алғышарттарын
жетілдіруге байланысты.
Пайдаланылған әдебиет
1. Первые АЭС могут появиться
в Балхаше и в ВКО. – Мақала. [электрондық ресурс] / режим доступа http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/pervyie-aes-mogut-poyavitsya-v-balhashe-i-v-vko-232475/
2. ҚР Статистика Агенттігі
http://www.stat.kz/digital/poromishlennost/Pages/default.aspx
3. «Электроэнергетика Казахстана» журналы, 40 бет. 5-6
шығарылым, 2013 жыл. [электрондық ресурс] / режим доступа http://kazee.kz/userfiles/ufiles/magazine/electroenergetika_5_6_2013_.pdf
4. Природные богатства. «Добыча нефти в Казахстане
является одной из важнейших статей дохода в государственном бюджете». –
Мақала. [электрондық ресурс] / режим
доступа http://www.oilngases.ru/neft/dobicha-nefti-v-kazaxstane-yavlyaetsya-odnoie-iz-vajneieshix-stateie-doxoda-v-gosudarstvennom-byudjete.html
5. Предприятие госкорпорации «Росатом» [электрондық ресурс] / режим
доступа http://atomenergoprom.ru/nuclear/
6. «Алаш айнасы» Республикалық
қоғамдық-саяси күнделікті газеті.
[электрондық ресурс] / режим
доступа http://alashainasy.kz/economica/39994/
7. Уикипедия
ашық энциклопедиясы [электрондық ресурс] / режим доступа http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0
8. Ядерные делящиеся материалы. Bellona бірлестігінің доклады. 2012. [Электрондық
ресурс] / Режим доступа: http://bellona.ru/filearchive/fil_yad_mat_COLOR_internet.pdf
9. «Әділет» Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің
ақпараттық-құқықтық жүйесі
[электрондық ресурс] / режим доступа http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1100000728
10. ООО «Диамант»
[электрондық ресурс] / режим доступа http://diamantvl.ru/v_otdelnyx_stranax_4ast_elektr_p.html
11. Рейтинг самых мощных атомных электрсанций (АЭС) в
мире. - Мақала. [электрондық ресурс] / режим доступа http://kabanik.ru/page/rating-of-the-most-powerful-nuclear-power-plants
12. Программа развития атомной отрасли Казахстана реализуется
неэффективно. – Мақала.
[электрондық ресурс] / режим
доступа http://aktau-site.ru/index.php?cat=1&fla=news&idd=71653&ids=1&nma=blog