Жоғары оқу орындарында студенттердің экологиялық білімін                                                                 дамытудың педагогикалық аспектілері

Құрбаналиев Б.Ө. Дүйсенбиева Г.Ә. Ханхожаева Ж.Д. Қаунбаева Б.С.

Kurban1977@mail.ru

 

Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің элеуметтік, экономикалық, саяси, адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, биік адамгершілік, елжандылық, мемлекет аралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы керек.

Дүние жүзілік практикада экологиялық білім мен тәрбие берудің бірнеше бағдарламалары бар.

Бұл бағдарламаларда біздің елімізде экологиялық әзірлік беруге жарайтын жалпы принциптері де кездеседі. Қоршаған ортаның проблемаларына байланысты білім беру екі түрлі роль атқарады: біріншіден - іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, басшы кадрлар даярлауға және әр түрлі пәндердің мазмұнын экологияландыруға жәрдемеседі; екіншіден — көпшілік пікірін қалыптастарып, оны жағымсыз экологиялық құбылыстарды болдырмау жағына қарай бағыттауға мүмкіндік жасайды.

    Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруде жасалған бағдарламалардың төрт басты бөліктері болуы мүмкін:

-         іргелі пәндер;

-         пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін тақырыптарды біріктіру;

-         проблеманың көкейкестілігі;

-         практикалық іс-әрекеттер (экологиялық, сенбіліктер, т.б.);
Республика деңгейіндегі шараларға («Орман күні», «Құстар күні»),

жеке проблемалар бойынша экологиялық семинарларға («Су тазалығы», «Ауа тазалығы», т.б.) қатысу, бұлардың бәрін патриоттық тәрбие беру тұрғысынан жүзеге асыру.

     Осы орайда педагогикалық университтерде маман даярлауда мемлекет   аса жауапкершілікті қажет ету міндеттері:

-         оқу   жоспарларын,   оларға   сәйкес   оқулықтар   және   техникалық құралдар  жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс және мектептен тыс   жұмыстарды   ұйымдастыру. Бұлардың   бәрін   де   мұғалім әзірлігінің  деңгейі,  оқушыларда       экологиялық       көзқарас қалыптастырудағы білім мен білігі шешуші роль атқарады;

-         биология, химия, география және басқа пәндердің, солардың ішінде гуманитарлық пәндердің мұғалімдері  оқу  жоспарларын  іске асырады, әр   түрлі   оқу   жабдықтарын,  техникалық  кұралдарды пайдаланады, табиғат музейлеріне,    зоопарке    және    табиғат жайларына топ серуендер ұйымдастырады.

Сондықтан мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың бірін анықтайды,  тіршілікке деген пікірін қалыптастырады.  Олар тіршілікті түсінуге, оған оқушы лардың қарым-қатынасын анықтауға жәрдемдеседі. Қоршаған орта жайында білім беру - сол ортаның күйін және онымен байланысты проблемаларға жауапкершілікпен қарау және оларды шешуге қамқорлық жасау процесі. Ол үшін күнделікті туындайтын проблемаларды шешетіндей білім, жеке және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.

Бұл міндеттерді экология және табиғат қорғаудан жан-жақты әзірленген мұғалімдер ғана атқара алады. Сондықтан айналадағы ортаны қорғау саласында мұғалімдер әзірлеу - ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға, біріншіден, экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының өзара байланысының негіздері туралы білім беру қажет. Екіншіден, мұғалімдер қоршаған ортаның проблемаларына сын көзімен қарап, оны сақтай білудегі оқушылардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу тиіс. Үшіншіден, табиғат қорғау мәселелері мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындарымен бірге мұғалімдердің білімін жетілдіретін курстардың бағдарламаларына енгізілгені жөн. Төртіншіден, қазіргі техникалық құралдар оқытуды компьютерлендіру және оқытудың жаңартылған әдістерін, солардың пәнаралық тәсілді және ұжымдық оқытуды мұғалімдер даярлаудың бағдарламаларына енгізу қажет. Ақырында тәжірибе, оқу құралдары және оқу материалдарымен құрылуы тиіс.

Қоршаған орта саласындағы мектеп мұғалімдері үшін жасалған халықаралық бағдарламаларда мынадай мәселелер ескерілуде. Болашақ мұғалімдер үшін қоршаған орта туралы білім аса қажет. Олар білім беру әдістерінің, әсіресе оқушыларды қоршаған ортаның негізгі көрсеткіштерін өздігінен анықтай алатындай болуы керек. Мұғалімдер даярлайтын бағдарламаларда қалыптасқан дағдыларды тексеретін және жетілдіретін практикалық сабақтар маңызды орын алуы тиіс. Сонымен бірге халықаралық бағдарламаларда студенттердің алатын білімі жаратылыстану ғылым дарымен шектеліп қалмауына назар аударылады. Барлық пәндердің мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдары, оның проблемалары мен мүмкіндік тері туралы хабардар болуы тиіс. Бұл білім экологиялық және экономикалық болуы керек. Болашақ мұғалімдер оқыту процесінде мынадай психология-педагогикалық білімді игеру және қолдана білуі тиіс, ақпараттың алынуы мен жинақталу процесін және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасында әсерін түсініп, жергілікті табиғаттың материалын және мүмкіндіктерін пайдаланып қоғам мен мектеп тің өзара байланысын, білім берудің тенденцияларын және қоршаған ортаның мәселелерін шешу проблемаларын түсінуі құндылықтарды қастерлеп, даулы мәселелерді шеше білуі қажет. Қоршаған орта саласындағы білім табиғатта жұмыс істеу және сабақтарды жүргізу арқылы ғана алынады. Мұғалім қоршаған орта туралы берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, оқыту әдістері мен амалдарын, ақпарат көздері, оқу жоспарын жетік білуі керек. Жоғары оқу орындарында студенттерді     оқыту ең  алдымен  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  бағдарламалары, олардың      экологиялық  және табиғат қорғау проблемаларына деген сезімталдығын қалыптастыруы тиіс.

Үздіксіз әкологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің

тиімділігін арттыру шаралары мен жобалары

Экологиялық білім берудің табысты болуы негізгі, түйінді және арнайы жобалар жасап, оларды жүзеге асыруға байланысты. Олар:

-         негізгі жобалар-жүйелі курстардың, тақырыптардың, сұрақтардың, тестердің,      стандарттардың,      тапсырмалардың      мазмұны     мен құрылымын жобалайды, экологиялық білім берудің арнайы жобасын жасауға негіз болады;

-         түйінді жобалар әртүрлі ресурстар мен экологиялық білім берудің арнайы жобасының міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

-         арнайы жобалардың әр тобы экологиялық білім беру саласындағы белгілі бір элеуметтік топтарға арналып жасалады.

Әр жобаның бағдары оқыту бағдарламасының құрылымы, әр тақырыптың үлесі, бірнеше тақырыпты біріктіру мүмкіндігі, сонымен бірге әдістемесі және технологиясы арқылы анықталады. Бұл бағдар оқитын топтың және топшаның ерекшеліктерін ескереді. Арнайы жобалар белгілі бір әлеуметтік топтың «сұранысын» ескеріп негізгі және түйінді жобаларға сүйеніп жасалады, кейде оларды біріктіреді.

Экологиялық білімнің арнайы жобалары экологияның кәсіби мамандарын, солардың ішінде экологияны аса жетік білетін мамандарды даярлауға және жүзеге асырғанда мемлекеттік қайраткерлерге (солардың ішінде жоғарғы буыны да бар), өкімет саласындағыларға, баспа, радио, теледидар, мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлеріне білім беруге арналған жобалардың кешені жасалған жөн. Сонымен бірге экологиялық білім берудің салалық және аймақтық жоспарлары жасалуы керек, оларда табиғат қорғауға байланысты қалыптасқан ұлттық салт дәстүрлер ескерілуі тиіс.

Негізгі жобалар кешенінде Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделіне сәйкес деңгейлердің бәрі қамтылады: мектеп,   арнайы,   орта,   жоғары   мектеп.   Мұнда   экологияны   негізгі мамандығы ретінде қалаған дар үшін арнайы экологиялық білім, қалғандарына қосымша білім беріледі.

Арнайы бағдарламалардың мазмұнын толықтыру үшін экология саласында халыққа тәрбие беру және насихат жасаудың негізгі жобалары болуы керек. Бұл жобалар экологиялық сауатты әлеуметтік орта қалыптастыруға, экология мамандарын шығару арқылы бәсеке тудыруға, экологиялық, шешімдер қабылдау мен жүзеге асыруды халықтық білгір бақылауға алуға жәрдемдесуі тиіс («экологиялық сауаттылық»).

Экологиялық стандарттар, негізгі жобалап жасау және жүзеге асыру арқылы меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда экологиялық қызмет атқаратын адамдарға қойылатын кәсіби талаптар жүйесін қалыптастыру қажет.

Үздіксіз экологиялық білім беру жобалары

Бұл жобалар Қазақстанда ұлттық білім жүйесінің жаңа моделі құрылымына сәйкес келуі тиіс мектепке дейінгі, мектептен тыс, орта мектеп, кәсіби орта мектеп, жоғары мектеп, жоғары мектептен кейінгі әзірлік (магистратура, аспирантура, докторантура), білім көтеру жэне қайта даярлау. Олардың сабақтас үйлесімді жасау және жүзеге асыру арқылы үздіксіз экологиялық білім берудің бағдарламалар комплексі түріндегі басқа жобалар жасалуына негіз қаланады, оларға экологияның барлық бөлімдері бойынша жаңа білім беріледі. Жобалар кешенін жасағанда тақырыбының толықтығына, экологиялық білім берудің әр кезеңіндегі сабақтастығына баса назар аударылады. Экология саласына кәсіби биік мамандар әзірлеуге де көңіл бөлінеді.

Типтік бағдарламаларында тақырыптар оқитындар контингентінің мүмкіндігіне қарай талданып алынады. Барлық типтік бағдарламалар білім және экология министрліктерінде мақұлданып, экологиялық білім (ЭБ) берудің оқу-әдістемелік бірлестігінде бекітілуі тиіс (ОЭБ).

Экологиялық білімді стандарттау жобалары

Экологиялық білімді стандарттау жүйесін қалыптастыру арқылы әртүрлі мекемелер мен ұйымдарда экологиялық қызметпен шұғылданатын адамдарға қойылатын кәсіби талаптар айқындалады.

Экологиялық білімді стандарттау жобалары

Экологиялық білімді стандарттау жүйесін қалыптастыру арқылы әртүрлі мекемелер мен ұйымдарда экологиялық қызметпен шұғылданатын адамдарға қойылатын кәсіби талаптар айқындалады.

Экологиялық білім беру әдістемелік және ақпараттық-

талдау тұрғысынан қамтамасыз ету жобалары

Экологиялық білім беру саласындағы қолда бар орасан мол әдістемелік зерттеулер мен болашақ әдістемелік зерттеулер (бағдарламалар, оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар мен нұсқаулар, компьютерлік технологиялар мен оқыту бағдарламалары, іскерлік ойындар, экологиялық білім берудің өзіндік жобалары және т.б.) бірегей экологиялық білім беру саласындағы парасатты меншік қорына біріктіру жобалануда.

Экологиялық білім беру саласындағы парасатты меншік қорына енген материалдар саладағы парасатты меншік қорының құндылық баға стандарты бойынша бағаланып, елеулі бөлігін авторлар алатын төлеммен тұтынушыларға ұсынылуы тиіс. Жобада бұдан басқа экологиялық білім берудің экология жөніндегі «компьютерлік» оқулықтар жасауға арналған алыстан экологиялық білім беруге пайдаланылатын республикалық білім берудің ақпараттық банкін құру ескерілетін болады.


Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі

Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әртүрлі моделі қолданып келеді. Олар:

1) көп пәнді жүйе (мектепте оқытылатын барлық пәндер өздерінің тақырыптарына сәйкестендіріп экологиялық білім беру);

2) бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі),

3) аралас (экология жеке пән ретінде оқытылады).

Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды (1999). Оның негізгі мақсаты - көпшілікке, жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:

-         мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;

-         мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;

-         арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім беру;

-         жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі саласы бойынша);

-         мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;

-         көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000-жылдан бастап жаңа базистік оқу жүйесіне көшірілді. Ол: орта мектеп (І-ІІ сыныптарға), негізгі мектеп (1-9 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына орай, әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс.

Пәндерді экологияландыру дегеніміз - мектеп табалдырығынан аттаған жас өспірімге сыныптар деңгейінде берілетін барлық пәндер негізінде экология лық білім мен тәрбие беру. Яғни, дәстүрлі пәндерді оқыту барысында бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұнына қосымша жаңа экологиялық мәлімет тер баяндалады. Олар мазмұнына қарай: әлеуметтік-гуманитарлық

1 .Республикада халыққа білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру.

2.Жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялык тәрбие мен білім берудің жоғарғы және арнаулы оқу орындарында маман кадрларды кәсіптік "жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың, барлық мумкіндіктерін жасау.

З.Құжатта 64-бапта айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып, ол бойынша азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын ашу үшін, оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерінде экологиялык білім негіздерін міндетті түрде оқыту.

4.Арнаулы оку орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнаулы курстар оқыту көзделеді.

Қазірғі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектерін жерінде жоғары, сапалы, экологиялык білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және орнаулы білім беру орталарында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.

Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми- техникалық үрдісі әлдекашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.

Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы бөлімі ретінде емес, жеке ғылыми тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердін барлығы қамтиды да, бірақ олардың әрқайсысы өз білімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биология қоршаған ортаның экологиялық дағдырысы туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабаты тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылык қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.

Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:

«Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялык және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экология лық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіруін жүзеге асыру»- деген көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.

Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студентеріне «Экология негіздері» курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өз ара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адам затты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің басты және игілікті борышына айналуда.

Ғасырлар бойы ойын табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдалану иемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын алудың бір жолы - көпшілікке экологиялық білім беру.

Өйткені, коғам мен табиғаттың өзара біріне-бірі әсер ететіндігі туралы көпшілікке білім беру, адамның практикалык іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім және тәрбие беруде мектепте алатын орны өзгеше. Экологиялық білім жалпы және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкірті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт алған.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Қожахметова К.Ж. «Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық, мәселелері» Алматы 1993 ж
  2. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» Алматы «Білім» 1995 ж
  3. С.А. Ұзақбаева «Балаларға экологиялық тәрбие берудегі халық дәстүрі» Алматы 1990 ж
  4. Ә.Жұмақанов. «Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері» Алматы 1985 ж
  5. П.Айқабылова. «Бала мінезінің қалыптасу және оны тәрбиелеудің жолдары » Алматы 1972 ж
  6. И.А.Кайров. «Адамгершілікке тәрбиелеудің әліппесі»

      Алматы 1998 ж

  1. Е.Әбдіразақова. « Адамгершілік, имандылық тәрбиесі» Шымкент 1994 ж
  2. И.С.Маренко. «Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу »Алматы 1987 ж
  3. К. Сарманов,Н.К.Перкас «Экологиялық білім беру бағдарламасы» Қазақстан мектебі № 8.  1993 ж

 

РЕЗЮМЕ

На сегодняшний день экология является самой актуальной проблемой РК . Для улучшения экологической ситуации разработана специальная программа. Для того чтобы пополнить содержание этой программы, надо создать план экологического воспитания и пропоганды среди населения. Этот план должен служить для формирования экологической культуры и грамотности всех людей. В этой связи вузы должны подготовить професионально компетентных специалистов.

 

                                                                     Resume

Die Okologie ist  im Gegenwart ein wichtiges Problem in unserer Republik . Fur die Verbesserung der okologischen Situation wurde  ein Programm geschaffen. Dafur der Inhalt dieses Programmes  muss man einen Plan der okologischen Erziehung und Agitation zwischen den Studenten erweitern. Dieser Plan soll fur die Entwicklung der okologischen Kultur und Einbildung der Menschen dienen.

 

Summary.

An most actual problem RK is For present-day day ecology. Special program is designed For improvement of the ecological situation. To renew the contents of this program, it is necessary to create the plan of the ecological education and propaganda among  populations. This plan must serve for shaping the ecological culture and literacy of all people. In this connection high schools must prepare professional competent specialist. These are a certificated specialists it is necessary to know how to conduct the interstate ecological politician.