ӘОЖ 818,992 71 (584 5)

 

С.ЕРУБАЕВТЫҢ НОВЕЛЛАЛАРЫНДАҒЫ РОМАНТИЗМ МӘСЕЛЕСІ

 

Қуанышбаева Гүлнұр Бердалықызы                              

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың оқытушысы

Қуанышбаева Жанат Боранбайқызы

                            Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың оқытушысы

        Кеңес дәуірінде реалимнің ажырамас бөлігі ретінде жұмсалған романтизм әдісі де халықты жаңалыққа  ұмтылдыру, жүректерінде сенім шуағын тудыру мақсатында жұмсалады. Әлі  орнай қоймаған социолистік қоғам туар тамаша тұрмысты жырлап, соған жету үшін  халықты түгел шақырды. Асқақ арман, бай қиалдан туған жалынды жырлар сол дәуәрдің алға бастырар қозғаушы күшіне айналды. Төңкерісшіл, қаламгерлер сол жарқын болашақтың атар таңын  асыға күтті.

       Сол күрестің бел ортасында жап- жас Саттар Ерубаев жүрді.Өз туындыларымен әдебиет ісіне жастайынан араласқан Саттар қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар тұлға.Бұл жөнінде Р. Бердібай:«Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу кезеңінде, отызыншы жылдарда жарқын дарынымен, мол білімімен оқшау озып дараланып көрінген жазушының бірі – Саттар Ерубаев.Өмірден тым ерте кетіп,«өнердің барлық гүлін» ашуға үлгермеген қаламгерден қаламгерден қалған мұра онша көп емес.Б ірақ ол шығармалар уақыттың сынына төтеп бере аларлық  сапаға ие болатын» [2;183]- деп баға береді.

Өмірге деген құштарлық, ертеңгі күннің жарқын боларына қалтықсыз сенім Саттар шығармаларының қозғаушы күші болды. Халқының көтерген бүгінгі ауыр жүгін жеңілдетуді, алға жетелеуді өзіне парыз еткен жазушы өзінің жастық жалын жігерін шығармасына арқау еткен.

Публицистикалық күшті шабытқа құралған, өмір туралы философиялық пайымдауларға толы новеллалардың жаңа үлгісін жасауда Саттар қазақ әдебиетінде тың жол бастады.Шағын  новелласының өзінде ол үлкен өмір туралы көп нәрсе аңғарта алды, окытушысының жүрек пернесін дәл басып қалдықсыз сырласқа айналды. Өмірдің мәні не деген сұраққа өзінше жауап беруге ұмтылады. Адам тағдырының қилы сәттеріне түсінік беруге тырысады.

«Мен бақытты көрсем деуші едім

Біздің қақпаның алдындағы қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.Шал ұзын асасын көтеріп алып:

-         Е, адамзаттар, бақытты болыңдар»-дейтін еді.

Менің бақытты көргім келді»./1;22/

Осылай ойнақы басталып, оқытушысын бірден баурап әкететін қызғылықты новелла «Бақыт»-өмірдің бақыттылығы, адам бақыты туралы тебірене толғанысқа толы, әрі сезімтал, әрі обрызға толы шығарма. Жақсыбай бір үзім нан тауып қайтқанда әйелі Күнтілімнің баласы Бақтыбайға қарап: «бақытың бар екен» дегенін естіген новелланың лирикалық геройына әуелде бақыт деген нан болып елестейді екен. Ал, жаңа өмір ол ұғымды түгелдей өзгерткен. Оны да, автор геройларының бүгінгі өміріне, тапқан жаңа бақытына қарай түйіндейді. Ескі өмірде бақыттың не екенін  түсінбеген Күнтілім өзінің шын бақытын социолизім  елінен табады. «Бақыт өмірімен қатар келмейді, Бақыт дегенімнің өзі біздің өмір екен»,-дейді ол.

«Мәңгілік өмір» атты новелласында Саттар жаңа өмір үшін күресте, халық ісі жолында қазаға ұшыраған  адам өмірінің сырын, оның өлімінде де өлмеушілік бар екенін суреттейді.Бұл жағынан ол «мәңгілік өмір туралы жыр» балладасымен үндеседі.Новелланың кейіпкері комунист Бердалы 1920-шы ашыққан халыққа арналған азық-түлікті  қорғап тұрып, басшылардың қолынан қаза табады. Өлер алдында ол «Мен бақыттымын.Ризамын өмірге», - дейді. Өмірінде езу тартып күлмеген, жылы сөз естіп көрмеген, сұсты, қатыгез адамның жүзінде шаттық күлкі ойнайды. Оның сөзін бүкіл қыстақ  естиді. Бірақ ешкімде оның бақыттылығының себебін түсіне алмайды. Өлім, жұрт ұғымында, үлкен бақытсыздық..

                Жазушы новеллада геройының осы сөзінің сырын, бақыттылығының  себебін Мирон Андреевичтің өлімі арқылы түсіндіреді. Дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп, бақыт таба алмаған Мирон Андреевичтің жетпістен  асқан шағында  адам мен оның еңбегін бағалай білетін жаңа заманды кездестіреді, бақытқа бөленеді. Өлім аузында жатып ол еңбек адамын еркелеткен партияның сөзін тыңдайды, еңбек ерлерінің лебізін естиді. Өмірге құштар шал сөзбен айтып жеткізе алмайтын шат сезім үстінде, өңінде күлкі ойнап жатып дүние салады.

               «Айтыңдаршы, өлді деуге сия ма? Жоқ, ол миллиондаған халықтың жадында сақталады. Оның қаны өлмейтін халықтың тамырында ағады, оның шаттығы мен бақыты бүтін бір елдің шаттығы мен бақыты болып табылады. Ол үшін қымбаттыдан да қымбатты болған компартияға деген сүйіспеншілік пен берілгендік  миллиондардың жүрегінде мәңгі жасайды.

           Міне, бұл-мәңгілік өмір жолдастар!»[1;87]

           Новелланың идеялық түйіні осы үзіндіде  айтылған. Автор оны өмір шындығының нақты көрінісі мен романтикалық өршіл үнмен аша алады. Нағыз бақытты заманда адам өлімінің өзінде өлместік болатынын, оның жүрегі тірі, милиондардың жүрегімен жалғасып жататынын шебер суреттейді.

        «Романтизмнің ұғымы кең. Болмастан, шындықтан қашып, ілденендей негізі жоқ бос қиял дүниесіне әкететін ағым бар. Оның өткенді көксейтін, кері тартылатын реакциялық түрі бар.

        Біздің айтып отырғанымыз бұл түрі емес, болмысты, шындықты негізге ала отырып, алдағыны аңсап, арман ететін прогрессивтік романтизм, жарқын болашаққа болмысты революциялық жолмен өзгерту арқылы жетуді уағыздайтын революциялық романтизм». [3;133]

      Саттар Ерубаевтың біз жоғарыда қарастырып отырған «Мәңгілік өмір) атты  новелласы дәл осы ғалым М.Қаратаев көрсетіп отырған романтизмнің өршіл түріне сәйкес келеді. Жазушы өз шығармасында нақты өмірден шын оқиғаны ала отырып, алдағы уақытта келер қуаныштың лебін сездіруге тырысады. Адам еңбегі арқылы  мәңгілік тіршілікке ие болатынына сенеді, сендіреді. Ең бастыс бір ғана адамныңтұзақ өмірі емес, сол адамның халқына әкелер пайдасы, халқының  бақыты. Бүтін елдің тамаша болашағы үшін жанын пида ету арқылы ер азамат халқының жүрегінде мәңгілік өмірге ие болмақ. Бақытты елі барда ол ерге өлім жоқ. Осы идеямен жазушының романтикалық образы мәңгілік өмір сүру бақытына ие болған. Құр қиялдан құрастыру арқылы жасаған  бейне жазушының бұл романтикалық образы алдында нанымсыз, дәрменсіз болып шығар еді. Жазушы шеберлігі сонда оқушыны нанымды оқиғамен таныстыра отырып алға сүйрер тың күшке ерекше леп беріп, қанаттандыра түседі. Шығарманы оқи отырып оған сенбеу, жазушының айтар ойына қосыла қуанып, шыдамсыздана күтпеу мүмкін дүние емес.

       Осы «Мәңгілік өмсір»  новелласымен үндес келетін «Мәңгілік өмір туралы жыр» балладасы.

                       «Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,

                            Өлім деген суық сөздің тілінде мен жүр едім.

 

                       Өмір деген өксігімді баса алмастан жүр едім,

                       Бір жабыққан көңілімді аша алмастан жүр едім».

        Жазушы мына өмірдің тым қысқалығына налиды. Бір ғана рет берілетін өмірде із қалдырмай, артыңда айтылар іс тындырмай өтуден асқан ақын жанына ауыр жара жоқ. Тіпті алып күшімен аты аңызға айналған батыр да ертең атының ұмыт болатынын сезеді. Саттар сол өмір жолына өз ізін қалдырудың жолын табуды өзіне мақсат етіп  қояды.

            «Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,

            Өлім деген суық сөздің тілінде мен жүр едім,

            Саттардың бар тіршілігін көз алдыңа дөңгелетіп әкеліп, жас ғұмырдың бүкіл философиясын алдыңа жайып тастай салатын қос жол. Өмірдің сырына үңілем, жұмбағын шешем  деп жалған жарықтың жалына жастай жармасқан арманшыл жанның өлім деген суық сөздің жазылмас дерт болып жағасына жармасқаны да рас. Бәрі де рас! Алайда, жағасына жармасып, қолқасына қол салған ажалмен айқаса, айықпас сырқатпен жағаласа жүріп, түбітиек бала, әруағыңнан айналайын, Қорқыт баба ізімен өлмеушілік сырын айтады.

Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім,

Өнерімнің барлық гүлін аша алмаған жан едім.

Бәсе, қане мәңгі жасау, өлмеушілік қайда екен?

өте ұмытшақ уақытқа көлбеушілік қайда екен?

Содан бері көп іздедім өлмеушілік жасауды,

Мәңгілік етегінен тәңгі түрде ұстауды...

Өмір – тұңғиық. Адамзат баласы өмір құпиясын ашамыз деп қанша ғұмырды сарп етті. Ашқанына – ашпағаны, танығанынан – танымағаны, тапқанынан – жоғалтқаны көп адам баласының. өмірі сонысымен тылсым, сонысымен жұмбақ болар-ау, асылы. Саттар соны өз өмірімен өзектес өріп, тіршілік философиясына қалай айналдырып отыр?! Жиырманың биігіне көтерілер – көтерілмес жастағы бозбала саналы өмірді тіршілік атты тылсымға үңілуден бастапты-ау. Үңіле бастап өмірдің тұңғиық екенін таныған. өмірдің өлім аталатын жансерігі бар екенін де айна қатесіз таныған. Таныған, бірақ қамықпаған. Жарық дүниеге келген әрбір пенденің өмірін күндіз-түні бір қалғымай, өзімен бір жүріп, бір тұрып өлім аңдып жүр. Екі істемек керек?

            Саттар Ерубаевтың тапқаны- өмір жайлы ойды ірі ойлап, өмірлік мақсатты ірі қоя білу. Ол - өз сөзімен айтсақ «өлмеушілік», «ұмытшақ уақытқа көнбеушілік», «мәңгіліктің етегінен ұстау»... мәңгі жасауды кім қиялдамайды. Ал, Саттар ойы – балаң жастың құрғақ қиялы емес-ті. Жап-жас қалпынша дүние-жиһан ғылым-білмін меңгеріп, өмірдің қыр-сырына мейлінше терең бойлап таныған, таныған сайын тағдырмен тайталасқа түскен әрі таңғажайып романтик, әрі таңғажайып релаист жанның қанаты қиялданып, саналы әрекетке бастайиын  асқақ арманы еді.

Міне , біз талдап отырған «мәңгілік өмір туралы жыр» атты өлеңі турасында көрнекті ғалым, пофессор Құлбек Ергөбектің берер бағасы осы. Сыншы сарабынан сүрінбей өткен Саттардың мәңгілікке ұмытылмас жолын бейнелеген жыры кімді де болмасын толқытпай тұрмайды. Философиялық пайымдалуларға толы жалын жастың жарқылын ғана емес, даналардай ақылын көрсетеді. Дүниенің жүрек дүрсілін арман асқарынан бақылап тұрған өршіл жастың жалынды жыры алысатан сағымданып көрінген «мәңгілік өмірдің» елесін жұртқа айна-қатесіз суреттеп береді. Ол жағын сөз, жалған жыр жазуды емес, бай қиялдық қиялға көтеріліп шарықтай самғауының куәсі. Сол биіктіктен тапқан меруерт сөздерін еліне жыр етіп тізіп беру. Тамырын  тереңге жіберген тарих толқынында адам баласының өзіндік орнын көрсетуді көздейді. Адам уақытпен бірге өшіп, ұмытылып кетуі әділетсіздік. Сол жанталасып жүріп мәңгілік жолына қол салуды көздейді. Мәңгілік өмірдің болмасына көзі жетіп жасып қалу ақын табиғатына жат. Отанын бақытқа жеткізер жол, сол үшін күрес мәңгілікке жол ашажы. Отан оны мәңгілік есте тұтып, құрмет етіп жүреріне сенеді. Сондықтан да ақын мәңгіліктің мәнін еліңе, халқыңа адал қызмет ету, жақсы заман тудыруға ат салысу деп түйеді. Жалынды жүрек шарпуы бүкіл халықты жылытуға жетерін сезеді.

«Келесі соғыс туралы» новелласы Саттар тудырған тың дүниенің бірі, қаламгер осы новелласында жапон басқыншыларына қарсы тұрған кеңес елінің патриоттық сезімі мен жігерін көрсетеді. Атақты академик Вознесенский мен инженер Төлеповтің отан үшін еткен ерен ерлігін асқақ қиялмен жеткізеді. Кеңес елінің әр тұрғынында бір-бір ұшағы бар елді деп бейнелейді қаламгер. Дегенмен, осы туындыны оқи отырып автордың терең білімін танимыз. әлемді таң қалдырар техника заманы келеріне, ол техниканың адамзат баласына қауіпті боларын сұңғыла жас ерте танығандай.

Р.Бердібай бұл новелла жөнінде: «Үлкен білім мен талдаудың, әсірілеу мен салыстырудың нәтижесінде туғпн бұл шығармада қаншама ғылыми, қияли идеялар ұштасқанын аңғару қиын емес. Ғылыми танытқыштық қасиетімен бірге, новелланың кезінде актуальдық, саяси мәні, де ерекше еді. Азамат жазушы болашақ сарапыл соғыстардың жаңғырығын сезгенедей, отандастарын сақтыққа, қырғылыққа баулу мақсатын көздегні де кәміл,»[2;184]деп баға береді.

Шығармаларына көз сала отырып Саттар шығармасының көбісі тақырыптық жағынан болсын, идеялық жағынан болсын бір-біріне ұқсас келетінін байқаймыз. С.Қирабаев бұл мәселе турасында: «Саттар новеллалары тақырыптық жағынан ұқсас келеді. Оның бәрі бақыттты өмір сырын ашуға арналды. Автор публицистикаға көбірек ойысады, оқушысы мен көбірек сырласу әдісін көбірек қолданады. Оның жазу стилінде қайталау (ойды нақтылау, идеяны ұштай түсу мақсатымен) жиі кездеседі.,»  [3;355]- деп дұрыс бпғыт сілтейді. Шындығында Саттардың «Өмір көркемдігі» атты новелласы да бақытты өмір мен адам табиғатын ашуға арналған.

Дәмелінің сұлулығы мен өмір сұлулығын салыстыра отырып автор бір шешімге келеді. Демек, Дәмелінің сұлулығы өмір тудырған, өмірдегі қуаныш пен бақыт тудырған сұлулық екен. Олар болмаған күнде Дәмелі солған гүлдей көркемдігінен айырылады екен.

С.Қирабаев: «Новелла өмір көркемдігін көрсетуге арналғын. Адам бойындағы сұлулықты өмір береді, ендеше адам (нақты герой – Дәмелі) ғана сұлу көркем емес, өмірдің өзі көркем,, сұлу деген қорытынды жасайды автор,»[3;356]деп жазушы шығармасының түпкі идеясын ашады.

Қайсыбір шығармасында болмасын Саттар романтикасы ғажайыптан туған сенімсіз дүние емес, ертеңгі қырағы санамен тани білуден туған дүние екенін білеміз. Сол жарқын өмірге өз құштарлығын қанат етіп елін де жеткізуді міндет етеді.

Ант беремін алдыңда

Орындалады дегенім.

Күндей күлген өлеңмен

Меруерт тізіп беремін,-

Деп халқың сол өмірге жетуге сендіре түседі.

Бірақ мен жаным, құрдасым

Жоққа қолды созбаймын. Меруертті өлеңмен

Жүректі ғана қозғаймын.

Жүрекке – жігер өлеңім

Жыр болмас жырды жазбаймын,-

Деп өзін алға жетелеп, қиял қанатына көтерген жырларының юос қиял емес, атар таңның бозторғайнындай алғаш сәулені сезіне төккен қуаныш жыры екенін растай түседі.

                    

 

 

                  Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ерубаев С. «Мәңгі өмір». Алматы, «Жазушы» 1994 ж.

2. Р.Бердібай. «Бір парыз». Алматы, «Жазушы» 1980 ж.

3. С.Қирабаев. «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» Алматы, «Білім» 2003ж