М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті
Кешеннің мақсаты: студенттердің теориялық және
тәжірибелік дайындығын, менеджмент теориясының қазіргі
кездегі концепциялары мен принциптерін, түсініктерін, жалпы категорияларын
меңгеруін қамтамасыз ету; ақпараттық менеджмент
және сапаны басқару туралы базалық түсінікті,
қазіргі кездегі талаптарға сәйкес ұйым қызметін
түрлендірудің күшті құралы мен ұйымды
басқару жүйесінің негізгі бөліктері ретінде беру.
Кешенді меңгеру нәтижесінде студенттер мынаны білу керек:
· менеджмент, ақпараттық менеджмент және
ұйымдағы сапаны басқару теориясы туралы білімдер
жүйесін;
· қазіргі кездегі ақпараттық менеджмент әдістері мен
оны басқару қызметінде қолдану туралы түсінікті;
ақпараттық қор мен сапаны басқару принциптері мен
әдістері туралы түсінікті;
· практикалық қызметте жетілдіру құралдарын
қолдану дағдысын қалыптастыру;
· ақпаратты жылжу
процесінің жеке элементтер арасындағы тиімді
өзарабайланыстарды анықтауға және өнім мен
кәсіпорын бәсекелестігін көтеру үшін жағдайларды
құру іскерлігі туралы;
· кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің
қызметін өз бетімен ұйымдастыру және
ақпараттық процесті ұйымдастыру мен басқару туралы.
«Ақпараттық
менеджмент және сапаны басқару» курсы бойынша оқу-
әдістемелік кешеннің құрамына келесілер енеді:
1. студенттке арналған силлабус, оның құрамына түсініктеме хат, онда курстың
мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ білімді меңгеру
деңгейіне қойылатын талаптар тұжырымдалады; курстың
тақырыптарын енгізетін пәннің тақырыптық жоспары;
СӨЖ-ға арналған тапсырмалар; пән
бойынша тапсырмалардың орындалуы
мен тапсырылуы; балдарды қою белгісі мен ережелері;
оқытушының талаптары; ұсынылатын
әдебиеттердің тізімі енеді.
2. тезис түрінде берілген дәрістер кешені;
3. тәжірибелік сабақтардың жоспары;
4. студенттерге арналған өздік жұмыстардың материалдары
мен оны орындауға арналған ұсыныстар, ол өзіне
тапсырманы, есеп беру түрін, кеңестер мен ескертпелерді енгізеді;
5. студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау
және бақылау материалдары;
6. оқу сабақтарында бағдарлама мен мультимедиялық
кешенді пайдалану туралы мәліметтер.
Жалпы оқу әдістемелік кешеннің негізгі
мақсаты – студенттерге жұмыс істеу үшін оқу -
әдістемелік материалдың толық кешенің ұсыну. Сондай-ақ,
оқытушының міндеті
кеңес беру, білімді ағымды және қорытынды
бақылау, өзіндік жұмысқа уәждеу.
Оқу-әдістемелік
кешеннің негізгі бөліктерінің бірі: оқытушының
басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы, студенттің
өзіндік жұмысы және тәжірибелік сабақтар.
Оқытушының
басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы - оқытушының
тікелей қатысумен өтетін бірақ, оқытушының
тапсырған жұмыстары және әдістемелік басқаруымен
орындалатын студенттің жоспарланған жұмысы.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл
студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға,
танымдық әрекеттерге қызығушылығының
қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім
жинақтауына бағытталған студенттің оқу
әрекетінің ерекше түрі.
Студенттің өзіндік жұмысы логикалық ойлауды
дамытуды, шығармашы- лық белсенділікті, оқу материалы
негізінде зерттеушілік ықпалды қамтамасыз ететін практикалық
тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.
Тәжірибелік сабақта оқытушының
негізгі назары күрделі теориялық сұрақтардың
қысқаша талқылауына және студенттердің
өздік жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған. Студенттер тәжірибелік
сабаққа алдын ала дайындалып келеді. Тәжірибелік
сабаққа дайындалу кезінде студенттің өз бетімен
жұмыс жасауы студентке арналған әрбір тәжірибелік
тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаудың
болуы. Әдістемелік нұсқауда сабақтың
тақырыбы, мақсаты, әдістемелік материалдар және
жұмыстың орындалу реті келтірілген. «Ақпараттық
менеджмент және сапаны басқару» пәні бойынша тәжірибелік
сабақтың тапсырмаларын орындау барысында әртүрлі өткізу
әдістері (Делфи әдісі, жағдайлық талдау, ми шабуылы,
шағын топтардағы жұмыс, рөлдік ойын, жобаны
әзірлеу, кейс әдісі,
бейнефильмдерді көру және талқылау) пайдаланылады.
Тәжірибе
көрсеткендей, ОӘК-ді оқу процесінде қолдану
жүйелілік, логикалық және толықтық
қасиеттерін береді. Бұл студенттердің оқуға
талпынысын күшейтеді және білімдерді терең игеруге
көмектеседі [2].
Сонымен, программалық
материалды оқу - әдістемелік кешеннің көмегімен
меңгеру аз уақыт алады, оқытушыға студенттердің білімін
бекітуге және тапсырмаларын орындауына көп назар бөлуге
мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
1.
Макаров
А.В., Трофимова З.П., Вязовкин В.С., Гафарова Ю.Ю. Учебно-методический
комплекс: модульная технология разработки: Учебно-методич. пособие – Мн. РИВШ
БГУ, 2001. — 118 с.
2.
Сакенова Л.Т., Капышева Д.А. “Web-технология” пәні бойынша оқу - әдістемелік кешенді
құру технологиясы. Материалы Международной практической конференции
«Валихановские чтения -14», Том 9,
Кокшетау-2009, стр 291-294.