Сакенова Л.Т., Кабдулкалыкова Б.М.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл қ.

«ГУЛЛИВЕР» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ ВЕБ-САЙТЫН ҚҰРУ

 

Қазіргі уақытта  ғылыми – техника қарқынды дамуда. Соның ішінде компьютерлік технологияға келсек, бұл осы заманның ең үлкен мәселесінің бірі. Әр сала компьютерге тәуелді деп айтсақ та қателеспейміз.

Ақпараттық технологиялардың дамуының, ақпаратты электрондық тасығыштар мен осы ақпаратты өңдеуші құралдардың пайда болуының арқасында мәтіндік және медиа-ақпаратты қолдану мен сақтау үшін біртұтас орта – Интернет пайда болды.

Интернет желісіне қосылатын әлеуметтік топтар спектрі және WWW-де ақпаратты іздеу әр уақытта ақпараттық технологиялар аймағында мамандар қатарына жатпайтын қолданушылардың арқасында кеңейеді. Яғни, олар, құрылысшылар, дәрігерлер, заңгерлер, спортсмендер, саяхатшылар, жазушылар, суретшілер және т.б. тізімді шексіз жалғастыра беруге болады.

Сайт (веб-сайт ағылш. website, web — тор, «веб» және site — «орын») – бұл әлемдік желіде өз адресі, және біз тұтас ретінде көретін жеке веб-беттерден тұратын орын. Сайтты құрудың бірнеше себептері бар, бірақ ішіндегі ең бастысы бұл сайт ақпарат алудың ең басты қолайлы, әрі жеңіл тәсілі болып табылады.

Қазіргі кезде сайт кәсіпорынның, фирманың визиттік картасы бола алады. Сондай-ақ Интернет-магазиндер, файлалмасулар, әлеуметтік желілер және онлайн-сервистер бар. Сайттың көмегімен ақпаратты таратуға, оны өзгертуге, осылайша сайтқа кірген адамдар соңғы деректерден мағлұмат ала алады. Сайт арқылы үлкен көлемді ақпаратты адамдарға жеткізуге болады.

Бүгінгі күні  «Гулливер» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – баланың көркем-эстетикалық тәрбиесіне бағытталған негізгі концепциясын өзгертпеген қаламыздағы жалғыз балабақша.  «Гулливер» бөбекжай-бақшасы 1985 жылы қарашада  ашылды. 

Балабақша балалардың ішкі-өнегелік эстетикалық дамуы бойынша өжет жұмыстар жасауда. Сондықтан да «Гулливер» балабақшасында сазды, вокалды, хореографиялық және бейнелеу өнері сабақтарына көп көңіл бөлінеді. Балалардың ішкі әлемін қалыптастырудың айнымас құралы  өнер: әдебиет,  халық шығармашылығы, сурет, мүсіндеу болып табылады.  Бұл сәбилерде өнегелі тәрбиемен тығыз байланысты эмоционалды шығармашылық бастауды оятады. Хормен ән айту, халық билері, саймандарда ойнау, өлең, ән жазу, түрлі театрлық қойылымдар балаларды өнер туындыларымен таныстырады, орындау дағдысын үйретеді, көркемдік даму, жеке және ұжымдық шығармашылық  құралы болып табылады.

Әрбір іс-шараны, семинар немесе қандай да бір мерекені тойлау мұнда нағыз карнавал, сүйкімді костюмдерімен, нөмірлерімен, қызықты сюжеттерімен шағын-спектакльге айналады. Шынымен де мұнда: кішкентай өнер ортасы орналасқан.

Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жеке блогтары мен сайттарының кеңінен тарауы артуда. Оның тиімділігі мен артықшылықтарын тізуге ұзақ уақыт керек.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері сайттарының артықшылықтары мен міндеттері мынада:

-                сайт бетінде ата - аналармен жанды әңгімелесу құралы және тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы бірлестікті дамытады;

-                мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің ерекше әдістері мен тәсілдері және даму заңдылықтары мен ата-аналарды ақпараттандыру (пайдалы сілтемелер, мақалалар);

-                ата-аналарды балабақшаның іс-әрекетімен таныстыру: балалармен   жүргізілетін сабақ кестесі, күн тәртібі, апталық мәзір;

-                ата-аналарды жаңалықтар, хабарландырулар және алда болатын іс-шаралармен ақпараттандыру;

-                сайт беттеріндегі фотоматериалдармен жүйелі алмасу;

-                ата-аналар мен балаларға қызықты ақпаратты орналастыру: балалардың күлкілі әзілдері, жақсы қылықтары, ең жақсы суреттері мен қолдан жасаған еңбектері, сондай-ақ ақпарат тек қана балабақша әкімшілігі мен ғана емес, сонымен қатар ата-аналармен де енгізілуі мүмкін;

-                «сұрақ-жауап» байланысын ұйымдастыру, мұнда ата-аналардың сауалдарына балабақша мамандары, психолог, логопед, медициналық қызметкерлер жауап бере алады;

-                электронды пошта арқылы балабақша жаңалықтарына ата-аналардың жазылуына болатына ата-аналарды уақтылы ақпараттандыру;

-                үйде жаттауға өлеңдер мен әндердің мәтіні.

Осындай міндеттерді алдына мақсат ете отырып,  «Гулливер» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ата-аналар мен қызметкерлерге арнап сайт жасалынды. Сайт басты бет, байланыс деректері, визиттік карта, қызметкерлер, мадақтаулар, мамандар кеңесі, нормативті-құқықтық құжаттар, балалар шығармашылығы, фотоальбом және ата-аналарға арналған беттерден тұрады.  Сайттың бетінде балабақша сайты туралы, онда қандай ақпараттар бар екені туралы жазылған. Визиттік карта беті балабақша туралы мәліметтер, негізгі міндеттері, жұмыс бағыты туралы ақпаратпен толықтырылған.

Мамандар кеңесі бетінде балабақша мамандарының мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінде ата-аналарға көмек ретінде кеңестері ұсынылған. Балалар шығармашылығы мен фотоальбом беттері балалардың шығармашылықтары және олардың қатысуымен өткен іс-шаралардан үзінді фотосуреттемен безендірілген. Сондай-ақ, ата-аналардың өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алуға мүмкіндіктері бар.

Алдағы уақытта балабақша сайты ата-аналардың балабақша туралы, оның жұмысы, балаларының тәрбиесі туралы көбірек ақпарат алуына көп септігін тигізетіні сөзсіз.

Сайттан ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты мамандардың кеңестеріне жүгініп, балабақша мамандарымен тікелей қатынаса отырып, балабақшаның соңғы жаңалықтарынан хабардар бола алады.  

 

Әдебиеттер:

 

1.             Борисова Р. А., Перчик В. Ф., Фридман Б. А. Информационное обеспечение управленческих решений за рубежом. - К.: УкрНИИНТИ, 1974.

2.            Громов Г.Р. Персональные вычисления - новый этап информационных технологий // Микропроцессорные средства и системы - М.:1984. №1, с.37-50.

3.            Дайсон П. Web-узел на базе Microsoft Internet Information Server. Москва «Мир» 1997.