ӘОЖ  004.8

 

Визуалды бағдарламалау принципін іске асыру

 

Жетимекова Г.Ж.

Қолданбалы математика және информатика кафедрасының аға оқытушысы

Ысқақова А.Е.

5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенті

 

Визуалды бағдарламалауды сүйемелдейтін инструменталдық-құралдар стандартты интерфейстік объектілердің (терезе, тізім және т.б.) үлкен жиынтығынан болашақ бағдарламалық өнімнің графикалық интерфейсін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы объектілердің әрбіреуін экранда көрсетуге, редакциялауға, кейбір деректермен байланыстыруға болады. Тағы да басқару элементтерінің жалпы қабылданған жиыны бар (мәзір, батырмалар, таңдау жалаушалары және т.б.),олар тышқанның көмегімен болашақ интерфейсте орналасады және көрсетілетін деректермен немесе қандай да бір оқиғалармен байланысады.

Осындай объектілердің қасиеттері бағдарламалау тілінің стандартты құралдарымен сипатталады.

Визуалды бағдарламалау арқылы тапсырыс беруші өкілінің құрастыруға қатысуын жеңілдетеді. Графикалық интерфейсті көрсету мүмкіндігіне ие болып, құрастырушы соңғы пайдаланушымен, код бөліктерін көрсеткенге қарағанда ортақ тілді өте жылдам табады. Көз алдында графикалық интерфейсті көре отырып, құрастырушы талаптарының орындалғандығын оңай түсіндіре алады және басқа жаңа талаптарды өзі де жылдам түсінеді.

Қосымшаларды құрастырудың визуалды құралдарын шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

̶    Әмбебап – құралдар, кез келген қосымшаны құрастыра алатын. Мысал, ODBC немесе OLE DB драйверлерін қолданып, құрылатын қосымшалар көптеген ДББЖ-мен өзара әрекеттесе алады.

̶    ДБ қосымшасын құрудың құралдары, тәртіп бойынша, қандай да бір анық ДБ-сымен ортақ жұмыс үшін қосымшаны құру бағытталған.

ODBC – ағылш. Open DataBase Connectivity, ашық ДБ-сымен өзара әрекет.

Қосымшаларға деректер базасының сыртқы серверларының көп типтерімен байланысуға мүмкіндік беретін стандартты хаттама. Microsoft Jet Engine (Microsoft Jet Engine деректер базасымен басқаратын бағдарламалар жүйесі ретінде) қолданылатын ODBC-драйверлар Microsoft SQL Server-ге және басқа да ДББЖ қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Және де ODBC-драйверларға және ДББЖ сәйкес келетінге қол жеткізу үшін ODBC бағдарламалық интерфейстері қолданылуы мүмкін.

OLE DB - ағылш. Object Linking and Embedding DataBase, ДБ объектілерінің байланысы және құрастырылымы

Деректерге қол жеткізетін интерфейстер жиыны. OLE DB – кәсіпорын деректер интеграциясының әмбебап мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін ДБ-сының компонентті архитектурасы, онда мэйнфреймдер және дерек типі байланысты емес үстел үсті жүйесі бар.

Қосымшаның оқиғалы-бағытталған логикасы

Rapid Application Development (RAD) – бұл бағдарламалық қамтамасыздандырудың сапасы және жобалауға дәстүрлі жағынан қарағанда бағдарлама жасаудың үлкен жылдамдығына жету үшін құрылған жобалау процессінің өмірлік циклі.

RAD көмегімен объектті-бағытталған жобалау негізінде құрылған қосымша оқиғалы-бағытталған логикаға ие деп айту дұрыс. Бұл дегеніміз, қосымшаны құрған объектілер белгілі оқиға болғанда активтіленеді (мысалы, батырманы басқан кезде сұхбаттық терезе ашылады) Және де объектілер оқиғаны өздері де генерациялай алады. Құрастырушыға тек анықталған оқиғалармен объектілерді байланыстыру арқылы өзара әрекет логикасын анықтау керек.

RAD әдістемесінің қолданылуы

Жоғарыда аталып кеткен артықшылықтарға қарамай RAD әдістемесінде, кез келген басқа бағдарламалардағыдай, кемшіліктер бар, сондықтан бұл бағдарламаны әмбебап деп айту мүмкін емес.

Әрбір нақты жағдайларда, қандай да бір нақты жоба үшін RAD-ты қолдану шешімін қабылдау керек.

1        суретте RAD-тың қолданылуының негізгі критерийлері келтірілген.

 

 

Сурет 1. RAD-тың қолданылу критерийлері

 

Типтік жүйелерді құрастыру мультиплатформдылықты сүйемелдеуді болжайды, өнімді құру жылдамдығына қатысты басқару және сапа көрсеткіштері алға шығады.

Бірегей кодтың үлкен көлемін талап ететін күрделі есептік бағдарламаларды және жүйелерді құрған кезде RAD әдістемесін қолдану, дайын объектілерді қолдану мүмкіндігі және басқа жобалар бойынша дайын элементтерді алуға шектеу қойылғандықтан, дұрыс емес.

Көрнекі анықталған логиканың болмауы (мысал, драйверлерді жазған кезде) RAD әдістемесіне қайшы келеді, ол көрнекі моделдерді және графикалық интерфейстерді құруға негізделген.

Өмірлік маңызы бар жүйелерді құру RAD-тың өмірлік циклінің итеративті моделіне қайшы келеді. Мұндай жүйелерде көп қателері бар толық жұмыс істемейтін версияларды қолдануға болмайды.

RAD әдістемесін қолдана отырып құрылған бағдарламалық жүйелердің күрделілігі құрастырушылардың санына тікелей байланысты. Күрделілік мөлшері ретінде функционалдық элементтердің (хаттар, экрандар, есеп берулер және т.с.с.) санын алуға болады. Төменде келтірілген кестені қолданып, RAD әдістемесімен жобаны орындау үшін құрастырушылар жеткілікті екендігін анықтауға болады.

 

Функционалдық элементтердің саны

Талап етілетін құрастырушылардың саны

< 1000

Бір құрастырушы

1000-4000

Құрастырушылардың бір тобы (2 адамнан 10 адамға дейін)

> 4000

Құрастырушылардың бір тобына 4000 функционалдық элементтен.

 

 

                                                                                                                                                     

RAD қашан қолданылады?

RAD технологиясын қолданған дұрыс:

·         Жобаны қысқа уақыт аралығында (90 күн) құрастыру. Жобаны бүгінгі күннің талаптарына сай жылдам орындау жүйені құруға мүмкіндік береді. Егер жүйе ұзақ жобаланса, онда осы уақыт аралығында ұйымның регламенттік іс-әрекеті фундаменталды түрде өзгеруі мүмкіндігінің ықтималдығы жоғары, яғни оның жобасы аяқталғанға дейін жүйе моралді түрде ескіріп, қартаяды.

·         БҚ талаптар нақты анықталмаған. Көп жағдайда тапсырыс беруші болашақ бағдарламалық өнімнің жұмысын нобайлап қана елестетеді, сондықтан БҚ-дың барлық талаптары нақты құрылмайды. Жобаның алдында талаптар мүлдем анықталмаған болуы мүмкін, немесе оның орындалу кезінде өзгеруі мүмкін.

·         Жоба шектелген бюджет жағдайында жасалады. Құрастыру кішігірім RAD топтарымен қысқа уақыт мерзімінде жасалады, ол ең аз еңбек шығының кетуін қамтамасыз етеді және бюджеттік шектеулерге сай келуге мүмкіндік береді.

·          Қолданушы интерфейсі (GUI) басты фактор. Пайдаланушыға суреттерді салғызудың ешқандай маңызы жоқ. RAD технологиясы интерфейсті прототипте көрсетуге және жоба басталғаннан кейінгі аз уақыт ішінде көрсетуге мүмкіндік береді.

·         Жоба үлкен, бірақ кішкентай функционалдық элементтерге бөлуге болады. Егер жасалатын жүйе болса, онда оны кішігірім бөліктерге бөлу керек, олардың әрқайсысы нақты қызмет атқара алуы керек. Олар параллелді (бұл жағдайда бірнеше RAD топтар шақырылады) немесе тізбектеліп шығарылуы мүмкін.

·         БҚ үлкен есептеуіш күрделілікке ие емес.

RAD негізгі принциптерін келесі түрде көрсетуге болады:

·         Жұмыс топпен жүргізіледі. Топтың құрамы – жетекші, талдаушы, екі бағдарламалаушы, техникалық жазушы. Егер жоба күрделі болса, онда оған бірнеше RAD топтар кіріседі. Жобаны құрастыру тапсырыс беруші мен құрастырушының арасындағы тығыз байланыс жағдайында жасалады.

·         Құрастыру моделдерде базаланады. Моделдеу жобаны бағалауға және оның құрамдас бөліктеріне, әр бөлік жеке RAD-топтарымен жасалуыц мүмкін, декомпозицияны жасауға мүмкіндік береді.

·         Итерациондық прототиптеу. Жүйені құру және оны тапсырыс берушіге көсету дамытылатын прототип тізбегу түрінде орындалады. Кез келген прототип соңғы өнімнен талап етілетін нақты бір қызметті жүзеге асырады. Мұнымен қоса, әрбір келесі прототипте алдыңғы прототиптің барлық функциясымен қоса жаңалары да бар. Прототиптер саны түрлі параметрлер есебі - жоба көлемі, риск анализы, тапсырыс берушінің тілегі және т.б. - негізінде анықталады. Орташа күрделі БҚ жобасы үшін әдетте үш прототип құрастырылады. Алғашқысында нолдік функцияға ие пайдаланушылық интерейс бар. Ол тапсырыс берушінің талаптарын жинауға және оның экрандық және есеп берулік формаларын бекітуге мүмкіндік береді. Екінші прототип 70-80% қызмет ететін функционалдық жүйеге ие, үшіншісі – толық жасалған, функционалды прототип.

·         RAD тобы тек бір прототипте ғана жұмыс істейді. Бұл мақсаттардың бірігін, құрастыру процесін жақсы бақылауды және басқаруды қамтамасыз етеді, ол сонында өнімнің сапалылыған арттырады. Сәйкесінше қолданылатын инструменталды құралдар жобаны конфигурациялық басқаруды және топтық құрастыруды қамтамасыз етулері керек.

·         Егер жоба күрделі болса, онда оған бірнеше RAD топтар кірісулері мүмкін. Үлкен жүйелер жүйеастыларына бөлінеді. Жетістікке жету кілті – жүйені жүйеастыларына дұрыс бөлу. Командалар жалпы стандарттарды қолдану керек. Толық жүйені соңғы рет тестілеу міндетті түрде болады.

·         Құрастыру процессін автоматтандыратын инструменталдық құралдарды міндетті қолдану және оларды қолданудың әдістемесі соңғы өнімді құру мерзімінің қысқаруына және сапасының жоғарылауына алып келеді.

RAD принциптері тек қызмет ету кезінде ғана емес, және өмірлік циклдың барлық этаптарына таралуы қолданылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      Романов В. и др. Интеллектуальные информационные системы. –М: Финансы и статистика, 2005. 

2.      Коноплева И.А., Хохлова О.А., Денисов А.В. Информационные технологии – М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2007.

3.      Трофимов В.В. Информационные системы и технологии в экономике и управлении. – М.: Высшее образование, 2007.