Экономические
науки/ 15.Государственное
регулирование экономики
Магистр экономики Бекбергенова Ж.Т., Утебалиева Д.Б.
Каспийский государственный университет технологий и инжиниринга
им.Ш.Есенова, Казахстан.
Қазақстан Республикасы
агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуы
Индустриалды-инновациялық
жеделдетіп даму кезеңінде Қазақстан Республикасының
Президенті Н.А.Назарбаев - ғылым, оның ішінде аграрлық
ғылым алдында оңтайлы, жоғарғы инновациялық
технологиялар мен жаңа білім негізінде өнеркәсіпті жаңаландыру
және технологиялық даму процестерін жеделдетуді қамтамасыз
ету деген міндетін қойды.
Қазақстан
соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешеннің
басымдылықты бағыттарына қолдау көрсетуде
жан-жақты жүйелі саясатты жүргізіп келеді. Аграрлық
сектордың бәсекеге қабілеттігін көтеруге, АӨК
инновациялық жүйесінің негіздерін қалыптастыруға,
аграрлық ғылымның маңызды рөлін жоғарылату
мен қарқындату ісіне айрықша мән беріліп отыр.
АӨК дамытуда жаңа идеяларды, технологияларды және
тәсілдерді пайдалану бәсекеге қабілетті ауыл
шаруашылығы өндірісінің негізгі құрылымдық
бөлігі болып табылады. «ҚазАгроИнновация» АҚ
мемлекеттің қолдау көрсетуімен салыстармалы түрде
өз қызметінің азғантай уақыт ішінде АӨК
ғылыми және технологиялық дамыту бойынша жүйелі
шараларды жүзеге асыруға кірісті. Осы орайда корпоративтік,
айқын және ашық басқарудың принциптеріне
негізделген ең үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып,
аграрлық ғылымды басқарудың жаңа моделі
көмек көрсетіп отыр. «ҚазАгроИнновация» АҚ 2009 жылдан
бастап агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу
саласындағы, ауыл шаруашылығына инновациялық тәжірибені
енгізу және тарату, инфрақұрылымды ғылыми
модернизациялаудың селекциялық-асыл тұқымдандыру
жұмыстарын жедел дамыту үшін ірі қара малдың
эмбриондарын трансплантациялау технологиясын өндіріске енгізу
жүйелеріндегі жобаларды жүзеге асыруға кірісті (жылыжай
кешендерін салу, өсімдік және мал шаруашылығы бойынша
биотехнология бағытындағы қазіргі заманғы зертханаларды
салу, тұқым шаруашылығын дамыту және т.б.). АӨК
ғылыми-техникалық саласында адам ресурстарын дамыту, инновацияларды
өндіріске енгізуді жергілікті бюджеттен қаржыландыруға, жеке
инвестицияларды ғылымға тарту, роялти механизмдерін енгізу
және т.б. жолдарымен ғалымдардың еңбегіне қарай
экономикалық ынталандыру нормаларына байланысты шаралар қабылданып
жатыр. Соңғы үш жылда ғалымдар ауыл шаруашылығы
және басқа дақылдардың 165 жаңа сорттары мен
гибридтерін жасап шығарды және оларды Мемлекеттік сынақтан
өткізуге тапсырды; ауыл шаруашылығы малдары мен
құстардың 23 тұқымдарын, түрлердің
және топтардың сапасы анықталды. 79 патенттер және 238
инновациялық патенттер алынды, 4 лицензиялық келісім-шарт жасалды. Ғылыми
жетістіктер шынайы өндіріске енгізілуде. Соңғы жылдары
Қазақстан селекциясынан шыққан бидай сорттарының
үлес салмағы республикамыздың астық егетін
солтүстік аймақтарында орта есеппен 60-70% ұлғайды. Ылғал және
ресурс үнемдеуші технологиялар пайдаланып астық дақылдарын
өндірудің егістік көлемі 10,3 млн.гектарға немесе 61%
дейін жеткізілді, ал 2003 жылы осы технология кем дегенде 1,0 млн.гектар
алаң жерге ғана қолданылған еді.
Соңғы
5 жылда ғылымды қаржыландыру 2 есеге ұлғайтылды: 2005
жылы 2 854 млн. теңге болса, 2009 жылы - 5 685,7 млн. теңгеге дейін
жеткізілді. «ҚазАгроИнновация» АҚ қаржыландырудың бюджеттен
тыс табыс көздерін көбейтуге айтарлықтай мән беріліп
отыр, мысалыға: 2009 жылы ол 1 082,1 млн.теңгені
құрады, 2005 жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп.
Қазақстанның
аграрлық саласы жоғары экспорттық мүмкіндіктер мен
инновация енгізудің зор әлеуетіне ие. Мемлекет ауыл шаруашылығын
дамытуға үлкен қолдау көрсетуде.
Сурет-1. Аграрлық салаға салынған
қаржылар.
Қазақстан Президенті аграрлық өндіріске
тартылған жеке инвестициялардың тәуекелділігін
төмендету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың
мемлекеттік жүйесін құру және енгізуді,
шаруаларға қаржыландырудың қолжетімділігін
кеңейтудің балама жолдарын қарастыруды тапсырды.
Сурет-2. Ауыл
шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар
2012 жылғы қаңтарда
ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі
(салыстырмалы бағада) 2011 жылғы ұқсас кезеңмен
салыстырғанда 27,2%-ға ұлғайды. Ауыл
шаруашылығындағы инвестициялардың салым үлесі негізгі
капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде 0,7
пайыздық тармаққа ұлғайып, 2,8% құрады.
Саланың негізгі капиталына салынған инвестицияларды
қаржыландырудың басым көздері инвесторлардың меншікті
қаражаты (инвестициялардың жалпы көлемінен 60,6%) болып
табылады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы
көлемінде едәуір салымы мал шаруашылығына (60,5%) салынатын
инвестицияға келеді.
Сурет-3.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған
инвестициялардың нақты көлем индексі.
Ауыл шаруашылығы
Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып
табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да
қазақстандық қоғамның экономикалық
және қоғамдық-саяси тұрақтылығын
анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика
экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып,
ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға
ие.
Әдебиеттер:
1. Агроөнеркәсiптiк
кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк
реттеу туралы Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi №66 Заңы.
2. www. government.kz.
3.Қазақстан
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуының
2010-2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР
Президентінің 2010 жылғы 19
наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген.
4. www. inform.kz.