Сағындықова
А.К.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекетттік
технологиялар және инжиниринг Университеті, Қазақстан
Еліміздегі инвестицияның
ролі, алатын орны маңыздылығы, тәуелсіз елімізге
қажеттілігі
Инвестиция
- өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл
шаруашылығына және өндірістің басқа да
салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал
түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай
өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығы.
Мемлекеттің
инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары еліміздегі
инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын,
маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін ерекше
атап көрсетуге болады. Инвестициялық сипаттағы тікелей
мемлекеттік шығындарының жылына орта есеппен 38 миллиард
теңге (250 миллион доллар) болатыны жылдан жылға жоспарлануда.
Бұл қаражаттың едәуір бөлігі жыл сайын
өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды
жасақтау мен жаңартуға және денсаулық
сақтау саласына,
тұрғын үй
құрылысына жұмсалуда.
Соның ішінде,
қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ
тұрақтандырушы атқарып жатқан Ұлттық
қор бар.
Қазақстанның
инвестициялық қоры капиталға үлестік қатысу
арқылы қосылған құны жоғары тауарлар
өндіретін қазақстандық компаниялардың
құрылуына жәрдемдесу ең басты міндеті мен мақсаты
болып табылады.
Ғылыми - техникалық
және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара
іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық
қор қазіргі таңда көптеген жұмыстар
атқаруда, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті
дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең
өкілеттіктер жүктеледі. Соңғы он жылдықта
әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе
ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен
жұмыссыздық мәселелерін шешуді міндетке алған.
Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және
жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей
байланысты.
Индустриалдық-
инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын
қамтамасыз ететін қаржы институттарын құрудың
басты мақсаты мыналар болып табылады :
- Даму банкінің
жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның
кредиттік қорын көбейту;
- құрылатын
Қазақстан инвестициялық қорының
жарғылық капиталын арттыру т.б.;
Ұлттық
инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестициялық
саясат – халық
шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу
мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.
Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші
бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық
өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын
көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер
инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған
теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері
өседі, өнім молаяды. Нарықты экономикаға көшу
кезінде инвестициялық саясат сұранысты
қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Шетел
инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары, шетел
мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде
тұрақты тұрғылықты мекені бар
Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар
шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын
алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар
елде тіркелген жағдайда ғана бола алады.
Шетелдік
инвестиция - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап,
басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде
ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен
өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі қазіргі
халықаралық экономиканың құрамына
айтарлықтай әсер етеді.Шетел капиталын басқаратын
Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі
комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар
құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы
үшін қолайлы ахуал қалыптасты.
Шетел инвестицияларын
тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары
мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ
және мұнай – химия салалары, электр энергетикасы, металлургия,
коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар,
жүн, мақта т.б. ірі өндірушілер, ароөнеркәсіп
кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен
газ өндіріп, экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы
мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын
салуға жұмсалады.
Инвестицияның өсуі
республиканың барлық өңірлерінде байқалады.
Ең көп өсу Жамбыл, Павлодар, Оңтүстік
Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Атырау,
Қарағанды облыстары мен Астана қаласында да байқалды.
Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола,
Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да көп
байқалады.
Мұнай өндіру
және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың
жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (22%),
өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс
(6%)) басым салалар болып табылады.
Шетел инвестицияларының
жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі
Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында
игерілді.
Сондықтан
да инвестицияның
өсуі
ұлттық табыстың ұлғаюына, еліміздің әлеуметтік
экономикалық дамуына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни
жұмыссыздықты жояды.