Современные информационные технологии/ 3.Программное обеспечение

Старший преподаватель Күзенбаев Б.А

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова,

         Казахстан

 

 

«КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКАЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША МЕНЕДЖЕРДІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ» КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ

 

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі-бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салала-рында ақпарат жинаудың артуы болып табылады.Адамның бар өмірі-қалай да болсын-ақпарат алу, жинау және өңдеу-мен байланысты.

Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар қарағанда, сөйлескенде - ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді. Біз өмір сүріп отырған ғасырға-автомобиль, электр, атом энергиясы, авиация, космонавтика, электрондық техника сияқты-ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән.

Ақпараттық және компьютерлiк технологиялар әлемi, қазiргi кезде үлкен дамулы ұмтылыстың жолында. Өткен жылдардың компьютерлiк технологиясын осы уақытпен салыстырғанда, қазiргi компьютерлiк технология өзiнiң құз, шыңына жеттi.

Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері, ақпараттың көлемі өте үлкен боса да, керек ақпаратты үлкен жылдамдықпен табуды қамтамасыздандырады. Осындай мәліметтер қоймаларының қолданушысы әр түрлі оған керек параметр бойынша іздуді орындайды.

Берілген мақала компьютерлік техникаларды сату бойынша менеджердің автоматтандырылған жұмыс орнына арнайы жасалған бағдарламаны қарастырады.

Берілген жұмысты өңдеу кезінде нарықтағы компьютерлік техникамен жұмыс жасау тіжірибесі есептелуі қажет.

Бұндай ізденістің нәтижесінде өте сапалы бағдарламалық өнім пайда болуы тиіс, ол бүгінгі таңдағы компьютерлік фирмалардағы қызметкерлердің жұмыс өнімділігін арттыруы қажет.

 «Pulser Computers» деректер базасының архитектурасы берілген жұмыста орындалған. Оның құрылысы, қажетті өрістер жасалынып толтырылуы қажет.

Өңдеудің негізгі белгіленуі оператор жұмысының автоматизация процесі болып табылады, яғни «Компьютерлік техникаларды сату бойынша менеджердің автоматтандырылған жұмыс орнын»  есепке алатын құжаттарды жүргізу.

Өткен ғасырда адамзат нағыз ақпараттық жарылыстың куәгері  болды. Адамзат қабылдайтын ақпараттың саны әрбір жыл сайын екі есеге артып отырды.

Егер бұрындары  негізінен тек мәтіндік және сандық берілгендер жүйелендірілсе, ал енді, әйтеуір адамзат қабылдай алатын барлық ақпараттар  өңделіп, жүйелендіріле бастады.  

Соңғы компьютерлік жетістіктер, коммуникация жабдықтарының дамуы осы келеңсіздіктерді шешуге көмектесті.

Мысал ретінде қарастырылып отырған «Компьютерлік техникаларды сату бойынша менеджердің автоматтандырылған жұмыс орны» реляционды деректер базасы төмендегілерді қамтиды:

-                     тұтынушылардың базаға тіркелуін;

-                     енгізілген деректерді редактірлеуге, жоюға мүмкіндік туғызады;

-                     техникаларды тіркелуін жүргізеді;

-                     қажетті ақпаратты енгізе отырып, оны іздеу және табуды қарастыруы қажет;

Қосымша құралдардың көмегімен жинақталған базаға тақырыбы бойынша берілген сипаттамасының негізінде келесілерді еңгізуге болады:

-  тауардың келу күнін;

-  тасымалдаушының аты-жөнің;

-  берілген тауардың санын;

-  оның атауын;

-  өз бағасын және т.б.

  Қосымшалардың көмегімен сондай-ақ тауарды жекелеп немесе жинақтап сатуға, және оған қажетті кепілдік талонын алуға болады. Бағдарлама бұдан басқа сатылған уақыт ішіндегі есепті және ақаулар туралы мәліметтерді көрсете алады.  Сонымен қатар түскен пайданы да көрсетіп отырады.  Деректер базасында қажетті мәліметті табуға және іздеуге арналған әртүрлі өрістер бойынша фильтрлер құрастырылған.

 

 

 
 Әдебиеттер:

 

1.                 Фаронов В.В. Система программирования Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003. – 912 с.

2.                 Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 7. – М.: ООО «Бином-пресс», 2004. – 1152 с.

3.                 Малыхина М. Базы данных: основы, проектирование, использование. – СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 2001. – 512 с.: ISBN 5-94157-310-4

4.                 Чекалов А. Базы данных: от проектирования до разработки приложений. – СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 2003. – 384 с.