Сакенова Л.Т. , Мантаева Ш.Е.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан
мемлекеттік университеті
Мектептегі
сабақ кестесін құру жайлы
Бүгінгі заман
талабында ақпараттық технологиямен жұмыс істеу өз
алдында жеке кәсіп ретінде талап етіліп отыр. Сондықтан, өмірімізді
компьютер және оның күшті есептеу жүйесі орындайтын
көптеген артықшылықтары мен басымдықтарынсыз елестету
қиын.
Адамның
тәжірибелік қызметінде ақпаратты өңдеу
құралдары және қазіргі перспективті әдістерді
тиімді пайдалану қиындықтарының шешімі жоғары
дәрежелі мағынаға ие болады.
Осы орайда адам өмірінің барлық салаларын
автоматтандыру қажеттілігі туындайды.
Барлық мекемелерде есепті енгізу және
компьютерлік технологиялардың қозғалысы бойынша проблемді
сала туады, дәлірек айтқанда ақпараттарды сақтау
және өңдеу бойынша бірнеше қиындықтар туады. Ақпараттық
жүйенің құрылуы барлық компьютерлік техникамен
есеп жүргізілетін мекеменің қызметкерлерінің
жұмысын жеңілдетеді.
Соның бірі сабақ кестесін құру
– оқу үрдісін жоспарлаудың соңғы кезеңі
болып табылады. Сабақ кестесінің сапасы оқу және
жұмыс жоспарлардың әдістемелік деңгейінің
сапасынан да байланысты. Әдістемелік негізделген және жақсы
ойластырылған сабақ кестесі мектептегі барлық оқу
үрдісінің жақсы ұйымдастырылуы мен
ырғақтылығын анықтайды.
Сондықтан,
қазіргі таңда мектептердегі оқу ісі
меңгерушісінің жұмысын жеңілдетуге, яғни
сабақ кестесін жасауда ақпараттық жүйесін
құру өзекті мәселе болып табылады. Өйткені заман
ағымы осыны талап етеді.
Сабақ
кестесінің түрлері көп болғандықтан ол келесі
ақпаратты қамтуы керек: сынып нөмірін, пәннің
атауларын, уақытын, оқу сабағын өткізу орнын,
оқытушының аты-жөнін. Сонымен қатар, мектептегі оқу режимі оқушылардың
функционалдық мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек. Оқу
процестің көлемі, мазмұны және ұйымдастырылуы демалу
кезінде шаршағандық толық жойылып кететіндей қамтамасыз
ету керек. Оқушының функционалдық мүмкіншілік
көзқарасынан сабақтарды бағалаудың негізгі
критерилері – қиындық пен
шаршағандық. Шаршағандық жұмысқа
қабілеттілігінің өзгеруіменен, ал пәннің
қиындығы – оқу үлгерім деңгейімен сипатталады,
яғни оқу материалын меңгеру дәрежесімен. Демек,
сабақ кестесін құру кезінде тең дәрежеде екі
факторды да есепке алу керек.
Сабақ кестесін
құру кезінде оқушының физиологиялық
мүмкіншіліктерінен шығатын өздік жұмыстардың
шартын қамтамасыз ететін және әдістемелік,
ұйымдастырушылық сипаттағы талаптары ескерілуі керек.
Екі үш
қиын сабақтарды қатар қоюға құрсат
етілдмейді, мысалы: математика, физика, шет тілі [1]. Бірақ бұл
шартты мектеп орындай алмайды, өйткені ондай сабақ кестесін
қамтамасыз ететін мұғалімдер саны жеткілісіз.
Жұмалық
жұмыс қабілеттілік динамикасы да ескерілуі керек, мысалы:
дүйсенбі күні демалыс
күннен кейін болғандықтан,
оқушылардың жұмыс қабілеттілігі жоғары емес
болады.
Осы талаптарды
ескере отырып, бағдарлама Microsoft Office Access 2007 көмегімен
жасалған, ол сапалы сабақ кестесін құруға
мүмкіндік береді. Білім беру мекемелері әкімшілігінің
барлық іс-әрекеттерін шешуде, сабақ кестесін
құруда уақытты түбегейлі үнемдейді. Сабақ
кестесін құруда қолайлы кесте нұсқаларын
автоматты түрде іздеу
арқылы жүзеге асыруға болады.
Белгілі бір
аймағында шындықты дәл бейнелейді және
қолданушыны пән аймағына сәйкес өзекті
мәліметтермен қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологияның
негізгі ойлары деректер қоры тұжырымдамасында
жинақталған. Аталған тұжырымдама бойынша
ақпараттық технологияның негізі – деректер қорында
ұйымдастырылатын мәліметтер болып табылады.
Бағдарламаның
негізгі ерекшеліктері – тұтынушы интерфейстің қолайлылығы, қажетті басқарушы
элементтердің бар болуы және де ыңғайлылығы, кез
келген деректер базасын енгізуге, оларды түзетуге, MS Exsel мен MS Word бағдарламаларына
экспорттауға, баспаға шығара алуы. Осы
аталғандардың бәрі уақытты, адамдық ресурстарды,
материалдар мен әдістерді үнемдеуге әкеледі.
Бағдарламада сыныптар
үшін, оқытушылар үшін, сынып бөлмелері үшін есептер
түрлерін алуға болады. Кестенің барлық түрлерін
жеке терезелерден қарауға, оларға түзетулер енгізуге
немесе сол беттен қағазға басып шығаруға болады.
Түрлі
деңгейдегі және оқыту түрі әртүрлі білім
беру мекемелеріндегі сабақ кестесін құруға
арналған бағдарлама деп есептеуге болады. Әсіресе бұл
бағдарламаны қолдану екі ауысымда оқитын және
көлемді білім мекемелері үшін тиімді. Оқу орындарының тапшылығы
байқалатын, басқа да күрделі талаптары бар мекемелерге де
тиімді болып табылады. Атап айтқанда, іс-тәжірибе күндері,
оқытушыларға жүктелген сағаттар мен күндер,
кестеге сәйкес бөлінген сынып бөлмелерінің қатар
келмеуі.
Мектеп мұғалімдерінің
сабақ кестесін жасаудағы ақпараттық жүйесін
құру бағдарламасының көмегімен автоматтау кезінде
жүйедегі барлық бөлімшелердің жұмыс тиімділігін
жоғарылатады. Мектептерге
сабақ кестелерін құру оқу ісінің орынбасарына
сабақ кестесін құруда уақытты үнемдеуге,
қатесіз құруға мүмкіндік береді деген
мақсатпен жасалынды.
Әдебиеттер:
1. MK-Расписание
- программа для составления расписания в школе.
http://www.mk-raspisanie.com/