ЖОҒАРҒЫ ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ
БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ӘДІСТЕРІ
Ғ.Н. Ерназарова
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрік Университетінің оқытушысы
РЕЗЮМЕ
Бұл мақалада жоғарғы оқу орындарында білім
берудің педагогикалық әдістері баяндалады.
RESUME
The article deals with pedagogical methods at higher
educational institutions.
РЕЗЮМЕ
В этой статье рассматриваются педагогические методы обучения
в высших учебных заведаниях.
Бүгінгі жас
ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір
оқытушының басты міндеті. Оқытушылар сабақтың
жаңа түрін пайдаланса,кейбіреулері жаңашыл оқытушылардың
тәжірибесін қолданады.Қай әдісті пайдаланса
да,мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмұнын
шәкірт бойына сіңіру.Жаңа материалды шеберлікпен
түсіндіре білу.Қазіргі жаһандану заманында білім
саласының жаңа жүйеге көшуі әрбір оқытушыдан
жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылық ізденісті
талап етеді.
ХХ ғасырдың
басында Жүсіпбек Аймауытов:»Сабақ беру-үйреншікті жай
ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»
деген. Бүгінгі күнде қоғам алға қойып
отырған талаптардың бірі, міне, осы шығаршылық адамын
тәрбиелеу.Ендеше,осындай шығармашылыққа баулу, қалыптастыру
процесі жоғарғы оқу орындарында
басталады.Сондықтан,бұл процесті жаңаша технологиямен
ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Студенттердің
жас ерекшеліктеріне сай қабілет-олардың белгілі бір
іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік –бұл адамның белгілі
бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған
көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің
алғашқы белгісі .Cондықтан, студенттердің бейімділіктерін дер кезінде көре
біліп,олармен өз қабілеттеріне орай жұмыс істеу-біздің
міндетті борышымыз. Кез келген студент оқытушының
басшылығымен орындаған шығармашылық
жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. [1]
Қазіргі
уақыт талабына сай жоғарғы оқу орындарында түрік
тілі пәнін практикалық мақсатта оқытып
үйретудің қажеттілігі күннен-күнге артып
отыр.Сондықтан да түрік тілін жоғарғы оқу
орындарында оқытып,үйретуде менің алға
қойған мақсатым:бағдарламаға сәйкес
белгіленген тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде студенттердің
түрік тілінде өз ойын еркін жеткізе білуі,қосымша
әдебиеттерді пайдалана отырып,мәтінді оқу немесе тыңдап
түсінуге бейімдеу,мәтіннің кейбір тұстарын аудара
білу.Одан түйгенін қысқаша түрде эссе,шағын
хабарлар жазуға немесе әңгімелеуге,өз ойын еркін
айтып,баға бере білу әрекеттерін қалыптастыруға
және студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулып,игерген
білім икемділіктері мен дағдыларын кез-келген жағдайда
шығармашылықпен қолдана білуге дағдыландыру.
Осы мақсат студенттерге
түрік тілін практикалық тұрғыда меңгертудің
негізін қалап,бүкіл
оқыту барысында коммуникативтік бағдар бере отырып,оқытуға
негіз қалайды,яғни студенттердің түрік тілінде еркін
сөйлей алу қабілетін дамытуға негіз болады. [2]
Білім
деңгейін тереңдету үшін түрік тілін жоғарғы
оқу орындарында оқитын студенттермен «Дөңгелек стол» өткізіп,студенттерді
проблемалалық тақырыппен таныстырып,оның шешу жолдарын
анықтап, студенттердің ой-пікірлерін тыңдап,қызу
пікірталас жүргізу.
Нәтижесінде
тақырыпты құрамдас бөліктерге бөле отырып,
студенттердің қабілеттеріне қарай,мысалы, іздене білу, аудармашылық
және де басқа да қабілеттеріне қарай шағын
шығармашылық зерттеу топтарын құрып,әр
топтың жұмыс істеу жоспарын құру.
Әр топ
мүшелері өздеріне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен
орындау мақсатында ақпарат көздерімен танысып,өз
жұмыстарын жоспарлап,сабақтан тыс уақытта өз білімдерін
басқаларға үйретіп,олардың ой-пікірлерімен бөлісе
отырып ай сайын студенттер мен оқытушының алдында
атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріп отыруды
ұйымдастыру.
Осылайша студенттердің
жұмыстары талқыланып,бағаланып,әрі қарай
жұмыс істеуіне бағыт-бағдар белгіленіп отырады.
Әр
пәннің жеке ерекшелігіне орай ізденіп,әдіс-тәсілдерін
түрлендіру қажет.
Бұл
тұрғыдан табысқа жету,көбінесе оқытушының
оқыту құралы.Әдіс-тәсілдің жалпы
сабақ өту үрдісіндегі барлық жиынтық
технологиясын кәсіби шеберлікпен меңгерумен айқындалады
әрі мұның ішіндегі ең бастысы - оқытушы
сөзі болып табылады.Соңғы жылдары педагогикалық
ғылымын оқып үйренуде оқытушы сөзінің
құдіреттілігін айқындайтын жаңа тіркестер пайда болды. Педагогика ғылымдарында бұл
мәселеге ерекше көңіл бөледі және басты назарда
адам тұрады.Өйткені, адам-тілдің сақтаушысы,әрі
ойлап табушысы. Ал,Ушинскийдің дидактикалық жүйесінде білімді
кім қанша бойына көбірек сіңірсе,ол сонша
ақыл-ойға бай әрі дамуы да жоғары болады дейді. Сондықтан
да оқытушы студенттің қабілетін, еркін ойлау жүйесін, қабылдау
зерделілігін дөп басып, осы қасиеттерін жетілдіре түсуде
үлкен мәнге ие. Оқытушы сөзі оқулық мазмұнын тек түсіндіріп
қана қоймай, студенттің шығармашылықпен
жұмыс істеуіне,оқып білгенін терең түйсінуге және
психикалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Себебі, сөз
сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға алмасу үрдісіндегі
аралық буын болып табылады. [3]
Оқытушы
сөзі деп сабақ кезіндегі және еркін жұмыс кезіндегі ұстаздың шәкірт
сұрақтарына жауап беруін,сондай-ақ сұхбат, дәріс,
әңгіме өткізу,сабақ түсіндіру деп түсінеміз.Оқытушының
дәрістегі шағын мәтіндерінің қай-қайсысы да
дидактикалық оқыту
циклінің барлық буындарына
кіреді.Сабақ өту кезінде оқу танымдық
үрдісінің бәрінде
қолданылады, сондай-ақ жаңа тақырыпты
хабарлағанда, білімді бекітіп, студент үлгерімін
бақылағанда,үй жұмысы мен оның орындалуын
қадалағанда жүзеге асырылады.
Сабақты
тыңдата білудің тиімділігіне жету үшін түсінбеуден
түсінуге бару жолдарын және негізгі механизмдердің
бұзуына әкеп соғатын кедергілерді анықтап білу.
Бірінші кедергі -
тыңдатуға көңіл бөлудің
жоқтығы. Студенттің назарын оқытушының аударта
алуы айрықша орын алады. Студентті бұған тәрбиелеу - оқыту
тиімділігінің алғы шарты.Ол үшін оның тыңдау
қабілетін жетілдіріп,сабақты ұғынуды
қалыптастыруға жағдай жасау керек. Студенттің
бүкіл назарын оқытушы өзіне және өтіп
жатқан дәрісінің мәтініне бағыттай білуі тиіс.
Екінші кедергі - дауысты
хабарламаны дауыстата қабылдата
білуді игермеу салдары.Тыңдата
білу жағынан тіл құралы - сөйлеу мәнері
арқылы түсіндіріп қабылдатуды,екінші жағынан
сөзбен жеткізілген сабақ мазмұны ойланып-толғантуды
талап етуді.Барлық фонологиялық тіл құралын
қабылдату қабілеттері мен сөз саптау ерекшеліктері
сөйлеу бейімділігі деп қарастырылады. Студент айтылған
сөздің мәнісін
ұғып қана қоймай,одан өзіндіп ой тудырып
қорытуға міндетті екенін білеміз.Оқытушының
өтілетін сабақты толық меңгеруі тыңдатудың
басты дидактикалық шарты болып
табылады. [4]
Егер дәріс
мазмүндылығы жағынан студенттер сұранысымен
қанағаттандырмаса,қызығуын
оятпаса,жаңашылдығымен ерекшеленбесе,олар тыңдауды
қояды.Осыған байланысты дидактикалық үшінші шарт
–оқулықтағы тақырып мазмұнын оқытушының
байыптап,ерекшелендіре білуі. А.Занков оқулық тақырыбы мен
оқытушы сөзінің инварианттік дидактикасын негізге ала отырып,
студенттердің сауалнама жауаптарын талдаған.Нәтижесінде мынадай
қорытындыға келеді. «Студенттер
оқулықтағы үй жұмыстарын
жеңілдететін дәрісті оқытушыдан тыңдауды
қалайды.»Мұнда тақырыпты түсіндіруге оқытушының
сөйлеу мәнерінің ерекше орны бар. Оқытушы
сөзі студент үшін
тақырыпты ашып беруде,оны игеруде
бірден-бір әсер ететін педагогикалық құрал болып
саналады. Тілдік сөздің байлығы айқындылығы,нақтылығы,қысқа
да нұсқалығы,әдемілігі әрі шынайлылығы т.б. қасиеттері туралы ғылыми
тұрғыдан бағалар берілген.Ой тек сөз және
оның мәнімен жеткізілмейді.Дауыс ырғағына да
қатысты қабылданады.Эмоцияға толы сөздер
тыңдаушылардың көңіл –күйін
көтереді,қызығушылығын тудырады.Сөздің
мазмұнын қабылдауға жәрдемдеседі.
Жаңа
тақырыпты игертуде хабарлы сөйлем тиімді болса,оны
нақтылау мен
терең сіңіртуде оқытушының дәлелге толы
сөздері әсерлі келеді.
Бұл жерде әрине,оқытушының
жеке басының қасиеттері жоғары болуы тиіс.Сонда ғана ол
студенттердің ішкі жан дүниесіне үңіле алады,бойында
бар адамгершілік қасиеттерін
оятады және ғылыми көзқарастарын
қалыптастырады. Студенттерді өздеріне тарта,қызықтыра
тәрбиелеп,басқару олардың білімге,ғылымға деген
құлшынысын күшейтеді.,ілгері қарай жылжып, өркендеуіне
өте қажет шығармашылық қасиеттерін
ашады.Қысқасы, оқытушы сөзінің, жалпы бала
тәрбиесіндегі өзіндік орны айрықша.Сондықтан бұл
мәселеге
ғылыми тұрғыда қарап,әрбір оқытушы
өзінің кәсиби шеберлігін жетілдіріп
отыруды,педагогикалық техникаларды толық меңгеруі шарт. Ал
педагогикалық техника дегеніміз оқытушының
өзін-өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы,
сезімталдығы, сөзге шешендігі. Мұның ішіндегі ең
бастысы - оқытушы сөзі. Себебі, оқытушы сөзінің
оқыту-тәрбиелеу
үрдісінде атқаратын қызметі кең ауқымды
және ол арнайы зерттеулерді талап
етеді.
Қорытып
айтқанда, жоғарыда айтылған
қасиеттердің барлығы оқытушының бойынан табылғанда ғана оның шеберлігі
күннен-күнге арта берері сөзсіз. [5]
ӘДЕБИЕТТЕР: