ӘӨЖ-370

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ АҚПАРАТТЫҚ –КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУДІ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ ДАЙЫНДАУ

 

Каниева Зауреш Қапарқызы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

РЕЗЮМЕ

В данной  статье  рассматривается подготовка будущих преподавателей с использованием информационно-компьютерного моделирования

 

SUMMARY

 This article deals with the preparation of the future teachers using the information-computer modelling.

 

Біздің елімізде қоғамды ақпараттандыру жағдайы бойынша білімді қайта құру үдерісінің негізін қалыптастыратын білімді ақпараттандырудың тұжырымдамасы жасалған.

Жоғары білім беру үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу қолдану негізінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың тұжырымдамасын жүзеге асыру - ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі кезеңдерден тұрады:

1) арнайы пәндерді оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу технологиясының құралдарын игеруге және оны жасауға; кәсіби білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;

2) дәстүрлі оқу пәндерін оқытуда қолданылатын ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқытудың құралдарын жасау және оны белсенді түрде оқу үдерісіне енгізу; осының  негізінде педагогтардың оқу жұмысының жаңа әдістері мен ұйымдастыру түрін жалпылама игеру; білім беру мазмұнын, оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлі формасын түбегейлі қайта қарастыру, оны оқу-тәрбие үдерісінде практикалық жүзеге асыру;

3) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта құру; ақпараттық технология құралдарын қолдануға сәйкес келетін білімді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқытудың әдістемесін толықтыру.

Білім берудің барлық буындарында жаңа сапалық жетістіктерге жету педагогикалық тәжірибедегі жаңалықтарды қабылдап, оны жұмыс барысында қолданумен тығыз байланысты.

 Білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды.

 Отандық ғалымдарымыздың айтуынша, жаңа ақпараттық технология – есептеуіш техника негізінде қызмет ететін бағдарламалақ құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты таратуды, өндеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады [1-25].

 Бүкіл дүние жүзіндегі білім беру мекемелері Интернеттің ақпараттық ресурстарын қолдана алатын кезде білім беруде компьютерлік техниканы қолдану таң қалдырмайтын болды, сондай-ақ, оқытушылар мен зерттеушілер ақпараттық және жаңа компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігінің оқу үдерісіндегі  алатын орнына көп назар аударуда.

 Болашақ мамандарға қойылатын қазіргі заманғы талап тек таңдап алған мамандығы бойынша білімі бар мамандарды ғана емес, сондай-ақ еңбекті автаматтандыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті мамандарды талап етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі оқыту әдістерінің ерекше белгісі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай дамыту ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтері және ауқымы да өте кең және оған мыналар жатады: автоматтандырылған және сараптамалық жүйелер, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалық құралдар.

Қазіргі таңда ғылым мен техникалық даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үдерісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде.

Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының, сонымен қатар мектептердің де жоспарлы түрде компьютермен жабдықталуы оның айқын дәлелі болып отыр.

Білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар қазіргі оқудың негізгі талабы болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жүйесі әр түрлі формада іске асады:

1.    Оқытудың интерактиві емес технологиясы (қағазға басылған материалдар, кейстік технология, дыбыстық және бейне тасымалдаушылар)

Оқытудың интерактивті технологиясы (компьютер оқыту, электронды оқулықтар, мультимедия құралдары. 

М.В.Кларин «Интерактивті оқытуды» оқушының оқу ортасымен тікелей өзара әрекетіне негізделген оқыту ретінде анықтайды. Осы сипаттама негізінде интерактивті оқыту ұғымына анықтама беруге болады: егер студент біріншіден, оқу ортасымен, екіншіден, таным үдерісімен өзара әрекетте болса, онда оқыту интерактивті деп алады. Бұл жағдайда оқытушы функциясы осы әрекетті ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білімнен кейінгі барлық сатыларда бакалаврлық, магистрлік, докторлық бағдарламалар мен кредиттік технологияларды оқыту бойынша жоғары білікті кадрлар даярлауға толық көшу жүзеге асырылады», - деп жазылған [2-18-22]. Ал кредиттік технологиялармен оқытудың негізі – студенттердің өзіндік жұмысын, өз бетімен білім алу деңгейін арттыру болып табылады. Олай болса, білім жүйесіне кредиттік технологияны енгізу – оқу үдерісінде интерактивті оқыту технологиясын қолдану деген сөз.

Сонымен, интерактивті оқыту – жаңа тәжірибені меңгеру құралы болып табылады. Ал, жаңа тәжірибе дегеніміз біздің жағдайда мамандық пәндерді АКММ негізінде студенттерді кәсіби дайындау үдерісі.

Мұғалімдердің көпшілігі оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдануды, маман даярлауды іске асыруда мына қиыншылықтармен кездеседі:

- мұғалімдердің көпшілігінде ең жаңа техникамен, технологиямен жұмыс істеу практикалық тәжірибесінің аздығы;

- ақпараттық құбылыстар бойынша жасалған қолданбалы бағдарлама-лардың жеткіліксіздігі, ол көп уақытты және материалдық шығындарды керек етеді;

- оқу үдерісіне ақпараттық және компьютерлік технологияларды енгізу күрделілігі, ол бір ұжымда істейтін оқытушылардың біліктілігінің елеулі айырмашылықтары болуына байланысты;

- ақпараттық құбылыстарды зерттеуге байланысты мәселелерді шешуге ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесін түсіндіретін әдебиеттің аз болуы.

Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім алу аясы тар мақсат болмау керек, ол бұл құралдар білім алу тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасағанда ғана ақталу керек. Осыған байланысты білімгер:

-       тек ақпараттық және компьютерлік технологиялардың сондай варианттарын пайдалануды біле білу керек, оның нәтижесінде оқытушылар "жинақталған" адам тәжірибесін ойдағыдай меңгеруін іске асырады;

-      оқу материалын, күрделілік деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, болжау іскерліктерін қалыптастыруды керек ететін кәсіби жағдаяттарды модельдеуді таңдауды біле білу керек;

-      компьютерлерді пайдалануды қызметтің басқа түрлерімен ұтымды үйлестіре білу керек;

-       компьютерді артығырақ пайдалануды керек ететін мұғалім шешетін мәселелер саласын анықтай білу керек;

-      компьютерді қолданып шеше алатын ақпараттық мәселелердің белгілі ауқымын әдістемелік қамтамасыздандыруды жасауды білу керек [3-312].

Осы көрсетілген мәселелерді шешу қалай болғанда да, білікті бағдарламалық өнімдерді керек етеді. Осы мәселелерге арналған еңбектерді және тағы басқаларды зерттеу, мультимедиа - бағдарламаларды жасау өте күрделі және қымбат үдеріс екенін көрсетті. Бүгінгі таңда педагогикалық бағдарламалық кұралдардың даму тенденциясына сәйкес екі бағытты көрсетуге болады. Біріншісі, әдістемелік жүйелерді меңгермеген бағдарламалау саласының мамандары оқыту үдерісінің тиімділігін арттыра алмайтын бағдарламалар жасайды. Екіншісі, мұғалімдер жасаған оқытушы бағдарламалар жасауда біз техникалық тұрғыда әлсіздеу іске асырылған бағдарламаларға ие боламыз [4].

Сондықтан, кім жақсы бағдарламалар жасай алады, ол оларды педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ете алмайды және керісінше. Нәтижесінде ақталмаған көп дидактикалық жоғалтуларға ие боламыз, оқытудың және бақылаудың техникалық кұралдарының мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, компьютерлік оқытушы бағдарламаларға сенбеушілік пайда болады. Оқытудың техникалық құралдарын және бағдарламаларды жасауды нағыз ғылыми негізде іске асыру керек, бұл жағдайда оқу материалын алгоритмдеуге, білімді меңгеру үдерісін басқаруға байланысты мәселелерді теориялық зерттеулер мен эксперименттік тексеру арқылы өткізу керек.

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік даярлығын практикада жүзеге асырушылардың көпшілігі өз зерттеулерінде ақпараттық технологияларды оқытудың барлық кезеңдерінде, сонымен қатар кез-келген формаларында (дәрістер, семинарлық, лабораториялык, практикалық сабақтар, аудиториядан тыс және т.б.) қолдану керек екендігін көрсетті. Болашақ мұғалімді ақпараттық технологияларды қолдануға және оның құралдарын жасауға дайындау жоғары білім берудің замани талаптарының көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Олай болса, қазіргі кезде ғылым мен техниканың жетістіктерін, ақпараттық-компьютерлік технологиялардың құралдарын кәсіби маман даярлау үдерісінде пайдалану маңызды екендігі, ал бірақ сол негізде болашақ мұғалімдерге білім беру әлі де жеткіліксіз екендігі айқындалды. Бұл бағытта болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың арнайы тұжырымдамасының негізін анықтап арнайы дайындау моделін ұсыну қажеттігі туады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Егизбаев Ж. Системное использование средств физической культуры для укрепления здоровья школьников. Автореф. канд. пед. наук, 1989. С.1-25.

2.     Тайжанов С., Қарақов А. Дене тәрбиесін үйретудің әдістері // Оқу құралы.-Алматы 2008.18-22б.

3.     Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Пед. ғыл. докт. дисс....-Түркістан, 2006, 312 б

4.      Жолдасбекова Б.А. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру п.ғ.к. дисс. авторефераты. Түркістан, 2007.