Жекеева С.С., Каль А.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазіргі заманғы оқу процесінде электрондық оқулықтарды қолданудың маңызы

 

XXI – білім мен техниканың жылдам қарқынмен дамып келе жатқан ғасыр болып табылады. Компьютерлік технология біздің өмірге сенімді түрде енуде. Бүгінгі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар мен тестілеуші бағдарламалар құрастырылуда. Электрондық оқулық студенттер немесе оқушылар және оқырман қауым үшін дайын материал. Студенттер мен оқушылар  немесе кез-келген оқырман үшін электрондық оқулық өз білімдерін жетілдіріп,  толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының студенттің немесе кез келген оқырманның өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Техникалық құралдардың, компьютерлік және ақпараттық технологиялардың, визуалды ақпараттық құралдардың дамуы және қазіргі замандағы білім көзінің өзгерістері, жаңа көзқарастар мен педагогикадағы теориялық және практикалық жетістіктер оқу ақпаратымен жұмыс істеудің жаңа мәдениетін құрудың қажеттілігін туындатып отыр. Қазіргі кездегі дидактикада оқулықтарды құрастырудың жаңа жолдарын табу сұрақтары көтеріліп жатыр, жаңа ұрпақ оқулықтарын құрастыру проблемасы аса өткір сұрақтардың бірі болып отыр [2].

Электрондық оқулық қазіргі замандағы оқытудың жаңа көзі болып табылады  және де ол теориялық материалды меңгеруге, қалыптастыруға, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу әдісі мен дағдысын бекітуге, өздік бақылаудың әр түрлі түрлерін жүзеге асыруға, бақылауға арналған ақпараттық орта.

Электрондық оқулық әдетте келесі  ірілендірілген компоненттерден тұрады:

-              курстың негізгі ақпарттық бөлімінен (тақырыптар мен бөлімдер) құралатын презентациялық құраушыдан тұрады;

-              алған білімді бекітетін жаттығулар;

-              оқушылардың білімін объективті түрде бағалайтын тесттік жұмыстар.

Электрондық оқулықтарды әзірлеуде алғашқы дағдыларын алу үшін, өзіндік таңдалған мазмұнды іске асыру үшін ең лайықты құрылым суреттеуінен бастаған қажет. Бұл үшін дәстүрлі және электрондық оқу құралдарының арасындағы ұқсастықтарды пайдаланған ыңғайлы.  

1.       Электрондық оқулықтың құрылымы пайдаланылған әдіске және мазмұнына нұқсан келтірмейтіндей барынша оңайлатылған болуы қажет.

2.       Оқу мазмұнын көзбен шолу, қазіргі заманғы  графика және анимация есебінің барлық деңгейінде құрылымдау қажет.  

3.       Оқулықтың құрылымы дара траекторияның бірнеше нұсқасын қарастыруы қажет.

4.       Ақпарат блогін проблемалы бейнеде құру: фактілер және тақырыптың негізгі сұрақтарын келтіру.

5.       Нәтижелі гипермәтін құруды жалғастыру үшін материалды семантикалық желі түрінде келтіру қажет.

Қазіргі заманғы педагогика электрондық оқулықтың келесі құрылымдарын ұсынады:мұқаба, титулды экран, мазмұн, аңдатпа, оқу мазмұны (оқу материалының толық баяндалуы), оқу материалын  графикалық ұсыну, білім алушылар үшін өзін-өзі тексеру және бақылау жүйесі, контекстік іздеу құралдары, терминдер сөздігі, берілген бағдарламаның интерфейсі бойынша анықтамалық жүйе, бағдарламаны басқару жүйесі [1].

Электрондық оқулықтар мәтіндік процессордың, мультимедиалық технологияларды, Web-конструкторды, HTML тілін пайдаланумен компьютерлік презентациялардың көмегімен әзірленуі және безендірілуі, жобалануы керек.

 Толық мәнді электрондық оқулықты құру үшін электрондық кесте және бағдарламалау орталығының көмегімен жүзеге асыруға болатын өзіндік білімін тексеру және бақылау жүйесін құру қажет.

Педагогтармен өзбетінше әзірленген электрондық оқулық берілген бөлім бойынша оқыту (педагогтың көзқарасымен) негізгі бағыттарды бейнелеуге, педагогтың шығармашылығын дамытуға және  даралық көрсетуге мүмкіндік береді. Ең негізгісі, білім алушылар, дарынды балалар үшін педагогқа жеке бағыт бағдарды жобалауға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу барысында оқушыларда (студенттерде) өз бетімен оқу, білім алу, өзін-өзі бақылау, берілген білім саласында өзін дамыту және бағалау дағдысы қалыптасады. Бұл оқушылардың болашақ мамандық саласында өзін-өзі тану және дайындалу кезіндегі негізгі бағыт болып табылады.

Қоғамның қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда.

 

Әдебиеттер:

1.    Дробахина, А. Н., Можаров, М. С. Структурирование содержания профессиональной подготовки учителя информатики средствами современного гипертекста/А. Н. Дробахина, М. С. Можаров. – Новокузнецк, 2003.

2.    Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003.