Жекеева С.С., Сагитова Р.А.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

Мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыруда кітапхана сайтының атқаратын ролі

 

Мектеп кітапханаларының мұқият ойластырылған Web – ресурстарының маңызды құрылымын жасау, бірінші кезекте шамаланған аудиторияның ақпараттық қажеттілігіне негізделеді: бір жағынан, жас оқырмандар, басқа жағынан, балалар оқуын басқарушылар (ата-аналар, педагогтар), балалар оқуы мен балалар әдебиетін зерттеушілер, ақпараттық қызметкерлер. Сондықтан да, осы кітапханалардың сайттарын құрғанда міндеті тұрады: кітапхана туралы, оның қорлары, қызметтері, көрмелері, іс-шаралары туралы ақпарат беру, ақпараттық ресурстарға жол ашу.

Сонымен, балалар және жасөспірімдер кітапханаларының Web – ресурстарының контенті қызғылықты түрде берілуі керек. Осындай сайттардың контентін құру барысында балалар психологиясының ерекшеліктерін білу өте маңызды.

Сапалы Web – ресурстардың техникалық орындалуы Web – стандарттарды сыпайы пайдаланудан және кроссбраузерлік принциптерді сақтаудан бөлек жүргізілуі мүмкін емес. Өйткені осылай ғана шынында пайдалы және қолжетімді сайт құруға болады.

Мектеп оқушыларына арналған кітапханалардың Web – сайттарды құрудың әлемдік тенденцияларының эволюциясына не жатады десек, онда мынаны атап өтуге болады, балаларға арналған кітапханалардың Web – ресурстарын құруда «алғашқы жолсалушылар» АҚШ және Еуропа кітапханалары болды.

Сөз жоқ, көбінесе мектеп оқушыларына арналған кітапханалардың Web – ресурстарын құру сайт – визиткалардан басталады. Бірте – бірте олар ақпараттық – библиографиялық және медиа ресурстарға «жетті» [2].

Өкінішке орай, ең көпшілікке таралған қателіктер мыналар болды (және де өкінішке орай, қазіргі кезде де жиі кездеседі):

1.     Көбінесе сайттарды кітапханашылар–библиографтар IT–мамандарды қатыстырмай құрды, сондықтан сайттар, кейде өз – өзінен «көз алдында бұзылып қалды».

2.     Web – ресурстарды құруда балалардың қабылдау ерекшеліктері ескерілмеді, кейде, құрушылар соншалық «бала болып кетіп», сайт соншалық анимациямен шегінен шығып кетті, түрлі түсті ойынмен, сайттың негізгі қызметі жайданжай осы «көңілділік» фонында көрінбей кетті.

3.     Ресурстарды құру кезінде «қағаз» ақпараттық – библиографиялық орта ойланбастан көшіріледі, ал электрондық ортаның мол мүмкіншілігі, өкінішке орай ескерілмейді.

Бірақ жеке кітапханаларда сайттарды құру жобаларынан басқа көптеген глобальды жобалар пайда болды.

Сондықтан, мысалы, балаларға арналған кітапханалар  Web–порталының негізін салған ең бірінші глобальды жобалар деп балалар виртуалды кітапханасының – танымал сайты CHILIAS халықаралық жобасын атауға болады. Осы жобаның идеясы 1994 жылы пайда болды.

Осы жобаға қатысушы алғашқы елдер–олар Ұлыбритания, Германия, Испания, Португалия, Греция, Финляндия.

Портал 9-12 жастағы аудиторияға дайындалды. Сонымен, атап айту керек, осы жастағы балалар берілген жобаның құрылған алғашқы кезінен бастап тікелей қатысты. Әрине, кім осы балалардың өздерінен артық, бізге, шынында сайттан не алғысы келетінін айта алады [1].

Сонымен бірге, балалардың тілектері контентке қатысты сұрақтарда да, дизайнға қатысты сұрақтарда да ескерілді.

Басынан бастап осылар құрылып, сайт мыналарға бағытталды:

1.            Ақпараттық – библиографиялық қызметті орындау (ең алғашқы қадамынан бастап, басты күш кітаптар және жазушылар туралы, география, мәдениет жөніндегі материалдар және осы жобаның бастаушысы болған елдердің тарихы туралы сапалы ақпарат беруге бағытталды).

2.            Балалардың ақпараттық  мәдениетін дамыту (оларды ақпаратты ала білуге, талдауға және пайдалана білуге үйрету).

3.            Балалардың өз шығармашылық жұмыстарын өз беттерімен сайтқа орналастыруына мүмкіндік жасай отырып, креативтілікке баулуға түрткі болу.

4.            Форум арқылы балалармен қайта байланыс орнату.

Бұл жоба көптеген басқа Web – ресурстарды құрушылар үшін осы сферадағы сайттарды сапалы толтыру үшін сәтті мысал болды.

Сонымен қатар атап өту керек, соңғы кезде әртүрлі типтегі кітапханашылардың қарқынды корпаративтік өзара бірлесіп әрекет қылу ортасында балаларға арналған кітапханалардың Web – ресурстарының бөлігі жалпы виртуалды кітапханалық ақпараттық ортаның негізгі бөлігі болып табылады.

Және, бұл сайттар нақты кітапхананың бірегей ресурстарына қол жеткізе отырып, мысалы, бір уақытта біріккен виртуалды анықтамалық қызметтің қатысушылары болып табылады, бұл сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін елеулі кеңейтеді.

 

Әдебиеттер:

1.   Гендина Н. И. Формирование информационной культуры личности в библиотеках и образовательных учреждениях./Н. И. Гендина, Н. И. Колкова, И. Л. Скипоро, Г. А. Стародубова.- М.: Школьная библиотека, 2002.

2.   Дягилева Т.И. Проектная деятельность в школьной библиотеке и изменение структуры и качества чтения учащихся: Методические рекомендации библиотекаря ГОУ СОШ № 888 ЗАО г. Москва  // Из выступления на Форуме школьных библиотекарей  «Михайловское 2008».