Ахметова Л. С.
аға оқытушы, тарих магистрі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қостанай қ.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ
АХУАЛЫНА УАХАББИЗМНІҢ ЫҚПАЛ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ
Қазіргі таңда Қазақстанда
діннің теріс ағымдары, мысалы, сәләфизмнің ең қатал ағымы уахабизмнің
және т.б. діни экстремизмнің күшейіп жатқаны
бәрімізге мәлім әрі қынжылтады. Қазір, бір
сөзбен айтқанда,діни либерализм өзінің қырын
көрсетуде. Оған мысылдар жеткілікті, соның
бірі-бәрімізге айғақ Ақтөбе облысының Темір
ауданы,Шұбаршы ауылындағы қанды оқиға,
Ақтөбе және Астана қалаларының ҰҚК
ғимараттарының қасында болған жарылыстар.
Сәләфилер дінді ислам
әлеміндегі түрлі халықтың этномәдени,тарихи
және өзге де ерекшеліктеріне негізделген барлық «жат»,
«кірме» түсініктер мен тәжірибиелерден тазарту жолында жойқын
күрес жүргізуді өздеріне мақсат етіп қойды. Атам заманнан бері тың
көзқарастарға бейім, зияткерлік сұхбатқа дайын
Ұлы дала тұрғындарына қатан догма мен діни радикализм –
жат құбылыс. Сонымен бірге,нағыз қазақ
өзінің шежіресін, жоқ дегенде жеті атасына дейін білуі тиіс, ал
сәләфизм басқа
қазақ халқының сәлт-дәстүрі мен
әдет-ғұрпына (өлгенге құран бағыштау,
аруаққа сену және т.б.) үзілді-кесілді қарсы. Сәләфилер
барлық ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығарады.
Көріп отырғанымыздай, сәләфизм доктринасы
қазақ қоғамының рухани
құңдылықтары мен дәстүріне қарсы
тұр және оппозициялық кереғарлықта
Жалпы, Қазақстанда қазір
ислам дініне деген қызығұшылық өте жоғары, әсіресе,
жастар ортасында. ҚМДБ мәліметі бойынша,жастар мешітке
келушілердің 95% құрайды. Олар уахаббиттердің басты
көздеген нысанасы.
Уахаббизмнің біздің елде
кең етек жайюы-онтүстікте алып отыр. Көбінде, онда
халықтың көпшілігін өзбектер құрайды: дәл
осылардың ішінен Өзбекстанның исламдық қозғалысы
өзінің қатарына адамдарды тартады. Бармақ шайнайтын бір
жайт-бұл күреске ең алдымен жастарымыздың жегілуі. Бұның
бір себебі, діннен хабары аз, ұшқарлыққа, абсолютизмге
бейім жастардың шетелдік миссионерлер насихаттайтын жат идеялар
ықпалына тез түсіп қалуында. Осыған
байланысты,біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі-діни
салуаттылықтың деңгейін көтеру және
исламның шынайы құңдылықтарын түсіндіре
білу.
Кезінде шетелдердегі ислам
орталықтарына оқуға кеткен жастардың дені -діннің
негізі түгіл, өз отанының тарихын біле бермейтін еді. Мысырға,
Сауд Арабиясына, Пәкістанға, Иранға оқуға
кеткендердің көбісі танымал діни білім ордаларының есігін де
көрген жоқ.Көпшілігі жекелеген жамағаттардың
қарасын көбейті. Психикасы толық калыптаспаған, білімі
толыспаған жастар «кімнің кім екенін» объективті түрде
айқындамай жатып, «рухани ұстаздары»ұстанған
түрлі жамағаттардың жақтастары болып шыға келеді.
Ол адамдардың санасына, діни көзқарастарымен қатар, сол
жердің мәдениеті мен дәстүрі сіңірілді, соның
ішінде,киім кию үлгісі де бар. Сол себептен бола, соңғы
кездері Қазақстанда хижаб мәселесі бойынша пікір-таластар
өршіп тұр.
Сол миссионерлер мен кешегі медресе
шәкіртерінің ішінде сәләфизмді ұстанушылар аз
болған жоқ. Қазақстанға қайтып келгеннен
кейін олар исламды осы көзқарас тұрғысынан
уағыздады. Бұл жерде, бір нәрсені естен шығармауымыз
керек, сәләфизм –бұл идеология мен рухани догма ғана
емес, нақты тәжірибе: тәуілді жақтастар
топтастыру,мемлекетке қарсы шығу, қатыгез әрі сипаты
жағынан дөрекі әрекеттерге бару. Олар өз идеяларын
насихаттау үшін әдейі аулақтағы
мешіттерді,шалғайдағы қаныраған ауылдарды, әлеуметтік
және экономикалық жағынан нашар аудандарды
таңдайды.Олар «ресми исламның» теологиялық
дайындығының әлсіздігін, мемлекеттік органдардың
қаперсіздіктерін, қоғамның әлеуметтік және
басқа да сырқауларын шебер пайдаланып, үнемі өз
желілерін кеңейтіп отырады. Сәләфизмнің эмисарлары
шетелдік көмек алып коймай, соңымен қатар, өздерін ел
ішінде қаржыландырудың желісің қалыптастыра алды. Олар
діни әдебиеттерді аударды, таратты, веб-сайттар ашты.
Қазақстанда уахаббиттік
идеяларының беделінің артуының себебі-халықтың, негізінде
жергілікті билікке,жалпы республикалық билікке шешілмеген
әлеуметтік мәселелерге қатысты туындаған
наразылығы. Уахаббиттер осыны алға тартып, жасанды түрде
дінаралық алауыздықты туындатып, дінді билікпен күресуде
пайдаланып отыр.
Бұл жерде, тағы айтып кететін
жағдай-Қазақстандағы исламды уахаббизациялауына
елдің билеуші органы және ҚМДБ жүргізіп отырған
саясаты себепкер болып отыр.
Биліктегілермен мойындатып отырған
«ресми ислам»қарапайым мұсылмандардың мәселесін шешпес
түгелі, оған жаңасың қосты- «ресми»молдалар
қарапайым мұсылмандардың ақысын алдап жеумен
жүргенде, уахаббиттердің бейресми жетекшілері, керісінше, көмекке
мұқтаждарға қол ұшын беріп
көмектесіп,өз қатарларына тартуда. Сол себепте, егерде біз
уахаббизммен тиімді күресеміз десек, онда уаххабизм- шешілмеген
әлеуметтік–экономикалық мәселелер негізінде тамыр жіберіп
отырғаның назарға алуымыз керек. Егерде ресми билік
оның шешімін таппаса, оңы уахаббиттер ұсынады. Тағы бір
мәселе-соңғы «Діни қызмет және діни ұйымдар
туралы»қабылданған заң бұл мәселені одан
әрі ұшықтырды. Әңгіме, мемлекеттік
ұйымдарда намаз оқуға тыйым салуда болып отыр.
Аймақтағы мұнайдың
мол қоры үлкен геосаяси ойында әлдеқайда маңызды
уәж етеді.Сол себептен,қазіргі таңда
сәләфизмнің (уахаббизмнің) біздің еліміздің
мұнайы, ресурсы, территориясы үшін геосаяси күрестегі
құрал екенін естен шығармағанымыз абзал. Бірқатар
мамандардың пікірінше, Қазақстандағы болған діни
террактілердің артында Сауд Арабиясының арнайы топтары тұруы
әбден ықтимал. Сауд Арабиясын Орта Азия аймағында
американдық саясатты жүргізуші деп айыптайды. Мысалы, Атырауда
терракт ұйымдастырған ұйымның атауындағы «халифат»
сөзін алсақ. Халифат сөзін қолдану-саудиттерге
тән сипат.
Сыртқы ықпалға, әсіресе,
діни секталарға қарсы тұрудың ең жақсы
амалы-өз дінінді мықты ұстану. Уақытпен
үйлесімділік тауып; қатар жүретін біздің
мәдениетіміз, тарихымыз, дәстүріміз; тіліміз бен ата-бабамыздың
діні-ислам барлығымызды біріктіріп тұрған үлкен
арманымыз, үлкен ізгі мұратымыз - біздің тарих
толқынында жұтылып,құрып кетпеуіміздің кепілі
болмақ.
Әдебиеттер тізімі:
1. МантаевА.А.«Вахаббизм и
политическая ситуация». Москва, 2002г.