Су-тіршілік көзі

Ж.Назарбеков., А.Қ.Жумадилова., А.Б.Сапарбекова

Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер бар. Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған.

Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі біразы тартылып қалады, тұзды.

Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі - жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезеңде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен.

Көлдеріндегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды Қазақстан көлдерінің көпшілігінің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақыт қайта көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады.

Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады.

Су қорларын пайдаланудың  жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор.

Жамбыл облысында орналасқан Билікөл көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл. Көл Тараз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Билікөл ауданында орналасқан. Бұл Жамбыл облысындағы ең терең, ірі су айдыны. Бұл табиғат су айдыны өте көне болып саналады, оның қашан пайда болғаны күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Көлдің қазіргі көрінісі 8 тәрізді формада, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы – 18 километрге жуық, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы - 7,5 км. Максималды тереңдігі 8 м. Көлде 1,4 млрд. текше метрге жуық су жиналады. Желді күндері судың бетін ақ бұйра толқындар жауып, оның шуылы нағыз теңізді еске түсіреді. Билікөл көлінің суы тұзды сульфатты минералды су типіне жатады. Су құрамында тұз қышқылы, кальций гидрокарбонат, магний және өмірге қажетті басқа да минералды элементтер бар. Көлге шығыс жағынан Аса өзен құяды. Билікөл көлінде Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниститутың 2005 жылғы мәліметі бойынша Билікөл көлінде балықтардың 13 ден астам түрі мекендеген: күміс мөңке, тұқы-карп, торта, көксерке, жыланбас, ақ амур, ақ дөңмаңдай, білеубалық (востробрюшка), тарғақ балық (елец), бұзаубас балық (бычок), медака, Амур шабағы (Амурский чебачок). Соңғы кездері балықтардың түрлері күрт төмендеп кетке.

Қазақстан су ресурстарының тапшылығы жоғары категориялы елге жатады. Сондықтан, Жамбыл облысының халық шаруашылығы  үшін  ішкі су қорларын тиімді пайдалану аса қажет екендігі белгілі.

Біздің елімізде өзен-көл суларының сапалылығын, ластану деңгейін анықтау жұмыстарын «Казгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны жүргізеді.

 1988 жылы Шу-Талас бассейндік инспекция мекемесінің зертханасының негізінде құрылған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы 2004 жылдан осы мекеме мамандарымен бірлесіп, трансшекаралық өзендерден  жылына бір рет сынама алу, талдау жұмыстарын жүргізіп келген болатын. Устіміздегі жылы «Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» мен «Қазгидромет» мекемесі арасындағы өзара әрекеттестік тәртібін бекіту Бірлескен БҰЙРЫҒЫНА» сәйкес,  Билікөл көлінен 2 рет қатарласа барлығы  10 сынама алып, анықтау - талдау жұмыстарын жүргізді.

 Зертхана мамандарының Билікөл көлінен алынған сынама үлгілерініе талдау қорытындысы бойынша: .

Фторидтердің:

 Үлкен айдынның сол жағалауында 0,91 мг/л болғанын яғни рұқсат берілер шектен-1,3 есе, Оң жағалауында -0,86 мг/л  болып 1,23 есе  рұқсат берілер шектен асқаны тіркелінді. Сонымен қатар  Кіші айдынның оң жағалауында фторидтер 0,91мг/л анықталса сол жағалауда - 0,82 мг/л құрады. Яғни рұқсат берілер шектен 1,3 есе және 1,17 есе асты.

Мыс иондары көлдің  Кіші айдынында  рұқсат берілер шектен аспаса, Үлкен айдында рұқсат берілер шектен 1,9-2,1 есе асқаны тіркелді. Марганец иондары Кіші  айдында 1,17 мг/л болып рұқсат берілер шектен 1,2 есе асса, Үлкен айдында 2,33 мг/л болып рұқсат берілер шектен  2,3 есе асты.

 Мышьяк иондары Үлкен айдында да Кіші айдында  1,09 мг/л болып рұқсат берілер шектен  1,8 есе асты.

Ауыр металдардың рұқсат берілер шектен асуы, көл суына жан-жақты тексерулерді көл суы шөгінділерінің сынама талдауларымен байланыстыра жүргізілуі қажеттілігін нақтылайды.

Тағы бір алаңдатарлық жайт мұнай өнімдерінің Үлкен айдында да Кіші айдында  0,01 мг/л -ден 0,05мг/л дейінгі  мөлшерде анықталуы. Жыл мезгіліне байланысты су көлемі қысқа мерзімде азаятын көл тіршілігі  үшін бұл апатты жағдай.

 Бүгінгі күні Билікөл жан-жақты, тиянақты зертттеліп бітті деп айта алмаймыз. Сондықтан  көл суының сапасының өзгеруіне  мониторинг жүргізу қажет болып табылады.

 Ұсыныс

  Тұтас бір экологиялық жүйеден Билікөл көлін бөлек қарауға болмайтындықтан

1.   Билікөл, Ақкөл, Ащы көл, Тұщы көл экожүйесін жақсарту мақсатында жүйелі бағдарлама қабылдау қажет.

2.   Билікөл, Ақкөл, Ащы көл, Тұщы көл суларына  және шөгінділеріне (донные отложения) жан-жақты  толық аналитикалық талдау жасалуына, су сапасының өзгеруіне мониторинг жүргізуге іс-шаралар қабылдау қажет.

3.   Билікөл, Ақкөл және Аса өзендерінің  су сапасын табиғи қалыпқа жеткізу үшін атқарылатын жұмыстардың көлемін белгілеу қажет.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Жамбыл облысы бойынша «Экология»  департаментінің аналитикалық бақылау есебі.

2.     «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл,