Ж.  Дәуеева, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистранты,

әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ,

Ғылыми жетекші:  п.ғ.к., доцент  Н. Анарбек

 

 

ОТАНДЫҚ  ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТТЕРІН ҚҰРУДАҒЫ

АМЕРИКАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

 

Кілттік сөздер:

Инновациялық нәтиже, ғылыми-зерттеу орталықтарын трансформациялау, зерттеушілік инфрақұрылым, зерттеу қызметінің өнімділігі инновациялық және әлеуметтік жетістіктер, қолданбалы ғылыми зерттеулер, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық.

 

Ғылыми-инновациялық әзірлемелерді тікелей жүзеге асыру үшін өндіріс орындарымен байланысы қамтамасыз етілген ғылым мен білімнің жоғарғы оқу орны аясындағы интеграциясының түрі - зерттеу университеттері қажет. 2011 ж. 18 ақпанынан бастап N 407-IV 3ҚР «Ғылым туралы» Заңында университеттердің «зерттеу университеті» деп аталатын жаңа категориясын белгілеу қарастырылған. Заңға сәйкес «Зерттеу университеті Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген университетті дамыту бағдарламасын жүзеге асыратын  және  іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен басқа да ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысатын жоғары оқу орны болып табылады». Зерттеу университетінің негізгі міндеті ғылыми қызмет пен білім беру үдерісінің жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ықпалдасуы болып табылады.

Елдегі 37 ЖОО-да 541 ғылыми-зерттеулік құрылымдар бар, оның ішінде 79 институт, 164 орталық, 242 лаборатория, 7 технопарк, 13 коммерциализация кеңсесі, басқа түрдегі 36 инновациялық құрылым. Жалпылама қолданыстағы 5 ұлттық және 15 инженерлік лабораториялар жұмыс жасайды.

Бұлардан басқа 2017 ж. дейін жоғарғы оқу орындарында қосымша 67 ҒЗП құру жоспарланған, оның ішінде 15 ҒЗП 9 базалық оқу орындарында құрылуы тиіс.

«Инновациялық нәтижеге бағдарланған университет ғылымының мақсаттық дамуы» ғылыми-техникалық бағдарламасын нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру аясында 2013 ж. 1,012 млрд теңге бөлінді.

2012 ж. зерттеу университеті мәртебесі Назарбаев Университетіне беріледі, ал инновациялық іс-әрекеттерге бағытталған жоғарғы оқу орны мәртебесі басқа 10 жоғарғы оқу орнына беріледі. Зерттеу университеттері мәртебесіне жақын тұрған талапкерлер ретінде QS рейтингі бойынша әлемнің танымал 300 жоғарғы оқу орны тізіміне кірген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қарастыры,  С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті негізінде зерттеу университетін қалыптастыру жөніндегі шаралар жоспарланған.

Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті -  Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2012 жылы  www.topuniversities.com  сайтының рейтингтік жариялауы бойынша әлемнің ең үздік 369-шы университеті болып саналады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем елдері арасында ең жетекші ЖОО-дары қатарына еніп келеді. Бұл сөзімізге дәлел, 2014 жылы ҚазҰУ әлемнің технологиялық университеттерінің ТОП-50-не енді. Рейтингте  қазақстандық ЖОО ТМД ғана емес, Шығыс және Орталық Еуропа қатысушы елдері, сондай-ақ Сингапур және Жапониямен қатар барлық Азия континентін көпшілікке таныстырды.

ҚазҰУ  Ұлыбританияның «Quac­du­arelli Symonds» агенттігінің мәліметі бойынша 2014 жылы әлемнің ең үздік 300 университеті қатарына еніп, 299-орынды иеленді.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті  Халықаралық стандарттар негізінде сапалы білім беру қызметін көрсету арқылы ауылшаруашылығы және техникалық саланың интеллектуалды дамыған мамандарын даярлайды. Аталған ЖОО-нын, зерттеу университетіне өзгерту арқылы нарық сұранысына бағдарланған инновациялық үлгісін қалыптастыру басты мақсат болып отыр. Ондағы ғылыми-инновациялық қызметті басқару құрылымы бірнеше ірі бағыттар бойынша қарастырылады.

ҚР зертеу университеттерінің жалпы даму құрылымын реформалау мен жетілдірудегі кездесетін мәселелерді шешу үшін озық мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ зерттеу университеттерін дамуындағы ерекшеліктерді жан-жақты талдап, оны бейімдеп тәжірибеге ендіруді қажет етеді. Себебі, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің әртүрлі салаларындағы өзгешеліктерге қарамастан, білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеру тұрғысынан ұйымдастырылған, АҚШ-тың зерттеу университетерінің даму  кешені, өзінің ғасырлық тарихында дамып, сұрыпталып, әмбебеп әлемдік тәжірибеге айналып, басқа да елдер үшін қолдану мүмкіндігіне ие болып отыр.

XXI ғасырдың басында  білім экономикасына  ғылыми-зерттеу университеттері негізгі мекемелер ретінде ене бастады.Бұл мәселені Филипп Дж. Альтбах және Джамиль Салми жақында ғана жарияланған  екі монографияда  кеңінен баяндалған деп айтады. Олар «World Class Worldwide: Transforming Research  Universities in Asia and Latin America («Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттері дүние жүзі бойынша: Латын Америкасы және Азиядағы зерттеу университеттерінің трансформация») (Altbach және Balan 2007) және «Создание университетов мирового класса» («Әлемдік деңгейдегі университеттер құру») (Salmi 2009, Орыс тіліндегі басылым,  Баспа «Весь Мир», 2009)

Қазақстан Республикасы  және АҚШ-тағы  зерттеу университеттерінің  даму  ерекшеліктерін салыстыруда  белгілі бір модельге сүйенуіміз қажет. Бұл модель арқылы таланттардың шоғырлануын, қомақты қаржыландыру қорын, тиімді басқару жүйесін бір арнаға шоғырландыру қажет (сурет 1).

 

Овал: Таланттардың шоғырлануы
 


Овал: ӘДЗУСкругленный прямоугольник: технологиялар трансфертіСкругленный прямоугольник: Озық ғылыми-зерттеулерСкругленный прямоугольник: Белсенді бітірушілерОвал: Қомақты қаржыландыру қорыОвал: Тиімді
басқару жүйесі
 

 

ӘДЗУ-Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті

 

Сурет 1. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттері құру моделі

 

Ең жоғары деңгейдегі зерттеу университетерін  анықтағанда олардың табысқа жетуінің негізгі шарттары мен табысты іс-әрекеттерінің кілт іздеу керек. Бұл туралы Дж.Салми «Әлемдік деңгейдегі университеттер» атты еңбегінде тамаша көрсеткен.

Қазақстан Республикасындағы зерттеу университеттері жаһандық деңгейде көріну үшін өзіне тән жеткен жетістіктері мен нәтижеге бағытталған факторларының (Белсенді бітірушілер, Озық ғылыми - зерттеулер және технологиялар трансферті) болуын қажет етеді. Кері байланыс нәтижесінде  жетекші зерттеу университеттері өзін таныта алатын  өзара үш фактордың жиынтығын байланыстырады. Бұл факторлар мыналарды қамтиды: таланттардың шоғырлануы, қомақты қаржыландыру қоры, тиімді басқару жүйесі.

Жоғарыда аталған фактолар зерттеу университетерінің көшбасшылық дағдыларын қалыптастырады, стратегиялық мүмкіндіктерін арттырады, инновациялық  дамуын ынталандырады және іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асырады.  Нәтижесінде, дұрыс шешім қабылдау  икемділігі мен басқаруға мүмкіндіктерін арттыу үшін үщ топқа бірігеді.

       1-топ. Профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер, интернационалдандыру;

       2-топ. Қолдау көрсетуші нормативтік-құқықтық база,  академиялық еркіндік,  басқарушылық команда, стратегиялық  көрініс,  академиялық мәдениет шеберлігі;

       3-топ. Мемлекеттік қаржыландыру көздері, белгілі бір қорлар , оқу оқысы, зерттеу жұмыстарына бөлінетін гранттар.

Зерттеу университеттері Америкада жақсы дамыған, И.И. Игнатованың пікірінше ХIХ– ХХ ғасырлардың соңында пайда болған ерекше инновациялық ұйымдасқан-американдық зерттеу универсиеттері деп есептейді [1].

 Американыдық зерттеу универсиеттері бірнеше даму кезеңдерін өтті. 1850-1860 жылдары АҚШ-та жетекші университеттер ( Гарвард, Йель, Колумбия және т.б.) қатарына ғылыми мектептердің қосылу үрдісі жүрді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, жедел зерттеу универсиеттерінің дамуы басталды. Каролина, Джорджия, Флорида штаттарында жаңа зерттеу универсиеттері құрылды.Соңғы инженерлік жаңалықтар мен білімдер тәжірибе жүзінде кең көлемде қолданыс тапты. Зерттеулер жаңа бағыт ала бастады. Бұл кезеңде американдық зерттеу универсиеті германдық тәжірибені қолданды. 1876 жылы Дж. Хопкинс университеті жаратылыстану ғылымдары мен инжиниринг орталағы болды. ХХғ.басында америкада зерттеууниверситеттерінің  саны 15-ке жетті. Бұл кезеңге дейін бизнес өкілдерінде институт көлеміндегі тәжірибелік инновациялық алаңдар болмады. Зерттеу университеттері ғылыми-техникалық, коммерциялық және басқада білімдердің даму аймағына айналды. Жаңа технологиялар мен оларды нарыққа енгізетін фирмалар университеттер қатарына қосыла бастады.

Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін университеттер аймақтық қажеттіліктер үшін ғанна қызмет атқарды. Соғыс қарсаңында жағдай өзгеріп, ірі әскери жобаларға деген қажеттіліктер артты. Әскери қажеттіліктерге мемлекет үлкен қаражаттар жұмсап отырды. В.Буштың 17 қараша 1944 жылғы баяндамасында ғылыми-зерттеулерге басым назар аударып, мемлекеттен үлкен қолдау көрсетілетіні айтылды. Зерттеу университетінің негізігінде жаңа ғылыми білімді инновациялық жаңа формада жасау мен коммерциализацияға дейінгі үрдіс қарастырылды. Бұл идеяны кейінірек Нельсон (1959ж.) және Эрроуда (1962ж) қолдады. Американдық зерттеу университеттерінің келесі даму кезеңі 1980 жылы Бэя-Долла (BDA–1980) Актісімен байланысты болды. Ол федералдық агенттіктерге коммерциялық емес шағын компанияларға (non-profit), университеттерге патенттер беруге мүмкіндік берді. Негізгі мақсаты университетерді зерттеу нәтижелерін коммерциализациялауға қызықтыру болды. Бұл идеяны жүзеге асыру тиімді экономикалық әсер етті.[2].

BDA-ға дейін университеттерге жыл сайын 250 патент беріліп отырса, 2003 жылы–3629 патент берілген. Бұл 1 млрд. долл. Лицензиялық табысқа алып келді. Сонымен бірге бұл акті университеттерде жаңа зерттеулердің артуына септігін тигізді.

Қазір АҚШ-ның жетекші 100 зерттеуші университеті федералдық бюджеттің        95%-ы білім беру және зерттеу жүргізу мақсаттарына бөлінеді. 50 зерттеу университетінде докторанттардың 60 % дайындалған. Зерттеу университетерінде мұғалімдер мен студенттер  ара қатынасы 1:6, ал басқа ЖОО-да 1:12. Зерттеу университеттері бизнеспен тығыз қарым-қатынаста.Массачутес технологиялық институты 300 корпарациямен байланыс орнатқан (олардың жартысынан көбі елдегі ең ірі корпорациялар). Зерттеу университеттерінің бизнеспен,  әлеуметтік құрылымдарымен байланысуының маңызды аймағы біліктілікті көтеру және мамандарды қайта даярлау бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру бағдарламалары. Зерттеу университеттерінің маңынан зерттеу парктері құрылған. Зерттеу парктерінекіші инновациялық өндіріс орындары, техникалық қызмет көрсететін ұйымдар кіреді

Американдық зерттеу университеттерінің қаржылық ресурстары үлкен. Техас университетінің жылдық бюджеті 3 млрд. долл., Стенфор және Манчестер метрополитен университеті –1 млрд. долл. Зерттеу университетінің бюджеті әртүрлі қаржы көздерінен құралады. Қаржыландыру көздерінің көптігі әртүрлі заңды және жеке тұлғаларды серіктестікке шақыруға мүмкіндік береді. Ресурстық базаларды кеңейту мақсатында әртүрлі зерттеу университеттері бірігіп ғылыми-зерттеу орталықтары құрылуда. Мысал ретінде, Кембридж университеті мен Массачутест  технологиялық институты бірігіп ірі ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.Әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу орталықтарына трансформациялану  үрдісі Қытай, Сингапурда да байқалуда. Сонымен бірге Ресейде де зерттеу университеттері мен федералдық университеттер арасынды жүйелілік байланыс орнаған

Американың 308 млн.-ға тарта халқына жүзге тарта зерттеу университеті жұмыс істесе, 16 млн. халқы бар Қазақстан үшін Ұлттық университеттер негізінде зерттеу университеті ашылуы тиіс [3].

Американың зерттеу университеттерінің жартысына жуығы сол елдегі PhD докторының 60 пайызын даярлап, негізінен іргелі   ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Көпсалалы бағдарламалар бойынша магистрларды да даярлайды. Бұнымен қоса, әлемнің әр елінен келген мамандарды қайта даярлауға күш салады.

АҚШ-ның зерттеу университетернің негізгі ұстанымдары білімнің диверсикациясы және оларды зерттеудің барлық кезеңдеріне интеграцияландыру. Зерттеу университетерінің құрылу қарсаңының тағы бір ерекшелігі олардың дамуына жеке бизнестің араласуы. Дәл осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы тарапынан қойылған әлемдік деңгейдегі зерттеу университетін құруда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешумен айналысатындығы құптарлық жәйт.

Қорыта келе, елімізде  зерттеу университеттерін құрудағы  американдық  тәжірибені  қолдана отырып ең ірі ғылыми-зерттеу орталықтарын құру, әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу орталықтарын трансформациялау, зерттеу университеттерінің арасында халықаралық гуманитарлық серіктестік орнату сияқты мәселерді шешуге деген мумкіндік артады. Еліміздің эканомикасы мен әлеуметтік салары дамып, индустрияландыру мен инновациялық даму нәтижесінде өндіріс орындары дербестікке қол жеткізеді. Сонымен қатар, Қазақстанда зерттеу  университеттері іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен басқа да ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатыса алады.

 

Аннотация

Автор в этой статьи говорится о возможности открытия самого большого исследовательского центра с помощью применения американского опыта,а также трансформация международных исследовательских центров, развивать международное гуманитарное сотрудничество между исследовательскими университетами, и говорится о фундаментальный и прикладной научные исследованиях.

Abstract

The author in this article refers to the possibility of opening the largest research center through the use of the American experience, as well as the transformation of international research centers, to promote international humanitarian cooperation between research universities, and speaks of the fundamental and applied research.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.                  Дорога к академическому совершенству: Становление исследовательских университетовмирового класса / под ре . Ф. Дж. Альтбаха, Д. Салим ; пер. с англ. публикации Всемирного банка.–Москва : Изд-во «Весь мир», 2012.–416 с.

2.                  Исследовательские университеты США:механизм интеграции науки и образования / подред. В. Б. Супяна.–Москва : Магистр, 2009.–399 с.

3.                  Неретина, Е. А. Этапы становления и особенности развития исследовательских университетов / Е. А. Неретина // Интеграция образования.–2014.–No 2 (75).–С. 105–110.