Физическая
культура и профессиональный спорт/
1.
Физическая культура и спорт:проблемы, исследования, предложения
п.ғ.к. Абдрахманов З.А.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Мемлекеттік Университеті
Халилин Е.Б.
Қарағанды облысының спорт және
дене тәрбиесі департаменті
оқытушысы
Сабдина А.А.
Д.А. Қонаев атындағы университет
колледжінің
мұғалім Сартымбаев Г.Т.
Қарағанды қаласының №61 жалпы
білім беру орта мектебі
Қысқа
қашықтыққа жүгіруді футболистердің
дайындығына пайдаланудың теориялық негізі
Спортта жылдам жүгіруге дайындау әдістемесі
жан-жақты қаралған (Ю.В. Верхошанский, А.А. Воробьев, Л.С.
Дворик, А.М. Доронин, Е.Д. Гагуа және шетел мамандарының
практикалық тәжірибесі мен эксперименталдық зерттеулері
ретінде қамтылып, жинақталған.
Жылдамдықты дамытуды әдістемелік
теориялық негізін әр қарай жетілдіруге бұлшық
еттер күші әрекетері туралы деректер еңбектерінде
қаралған (В.К. Бальсевич, Ю.А. Верхошанский, Н.В. Зимкин, Генри, В.М. Зациорский).
Жылдамдықты жетілдірудің
теориялық-әдістемелік негізін ала отырып, басқада спорт
түрлерінде қолданудың әсіресе футболистердің
дайындығында қолдану осы мақалада қарастырылған
[1].
Практика жүзінде қозғалу акттының
толық жылдамдығы мағыналы
(жүгіру, жүру, т.б)
күделі тепе-теңдікті сақтау қозғалыстары
жылдамдық деңгейіне ғана байланысты болмайды, басқада
себептері байқалады. Мысалы, жүгіру кезінде жылдамдық адым
ұзындығына, ал адым ұзындығы аяқтың
жасайтын қадамына және итерілу күшіне байланысты.
Максималды қозғалу кезінде екі фаза
байқалады: 1) жылдамдықтың өсу фазасы («екпін» алу
фазасы); 2) жылдамдықты бірқалыпты ұстау фазасы (сурет 1)
Бірінші фазаның сипаты старттың
қозғалысты үдету, екінші ара қашықтық
жылдамдығы. Ф. Генри және Дж. Трафона (1997), спринттерлік
жылдамдықтың өсу формуласы мына теңдікпен
байқалады:
υ (t) = υm (1- e – kt)
мұндағы υ (t) –уақыт моментіндегі жылдамдық
әсері t;
υm – жылдамдықтың максималдық негізі,
е – негізгі натурал логарифм
k - жеке константа, старттан
жүгірудегі үдетуді сипаттайды
υm және k
бір-бірімен корреляциялық байланыста байқалады.
Бір сөзбен, жылдамдықты тез өсіру
қабілеті және үлкен жылдамдықпен қозғалу
бір-біріне тәуелді емес (Генри және Трафон 1979; Генри 1960)
Кейбір спорт түрінде старттық жеделдік басты
болып келеді (футбол, баскетбол, теннис т.б) кейбір спорт түрінде ара
қашықтыққа жүгіру ұзындыққа
секіруде нәтижені жақсартудың негізі.
Сурет 1 - Спринттерлік жүгіруде жылдамдықты
үдету көрсеткіші (Генри және Трафон)
Футболистерді дайындауда
қозғалу реакциясының жылдамдығы өте
маңызды. Қозғалу
реакциясының жылдамдығы деп латентік уақытқа жедел
қарымта қайтару. Реакция
қарапайым және күрделі деп бөлінеді.
Қарапайым реакция
–белгілі бір қозғалысқа (күтпеген дыбысқа) жауап.
Мысалы ретінде старттан жүгіргенде, тапаншадан шыққан дыбыс.
Басқа кездесетін реакциялар күрделі типке жатады.
Футболистердің
жаттығу кезінде әр түрлі жылдам орындалатын
жаттығуларды қолдану қарапайым реакцияларды жақсартады
және жылдамдығын жетілдіреді. (А.Н. Крестовников, А.А. Семкин, Е.Д.
Гагуа).
Қарама – қарсы
бағытта өту байқалмайды: жылдамдық реакциясын
машықтандыру, қозғалу жылдамдығына әсер етпейді
(Р.И. Тоомсалу). Көп тараған футболистердің қарапайым
реакциясы ол кенеттен пайда болған дыбысқа жедел әрекеттену
немесе қоршаған қарсылас арасында тез шешім қабылдау
(мысалы доппен жедел жүгіріп пас беріп, ашылу). Әр қалыпта
тұрып төменгі старттан жүгіру қойылған әр
түрлі бұйымнан (заттардан) секіру, эстафеталық ойындар.
Спортпен жаңа айналысқандар мен осы әдістерді қолдану
нәтижелі көрсеткішке жеткізеді (Л.И. Орехов).
Бірақ, кейін жылдамдық реакциясының
пайда болуы бір деңгейде байқалады, оның жақсаруы
қиындайды (жылдамдық кедергісі пайда болады).
Жылдамдық реакциясын жетілдіруде, арнайы
әдістер қолданылады, олар жіктеген (бөлінген) әдіс
немесе «сенсорлық» (лат. Sensus- қабылдау, сезу, сезінуші)
әдіс. Жіктеу әдісін қолдану аналитикалық
тренировкаға жатады, біріншіден, жылдамдық реакцияның
жеңілденген жағдайда қолдану және, екіншіден келесі
қозғалу жылдамдығы. Мысалы, аласа сөреден жүгіру
кезінде уақыт реакциясы созылмалы болғандықтан бастапқы
қозғалысты орындау қиыншылық тудырады.
Спринттердің қолына дене ауыртпалығы түсуіне байланысты
тіректен жылдамдықты жедел ала алмайды. Осы себепке байланысты жылдамдық
реакциясын жетілдіруде жоғарғы сөрені пайдалану қолайлы
(қолды тіреп, тіремей).
Жылдамдық реакциясын жедел іске қосу
үшін, еңкейіп жүгірген, допты алып жүгіруде өз
нәтижесін береді. Осындай аналитикалық жолды пайдалану
жүгірушіге басымдылық береді (Л.И. Орехов, З.А. Абдрахманов).
Сенсорлық әдісті (ұсынған С.Г.
Геллерштейн) ол жедел реакциясымен байланысты және ондық,
жүздік уақыт аралығымен кіші аралық уақытын
сезінетін адамдар, жоғарғы реакция жылдамдығымен белгіленеді.
Сенсорлық әдісті, кіші аралық уақытты сезіну
қабілетін жетілдіру үшін бағытталған. Осы әдісті
қолдану үш кезеңге бөлінеді.
І кезеңде футболистер (5 метр жерге старттық
қозғалуда орындау) берген дыбысты максималды жылдамдықпен
жүгіру әр орындағаннан кейін оқытушы көрсеткен
уақытты айтып отырады.
ІІ кезеңде (ол негізгі болып келеді) тапсырма
жоғарғы жылдамдықпен орындалады. Оқытушы белгіленген
жерді қанша уақытта өткенін спортшыдан сұрайды. Содан
кейін оның дәл көрсеткен уақытын айтып береді. Осылай
өз сезімін салыстыра отырып, уақытты тура сезінуді жетілдіреді.
ІІІ кезеңде
жаттығуларды белгіленген бір жылдамдықпен орындау ұсынылады.
Күрделі реакцияның екі жағдайына
тоқталайық: қозғаған затқа әрекет
реакциясы көбінесе футболистерде, басқада доппен ойнайтын
түрлерінде кеңінен орын алады. Қақпаға допты
ұрғандағы қақпашының әрекетін
қарастырайық. Қақпашының міндеті: допты
көруі;ұшу жылдамдығын және бағытын
бағдарлау; әрекет жоспарын құру; осыларды іске
қосу.
Осы төрт элементтерден осы жағдайда
жабық реакция периоды пайда болады. Зерттеу бойынша
қозғалған кенеттен затқа пайда болу реакциясы 0,25 – 1
сек. (Л.И. Орехов, Штрутхолд, 1989). Эксперименттің көрсетуі
бойынша,бұл уақыттың негізгі бөлшегі бірінші элементке
келеді- ол қозғалған затты көзімен байқайды.
Көріп қалу екі тактің өзгеруінің
қалыптасуының қосады; көз қозғалысы немесе
диоптрикалық кейбір авторлардың көрсеткіші бойынша (Е.И.
Бойко, 1961) заттың көз мөлшерінің аумағында
пайда болғанда оған кететін уақыт былай бөлінеді: 1)
офтальмокинетикалық дағдылану: а) көздің қозғалуына
жабық реакциясының қабылдауы – 0,175-0,185 сек; б)
қозғалыстың өзі және көз конвергенциясы
(физиологиялық әрекет, көздің жақын жерден затты
көруі) – 0,03-0,10 сек; 2)
диоптрикалық дағдылану -0,2-0,6 сек. Сонымен,
қозғалған объектіге реакцияның негізі ол үлкен
жылдамдықпен ұшып келе жатқан затты көру, дер кезінде
әрекет жасаудың маңызы зор.
Бұл қабілетті жетілдіруге болады (Даллос
және Дженс) осы реакцияны дамытуға тренировкада көп
көңіл аудару қажет қозғалған заттарға
реакцияны жетілдіру үшін әр түрлі жаттығулар
қолданылады: тренировка кезінде доптарды бергенде жылдамдықты
көбейту арқылы, күтпеген жерден объектінің пайда болуы,
жүгіру ара қашықтықтың қысқарту
кеңінен қолданылады.
Теннис доптарын қозғалмалы ойындарда
пайдалану, арасында үлкен теннис
ойнау күрделі реакцияны жақсартады. Кейбір жағдайда,
доптың бастапқы қозғалуына назар аудару, реакция
уақытын азайтады. Допты бір ойыншының жауып тұрып, екінші
спортшының допты қатты ұруы. Осы арада ұратын
ойыншының әрекетін болжап білудің маңызы зор (В.
Ангелов). Ұрғаннан кейін доптың ұшуы өте
жоғары болғандықтан, реакция қолдану мүмкін болмай
қалады. Мысалы, жоғарғы шеберлі футболистердің,
доптың қозғалу жылдамдығы 20 м/сек, волейболистерде 30
м/сек (Р. Нельсон), доптың жерге
ұшу уақыты 0,8-0,10 сек. Кейбір жағдайда
қақпашылар ондай доптарды кері қайтарады (Қ. Ордабаев, Л. Яшин, Д. Зофф).
Қозғалған объектіге тура реакция
қолдануды, жылдамдықты дамытумен бір параллель жүргізу
өз нәтижесін береді, тура реакцияны дамыту үшін
бастапқы кезеңде арнайы бірнеше сабақ өткізу керек. Осы
арада спортшыларға қозғалу
объектісінің қозғалуынан бұрын әрекет жасауды
мұқият түсіндірген абзал (Фалтон,1958, Л.И. Орехов, 2003,
т.б.)
Шеберлі спортшылар өте үлкен жылдамдық
реакциясына жетеді. Спортшы осындай қозғалуына әрекетіне жету
үшін, дайындық әрекетіне көп көңіл аудару
арқылы жетеді. Дайындық кезінде екі фаза байқалады: дене
қалыпының өзгеруі, қозғалудың өзі.
Зерттеудің қорытындысы бойынша,
жылдамдықты футболистерді дайындауда қолдануға
логикалық жіктеу жасауға болады деп есептейміз.
1) жылдамдықты жетілдіру үшін жаттығуларды тез (максималды)
орындау арқылы қарапайым реакцияларды белгілі бір межеге дейін
өсіруге болады)
2) жаттығу техникасы үлкен жылдамдықпен орындалуын
қажет етеді (көптеген гимнастикалық жаттығуларды
қажеті шамалы (жүру т.б.)
3) спортшылар жаттығуды жақсы меңгеруі қажет,
орындауда негізгі жігер оның орындауына жұмсалмайды, ол үлкен
жылдамдықпен орындалады.
4) Жаттығудытез орындап үйрену, матчтың, орындау
кезеңінде, аяқ кезінде жылдамдық төмендемейді, шаршау
байқалмайды, жаттығудың ұзақтығы -20-22
сек.
5) Спортшы әр кезеңде, көрсеткішті жақсартып отыру
керек. Дем алу аралығының ұзындығы, толық
қалыпқа келуді қамтамасыз етеді, қозғалу
жылдамдығы бір кезектеп екінші кезекте төмендеуге көңіл
аудару керек. Бір жағынан дем алу қысқа да болған
жөн, өйткені орталық нерв жүйесінің қозуы
төмендемеуі керек, екінші жағынан вегативтік жүйе
қалыпқа келуі тосу
бақылауда болғаны абзал. Егерде 200 м жүргеннен кейін
12 мин дем алса, 8 минуттан кейін жұмыс қабілеті 95 % қалыпқа
келеді; яғни жылдамдықты төмендетпей келесі кезекті
бастауға әбден болады.
Әдебиеттер:
1.
Верхошанский Ю.В. Компонентный состав и функциональная
структура способности человека к
взрывным усилиям //
Теория и практика физической. культуры - 1973, № 6. - С.
5-6
2.
Зациорский В.М.
Проблема наследственности дыхательных способностей //Вопросы антропологии,1976,
№ 7
3.
Гагуа Е.Д. Тренировка спринтера . М.: Терра спорт, 2001.
-70 с.
4.
Сигулин А.А. Методические основы исследования проблемы
подготовки юных футболистов: монография – Волгоград: ВГАФК, 2006. -101 с.
5.
Абдрахманов З.А. Жеңіл атлетика.
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007.-72 б