ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖЕР
БЕТІНЕ ШЕКАРАНЫ ҚОЮ ЖОЛДАРЫ
Ахметов Е.С., Дубурбаева Г.А., Сарбасова Г.А
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті
Жерге орналастыру жобасын жер бетіне орналастыру -
негізінен жер учаскелерінің шекарасын белгілермен бекітуден тұрады,
бұл ретте шекаралардың ортасынан өтетін жолдар жобаланып,
олардың ені мен ұзындығы белгіленеді. Жобаны жер бетіне
орналастыру жұмыстарында ықшамды әдістемелер
қолданылады және ол жұмысты атқаруға мейлінше аз
уақыт келтіру керек болады. Сонымен қатар шекаралардың
дәлдігі сақталып, экономикалық тиімділігі техникалық
сұраныстары жерге орналастырушы шаруашылықтың
сұранысына толық жауап беруі шарт. Жердің жобасын геодезиялық
әдіспен жер бетіне орналастырудың жер-кадастырлық ісі екі
кезеңнен құрылады, олар: камералды дайындық және
далалық жұмыстар.
1.Камералды дайындық жұмыстары.
Келісім сызбасындағы жер
учаскесінің орнын басқа шекаралас жер пайдаланушылармен тексеріп
анықтау.
Бұл жұмысты атқару үшін
фотопланшет номенклатурасы арқылы жұмыс картасын даярлау керек.
Содан соң келісім сызбасында орналасқан орнын анықтап,
шектесіп жатқан жер пайдаланушылардың аттарын көрсетеді,
соңынан фотопланшеттегі немесе компьютердегі мәліметтермен
салыстырады.
Келісім сызбасы бойынша берілуге
тиісті учаскенің шекарасы жобаланады.
Қазіргі кезеңде жер учаскелерін
жобалау фотопланшет бойынша компьютерлік бағдарлама арқылы
жасалады. Ол жұмысты Қазақстан Республикасының жер
ресурстарын басқару агенттігінің Мемлекеттік ғылыми
орталығы (ГосНПЦзем) жүргізеді. Сондықтан біз осы әдісті
қарастырдық.
Ең алдымен шекаралас жер
пайдаланушылардың шекара нүктелерінің көшірмесі мен
геодезиялық берілген мәліметтерін аламыз: оның ішінде де
бұрылыс нүктелерінің координаттары мен олардың ара
қашықтық ұзындық өлшемдері
көрсетіледі. Компьютердегі МАРІNҒО бағдарламасын
қолданып, бізге қажетті планшеттегі ГИС мәліметтері алынады.
Берілген координат
мәліметтерімен келісім сызбалары бойынша учаскелерді жобалауға
кірісеміз. Учаскелерге кадастырлық нөмір беріп оған жер
иеленушінің аты жөнін және пайдалану рәсімін жазамыз,
содан соң осы мәліметерді компьютердің еске сақтауына
енгізіп, онда учаскенің ауданын т.б. көрсеткіштерін енгіземіз.
INSERTER кіргізу
бағдарламасын ашамыз, содан соң онда жазылған тексттен
өзімізге қажетті координат нүктелерін аламыз. Алынған
координат нүктелеріне түзетулер енгізіп жазбаларды
дұрыстаймыз. Жазылған ведомостте бұрылу нүктелерін
көрсетіп контурларды көрсетеміз және мінездемесін жазамыз
(егістіктер, арық отықтар, далалық жолдар т.б.)
Жұмыс сызбалары мен орналастыру сызбаларында
шекараны көрсету.
Жұмыс сызбалары мен шекара
қою сызбалары әуелі фотопланшеттің ксерокс көшірмесін жасап оған берілетін
жер учаскесін түсіруден басталады. Жұмыс сызбасына ескі нүктелер
қара түспен көрсетіледі, ал қызыл түспен
жаңадан белгіленген жер учаскелері түсіріледі және оның
көрінетін жергілікті элементтер мен жобаланған шекара
нүктелерінің арасы 20 метрлік өлшеу лентасымен болмаса
сәулелі өлшеуішпен өлшенеді.
-бұрыштық
нүктелердің координаты өлшем құралдарының
көмегімен, америкалық жер серігі жүйесіндегі GPS (Gloolal
Position System) немесе россиялық жерсеріктік ГлоHaCC (глобалды навигациялық жер серіктік жүйесі)
құралдар арқылы жүргізіледі;
- бұрыштық
нүктелер мен координат арасы 20 метрлік лентамен теодолиттің
көмегімен немесе жарықтық қашық өлшеуішпен,
кейде электронды тахеометрмен қойылады. Жұмыс сызбасындағы
координаттар арнайы ведомсте қара түспен жазылып ара
қашықтықтары өлшем бойынша жазылады және
шектесетін жер иеленушілердің шекарасы көрсетіледі.
2.Далалық жұмыстар.
Жер учаскелерінің шекарасын
қою әртүрлі әдістермен қойылады.
Бұрын геодезиялық тәсілмен
шекараларды қою былайша жүргізілетін еді:
- сәуле (жарық)
қашықтықты өлшеуші аспаппен және 20 метрлік
лентамен;
- алдыңғы екі әдістерді
біріктіре отырып жерге белгілер қою;
- бұрылыс нүктелерін координат бойымен
анықтап 20 метрлік лентамен сәулелі аппаратпен қою.
Қазіргі кезде
геодезиялық әдістер төмендегінше:
- теодолит жолын электронды тахеометр
көмегімен қою:
- Leica, Tгіmble, Sockia аппараттарын қолданып координат
нүктелерін қою кезінде американдық жер серігі жүйесін
CPS, немесе Торcоп және Россияның жер серіктік жүйесіндегі
ГлоНаСС. Геодезиялық әдіспен жер бетіне шекараны қоюдың
салыстырмалы талдауы (1 кестеде) көрсетілген.
Бұл жерде кестеде
бұрынғы ескі әдістемелермен шекара нүктелерін
қоюда координаттарды анықтап, бұрылыс нүктелерін
теодолиттік жолмен және кейінгі тахеометрлік жолда пайдаланылған.
Осы әдістемелердің
барлығы бір-бірімен салыстырып, олардың қазіргі кезде
пайдаланып жүрген геодезиялық әдіске тоқталамыз.
Шекара белгілерін координатты анықтау
арқылы тахеометрлік жүріспен қою. Бұл
әдістеменің қолданылуы берілген жердің ауданына тікелей
байланысты, шекара сызбалары құрғақ жерлермен
өтетін болса бұл әдістер жердің элементтері
анықталынып қойылады. Координаттарды шығару
компьютерлердің есептеулерімен шығарылып ара
қашықтықтары шығарылады және планшетке
түсіріледі. Принтердің көмегімен ведомостке жазылады,
бұрыштарының өлшемі көрсетіледі. Жер бетіне
түсірілгенде, триянгуляцияның нақты белгілеріне
жалғастырылып нүктелері қатайтылады, тахеометр
өлшемінің дәлдігі 7" және одан да дәлірек
болып шығады.
1-кесте - Геодезиялық
әдіспен жер бетіне шекараны қоюдың салыстырмалы талдау жолы
Жер бедерінің қолайлы
жағдайына байланысты геодезиялық әдіспен шекара қою |
Dx,y м |
DS м |
ƒDx,y салыстырмалы |
ƒDS салыстырмалы |
Жер бетіндегі нақты бедер
айырмашылықтарына байланыстырып шекараны сызықтық
өлшеммен қою |
3.0 |
4.2 |
1:500 |
1:450 |
Бұрынғы қойылған шекара
белгілеріне байланыстырып шекараны қою жолдары |
3.0 |
4.2 |
1:500 |
1:450 |
Сызықтық өлшемдер арқылы
оның элементтерге байланыстырып жер бетіне шекара қою және
бұрынғы шекара белгілеріне сүйену (қосылу
әдістерімен) |
3.0 |
4.2 |
1:500 |
1:450 |
Координат нүктелеріне теодолит жолымен
анықтап шекара белгілерін қою |
1.5 |
2.2 |
1:1000 |
1:800 |
Координат бұрылыс нүктелеріне
сүйене отырып тахеометрлік әдіспен шекара белгілерін қою |
0.5 |
0.7 |
1:7000 |
1:1000 |
Координаттық бұрылыс
нүктелеріне байланысты аспаптар арқылы америкалық жер
серігі жүйесімен СРS (Global
Position System) және Ресейлік жер
серігі жүйесі ГлоHaCC (глобальды бағыттаушы жер серігі жүйесі) |
1.5 |
2.2 |
1:1000 |
1:800 |
Әдебиеттер
1.
Временная инструкция по
обследованию и восстановлению пунктов и знаков государственной геодезической и
нивелирной сетей СССР – М., РИО ВТС, 1970 г.
2.
Маслов А. В., Юнусов А.
Г., Горохов Г. И. Геодезические работы при землеустройстве – М., Недра, 1990 г.
3.
Leica Geosystems, GIS DataPRO – Blue Sky Software Corporations, makers
of RoboHelp, !998 – 1999 г.