Дифференциалдық теңдеулер курсынан білімді жүйелі
тексерудің бір әдісі
М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың математика мамандығының
4-курс студенті Т. Б. Сарин
Ғылымның дамып келе жатқан салаларының бірі -
дифференциалдық теңдеулер теориясы. Дифференциалдық
теңдеулердің көмегімен жаратылыстану ғылымдарындағы
ең негізгі проблемалардың бірі - өзімізді қоршап
тұрған табиғат құбылыстарының кейбір
жасырын сырының қалай ашылғанын, оның өмірде
қалай пайдаланатынын көрсетуге болады.
Дифференциалдық теңдеулер теориясының мазмұны
абстрактылы – теориялық ойлауды, шығармашылық қабілетті
жетілдіруді қажет етеді және соған жетелейді. Дифференциалдық
теңдеулердің табиғи және өміршең есептерді
шығаруда пайдаланатын
ғажайып мүмкіндіктері, оның сырттай қарағанда
салқын, қызықсыз ғылым
сияқты көрінетіндігін жеңеді. Ол студенттердің
дифференциалдық теңдеулер теориясына деген ынтасын арттырып,
қызығуға, ізденіске, біліммен сусындауға жетелейді.
Сондықтан студенттерді қызықтыра оқытып, оларды
қолдай отыра, өз бетінше білім
жинақтауға құштар ету оқыту үрдісінің
барлық кезеңін жандандыруға әкеліп соғады.
Студенттердің білім және іскерлік дәрежелері қазіргі
талапқа сай болуы үшін оқытушылардың
дифференциалдық теңдеулер теориясын жақсы меңгеруі
талап етіледі. Бұл пәннің ерекшелігі оны белгілі бір
дәрежеде меңгеру үшін студенттер ынтамен, зейін қойып
көп еңбек сіңіруі керек.
Студенттердің
дағдысын және білімін тексеру, бақылау, бағалау –
оқу процесінің маңызды бір бөлігі. Студенттің
білімін тексеру арқылы оқытушы оның оқу материалын
қалай меңгергенін байқап, бағалай алады. Бірақ
көп жағдайда бақылау «кім берілген материалды қалай
игерді» деген мақсатпен жүргізіледі. Сонымен бірге үлгерімі
төмен студенттерге қандай тақырыптардың
қиындық туғызатындығын анықтай отырып,
оқытушы өз жұмысын дұрыс бағалау барысында
оқыту әдісін жетілдіре алады. Баға, өлшеу
құралы бола тұрып,
әрқашанда оқытудың мақсаты мен маңызынан
туындайды. Оқытудың мақсатын игеру дәрежесі арқылы
анықтау мүмкіндігі нәтижені сандық жағынан
және оқылатын пәндер тобымен жеке оқу пәнін игеру
шамасын көрсетеді. Білім берілген мазмұнның
қиындық дәрежесіне байланысты және ғылыми білім
мен игерілген білім көлеміне байланысты бағаланады. Сонымен,
игерілген білім сапасы негізінен: тапсырма санына, нәтижесіне, бағалау
критериясына (distinction – отлично - өте жақсы, merit - похвально
– жақсы, pass – сдано – тапсырылды, do not pass – не сдано - тапсырылмады),
жауаптардың санына, оларды топтап
классификациялауға, жіберілген қателерді көрсетіп олармен
жұмыстануға байланысты.
Екі кредит сағат
бөлінген дифференциалдық теңдеулер курсынан студенттердің алған білімдерін тексеру
мақсатында екі бақылау жұмысы жүргізілді (алғашқы
жеті аптада және
соңғы сегіз аптада өткен тақырыптар бойынша).
Мақалада осы бақылау жұмыстарында берілген тапсырмалар
және оларды тексеруде компьютердің мүмкіндігін қолдануға
арналған әдіс келтіріледі.
Әдістің құрылымын дайындау кезінде қазіргі
қолданыстағы Delphi 2009 тіліндегі бағдарламасы
және Photoshop CS5
бағдарламасы қолданылды.
Әдістің негізгі пішіні Delphi 2009 бағдарламасымен
ұйымдастырылды. Бұл әдістің терезесі басқару
және тапсырма бөлігінен тұрады. Тапсырма
бөлігінің интерфейсін безендіруде Photoshop CS5
бағдаламасында қабаттар қолдану арқылы
әшекейленді (1-сурет).
1-сурет
Ал басқару
бөлігінің құрылымы
Delphi 2009 бағдарламасында жасалынды (2-сурет).
2-сурет
Осы әдіспен жұмыс жасау тәртібі
төмендегідей қадамдардан тұрады:
1. Алдымен басқару
бөлігінің
жоғарғы оң жақ бөлігінде орналасқан
«№1 Бақылау жұмысы» батырмасын шерту арқылы бақылау
жұмысының тапсырма
бөлігі шақырылады (2-сурет).
2.
Студент берілген тапсырманы өз бетінше орындай отырып, «Сұрақ №» бағанында
орналасқан сұрақтардың реттік нөміріне
сәйкесінше «Жауабы» бағанында орналасқан мәтіндік
өрістерге дұрыс жауаптың реттік нөмірін енгізеді.
3.
«Нәтижені тексеру» батырмасын шерте отырып, берілген
жауаптардың «дұрыс» немесе
«қате» екендігін «Нәтижесі» бағанында орналасқан
мәтіндік өрістерден көре алады және де әр
дұрыс жауапқа бір баллдан қосылып «Жинаған
баллыңызға» шығады.
4. Жинаған баллыңыздың сандық
көрсеткішін «Балл санын енгізіңіз» мәтіндік өрісіне
енгізіп, «Бағалау» батырмасын шертіп бағалау критериясы
көмегімен қорытынды бағаңызды көре аласыз
(3-сурет).
Бұл мақалада дифференциалдық
теңдеулер курсынан ұйымдастырылған электронды оқу
құралының білімді тексеруге арналған бір
нұсқасы келтірілді. Мұндай
әдісті оқытушылар тек қана дифференциалдық
теңдеулер теориясында ғана
емес, білім берудің барлық салаларында қолдана алады. Білімді
бақылаудың бұл әдісі студенттердің өзіндік
жұмыс белсенділігін арттырып, ойланып ой қортуына ықпалын
тигізіп, дифференциалдық теңдеулер теориясын жүйелі
түрде оқып білуге көмектеседі.