Педагогические науки/Современные методы преподавания
аға
оқытушысы Г.С. Тоқтыбаева
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ
ЖАҢА «ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ» ОҚУ
ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
Алғашқы адамдардың сауаттануы
аң-жануарлар мен құстардың суреттерін тасқа ойып,
суретін салудан басталған. Әрине ғылыммен техниканың
дамуына байланысты адамдардьщ ойлау қабілетінің ерекшелігі
адамға тән іс-әрекеттерінде ерекше орын ала бастады. Қазіргі
заманауи ғылыммен, техника мен өнердің орны бөлек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологияның
және компьютерлік графиканың құралдарының дамуы,
пішін жасаумен нысандарды үлгілеудің жаңа әдістерін меңгеру және ақпараттарды беру әдістерімен байланысты
болғандықтан ғылым да, техника да және
өндірістің әртүрлі
саласында кеңінен қолданылып
жатыр. Қоғамның
технологиядан жаңа акпараттық жүйеге ауысуы мектептегі «Сызу» окулығын дайындау мен
оқушының жалпы графикалык білімінің мазмұнын іріктеу мен анықтауда жана
көзқарасты талап етіл жатыр. Графика
сөзінің мағынасы ауқымды, сөздік бойынша
«графика» визуальдық ақпараттарды
тіркеу қүрамы мағынасында колданса, профессор
М.МХасеновтың «Графика және жобалау» оқу бағдарламасын
айқара аша отырып, графика үғымының нағыз
терең мағынасын түсінуге болады. Яғни заманауи
ақпарат құралдарының дамуына байланысты, дәстұрлі
әдіс-тәсілдердің жоққа бойлап бара жатканын сезе
отырсақта, жалпы білім беретін мектептерде «Сызу»
пәнінің жылдар өте кисық көзқараска ие
болып бара жатқаны жанға батарлық
әрекет.
Графикалық улгілеу кұралдарымен
ақпаратты тасымалдау әдістерінің даму тенденцияларына сүйене отырып, оқушыларды графикалық
дайындауда, олардың шығармашылық кабілеттерін
дамытуда, үлгілеудің жаңа әдістерін меңгерумен,
ойша тәжірибе жасауда,
нысандардың геометриялық көрнекі кескіндерін елестете
алуында, бейнельбелгілік үлгілеуге сүйене отырьш,
олардың түрін өзгерту, зерттелетін нысанның
бейнелік-үлгілік динамикасының өзгерістерін көруге
болады. Бүгінгі окушылардың графикалық
дайындығының деңгейіне койылатын талаптар, олардың
бейнелі-белгілік үлгілерді ойша жаңартуының және
кеңістікте козғалысты елестетудін дайындығымен анықталады.
«Графика
және жобалау» пәні - кеңістіктік, қисындық,
абстракциялық ойлауды, тұлғаның
шығармашылық қабілеттерін, кеңістіктік қиялын
политехникалық және графикалық сауаттылығын дамытатын, жобалау
мен конструкциялау әрекеттерімен таныстыратын
жалпы білім беретін пән ретінде емес, жалпы білім беретін мектептерде келешекте
қолданысқа ие болса, сапалы білімнің саңлақтарын
тәрбиелеуге бағытталған үлкен
жоба.
«Графика және жобалау» оқу
пәнінің мақсаты оқушыларды
кескіндер теориясының негіздермен таныстыру және меңгерту,
проекциялау және графикалык үлгілеу әдістерінің
заңдылықтарын үйрету, жобалау, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал ету
және графикалык мәдениеттерін қалыптастыру.
Оқу пәнінін
міндеттері:
- оқушылардың
графикалық кескіндердің жетекші қызметін оның таным құралы, визуальдық (графикалық) ақпараттарды
тасымалдау құралы ретінде түсінулеріне, проекциялау
әдісітерінің заңдылықтарын білуге, ақпараттарды
жасау, сақтау, тасымалдау және
өңдеу (қолдың, компьютерлік) құралдары
туралы түсінігінің болуына ықпал ету;
- таңбалық-символдық қызметтердің әр
түрлерінің
қалыптасуымен байланысты, оқушылардың зияткерлік іс-әрекеттерін кеңейту мен дамытуға;
-
оқушылардың графикалық үлгілеу
әдістерін меңгеруіне; әрқилы түрлерінде қолданылатын графикалық үлгілеу
әдістерін, акпараттарды кескіндеу
мен оқуды меңгеруге; олардың эстетикалык талғамын
дамытуға жағдай жасау;
-
оқушылардын бейнелік (кеңістіктік), қисындық, абстракциялық және
шығармашылық ойлауларының дамуына; техникалық және көркем жобалау (дизайн) әрекеттеріп орындау іскерліктерінің дамуына; қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды орындауға ықпал ету.
Жаңа оқу пәні
негізгі мектепте 7-10 сыныптарда (аптасына 5 сағат көлемінде,
барлығы 170 сағат) меңгеріледі және
оқушылардың графикалық
мәдениетін дамыту мен жобалау (шығармашылық) қызметін ұйымдастыруға бағытталған.
Оқу пәнінің
мазмұндық құрамы
келесідей бес білім беру жолы бойынша анықталады:
1) Ақпараттарды
визуализациялаудың графикалык жүйелері, әдістері,
тәсілдері мен құралдары;
2)Кескіндер. Графикалық кескіндердің
типтерімен түрлері. Кескіндерді түрлендіру;
3)Графикалық үлгілеу. Пішінжәне пішім жасау.
Конструкциялау;
4)Жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау
графикасы;
5)Компьютерлік (машиналык) графика.
Автоматтандырылған
жобалау жүйелері (АЖОЖ).
Мұндай өзгешеленген оқыту түрі, оқушылардың
шығармашылық интеллектісін байытады, олардың
кеңістіктік ойлауын дамытады, ойлау және таным құралы ретінде, сызбаның алғашқы фундаменталды қызметтері туралы елестетулерімен дүниеге
көзкарастарын кеңейтеді.
Оқушылардың шығармашылық графикалык;
іс-әрекеттері мен әрбір тұлғаның шығармашылық сапасын дамытуға шынайы мүмкіндік жасайды,
олардың білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді. Жобалаушылық-графикалық қызметте
графикалық үлгілеуге деген
қабілеттілік, ойша түрлендіруге деген қабілеттілік, эвристикалық
ізденіс амалдарын игеру, тапсырманың шартын өз бетімен
талдай білу, тапсырманың шешімін көп нұсқада беру,
кескіндерді зияткерлік және шығармашылық
қызметтердің әрқилы салаларында қолданудың
білімдері мен тәсілдерін өз бетімен кеңейте білу сияқты
шығармашылық ойлаудың
көптеген басты компоненттері бірнеше жаңа білімнің сапасын
көрсетеді.
Қазіргі
жалпы білім беретін мектептерде «Сызу» пәні 9 сыныпта ғана оқытылуы
жанға батарлық әрекет. Болашақ
Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын,
азаматтарды дайындау үшін, бұл
пәннің орны ерекше. Оқушылардың алған білімді
терең меңгеруі сурет салудан басталғандығын
мойындай отырып, кез-келген білім ордасында 1-5 сынып аралығында бейнелеу
өнері сабағымен, оқушылардың сурет салу
қабілетін, дағдысын, іскерліктерін қалыптастыра отырып, олардың болашақ
мамандықтарын таңдауға еш күмән болмайтындай
дәрежеге жеткізу үшін,
Графика және жобалау бойынша шығармашылық іс-әрекет
тәсілімен оқытудың маңызды негіздемесіне,
оқушының кеңістіктік және шығармашылық
ойлау білімінің даму заңдылықтары
мен құрылымдары әрекет етеді. Осы психологиялық білім
оқу материалын бейнелік және шығармашылық ойлау
динамикаларын дамытуға сәйкес құрылып,
оқушылардың потенциясын өзгертіп, шығармашылык
графикалық іс-әрекет тәсілдерін иғеру үшін, жаңа оку материалдарын дайындау
мен іріктеуде ескертілуі керек.
Оқытудың нәтижесінде қолданбалы және
шығармашылык тапсырмаларды шешу процесінде, сызбаны
оку меи орындау сапасы бойынша
бағаланатын ақпаратты тасымалдау мен графикалық үлгілеу
әдістерін меңгеру дәрежесіндегі оқушылардың білім
деңгейлері қарастырылады. «Сызу» оқу пәнінің
негізгі міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:
-
кескіндеудің графикалық
кұралдары туралы елестетулерді (қолтаңба, компьютерлік), аткару құралдары, сақтау, тасымалдау, өндіру
мен өзгерту туралы көзкарастарды калыптастыру;
-
әртүрлі кәсіби
іс-әрекет
түрлерінде пайдаланылатын ақпаратты өзгертумен графикалық бейнелеу
құралдарын, әдістерін, тәсілдерін меңгеру
және оқу ;
сызбаларды
орындау теориясы мен практикасы бойынша дағдыларымен, іскерліктерін
қалыптастыру және графикалық білімді меңгеру;
Осы «Графика және жобалау»
оқу пәні «Өнер», «Технология», «Математика және информатика» және «Акпараттық
технологиялар мен жүйелер» сияқты төрт білім беру салаларының кейбір аспектілерін біріктіретін
интеграцияланған курс болып табылады. Ол негізгі мектепте 6-10
сыныптарда (аптасына 5 сағат көлемінде, барлығы 170 сагат)
игеріледі және оқушылардың графикалық мәдениетін
дамыту мен жобалау (шығармашылык) қызметін ұйымдастыруға бағдарланған.
Аталған
интеграцияланған курс қызметтерін заманауи талаптар астарында
ұсыну максатында, («Сызу» пәнімен қоса) бірнеше
дәстүрлі оқу пәндерін біріктіреді.
Менің
ойымша «Графика және жобалау» оқу пәнін келешекте
12 жылдық мектептерде енгізілсе,
оқушылардың графикалық
дайындығының төменгі
көрсеткіштерін шешуге пайдасын тигізеді:
-
мектептегі графикалық білім
беру мазмұнының
оқушылардың зияткерлік әлеуетінің даму деңгейіне сай келмеуі;
-
окушылардың
графикалық
мәдениетін
қалыптастыру мен олардың жобалаушылық,
шығармашылық
қызметтерін
ұйымдастыруға
бағытталған
жаңа оқу пәнін құрылымдаудың дидактикалық
негіздемелерінің жоқтығы;
-
мектептегі
графикалық
дайындықтың
оқушылардың
жалпы зияткерлік қабілеттерінің олардың жас ерекшеліктеріне қарай
өзгеруін ескермей, онымен байланыссыз және кеш іске асырылуы;
-
«Сызу» оқу
пәнін меңгеруге арналған сағаттар көлемінін 180
сағаттан 68 сағатка дейін қысқаруы;
-
жалпы орта білім беру аттестатына енгізілген пәндер тізбесінен
«Сызу» оқу пәнінің шығып
қалуы.