ТҰЛҒА БОЙЫНДА
ТОЛЕРАНТТЫ МІНЕЗ–ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Қартбаева Ж.Ж.
Ақтөбе
мемлекеттік педагогикалық институтының доценті
педагогика
ғылымдарының кандидаты
Қазақстан
Республикасы
Толерантты
мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды
шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр
түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып
табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының
«болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни
толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие
тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек.
Толерантты
мінез-құлықты қалыптастыруға
әдіснамалық көзқарасты теориялық талдау бізге
толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мәдениеті
тұлғаны қалыптастыруда осы үдерістің білімдік
және тәрбиелік бағыттармен арақатынасы нақты
анықталғанда өзінің лайықты орнын алады деп қорытынды жасауға мүмкіндік
береді.
Оқушыларда
толерантты мінез-құлықты қалыптастыру екі жақты
келісімді макро және микро деңгейлерінің нәтижесі
арқасында жүзеге асырылуы мүмкін. Әр деңгейдегі
ұйымдастыру үдерісі әртүрлі деңгейде жүзеге
асырылатын нақты мақсатпен және мақсатқа
лайықтылықпен (қайда бағытталғаны), шешілетін
міндеттермен (нені жеңеді, нені алып тастайды?), қызметімен (не
үшін тағайындалады?) анықталады.
Макро деңгей
бүкіл мемлекет шеңберінде іске асады және оның басты мақсаты
қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік
топтардың демократиялық мемлекеттегі азаматтық
келісімнің кепілі ретінде мінез-құлық
тұрақтылығын сақтайтын, сондай-ақ басқа
мемлекеттер мен әлем халықтарымен қарым-қатынаста
позитивті геосаясатты жүзеге
асыратын толерантты сананы қалыптастыру болып табылады.
Функциональдық мағынада бұл қасиетті
қалыптастыруда үлкен жауапкершілік мемлекетке және сол
арқылы мемлекеттік орындарға, мемлекеттік бағдарламалар мен
заңдылықтарға жүктеледі.
Аймақтық
деңгей этникалық-әлеуметтік
көпжақтылығымен, білім және тәрбие концепцияларымен
ерекшеленетін белгілі бір аймақ көлемінде іске асады.
Аймақтың нақты жағдайын ескере отырып, білім беру
саласындағы басымдылықтарды анықтау.
Микро деңгей-жанұя,
педагог пен оқушы тұлғасы. Микро деңгей шегінде
табиғи-климаттық, ұлттық ерекшеліктерімен сипатталатын
кіші Отанды қалыптастыруға назар аударылады. Мұндай
жағдайларда оқушылардың сол жерде өмір сүретін
әртүрлі халыққа толерантты мінез-құлқы
қалыптасады.
Микро деңгей белгілі
бір білім беру мекемесінің немесе білім беру үдерісіндегі ерекше қасиеттерді
анықтайды. Аты аталған деңгейдің шегінде әрбір
мекеме білім компоненттерін жүзеге асыруға
құқылы, бірақ міндетті түрде оқушылардың
толеранттық мінез-құлқын қалыптастырудың
ерекше қағидалары мен жүйесін қалыптастыру керек.
Толерантты
мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты
қазақ педагогикасында көптеген ғалымдардың
еңбектері бар. Б.Ж.Жиентаева «Национальное воспитание школьников на
уроках технологии средствами народного прикладного искусства (5-7 классы)» атты кандидаттық диссертациясында
оқушыларды тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің
ролі және оның жолдары туралы айтады. С.А.Ұзақбаева
«Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық
тәрбие» атты докторлық диссертациясында халық педагогикасы
педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде
қарастырылып, оқушыларға эстетикалық тәрбие
беруде халық педагогикасының алар орнының
маңыздылығын айта келіп, эстетикалық тәрбиенің тұжырымдамаларын
ұсынады. Р.К.Төлеубекова
«Исполльзование прогрессивных традиции народной педагогики в нравственном
воспитании учащихся начальных классов казахской школы» атты кандидаттық
диссертациясында бастауыш класс оқушыларының сыпайылық
тәрбиесінің өзекті мәселелерін ашып, осыған
байланысты мектеп мұғалімдеріне арнап, «адамгершілік
тағылымы» атты бағдарламасын жасайды.
Толерантты
мінез-құлықты қалыптастыру мақсатына жетті деп
оқушыларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге
деген қажеттілік пайда
болған кезді есептеуге болатынын ескерту керек.
Сонымен қатар
жүйені белгілі бір деңгейде сипаттайтын параметрлер мен критерийлер
бір-біріне байланысты емес және әрқайсысы өзінше өмір
сүреді деген әсер қалмауы керек. Олардың
арасындағы байланысты анықтау үшін берілген деңгейлер
жіктелетін ортақ белгі болуы керек.
Біздің ойымызша,
мұндай белгі ретінде төмендегілерді айтуға
болады:оқушылардың тұлғасы, теория мен
практиканың теңбе-теңдігі, қалалық орта мектеп
жағдайында оны қалыптастырудың нақты
құралдарын толерантты мінез-құлықтың жалпы
қағидаларына трансформациялау логикасы.
Педагогика ғылымында
қағидаларды сипаттауда әртүрлі көзқарастар бар. А.В.Сластенин педагогикалық
үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен
тәрбиеленушілердің әрекетін бүтін педагогикалық
үдеріс позициясынан қарау қағидасының келесі
түрлерін атап көрсетеді:
-
педагогикалық үдерістің гуманистік
бағыты;
-
ғылымилық;
-
білім, білік, дағды, сана мен
мінез-құлықтың бірлігін қалыптастыруға
бағытталған қағида;
-
ұжымда оқыту мен тәрбиелеу;
-
сабақтастық, дәйектілік,
жүйелілік;
-
барлық өмірде, оның ішінде оқу мен
тәрбиені эстетикаландыру;
-
оқушылардың саналылығы, белсенділігі;
-
бала тұлғасына құрметпен қарауды
оған белгілі бір деңгейде талап етумен ұластыру;
-
адамға құрметпен қарауға,
оның күшті жақтарын сүйену;
-
тәрбиеленушілердің жас шамасы мен
тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
-
білім беру, тәрбиелеу мен дамытудың қорытындыларының
беріктігі мен әрекеттілігі.
М.И.Демков
ұсынған қағидалардың ішінде үшеуін атап
айтуға болады:
-
оқушының өзіндік әрекеті.
Баланың өзінің әрекетінсіз оның еш мүмкіншілігі:
таланты, мінезі, ақылы дамуы мүмкін емес;
-
адамгершілік міндеті;
-
балаларға шексіз махаббат;
В.Е.Зябкин
ұсынған қағидалар ішінен біздің зерттеуіміз
үшін қызығушылық туғызатыны келесілер:
-
оқушының әлеуметтік ортаға
қосылуы және үлкендердің әрекеттілігі, себебі
тұлға қоғамдық қарым–қатынас
жүйесіне қосылу үдерісінде ғана қалыптасады;
-
жүйелілік;
-
балаға әсер ететін сыртқы және
ішкі факторды фильтрлеу, себебі қалыптасып келе жатқан
тұлға сыртқы әрекеттерден әсер алады және
жағымды әсерлерді жіберетін және жағымсызын өткізетін
ерекше фильтр қажет.
М.М.Поташник
ұсынған қағидалар ішінен ерекшелетіні
сабақтастық, перспективтік, оңтайландыру, рефлексті.
Осы үдерістің
заңдылығын анықтаудың әдістемелік негізі деп біз
төмендегілер арасындағы заңды байланысты дәйекті
және біртұтас зерттейтін жүйелік –
құрылымдық көзқарасты есептейміз:
а) оқу-тәрбие
үдерісімен және онымен байланысты шарттар мен факторлар кешені;
б) педагог
әрекеттілігі және оқушының өзін-өзі
тәрбиелеу әрекеттілігі;
в) берілген оқу-тәрбие үдерісінің
жеке компоненттері – тапсырмалары, мазмұны, әдістері, формалары,
құралдары, шарттары арасындағы қарым-қатынас.
Толерантты мінез-құлықты
қалыптастыруға әлеуметтік-қоғамдық
үдерістер себепші болады, олар: ортада, қоғамда әлеуметтік
зомбылықтың өсуі, ұлтаралық
қақтығыстардың жалғасуы, ұлттық
экстремизмнің өсуі және т.б., сонымен қатар
әлеуметтік зорлықтың әртүрлі жағдайларында
жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың толерантты мінез-құлқын
азаматтық келісім өлшемдерінің негізі ретінде
әлеуметтік практикаға енгізу қажеттілігі сияқты
ортаның cұранысы ескерілуі қажет.
Оқушылардың толерантты
мінез–құлықтарының қалыптасуы қоғам
дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және
жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.
Осыған орай оқушылардың
толерантты мінез-құлықтарын қалыптастыруға
арналған тиімді іс-әрекеттер кешенін дайындау мен жүзеге
асыру үшін белгілі бір міндеттерді шешу қажеттілігі туады.
Бірінші және
екінші заңдылықтардан шығатын қағида
оқушылардың толерантты мінез–құлықтарының
оқулық-тәрбиелік үдеріс бағытының
деңгейін жоғарылату.
Толерантты
мінез–құлықты қалыптастыру үдеріс заңды
түрде макро және микро орталарының шарттарымен байланысты
(жастық, гендерлік, ұлттық құрам, өзара
қатынас сипаты, тұлғааралық қатынас жиілігі
және т. б.) Педагогикалық қызметті жүйелі ұйымдастыру
кезінде ұлттық-мәдени ерекшеліктерге ерекше көңіл
бөлу қажет. Көпұлтты балалар ұжымындағы педагогикалық
қызметтің тиімділігі бір-бірімен заңды байланыстағы
оқу және әлеуметтік салалардан тұратын
педагогикалық күш сияқты нақты тәрбие құралдарына
байланысты.
Осыдан оқушылардың
өмірлік әрекеттерінің барлық салаларында - оқу
және әлеуметтік салада ұлттық-мәдени факторды
жан-жақты ескеру және жүйелеу қағидасы пайда болады.
Толерантты мінез-құлықты
тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы
тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін
үдерісте де жүзеге асуы мүмкін. Мұнда тәрбиелік
әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара
әсері арасында заңды байланыс бар: бұл байланыс педагог пен
оқушының арасында болады да, қалыптастыру
үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға
мүмкіндік береді.
Сөйтіп, біз толерантты
мінез-құлықты қалыптастыруда бүтін,
бөлінбей орындалатын педагогикалық-психологиялық заңдылықтар
мен қағидаларды айқындадық.
Толерантты мінез-құлықты
қалыптастырудағы маңызды жағдай жағымды
аймақтық білім саясатын құру болып табылады да,
гуманистік парадигманы қозғалтып, аймақтың
мәдениет, тіл, әдет-ғұрып сияқты маңызды
әлеуметтік ерекшеліктерін көрсетеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Жиентаева Б.Ж. Национальное воспитьание школьников на
уроках технологии средствами народного искусства (5-7 классы): Дис... пс.ғ.к.:
Жезказган, 2004.-С.156.
2.
Подласый И.П.
Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед.вузов: В 2 кн. - М.:
Гуманитарный изд. Центр ВЛАДОС,1999.- С.576.
3.
Сластенин В.А.,
Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика: Учебное пособие для студ. пед.
учебных заведений. - М.: Школа-Пресс, 1997.-С.512.
4.
Шилова М.И.
Социализация и воспитание личности школьника в педагогическом процессе .-
Красноярск: Изд-во КПТУ, 1998. – С.196.
5.
Управление качеством
образования: Практикоориентированная монография и методическое пособие / Под
ред. М.М. Поташника. - М.: Педагогическое общество России, 2000. – С.448.