УДК 159.9:005.511

 

Кросс-мәдени коммуникацияның қалыптасуы – табысты бизнес кепілі

 

п.ғ.к., доцент Длимбетова Б.С., п.ғ.к. Ерепбаев Н.Қ.,магистр Смайлова М.

 

«Мирас» университеті, М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент қ., Қазақстан

 

        Халықаралық бизнесте, өткізу нарығы мен ықпал ету салалары үшін күресте бәсекелестер мен бизнес бойынша серіктестердің мәдениетін, олардың әлсіз және мықты жақтарын, мотивациялық және ұстайтын факторларды түсіне білетін, сенім туғызуға мүмкіндік беретін иімділікті танытқан тұлға артықшылықтарға ие болады. Кросс-мәдени ақпараттық қорды кеңейту, заманауи менеджердің кросс-мәдени құзыреттілігін жоғарлату– дәуір талабы.

       Кросс-мәдени коммуникация дегеніміз не және ол біздің іскери және күнделікті өмірімізге қалай ықпал етеді?

        Көптеген контекстілерде кросс-мәдени коммуникация термині мәдениаралық коммуникация терминінің синонимі ретінде қолданылады. Коммуникация контекстінде осы терминдер арасында айырмашылығы жоқ; алайда кросс-мәдени және мәдениаралық зерттеулер арасында маңызды айырмашылық бар. Кросс-мәдени зерттеу әлдеқандай қызықтыратын ауысымдылық бойынша екі немесе одан көп мәдениеттерді салыстыруға қатысты (мысалы, А және В мәдениеттері арасында эмоциялар бейнесінде айырмашылықтар анықталады). Мәдениаралық зерттеу екі нақты мәдениеттің өкілдері арасындағы интеракцияларын зерттеуге қатысты (мысалы, А және В мәдениеттерінің өкілдері В және Л мәдениеттерінің өкілдерімен сәйкес қатынасқа түскенде эмоцияларды қалай көрсететінінде айырмашылықтарды анықтайды) [1].

      Светлана Кузнецова «Мәдениеттер ұштасатын әлем» мақаласында жазғандай, термин «кросс-мәдениет» — сөздің ағылшын тіліндегі тура аудармасы «Cross Culture», мұны «мәдениеттердің ұштасуы» деп аударуға болады. Ал кросс – мәдени коммуникацияларды біз түрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасы және өзара әрекеттесуі деп түсінеміз [2].

      Менеджерлерді шетел серіктестерімен іскери қарым-қатынас өнеріне және халықаралық командаларды құруға оқытумен айналысатын өте белгілі ұйымдардың бірі - Тіл және кросс-мәдени тренингтің Институты (Ұлыбритания).

        2003 жылы осы институттың Ресейдегі өкілеттігінің басшысы Александр Косов институттың негізін қалаушысы және  «Ричард Льюис Коммьюникейшнз» компаниясының президенті Р. Льюис мырзадан сұхбат алды. Ол «мәдениет» сөзін қалай түсінеді және Ричард Льюистің оқыту моделінің мәні неде деген сұраққа А.Косов келесі жауап алды: «мәдениетті адамның мінез-құлқына және сол адам кіретін қоғамға ықпал ететін бір топ адамдардың ойын ұжымдық бағдарламалау деп атаймын. Мәдениет – жүздеген ұрпақтармен сүзгіленген және тұрақты құндылықтар, нанымдар және қатынас модельдері ретінде берілген миллион ақылдардың өнімі. Осы бағдарламалаудың ерекшеліктерін біліп, басқа мәдениеттердің өкілдерімен табысты қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін коммуникациялық модельді құрастыруға болады» [3].

          Р.Льюис моделі бірізді әрекеттердің 5 кезеңін ұйғарады:

1. Түрлі мәдениеттердің, өзіңіздің өздік мәдениетіңізді қоса, бағдарламалау ерекшеліктерін зерттеңіз.

2. Елестенетін және шынайы мінездемелерді бөліңіз (жалған стереотиптерден арылыңыз).

3. Мәдениеттер қалай 3 топқа бөлінетінін қараңыз және сізге қай топ жақын екендігін анықтаңыз (өзіңіздің мәдени бағдарыңызды анықтаңыз).

4. Әлдеқандай мәдениеттер түрлі жағдайларда қалай әрекеттенетінін талдаңыз.

5. Мәдениеттерді салыстырыңыз, ортақ белгілерін бөліңіз және  солардың негізінде өзара түсінушілікке (эмпатияға) қол жеткізу алгоритмін құрыңыз.

       Р. Льюис кросс-мәдени коммуникация сұрақтарымен 20 жылдан артық айналысады және ол қазіргі таңда кросс-мәдениеттің, 20 жыл бұрынғы уақытқа қарағанда, едәуір кең тарағандығын атап өтті. Бұл глобализация үрдісінен болды, нәтижесінде бизнестің барлық салаларында, әсіресе, саудада іскери байланыстар шұғыл ұлғайды.

Р. Льюис пікірі бойынша кроссмәдениетке экономикалық дамыған, бірақ үлкен емес еуропалық елдер едәуір қызығушылық танытады: Финляндия, Голландия, Дания, Швейцария және Швеция. Олар өздерінің едәуір ірі көршілерімен сауданы белсенді кеңейтуде. Кроссмәдениет тақырыптары бойынша Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ көп семинар өткізіледі. Бірақ Құрама штаттарда семинарлар көбінесе нәсіл тақырыптарына қатысты. Италияда, Испанияда және Францияда бұл  проблемаларға әлсіз қызығушылық танытады.

       Р.Льюис барлық әлемдік мәдениеттерді 3 үлкен топқа бөледі: монобелсенді, полибелсенді және реактивтік. Бұл сұрыптаманы қолдану оңай және ол жақсы жұмыс істейді. Ол уақытпен тексерілді және Батыстың, Шығыстың көптеген ірі компаниялармен, сонымен қатар университеттерімен қабылданды. Аралас мәдениеттері бар елдерге (мысалы, Филиппиндер және Индонезия) сұрыптама үшін қосымша мінездемелер қолданылады.

        Кесте 1 монобелсенді, полибелсенді және реактивтік мәдениеттердің едәуір  жалпы мінездемелері берілген.

 

Кесте 1- Мәдениеттердің үш типінің жалпы мінездемелері

Монобелсенді

Полибелсенді

Реактивтік

Болашақты жүйелі жоспарлайды

Тек жалпы жоспарлайды

Тек жалпы принциптермен ғана салыстырады

Осы уақытта тек бір істі ғана жасайды

Бір уақытта бірнеше істі жасайды

Жағдайға жауап береді

Жобаларды кезеңдерге бөледі

Жобаларды ұштастыруға мүмкіндік береді

Бейнені толығымен қарастырады

Жоспарды қатаң сақтайды

Жоспарларды өзгертеді

Аздау түзетулер енгізеді

Бесстрастны

Эмоциональны

Ненавязчиво заботливы

Дауда логикаға негізделеді

Дауда эмоционалды

Конфронтациялардан қашады

Сөзді сирек боледі

Сөзді жиі бөледі

Сөзді бөлмейді

Ұстанымдық ымдау мен ымдар

Эмоционалдық ымдау мен ымдар

Әлсіз еленетін ымдау мен ымдар

 

              Мәдени бейімділік қажет. Бірақ бұл барлық адамдардың бірдей болу керектігін білдірмейді, әрине түрлі елдердің ойлауы мен мінез-құлқы ешқашан бірдей болмайды. Алайда басқа мәдениетке сәл бейімделу ниетсіз қорлауды және мүмкін конфликтілерді болдырмауға көмектеседі. Мұндай жағдайда  шаманы білу және өзінің ұлттық ерекшеліктерін жасыруға тырыспау керек. Ағылшыннан ағылшынша мінез-құлықты, орыстан орысша мінез-құлықты күтеді.

       Кросс-мәдени қарым-қатынаста қосымша кедергі болатын елдің мәдениеті ғана емес, банктік жүйелердің айырмашылығынан пайда болатын кейбір кросс-мәдени проблемалар да бар екенін атап өту керек, бірақ олар аса салмақты емес. Әдетте, бір мамандықтың өкілдері бір-бірімен тез тіл табысады.

        Діннің ел мәдениетіне ықпалы туралы сұрақ бойынша Р.Льюис «The cultural imperative» кітабында жан-жақты жауап береді.

        Өзінің жаңа кітабында Ричард Льюис ел мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін 4 факторды көрсетеді: климат және қоршаған орта, тіл, дін және тарих, дінге алдыңғы рөл берілген. «Исламдық экспансия» жөнінде Р. Льюис былай жазды: «Исламды зерттеумен айналысатын ғалымдар мұсылмандардың Батысқа қарсы ғана емес, Батыстың мұсылмандар әлеміне өсіп бара жатқан ықпалына қарсы шығады деп есептейді». Бұдан басқа, оның пікірі бойынша, мұсылмандық елдердің өздерінде оларға консолидациялануға мүмкіндік бермейтін көп қарама-қайшылықтар бар.

       Р.Льюис пікірі бойынша оның бір елде тұратын ұлттарға және этникалық топтарға кросс-мәдени коммуникацияларын оқыту моделін көпұлтты елдерде қолдануға болады. Түрлі ұлттар мен дін адамдары бөтен мәдениетті  үйренсе, басқа елдердің құндылықтарын және әдеттерін сыйласа, бірге бейбіт өмір сүре алады.

       Кросс-мәдени семинарлар мен тренингтер халықтарға бір-бірінің мәдени ерекшеліктерін түсінуді және сыйлауды үйретеді, яғни нәтижесінде лаңкестікті туғызатын конфликтілер үшін аз себеп береді.

       Соңында 2 жағдайға көңіл бөлдіргіміз келеді:

1. «Ричард Льюис Коммьюникейшнз» фирмасының ірі трансұлттық корпорацияларындағы жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, қызметкерлердің кросс-мәдени құзыреттілігін жоғарлату өз нәтижелерін алып келеді: мәмілелерді жасау барысында конфликт саны азаяды, бизнес бойынша серіктестердің тараптарынан сенім ұлғаяды, инвестициялық климат едәуір қолайлы болады, яғни, компанияның капитализациясы ұлғаяды. (Фирма туралы нақтылау ақпаратты www.crossculture.com сайтында табуға болады).

2. Ричард Льюис бизнесмендермен ғана емес, саясатшылармен де белсенді қызметтестік жүргізеді, өйткені іс-әрекеттің осы екі сала өзара тығыз байланысты. Институт мамандары лоббирлеу өнері бойынша семинарлар ұйымдастырады, ал Льюис мырзаның өзі көптеген еуропалық үкіметтердің кеңесшісі болған.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Мацумото Д. Психология и культура.

2. Статья С. Кузнецова. Мир, где пересекаются культуры. http://www.crossculture.ru

3. Статья А. Косов. Forex Times. 1(39) январь, 2003.

4. Р.Д. Льюис. Деловые культуры в международном бизнесе. - Академия Народного хозяйства при Правительстве Российской Федерации: издательство «Дело». 1999.