Жеткіншек және оның  психоәлеуметтік құзырлылығын қамтамасыз етуде сыныптан тыс ұйымдастырылатын  психологиялық шаралардың ролі

 

Баймахова А.Ш.-магистр-оқытушы

ОҚМПИ, Шымкент қаласы

 

Психоәлеуметтік кұзырлылық — бұл тұлғаның талаптарға және  күнделікгі өмірдің тудыратын жағдайларға төтеп беріп, жауап таба біліп, қиындықтан шыға білуі. Бұл индивидтің адамдармен қарым-қатынаста, қоршаған ортада, мінез-құлық мәдениет, жағымды психикалық қалпын сақтай білуі.

Психоәлеуметтік құзырлылық дене,  психикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде, салауатты өмір сүру қалпын сақтауды насихаттауда маңызды рөл атқарады.

Психоәлеуметтік құзырлық адамның күйзеліс жағдайдан шығуына, денсаулыққа қатысты мәселелерді шешуде, мінез-құлықты игере алуда үлкен көмек керсетеді.

Соңғы жылдарда балалар мен жеткіншектердің денсаулығының нашарлауы әлеуметтік және мінез-құлықтық факторларға байланысты. Әсіресе, үлкен  мәселе болып отырған жеткіншектердің жағымсыз әдеттері мен үлкендердің қамқорлығына сүйенбесе әлеуметтік қиындықтарды шеше алмай тығырыққа тірелу қаупі көбейіп отыр. Мұндай өмірге дайыңдығынын төмендігі олардың қажет жерде «жоқ» деп жағымсыз әсерден бас тарта алмай қалуына, жағымсыз әдеттерді мойыңдауына, денсаулығын қорғай алмауына алып  келеді.

Сондықтан,  жеткіншектерді өмірлік қажет жағымды дағдыларға ие қылу - мектептің алдына қойған міндеттерінің маңыздысы. Жеткіншектік кезеңде адамгершілік қасиеттері, өмірлік бағдары, болашаққа бағытталуы, өзін-өзі тануы, өзінің мүмкіндігін, қабілетін, қызығуын анықтау кезеңі. Бұл кезде өзін ересек сезінуді, өмірге деген жалпы көзқарастары ортақ, болашақтағы мақсаттары бірдей қатарластарымен қарым-қатынасты қажетсінуі, өзінің болашағына талпыныс жасауы бір сөзбен айтқанда тұлғалақ мазмұны қалыптасады. Жеткіншек кезеңінде жанадан пайда болған ерекшелік өзінің іс-әрекетін саналы меңгере алуы, өзге адамдардың сезімдері мен қажеттерін ескере алуы, соларға орай өз мінезін, тәртібін ыңғайлай алу; ал жоғарғы сыныптарда тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өз-өзін анықтай алуы болып табылады.

Алайда осы сапалар дамып қалыптасуы үшін олардың дәні «егіліп», тәрбиеленуі тиіс. Даму өз-өзінен пайда больп, жоқтан бар болмайды, ол баланың белсенді түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетпен айналысуының  нәтижесінде: оқу, спорт, өнер, еңбек,т,б. әрекеттерінің жинағы, өзіңдік тәжірибесінің нәтижесі.

Егер бала үлкендер мен құрбыларымен қарым-қатынасы барысында сәтсіздікке тап болса, онда жеткіншектің ішкі жан  дүниесін дискомфортқа әкеледі, ал оның өмірінің басқа сферасындағы қол жеткізген қандай да жетістіктері, жоғары көрсеткіштері ішкі күйзелісін жоя алмайды.

Қазіргі мектепте оқушының психоәлеуметтік кұзырлылығын, өмірлік маңызды дағдыларын қамтамасыз ететін курс жүрмейді, сондықтан осы міндеттерді шешу психологтардың міндетіне айналады. Оны дәріс, пікірталас, тақырыптық релаксация, сурет салу арқылы, ойындар (рөлдік, драма-ойын, т.б.) психотерапевтік әдістер: жағымсыз әсердегі мұң,  реніштерден, әлеуметтік қорқыныштан арылу үшін сыныптан тыс ұйымдастырылатын психологиялық шараларды ұйымдастырудың маңызы зор.

Жеткіншектердің психоәлеуметтік құзырлылығын қалыптастыруда тренингтерді ұйымдастырудың тиімділігі

Өмірде кездесетін сан түрлі құбылыстардың әсерінің сипатына қарай ойындық жаттығулар, әсерлі әрекеттерді жүзеге асыруды психологиялық тренинг дейміз.

Жеткіншектердің психоәлеуметтік құзырлылығын қалыптастыру тренингтер арқылы жүзеге асады. Оның негізгі принциптері:

·  қатысудың еркінділігі;

·    өзара әрекеттестіктің екеуара әңгімеде болуы;

·    қатысушының өзін-өзі диагностикалауы.
Тренингке 8-20 адам қатысуға болады.
Жұмыстың жүру барысы — 1 сағат. Аптасына 1-2 рет.

Оқушылардың психологиялық білімін жетілдіру тек лекция, семинар сабақтарымен шектелмей, олардың өз бетінше дербес ізденімпаздығын арттырып отыруға бағдарлануы қажет. Мұндай талаптардың оқушылардың өзіндік жұмысын барынша тиімді етіп ұйымдастыруда пайдасы өте зор. Оқушылардың өзбеттілік даярлық жұмыстарын жүргізудің түрлері мен формалары әр алуан. Мәселен, белгілі бір тақырып бойынша реферат жазу, бақылау жұмыстарын орындау, психологиялық ойындар мен тапсырмаларды ұйымдастыру, есептер шығару, берілген материалды ауызша баяндау сияқты түрлі әрекеттер жүргізуге машықтандыру. Сонымен бірге, психологиялық ой-пікірлерге, ғұлама ғалымдардың еңбектерін оқып-үйреніп, оларды конспектілеп, аннотация мен тезистер дайындауға, яғни ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге төселдіру.

Бұл тапсырмалар мен жаттығуларды пайдалану барысында адамның психикалық таным процестері, қасиеттері, сапалары туралы білімдерін бекіту, нақтылау сияқты білімді жүйелі түрде игерумен қатар, ұлттық ұлы тұлғалары жайлы түсінік калыптастыру және олардың адамның психикалық ерекшеліктеріне орай айтылған ойларын  (1-сөзжұмбақ, 2- "Шытырман сөзді"), Абайдың психологиялық мәселелерге көзқарасын, ой пайымдауларын талдап пайдаланған орынды. Адамның ішкі жан-дүниесін, оның үш қырымен (ақыл,сезім, қайрат) тұтастыра карайтын Абай адам жаман мінезден арылып, өзін тәрбиелеуі керек деп есептейді. Бұл шытырман сөзді дұрыс шешкенде, ақынның "...Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сөзіне, иә бір кез-келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады", - деген мінез туралы ойы шығады.

Ал "Шытырман сөзде" С. Торайғыровтың: "Сезімнің сыртқа шықпас түрі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма?"- деген өлең шумағы жасырылған.

Ақын мұнда сезімнің организмнің тіршілік әрекетін өзгертіп отыратындығын, оның эмоциялық күшін бейнелейді.

Сөзжұмбақ "Ойлау" процесін талдау негізінде қолданылады. Мақсаты -оқушылардың ойлау процесі туралы түсініктерін тереңдету, нақтылау, естерінде ұзақ  сақтауға мүмкіндік жасау.

Сабақтан тыс өткізілетін шаралардың  түрлеріне сипаттама.

Оқушылардың психологиялық білімін жетілдіру мақсатында, оқыту мотивациясын жоғарылатудың, психология ғылымына назар аударту мен   қызығушылықты тудырудың тиімді әдістерінің бірі – сабақтан тыс психологиялық шараларды ұйымдастыру. Олардың танымдық әлеуеті мол.

Оқушылар түрлі сыныптан тыс ұйымдастырылатын психологиялық шараларды жүргізу барысында психологиялық пәндерден ғылыми - теориялық тұрғыда біліммен қарулана отырып, психологиялық білімдерін жетілдіреді. Мұнымен қоса сабақтан тыс психологиялық шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып, ретіне қарай жүргізіп отыру, оқушылардың психология ғылымына  деген қызығушылығын арттырып, іскерлік дағдыларын шыңдап, білімдерін тәжірибелік тұрғыда толықтыруларына мүмкіндік береді.

Мұндай сабақтар әртүрлі болып келеді:

1. Қызықты тақырыптағы дәріс  (мәселен, «Түс көру және оның жұмбақтары», «Адамның экстрасенсорлы қабілеттері», «Түстің (цвет) адам өміріндегі орны», «Белгілер психологиясы» т.б.).

2. Тақырыптық кештер, мұндай  кештерді ұйымдастырар алдында, сұрақтарды алдын ала және жазбаша түрде алған жөн. Сұрақтарға мұғалімнің жауап бергені дұрыс, ал жеңіл сұрақтардың жауабын оқушыларға да жүктеуге болады;

3. Кездесулер кеші. Мұндай кештерге осы мамандықтың дұрыс және бұрыс жақтарын тыңдармандарға баяндай алатын машықтанған практик психолог маманын шақыру керек.

Мұндай кездесуге дайындық қажет. Оқушыларды қызықтыратын сұрақтардың астын белгілеп, тыңдармандар мен ортаға шығып сөйлеуші адамдарды дайындау керек.

4. Факультативті, үйірмелік сабақтарды, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен ұйымдастыру формалары бар ғылыми қоғам құру. Мұндай жұмыс түрінің бағдарламалары нормативтік психологиялық курстарды қайталамай, дәстүрлі курстардағы қызықтыратын әрі аз зерттелетін тақырыптарды анықтап білу үшін керек.

5. Шағын эксперименттік зерттеу. Бұған көрсетілетін оқушылар көмегімен жүретін эксперименттерді, дәрістік және тәжірибелік сабақтардың дайындығын жатқызуға болады.

6. Психологиялық  газет - қабырға газеті  түрінде болады.  Газеттің бұл түрі мектептерде  кеңінен қолданылады.  Газетті безендіру барысында мектептегі қабырға басылымына тән психологиялық ерекшеліктерді ескерген жөн.  Бөлімдері әр алуан, бірақ мазмұны қысқа болуы керек, өйткені үзіліс кезінде көлемі үлкен  мақалаларды оқу қиындық тудырады.  Теориялық жағдайлар бір-бірінен алшақ орналасып, суреттер қоса берілгені дұрыс.

7.Психология апталығы.

Психология апталығы осы ғылымның, сонымен қатар психолог мамандығының танымал  бола түсуіне тиімдірек.  Бұл аптада барлық топтарда танымал, қызықты дәрістер, әңгімелесулер, байқаулар (көрсетулер), ғылыми баяндамалар, кездесулер мен кештер жүргізіліп, викториналық сұрақтар, психологиялық жаттығулар мен тапсырмалар, ой жұмбақтары, сөзжұмбақтар шешу ұсынылады.

Апта соңында психологиялық тақырыптағы қабырға газеттерінің сайысы, ал қорытындысында КТН (көңілділер әрі тапқырлар сайысы -КВН), «Не? Қайда? Қашан?» т.с.с.ойындар жүргізілсе, оқушыларда психология деген қызығушылығы арта түсетіні анық.

 

Әдебиеттер

1. Большаков В.Ю. Психотренинг. Социодинамика, игры, упражнения – СПб., 1994

2.М.М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Лекциялар жинағы. Алматы,    

   1982ж

3.Игры-обучение, тренинг, досуг.../ Под ред. В.В.Петрусинского, – М., 1994.

4.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг.М.,Совершенство, 1998.

5.Бапаева М.Қ. Жоғары мектепте психологиялық білім беру процесін жетілдіру.

    Алматы «Нұрлы Әлем ». 2006.176 б.