Психология
Абдрахманова
А.А.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ОТБАСЫНЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Әр түрлі елдерде отбасының әр
түрлі типтері болады. Кейде терең ертелікке тән қатынас
формаларын сақтаушы экзотикалық түрлері де кездеседі. Бір
айта кететін жайт, отбасылық-некелік дәстүрлер мен салттар
архаикалық белгілерін қатаң сақтайды. Ал екінші
жағынан қазіргі өндіріс пен өмір сүрудің
урбанизациялық стилінің кең тарауы көптеген елдерде
үлгісі жағынан ұқсас келетін отбасылардың
кездесетінін дәлелдейді. Мұндай тұжырым біздің елімізге
де тән.
Отбасының өмір сүру айналымы мен
оның мүшелеріне қатысты мәселелерін қарастыру
педагог көмегінің ерекше әрі нақты болуын қажет
етеді. Әлеуметтік
жұмыс принципінің мәнін мынадай мақалмен жеткізуге
болады: «Адамды балықпен тойдырғанша, балықты ұстау
әрекетін үйрету дұрыс». Яғни, отбасы мүшелеріне
өз мүмкіндіктері мен күшін пайдалану арқылы еңбек
ету барысында өмірде бірдеңеге қол жеткізуге болатынын
түсіндіру керек. Бұл ең бірінші ішімдікке салынған,
есірткіге отырған, т.б. адамдарға қатысты болады.
Осыған
сәйкес, әлеуметтік жұмыс әр отбасы типіндегі оның
мүшелерінің денсаулығына, табыс көлеміне, білім
деңгейіне, мекен ету орнына сәйкес көмек түрінде
жүргізілуі қажет, және де бұл көмектің
мазмұны өзін-өзі дамытуға және
өзін-өзі жетілдіруге бағытталуы шарт.
Отбасы- адамның
туғаннан өлгенге дейінгі даму ортасы болғандықтан
маңызды әлеуметтену институты болып табылады. Отбасының
әлеуметтену стилі ұлттық мәдениетпен, салт-дәстүрлермен
байланысты болады, ал оның ішінде ата-аналардың білім
деңгейімен әлеуметтік орнына да байланысты болады. Бұл жағдайлар бала
тәрбиесінің сипатына ықпал етеді.
Отбасын
тәрбиелеудегі типтерді сипаттаудағы басты бағыт – бұл
тәрбиелік, ата-аналық нұсқаулар мен
бағыт-бағдарды қарастыру болып табылады. Жалпы түрде,
мұны ата-ананың тиімсіз және тиімді бағыттары ретінде
қалыптастыруға болады. Позиция – (латын тілінен positio) бір
нәрсеге қатынасы, көз қарасы, пікірі және
сәйкес мінез-құлқы.
Ата-ананың
бағытының сәйкестігі өз баласын жекелік түрде
түсіне білуінде, оның рухани дүниесіндегі өзгерістерді
көре білуінде байқалады. Ата-ана бағытының
болжамдылығы бойынша қарым-қатынас балалардың
жаңа тұлғалық қасиеттерінен бұрын орындалу
қажеттілігімен сәйкестендіріледі. Болжамдық бағыт
арқылы тиімді тәртіп ерекшеліктерін жасауға болады.
Ата-аналардың
икемділік бағыты отбасы өмірінің шарттары жолдарымен
тәрбиелік ықпалдың өзгеру қабілеті ретінде
қарастырылады. Кейбір бала тәрбиесі мәселесімен
айналысатын зерттеушілер, тәрбие типтерін сипаттау барысында
ата-аналардың өз баласына деген эмоциялық
қатынастың бөліну дәрежесіне де көңіл
аударуға тырысты. Сүйіспеншілік пен қабылдау типі бойынша
тәрбиелеу. Ата-ана тәрбиесінің жалпыланған формасы
«бала – менің қызығушылықтарымның орталығы»
ұғымының қанағаттандырылуымен беріледі.
Ата-аналар әрдайым баламен айналысады, мейірімді қатынас
көрсетеді, оның өмірі жайлы қобалжиды.
Келесі тип – баланы қабылдамау және
шеттету. Ата-аналық
қатынастың жалпы формуласы: «Бұл баланы жек көремін, ол
жайлы қобалжымаймын, толғанбаймын». Ата-аналар балаға назар
аудармайды, қарым-қатынаста қаталдық, онымен
қарым-қатынасқа аз түсе білуге ықыласы
көрінеді. Басқа зерттеушілерде, балаға назар еркінділік
дәрежесі ретінде, яғни ата-ана оның мінез-құлқын
реттеп отырады. Бұл бағытта
екі типі ажыратылады – тым қобалжу мен талаптық
артықтылығы. Тым қобалжу типі бойынша тәрбие.
Ата-аналардың тәрбиелік формуласы: «Барлығын балам үшін
істеймін». Ата-аналар мінез-құлқында толық еркінділік
тым қобалжумен үйлеседі. Талаптың артықшылығы
типі бойынша тәрбие. Ата-аналардың тәрбиелік формуласы
мынадай тұжырымдармен білдіріледі: «Мұндай баланы қажет
етпейтін». Ата-аналар әрдайым баланың мінез-құлқына
сыни көзқарас білдіріп, мадақтау мен мақтау болмайды.
Ғалымдардың үшінші тобы, тәрбие
типтерін талдай келе, тәрбиенің дәл бағасы бір
ғана емес, бірнеше аспектілерге негізделеді – деген қорытынды
айтты. Бір жағынан – балаларға қатынастың эмоциялық
аспектісі, басқа жағынан мінез-құлықтың
бейнеленуі. Осы
аспектілердің үйлесімі тәрбиенің төрт типін
ұсынады:
1.
Баланың
өз бетінше әрекет етуі мен бастамашылдығын дамыту
мақсатында балаға мейірімді қатынас беру;
2.
Суық
шешу тәрбие, оның барысында балаға суықтық
білінеді, ата-аналық сезімдердің жеткіліксіздігі оның
еркінділігімен үйлеседі;
3.
Жылы
шектеуші тәрбие, мұның барысында балаға эмоциялық
түрде реңкі кірген қарым-қатынас пен оның
мінез-құлқын аса бақылап отырумен үйлеседі;
4.
Суық
шектеулі тәрбие, ол балаға деген әрдайым сыни
көзқарас білдірумен, мазақтаумен кейде тіпті баланың
өз бетімен орындалып жатқан мінез-құлқына аса
назар аударумен орындалады.
Соңғы
кезде тәрбиенің үш түрлі үлгісінен
құралған тағы да бір бағыт анықталды.
Ата-ананың балаға қатынасын білдіретін үш аспект
жіктелді: ұнату-ұнатпау, сыйластық-сыйламау, жақындық-алшақтық.
Бұл аспектілер-дің үйлесімділігі ата-ана
тәрбиесінің сегіз типін бөліп қарастыруға
мүмкіндік берді. Ұнату, сыйластық және
жақындыққа негізделген іс-әрекеттік тәрбие. Ата-ананың балаға
қатынасының формуласы мынадай: «Менің балам бақытты болса
екен деймін, бұл мәселеде өзім көмектесемін». Отбасында
қарым-қатынастың жылы эмоциялық қарқыны
білінеді, баланың еліктеулеріне, қабілеттеріне,
құқықтарына назар аударылып
қызығушылықтар мен белсенді тәрбие көрінеді,
талаптарға дұрыс қатынас орнатылған.
Отбасы ішіндегі барлық күрделіліктерден
қашып құтылуға болмайды. Бірақ
сезімталдықты, өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы
мәселелерін жеңіл шешуге көмектеседі.
Бір айта кететін жайт, отбасының әлеуметтік
және психологиялық тұрғыда кездесетін
қиындықтар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, және
өзара әсерлесе отырып, тәрбие процесіне ықпал етеді.
Бұл қиындықтарға отбасындағы қатынас,
материалды қиындықтар, өмір тәжірибесінің
болмауы, педагогикалық іскерліктер мен дағдылардың
мәселелері жатады. Педагогикалық сәтсіздіктер отбасының
тұрақтылығына әсер етеді, шыдамдылық пен
уайымдылықты жояды.
Қазіргі
отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудын 90
пайызы тұрмыс қолайсыздығы мен дайынсыздықтың
салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға
беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың
психикасына теріс әсер ететін ұрыс-жанжал, отбасылық
кикілжіңнің алдын алады.
Бір балалы
отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет
тәжірбиесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға
қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты
тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына
алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық
қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда
баланың қызығушылығы мен қажеттілігін
қамтамасыз етуде ата-ананың педагогикалық нормаларды сақтамауынан
бастауыш сыныптағы кезінен оның бойында тоғышарлық,
ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің
қалыптасқандығын аңғарамыз.
Кейінгі кезде
немере, шөбере туыстарды айтпағанның өзінде бірге
туған бауырлардың да туыстық қатынастары
салқындай бастағандығы аңғарылады. Көп
балалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда, қатар
құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар
отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды
көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың
бұқаралық сипат алуы балалар арасында жатырқау,
тасбауырлық сезімдердің нығая түсуіне негіз
қалайды.
Әдебиет
1
Назарбаев Н.Ә.
Қазақстан - 2030. - Алматы: Білім, 1997.-256 б.
2 Сатир
В. Как строить себя и свою семью. Заметки психолога.–М.: Педагогика- Пресс, 1992.-192б.
3
Макаренко А.С. О воспитании.
М.: политиздат, 1988. – 486 с.
4
Азаров Ю.П. Семейная
педагогика – М: Политиздат, 1982,-223 с
5
Азаров Ю.П.
Педагогика семейных отношений.- М., 1972. – 202с.
6 Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи.М,: Изд-во
МГУ,1996.-304
7
Афанасьева Т.Н.Семья.: Кн
для учащихсия ст.классов.-:Просвещение,1985
8
Алешина Ю.Е., Гозман
Л.Я., Дубовская Е.М.Социально-психологические
методы использования супружеских отношений – М., 1987.
9
Бардин
А.Н. Воспитание детей в семье./Психол.-пед.очерки.-М.,1972.
10
Божович
Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.-М., 1968.
11
Брускова
Е.С. Урок после уроков (о воспитании детей в семье).-М1987.-
12
Варга
Д. Дела семейные: Пер.с венг.
–М:Педагогика,1986.-160 с.
13
Виннескотт
Д.В. Разговоры с родителями.-М.,1995.-186 с.