Студенттерді спорттық жарыстарға дайындаудың педагогикалық негіздері

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Нұрмаханова Ғ.Қ.

«Психология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы

Шымкент қ.

 

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер  қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің  көшбасшысы бола алады.

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлғаны қалыптастырады.  

Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгерді.

Еліміздегі жоғары білімді дамыту стратегиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына, Білім туралы заңға, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына  негізделеді. Бұл құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік бағдарламасы арқасында ерекше орын алады.

Бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби  ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Жоғары мектептің маңызды міндеттерінің бірі – кәсіби мамандарды дайындаудағы фундаментальды ғылымның орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осыған байланысты дайындықты меңгеріп шыққан жоғары мектеп түлегі заманауи ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.

Жоғары мектептің негізгі бағыттарының маңыздысы арнайы жоғары кәсіби білім беру, сондықтан кәсіби білім беру болашақ дене мәдениеті мамандарын даярлау жүйесінің дамуына өз үлесін қоса алатын бірден-бір фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың, технологиялардың өркендеп дамуы болашақ мамандарда кәсіби технологиялық білім мен іскерліктердің дамуына баса назар аударады. Болашақ мамандардың бойында ұйымдастырушылық қызметі, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау, қызмет орнында, ұжымда адамгершілік, психологиялық ахуалды ұстап тұру қабілеттерін қалыптастыру ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Жоғары оқу орнының басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу,  адамзаттың мәдени және өнегелілік  деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін даярлау. Білім саясатының  өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен  қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.  

Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады.

Жоғары кәсіби білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – дене мәдениеті студенттердің жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, интеллегент маман ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.

Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан адам ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.

Демек, дене мәдениеті жєне спорт саласында кейбір мәселелерді кешенді т‰рде зерделеу осы салада кәсіби мамандарды дайындау ќазіргі кезде зерттеу ж±мысыныњ кµкейкесті талабы болып отырѓанын айта кету керек.

Жоғары оқу орындарында болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби даярлауды теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда ашып кµрсететін тиісті деректерсіз зерттеу м‰мкін емес. Сондыќтан да, мынадай авторлар мәселені жан-жақты саралауда д±рыс баѓыт ±стауымызѓа арқау болды: Мұнда Б.Қаражановтың, Қ.И.Адамбековтың, Б.М.Досќараевтыњ, М.Сапарбаевтың, Ж.Бекбатчаевтың, Б.А.Тойлыбаевтың, Ж.К.Оңалбектің, Ж.Егізбаевтың, А.С.Иманғалиевтің, М.Таникеевтің, Е.Уақбаевтың, А.Қ.Қарақовтың, Е.Мұхитдиновтың еңбектері дене мәдениеті және спорт саласында мамандар даярлау үдерісіне арналған. 

Ал, болашақ маманды даярлау, кәсіби даярлау үдерісі, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі туралы ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады. Олар: Б.Әбдікаримов, Г.Ж.Мелдібекова, Сыздық О.С., Молдабекова М.С., Саипов А.А., Шаутина Л., Кенжебеков Б.Т., Таубаева Ш.Т., Жолдасбеков А.А., Маусымбаев С., Абибуллаева А.Б., Жарасбеков А.А., Кеңесбаев С.М., Жанабаев Ж.Ж., Беркимбаев К.М. Бұл ғалымдардың докторлық диссертация қорғау үшін даярлаған зерттеу жұмыстары болашақ әртүрлі маман иелерін кәсіби даярлау мәселесіне арналған.

Жоғары оқу орындарында білім беруді жетілдірудің қазіргі заманғы          келелі мәселелері А.А.Саиповтың, М.Ә.Құдайқұловтың, С.Ж.Пірәлиевтің, А.Г.Қазмағанбетовтың, Қ.Б.Сейталиевтің, Ы.Набидің, Т.С.Садықовтың, Л.К.Керимовтың, Е.Омардың, Б.К.Момынбаевтың, С.А.Ұзақбаеваның, В.А.Кимнің, Л.А.Байсеркенің, М.Н.Сарыбековтың, Қ.Закирьяновтың, Ж.Ж.Жаңабаевтың, Ж.Асановтың, О.С.Сәлімбаевтың, Т.Т.Галиевтің, Г.К.Нургалиеваның, Ж.И.Намазбаеваның, А.Б.Нұрлыбекованың, Р.К.Дүйсенбінованың, И.Смановтың, О.Мұсабековтың, А.М.Абдыровтың, К.Е.Ералиннің, Б.А.Оспанованың, К.М.Беркімбаевтың, К.Ыбырайымжановтың және т.б. еңбектерінде әр қырынан талданған.     

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдалану       (Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, Қ.Б.Бөлеев, Ш.И.Жанұзақова, Ж.Т.Төлегенов, Т.Ш.Қуанышев және т.б.), мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыруды (О.Аяшeв, Ә.Бүркітбаев, Ж.Оңалбек, С.А.Жолдасбекова, Е.Сағындықов, Т.Ж.Бекбатчаев), ғылыми-педагогикалық жағынан негіздеу туралы бірқатар ғылыми еңбектер орындалған.

Зерттеу жұмысы тікелей дене мәдениеті мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталғандықтан таќырыпќа байланысты жекелеген жалпы теориялыќ ережелерді наќтылауѓа м‰мкіндік беретін дене тєрбиесі және спорттық теориясы мен єдісі жµніндегі зерттеу ж±мыстарын ерекше атап өтуге болады. Олар: Б.Қаражанов, Г.Д.Иванов, С.И.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, А.Қарақов, А.Аралбаевтардың дене мәдениеті, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған еңбектері.

Дене мәдениеті мамандарының µзара ќатынасыныњ пайда болу мәселелеріне, оның єлеуметтік тєжірибе жинаќтауѓа ќалай єсер ететіндігін, сол тєжірибені кµп±лтты спорттыќ ортада пайдаланѓанда ќандай нєтиже беретіндігін білу маќсатымен жалпы психология, спорт психологиясы,  әлеуметтік және спорт педагогикасы жµніндегі ѓылыми єдебиеттерде кењінен талқыланды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Студент: әлеуметтік бітімі, жай-күйі, құндылықтық көзқарастық бағдарлары. Монография. Түркістан 2002. -122 б. (О.Нұсқабаевпен авторлық бірлестікте).

2 Народные подвижные игры как важнейшее средство физвоспитания студентов. Методич. пособие. – Алматы: Каз НТУ. 2004. – 45 с. (В соавторстве с А.Асарбаевым, Ж.Оналбеком).

3  Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Оқу-әдістемелік құрал. Кентау, 2003 ж. 165 б.