Жаңа технологиялар элементтері
Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы , филология магистрі.
Білім берудегі қазіргі заманғы
технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске
асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру
технологияларының даму тенденциялары тұлғаның
өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына
мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. Білім беру
процесінде іскерлік ойындар, презентациялар,
дәстүрлі емес сабақтарды өткенде білім алушы белсенділігін байқау үшін
өте тиімді. Мен өзім сабаққа дайындалғанда
тақырып бойынша қандай технологияны қолданамын деп ойға
келіп сабақ жоспарын жазамын. Сабаққа
дайындалу ұстаздық өтіліне қарамайды, жас мамандарда
казір жақсы сабақтар өткізеді, мен сабақтарды
түрлендіріп, қызықты өткізуге тырысамын, жаңа
технологиялардың элементтерін қолданамын. Олардың бірі тренинг (ағылш.
«to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті
жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз
сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға
мүмкіндік алса білім алушылар берілген ақпаратты тез
меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып,
мінез-құлық дағдылары қалыптасады.Тренинг
жүргізуге қойылатын талаптар: білім алушылар бір-біріне
бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға
мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін
пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін
жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып,
қызығушылық танытады, ынталы болады);тренингке
қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. (бұл сенім
атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың
назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін
қатысушылар саны)бүкіл тренинг бойында достық
көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау және
қолдау;тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және
барлығының оған қатысуын
қадағалау;оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін
ұсынбай-ақ қатысушыларды сабақтың мақсатын
орындауға жетелеуі тиіс;кез-келген тренинг қандай мақсат
қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін жасаудан
басталады. Оқытудың интерактивті әдістері еш уақытта
дәрістік жадығатты алмастыра алмайды, бірақ оның
толық меңгерілуіне көмектеседі, өзіндік пікір, ара-қатынас,
мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.Казақ
тілі сабағында келесі интерактивті оқыту әдістерін
қолданамын, нәтижесі зор деп ойлаймын, білім алушылардың
сабаққа қызығушылығын байқадым, ситуациалық
жағдайларда сөйлеу біледі, өз пікірлерін дұрыс айтады. Келесі
технология: Ұжымдық
оқыту технологиясы.Мақсаты: Әр
білім алушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу,
ұйымшылдық қабілеттерін ояту,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі
басқару, байқампаздыққа жетелеу.Ерекшелегі: Жұптық
оқыту;Топтық оқыту:Ұжымдық оқыту.
Талаптары: Әр білім
алушының еңбегі пайдалы болу керек; Өзінің
ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен
қарау;Өзі оқи отырып, өзгені
оқыту;Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше
меңгерту.Технологияның
жүргізілуі кезеңдері: Тапсырмаларды даярлау
кезеңі, Берілген тапсырмамен танысу; Шағын
бөлімдерге бөлу; Әр бөлімге ат
қою;Жоспар құру; Жоспарға сүйене отырып; мәтін
мазмұнын меңгерту; Тексеру
сұрақтарын даярлау. Тапсырманы екінші білім алушыға
түсіндіру кезеңі. Тақырыптың мақсаты не?
Жоспармен таныстыру; Мазмұнын түсіндіру; Бақылау
сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу; Өз
бетінше жаттығу бойынша түсінгенін зерттеу; Өз
бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, шығарма жазу,
түсінгенін баяндау кезеңі. Осы технологияның тәрбиелік мәні зор, сабақ
өткізгенде білім алушылардың белсенділігі,
ұқыптылығы, адалдығы, жауапкершілікті сезінуі байқалады. Білім
сапасын көтеретін әдістердің бірі:«Ойға шабуыл».
Бұл әдісте білім алушының қойылған
сұраққа қайтарған кез-келген жауабы есепке
алынады. Айтылған пікірге бірден баға бермей, оны
қағазға немесе тақтаға жазып
түсірудің маңызы бар. Олардан берген жауаптарының
негізделуі, түсіндірмесі сұралмайтынын білім алушылар білуі тиіс.
«Ойға шабуыл» 4-5 минуттан аспауы керек, аяқталғаннан кейін
жауаптардың барлық нұсқаларын талқылап, бастылары
таңдап алынады да, қосалқылары қалдырылады, яғни
жауаптың тиімді нұсқасын топ талқысы таңдайды.
Бұл әдіс мынадай қажеттіліктерде тиімді болады:
·
күрделі және даулы мәселелерді талқылағанда;
·
өзіне сенімсіз білім алушыларды талқылау ісіне
ынталандыруға;
·
қысқа мерзімде көп ұсыныс-пікір жинақтау
қажет болғанда;
·
дәрісхананың ақпараттануын немесе дайындығын
анықтауға;
Шағын
топтардағы жұмыс.
Білім алушылар 4-5 адамнан
шағын топтарға бөлінеді. Оларды бөлуге
әртүрлі әдіс қолданылады. Мысалы, оқытушы білім
алушыларға бір,екі,үш,төрт,деп санауды ұсынады.
Санақ саны қанша топ құру қажетіне сәйкес
алынады. Біріншілер бір топқа, екіншілер екінші топқа т.с.с.
топтасады. Шағын топтардағы жұмыс барлық
қатысушыларды белсенді іс-әрекетке, ашық пікір
алмасуға, пікір сайысқа тартуға мүмкіндік береді.
Тапсырма орындалғаннан кейін әр топ орталарынан жұмыс қорытындысын
хабарлайтын жетекші таңдайды.
Рөлдік ойын. Шағын
топтарда (3-4 оқушы) жүргізіледі. Қатысушылар кескіндегі
(тақтадағы, парақтағы) тапсырмаларды алған
соң рөлдерді бөліседі, жағдаятты рөлде ойнап, бүкіл
топқа көрсетеді. Оқытушы рөлдерді балалардың мініз-құлқына
сәйкес өзі бөліп бере алады. Бұл
әдістің артықшылығы, қатысушалар нақты
ұсынылған жағдайда өзін көрсете алады, шын
мәнінде жағдаятты ұғынады, қайсыбір әрекет
болғанда да оның салдары қандай болатынын сезініп,
дұрыс шешім қабылдауға жаттығады. Ойын аякталған
соң осындай жағдайларда тиімді әрекет жасау жолдарын бірлесіп
талқылайды. Рөлді орындағандарды талқылаудан
бұрын рахмет айтып босатқан дұрыс. Жобалар
жасау. Бұл әдіс білім алушыларды ойша оқу орнынан
тысқары шығарып, талқыланып отырған мәселе
бойынша өз әрекеттерінің жобасын жасауына мүмкінік
береді. Ең бастысы, топ немесе жеке қатысушы өзінің
жобасын қорғауға, оның артықшылығын
басқалар алдында дәлелдеуге, достарының пікірін білу
мүмкіндігіне ие болады.Мысалы: «Өз қалаңда ЖҚТБ-ның
алдын алу шараларының жобасын жасаңдар». Білім алушылар
қосымша мәліметтер алуға арнайы мекемелерге, кітапхана т.с.с.
барып,сұрау салуына болады. Тақырыпқа сәйкес
газет-журналдардағы мақалаларды, суреттерді жинауға
ұсыныс беруге болады, жиналған жадығатты топ болып
талқылай келіп, жоба жасайды. Бейнефильдер.
Бейнефильмдерді тақырыпты меңгертуге қосымша материал ретінде
пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында білім
алушылардың назарын негізгі 4-5 мәселеге аударуын ескерту
қажет. Ол фильмнің мазмұнын талқылауға негіз
болады. Алдын- ала таңдап қойған көріністерге келгенде
фильмді тоқтатып, пікірталас жүргізіледі. Серігу.Теренинг-сабақ
барысындағы психологиялық және физикалық жүктемесін
азайту мақсатында серігу жаттығулары жасалады. Серігу кезеңі
де өзара қатынас дағдыларының дамуына септігін
тигізеді. Назар аудару қажеттігі бар жаттығу жұмыстары
алдында қозғалысы көп серігу ойындарын жүргізудің
қажеті жоқ.Серігу
үлгілері:Білім алушыларға өзінің жұмыс
қабілетін бес баллдық жүйемен бағалау ұсынылады.Мысалы,
мен бүгін 3 баллдық деңгейде тұрмын, себебі
ұйқым қанбаған.Назар аударуға және
байқампаздыққа жаттықтыратын ойын. Стол
үстіне кезкелген бірнеше зат қойылады. Білім алушылардың біреуі өз қалауымен заттарды
мұқият қарап шығады да, сыртқа шығып кетеді.
Оқытушы заттың бірін алып
тастайды. Сырттағы білім алушыны , жоқ заттың атын атауды
сұрайды. «Сын есімді қос». Білім алушылар шеңбер жасап
орналасады. Ортасындағы жүргізуші кез- келген біреуіне сілтейді, ол өз есімінің бірінші
әрпінен басталатын сын есімді қосып айтады. (Мысалы:
Асқар-алтындай, Берік-болаттай, Ескендір-есті, т.б.) келесі алғаны
өз кезегімен есімін сын есім қосым айтайды да, келесіге тастайды.
Ойын 3-4 минут жалғасады.Қорытылай келе жаңа
технологиялардың оқыту әдістемесінің артықшылығы:жадығаттың
тиімді меңгеруіне мүмкіндік береді, қызығушылық
туғызады;белсенді қатысқандар марапатталады, сезімге
ықылас аударынады, жан-жақты, әсіресе мінез-құлыққа
әсер етеді, кері байланыс (дәрісхананың жауап қайтару
әрекеті) жүзеге асырылады, арақатынас және
өзіндік пікір қалыптастырады. Еліміздің
басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім
беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы
«білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім
қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа
салынсақ алдымызда отырған бейкүнә
шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік.
Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда
тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз
қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім
кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай
заманда, қандай реформа болсын білім саласының басты тұлғасы
–мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім
арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда білім
ордасының , мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани
бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың
ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан
түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл
адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Әбенбаев С.,
Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында
//Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
2. Қуанбаева Б.
Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық
негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед.
ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет.
3. Селевко Г.К.
Современные технологии в образовании. –М., 1998.
4. Таубаева Ш.Т.
Оқытудың
қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12.