Қоқысты
қайта өңдеу арқылы, мемлекет шығындарын азайту
Рахимова
Г.А., э.ғ.к., Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау
мемлекеттік университеті
Базылжанова А.С., э.м., Ш. Уәлиханов атындағы
Көкшетау
мемлекеттік университеті
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының
ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан
иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы
тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір
қажеттілігінен артылған тұрмыстық
қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды
тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің
қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде
түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына
демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10
кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын
болды. Қазақ
«жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран
тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды
атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы
күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі
ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына
құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай
телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен
күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген
бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын
көздің қарашығындай қорғау –
халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Иә,
бүкіл өркениетті әлем қоршаған ортасын
қорғап, қасіреті қалың Жер-ананы
күл-қоқыс қоймасына айналдырып алмау жолында
жанталаса қарекет жасап жатыр. Қазақстан болса,
күл-қоқыс мәселесін күн тәртібіне
шығаруға да салғыртсып, ұлы даланың ұландығының
арқасында «жағасы жайлау, арқасын кеңге» салып келеді.
Кейбір дамыған елдер ҚТҚ мен күл-қоқысты
қайта өңдеу арқылы бірқатар пайдалы өнімдер
алып, «екі жеп, биге шығып» жатыр. Ал біздің Үкімет жомарт
даланың қойнауындағы қазынаны таратып, жерасты
қыртысын қопартудан дивиденд жинап, аяқ астындағы
күл-қоқысты көзге ілер емес. Егер сол тау-тау болып
үйілген ҚТҚ мен күл-қоқысты
инновациялық тәсілдермен керекке жаратса, қазба байлығынан
тапқан табыстан бір де кем емес пайда табуға болады. Мемлекет
басшысы еліміздегі ҮИИД бағдарламасына жолдама бере отырып, ендігі
кезеңде экономикамыздың даму болашағы тек инновациямен
байланысты болатындығын барынша айтып келеді.
Әлемдік тәжірибеге, еліміздегі қоқыстанудың
жағдайына байланысты авторлық көзқарастар
ұсынылды. Оның ішінде:
- Тазалық
мекемелеріне жеңілдіктер жасау
- Арнайы
бағдарлама енгізу.
- Темір
жол арқылы металлдарды арнайы зауыттарға тасымалдау
- Семинарлар
өткізу
- Жаңадан
зауыттар ашып әр зауыт өзіне керек қоқысты өзі
тасымалддауы
«Қоқыс
қалдықтарды қайта өңдеу қаланың
өзекті проблемасының бірі болып қалып отыр. Әлемдегі
жеткеші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл
проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен,
Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап
төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға,
қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, шыны
сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнімдерінің
үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келіп,
Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық
ең таза мемлекеттердің қатарында есептеледі. Ал, бізде
Алматыдағы қоқыс өңдейтін жалғыз кешен бір
жылдан бері жұмыс істемей тұр…».
Міне, ҚР Президенті тура осылай деді.
Жалпы,
қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін
пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» (мусорная королева)
атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы
қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан. Не
жоғары білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ,
тапқаны тамағынан артылмайтын Чжанды қалталы жандардың
қатарына қосқан –
еңбекқорлығы, табандылығы.
Біз ұсақтарды ескере бермейміз. Байысақ, мұнай сатып,
жерімізді жалға беріп, ауқатты атануды жөн көреміз. Ал,
қоқысты өңдеу... Намыс секілді.
Тек осы іске
бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз.
Әрине, қоқыстың барлық түрін
өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті
техникалық құралдардың да бағасын қалтамыз
көтере бермесі белгілі. Ал, егер қоқыстың бір
түрін өңдейтін болсаңыз, табысқа жетеріңіз
анық. Айталық, қазіргі кезде қоқыстан ең
көп табылатын заттардың денін пластик бөтелкелер,
құтылар құрайды. Бұдан табыс табудың алғышарттары
қандай? Қазақстанда қоқыс өңдеуде
бәсекелес орта болмағандықтан еңбектенген жанның
қаржысыз қалмайтыны анық. Өйткені, 1 келі болатын
пластик құтыларды өңдеуден 0,8 келі екінші
сұрыпты зат алынатынын ескерсек, кеткен шығынның
қайтарылатынына күмән жоқ. Соған
қарамастан, өңдеумен айналысуға ынталылар әлі де
жоқ.
Ал,
қағазды өңдеуден түсетін пайда да
ұшан-теңіз. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық
Чжан Иньнің бизнесінің негізі осы қажетсіз қағаздардан
құралады. Ол, тіпті, кәсіпкерліктің алғашқы
кезінде қоқыстарды өңдеп те әуре
болмаған. Бар атқарғаны – ортадағы
делдалдық. Америкадағы иесіз қоқыстарды арзан
бағаға сатып алған ол қағаздарды бөлген
соң Қытайдағы өңдейтін зауыттарға тасымалдап,
кейіннен оларды орама, қорап түрінде қайта жасатып,
Америкаға саудалап отырған. Тақыр жерден табыс табу деген
осы.
Ресейдегі ең
мусоры көп қала Нижегородь облысындағы Дзержинск қаласы
екен. Ол тіпті ең лас кішкентай қала ретінде Гиннестер кітабына
еніпті. Жергілікті тұрмыстық қатты қалдықтар
полигоны Европадағы ең үлкені. Бұндағы
қоқыстар төмен температурада өртеледі, ауаны
бүлдіріп. Ал, өртенбейтіні жәймендеп жерге сіңеді,
топырақ пен суды бүлдіріп. Осы маңайда 30000 халық
тұратын болса, Гиннес рекордтар кітабының дерегі бойынша
Дзержинскіде ер адамдардың өмір жасы 42, ал әйелдердікі 47. Populare Scіence журналы
ғылымдағы онша мықты емес мамандықтардың
рейтингісін жариялапты. Қоқыс қалдықтары мен оларды
өңдеу әдісін зерттейтін гарбология төртінші
орынға шығыпты. Әрине, кім қоқыс жинаушы,
көше сыпырушы болғысы келеді дейсіз. Алайда, күрек пен
сыпырғыш ұстағандардың еңбегінен ақша аямау
керектігі кім-кімге де белгілі. Олар бізді қоқыстан, кірден, тіпті
ауру мен ажалдан құтқарады. Бірақ, сонда да көше
сыпырып жүргендер өздерін ешкімге танытқысы келмейді,
басқалар да оларды танып-білуге құштар емес. Ал, Қытай
сияқты алпауыт елдердің өзінде қоқыс ханшайымы
аталып, ақшалы болып қана емес, атақты болып
жатқандарды оқып, біліп те жатырмыз. Европа
елдерінде біздегідей далиып жатқан дала жоқ, қала
аумақтары шағын, содан да қоқысқа орын да болмай
жатады. Нәтижесінде: ұрандары қоқысты азайту керек,
азайту керек және азайту керек. Барлық деңгейде бірдей,
алпауыт өндіріс орындары да бір кастрюлкесі бар отбасы да.
Қоқыс аз болумен қатар, тез, жеңіл өңделуі
қажет. Мусорды өртеу мен оны көмудің рейтингісі
төмен. Басқа шара болмаса, амал жоқ, әйтпесе… Евроодақ
елдері қоқысқа қарамағаны үшін айып саларда
бір-бірін аямайды. Әсіресе, өңдеудің жаңа
технологиясын баяу ендіргенде айыптан арылмайды. Қалдықтарды
бөліп сорттау қажеттілігін кішкентай бала да біледі.
Балабақшада үйретеді, одан бөлек мусорды жан-тәнімен,
бар санасымен сорттайтын ата-анасынан үйренеді. Тіпті, аса сауаттанып
кеткен балалар жуынып жатқан ата-аналарының суды ысырап етпеуін
секундомермен қадағалайтын да көрінеді. Қатты-тұрмыстық
қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте
күрделі және өзекті мәселе.
- табиғат
пайдаланушылардың қалдықтарды есепке алу, өңдеу
және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін
күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін
азайту шараларын енгізуді талап ету;
- барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды
түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;
-
қалдықтарды залалсыздандыру мақсатындағы
инфражүйелер мен өндірістік қуатты дамыту, өндірісте
пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара
игеруді жүзеге асыру.
Осы
ұсыныстар толық жүзеге асатын болса қалдықтарды
игеру мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табар
еді.
Қолданылған
әдебиет тізімі:
2. Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері.
3. Н.Қ Мамыров, Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий. Табиғатты
пайдалану экономикасы.