Жекеева С.С., Кушекова Г.С.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қала автопаркінің ақпараттық жүйесін құру туралы

 

Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларда деректермен жұмыс істей алатын автоматтандырылған жұмыс орнын құрастыру экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады. Кез-келген кәсіпорын өзара байланысқан көптеген ақпараттық жүйеден тұратын күрделі комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда деректер  қорының алатын орны ерекше болып табылады. Деректер қорын дұрыс пайдаланылуы - бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.  

Автоматтандырылған жұмыс орнынның қойылған мақсаттардың жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу жане басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге ыңғайлы жүйе болып табылады. Деректер базасы мәтінінің мағыналық бөлігінде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессорлар кәсіпорынның жұмысының жылдамдығына, ыңғайлығына тиімді әсер етеді.

Бүгінгі уақытта ақпараттық технология бүкіл әлемде қарқынды дамып жатыр. Ақпараттық техногияның даму біздің мемлекетіміз үшін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қоғамның қазіргі кездегі дамудың басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады.

 Сондықтан дерек қорлармен жұмыс істей алатын автоматтандырылған жұмыс орынды құрастыру негізгі мәселелердің біріне жатады.

Осыған орай мекемеде автопарк ақпараттық жүйе бағдарламасын құру шешілді. Оны Access 2007 бағдарламасы арқылы жасалынды.

Бағдарламаны Петропавл қаласындағы қалалық көлiк саласында көп көрсеткiштер бойынша озып, алда келе жатқан Петропавл қаласының ЖШС «Солтүстік Қазақстанның қала аралық автопаркі» мекемесіне жасалынды.

Петропавл қаласының ЖШС «Солтүстік Қазақстанның қала аралық автопаркі» қаламыздың бұрыннан келе жатқан және iрi жолаушыларды тасымалдаушы кәсiпорындарының бiрі болып табылады. Жолаушыларды тасымалдау бойынша мамандандырылған кәсiпорын ретінде 2006 жылы құрылған.

Кәсіпорынның ерекшелігі қалаларалық және қаламаңындағы тасымалдауды ғана жасамайды, сонымен қатар қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. Кәсiпорын қалалық жолаушылар тасымалдаулардың 30 % көлемінде жүзеге асырады, өндірістік базасы бар.

Бағдарламаны жасау мақсатына жету үшін  келесі зерттеу міндеттері орындалуы тиіс:

-              жобаны жасаудың алгоритімін құрастыру;

-              автопарктың деректер қорын құру;

-              автоматтандырылған жұмыс орынды құрастыру.

Құрылған деректер қорының басқару жүйесі ақпаратты енгізуге, тез таңдауға, қажетті есептерді шығаруға, және де сұрауларды орындап, таңдауларды, іріктеуді және керекті ақпаратты шығару функциялары  қолданылады.

Сурет 1 Бағдарлама интерфейсінің құрылымы

Жүйеге қойылатын талаптар негізінде жүйені жобалау жүргізілді және алынған жүйенің негізінде бағдарламаның интерфейсі құрылды. Бағдарламаның интерфейсінің құрылымы 1 суретке сәйкес көрсетілген.

Бағдарлама негізгі екі бөліктен тұрады. Бірінші «Деректер базасымен жұмыс істеу» және екінші «Жолаушыларға» ақпарат. Бірінші бөлікте: бағыттар кестесі, көліктер тізімі, жүргізушілер тізімі, бағыттар аттары және сапарды тіркеулерден тұрады.

Бағдарламаның жаңалығы: тұтынушы интерфейстің қолайлылығы, қажетті басқарушы элементтердің бар болуы және ыңғайлылығы. кез келген деректерді деректер базасына енгізуге,оларды тузетуге, Excel бағдарламасына экспорттауға,  сонымен қатар баспаға шығаруға болады. Осының бәрі уақытты, адамдық ресурстарды, материалдар мен әдістерді үнемдеуге әкеледі.

Қазіргі кезде көптеген ғылыми – техникалық мақсаттардың табысты шешімі электронды есептеуіш машина шапшаң қолдануына тәуелді болады. Осыған тіреле жасалынған жұмыс қоғамның қазіргі кездегі дамуына сай.

 

Әдебиеттер:

1.       Воронов А.В. Методические рекомендаци по курсовому  проектированию. Предмет: «База данных и знаний». -Петропавловск: СКГУ им.М.Козыбаева, 2002г.

2.       Соколов Р.В., «Проектирование АРМ управленческого персонала», Методические указания к выполнению курсового проекта по дисциплине «Проектирование информационных систем в экономике».- СПб.: СПбГИЭУ, 2002.