ӘОЖ 378
Самашова Г.Е.1, Шарзадин А.М.2
пед. ғыл. канд., доцент
Әшімбекова А.3, Мырзалиева Ж.4
КО-09-1, 2 тобының студенттері
Қарағанды
мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды қ. 1,
3, 4
Е.А.Бөкетав атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қарағанды қ.2
МАМАНДАРДЫ
ДАЯРЛАУДАҒЫ ЭТНОС СҰРАҚТАРЫ
Сан ғасырлар бойы әртүрлі дін, салт – дәстүр
және мәдениеттегі көптеген халықтардың
тағдырлары тарихқа толы қазақ жерінде тоғысты.
Нәтижесінде сирек кездесетін жағдай қазақ
халқымен бірге 140 ұлттан тұратын және 40 конференция
өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Сонымен қатар
әртүрлі ұлттардың қоғамда бірлесіп
өмір сүруі толеранттық орнығу дәстүрлері орнады.
Қазақ елінің тәуелсіздік алуының
алғашқы күндерінен бастап бірлескен қазақ
қоғамында барлық этникалық топтардың бейбіт және тең
құқықты өмір сүруді қамтамасыз
ететін, ұлттық саясаттың негізін қалайтын мемлекет
болды. Өтпелі кезеңде Қазақстан мемлекетінде
мақсатқа бағытталған және бірізділік
саясатының күрделі шарттарының арқасында
ұлтаралық жерге, дестабилизация және
қоғамның бөлінуіндегі соқтығысулар
болмауының алдын алды [1].
Ел тарихы – көптеген қайғылы
оқиғалардың куәгері. Халықтың өмірі,
оның тілі мен мәдениеті жойылудың алдында тұрған
да кездер болған. Қазақ халқы аса ауыр сынақтан
өтіп, жай ғана аман қалған жоқ, мемлекетін де
құрды, тәуелсіздігін де алды.
Халықтың даналығы, кеңдігі мен сыйластығы
этникалық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне
қарамай жаңа мемлекеттің барша азаматының
ұйысуына негіз болды.
Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында
халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш
Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық
жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ.
Қоғамдағы тұрақтылық пен
келісімнің іргесінің бастапқы таңдауы
ұлтаралық ортақтық емес, керісінше азаматтық
құрылым пайдасын көздеді. Соның нәтижесінде
уақыт өте келе, тәуелсіз мемлекеттердің барлық
азаматтарының қызығушылығының
қосарлануының ең тиімді әрі ұтымды жолы
олардың ұлтаралық мүдделері екенін дәлелдеді.
Бүгін
Қазақстанда өзіндік этникааралық бірліктің моделі
қалыптасқан, ол әлемдік қоғамдарстықта
жоғары дәрежеге ие болды. Ол үлгіде ұлтаралық
келісімдер қарастырылған. Соған байланысты елімізде тиімді
нормативті-құқықтық және
ұлтаралық негізгі концептуалды
келісімдер құрылды. Соның ішінде Қазақстан
Республикасының Конституциясы барлық азаматтардың
ұлттық, нәсілдік, діни немесе басқа да мүдделерін
қорғауға кепілдік береді. Одан басқа ұлт
және конфессияаралық келісімдерді қамтамасыз ету басылымдары
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Идеялық консолидациялық
қоғамы Қазақстанның өрлеу шарттары
іспеттес» және 2030 жылға дейінгі Қазақстанның
даму стратегиясы атты бағдарламасында көрсетілген [1].
Ұлттық саясаттың бастапқы аспаптарының бірі
1995 жылғы Қазақстан халық Ассаблеясының
құрылып, 818 ұлт мәдениетін біріктіруі. Олардың
басқару құрамына ҚХА, сонымен қатар біргелікте
кішкентай ассаблеялар енеді. Соның ішінде 46 ұлт өзіндік
ұлттық мәдени орталықтарын қамтиды.
2007 жылы конституциялық реформа аясында Ассамблея Парламент
Мәжілісінің құрамынан тоғыз депутатты
таңдап алу құқығына ие болды. Соған орай,
Парламентте этникалық топтардың мүдделері
конституциялық механизмге енгізілген. 2008 жылы әлемдегі аналогтарды
елемейтін «Қазақстан халық Ассамблеясы туралы» заң
қабылданды. Мұндағы қарастыратын ең өзекті
мәселелерінің бірі - ұлтаралық
қарым–қатынастардың баланс жасалған тіл
саясатының жүргізілуі болды.
Мемлекетте жұмыс жасау салаларының мемлекеттік тілдің
бәсекелестігін жоғарлату мақсатында 2007–2010 жылдары
Концепция қабылданып, сол жылдары
елімізде жұмыс істейтін қазақ тілін оқытатын
орталықтары 60 пайызға жетсе, 2009 – 2011 жылдары аралығында
ол көрсеткіштерді 120 пайызға дейін жеткізу жоспарланған
болатын.
Соған байланысты қазіргі уақытта 61 пайыз
қазақ мектептері мен 48 пайыз студенттер мемлекеттік тілде білім
алуда. Осы орайда еліміз сияқты көп ұлт өкілдерінен
құралған, алғашқы Президентіміз оқу ордасы
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде де көптеген
шаралар нәтижесінде барлық ұлт өкілдері
тату–тәтті өмір сүріп, сапалы білім алуда.
Этнос субьектісін қалыптастыру мақсатты процесс болып
каралатындықтан, этникалық тәрбие контексіндегі
(мазмұнындағы) беріліп отырған ұғымдардың
мәнін мүмкіндігінше толығынан айқындауға болады.
Осы процестің
мақсаттылығына назар аударылу тұтас екі
процестің қатысуымен топшыланады, нақтылап айтатын
болсақ, олар: мақсатты қою іс-әрекеті және
мақсатты жүзеге асыру іс-әрекеті. Мұндай жағдайда
этникалық тәрбиенің
мақсаты - этнос субъектісін қалыптастыру деп түсінеміз.
Егер іс-әрекеттің мақсатын оның болжалынған
нәтижесі деп түсінетін болсақ, онда этнос субъектісі
этникалық тәрбие процесінің нәтижесі ретінде
қарастырылады. Мақсатты жүзеге асыру процесі
мүмкіндігінше толық және тиімді болу үшін, мақсатты
іске асыру процесіндегі іс-әрекетке бағытталуынан алынған
нәтижелер кескінін нақты көрсету қажет. Яғни,
этнос субъектісі ұғымының нақты анықтамасы
этникалық тәрбие мазмұнын дұрыс және адекватты
саралау мүмкіндігін, сонымен қатар сарапталған мазмұнды
көрсету әдістері, түрлері мен құралдарын
қамтамасыз етеді [2].
Сонымен, этникалық тәрбие контексіндегі этнос субъектісі
берілген процестің мақсаты және нәтижесі болып
табылады.
Көптеген
әлеуметтік зерттеулерде осы түсініктердің дамуы мен тарихын
қайта жаңғырту біздің негізгі міндетіміз
болмағандықтан, этносты тұлғаны
әлеуметтендірудің негізгі
факторы ретінде анықтау мәселесіне тоқталып өтеміз.
Л.Н. Гумилевтың пайымдауынша «этнос
дегеніміз - жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен
әлеуметтік аймақтың бірлігінде жатқан
салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық
кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы
бір халықтар тобы». «Био және әлеуметтік сфера аймағында жатқан
және жердің биосфера қабатында арнайы белгісі бар
құбылыс». Ю.В. Бромлей
бұл концепцияның тұрақсыздығын дәлелдей
отырып, этнографтар арасында этнос пен
халықты әлеуметтік феномен ретінде қараған
түсініктері басым екенін және «этнос» тар мағынасында жалпы
тұрақты мәдени және психикалық ерекшеліктері бар,
сонымен қатар өздерінің бірлігі мен білімінің
айырмашылығын, басқа да
өзі сияқты
құрылымнан өзгешелігін сезінген адамдардың тұрақты
қалыптасқан жиынтығы деп түсіндіреді [4].
Этнос субъектісі – жоғары
деңгейдегі іс-әрекет, ол басқа мәдениетті сыйлайтын,
этноәлеуметтік рөлді меңгерген, өз халқының
салт-дәстүрлерін дамытушы, жеткізуші, өз елінің
мәдениеті мен тарихын құрметтейтін адам [4].
Этнос субъектісі
бұл - өзінің табиғатын және ата-баба тарихын
жақсы таныған, ұлттық мәдениетті белсенді
қайта құрып, өз этносының әлеуметтік
тәжірибесін, ана тілін сақтау мен байыту арқылы жас
жеткіншекке жеткізуші адам [3].
Қорыта айтқанда, этнос, этникалық тәрбие,
қарым-қатынас,
ұғымдары бірін-бірі толықтыраып отырады. Бұл
проблеманың жоғарғы оқу орнында мамандарды даярлау
жүйесінде алатын орны мен маңызы аса зор. Яғни,
этникалық тәрбие – жоғары оқу орындарында мамандарды
даярлаудың құралы іспеттес екендігінің тағы да
бір дәлелі.
әдебиеттер
1. Н.Ә. Назарбаев – «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан»
- Қазақстан халқына жолдауы. 2007ж.
2. Этническая педагогика:
Книга для чтения / Пятин В.А., Тренев А.М, Алексеева Г.В и др. - Астрахань,
1995. – 276 с.
3. Самашова Г.Е., Құрымбаев С.Ғ., Шарзадин А.М. Отбасы –
жастарды тәрбиелеудің негізі. Труды Республиканской научно-практической
конференции «Проблемы и методы формирования казахстанского патриотизма у
современной молодежи». Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2011. – Б.
224 – 229.
4. Мұқанова Б.Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика: Оқу құралы. Астана: Фолиант,
2008. – 440 б.