МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕСЕП ТУРАЛЫ ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Утабаева Умида Бахтияроина-студент 101-01,ОҚПУ

Ғылыми жетекші: Кенжебекова Рабиға Ибрахимқызы- п.ғ.к., доцент

 

Балабақшадағы басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой – өрісін, іс – қимылын жан – жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты – математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу – оқытудың мақсаты ғана емес, сондай – ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр  алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды  тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.

Топтарда есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке – жеке топтауға үйретуге балалардың ой – өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ – жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.

        Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шыгару сабағында балаларға суретті пайдаланып төмендегідей есептерді шығаруға болады.

         1 тапсырма. Кеспе сандарды пайдаланып, арифметикалық есептерді шығару.

6+      =8               3+      =8           2+      =8            8+      =8

        

                                                               

                                                                        +

                  

 

 

3 Тапсырма-  Қисынды есептер:

       1. Жанып  тұрған 4 майшамның үшеуіі  сөніп  қалды, сонда неше майшам қалды ?

       Жауабы: Бір майшам

       2. Қолымда бес алма, табақта үші алма қосқанда барлығы болады неше алма?

Жауабы: 8 алма

4 Тапсырма. Жұлдызша ішіндегі сандар қандай бірдей сандарды қосқанда шығады?

Балалар: 2+2=4;      3+3=6;      4+4=8;    5+5=10

Мұның нәтижесін табудағы ең басты мақсаты баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс,байланыстырушы, сөйлеуге тәрбиелеу, көзімен есінде сақтап, тіл сөз арқылы ойын айтып, ақыл – ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеу және есеп  туралы ұғымды оқытуда есеп және оның құрамы бөліктермен балаларды айқын түрде таныстыруға дейінгі уақытты дайындық кезеңі деп айтуға болады.

5-Тапсырма «Кім жылдам» жарыс ойыны. (3 минут)

1. Бұлбұл әсем жырлайды

Ел жұрт елтіп тыңдайды,

2-ге 2-ні қосқанда

Нешеу болып сайрайды?

Балалар: - 4 болып сайрайды.

2.Үйрегім-ай үйрегім

Келіп жүрме билегің?

Алтау едің басында

Жүзіп кетті үшеуі

Қалды артта нешеуі.

Балалар: - 3 үйрек артта қалды.

3. Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады.

Балалар:   - 3 алма қалады.

Бауырсақты қоян босатып жіберді, домалап келе жатып қасқырға жолықты.

Қасқырдың тапсырмасы.

6) Үстел үстінде 2-3 топ ойыншықтар қойылады. Әр топтағы ойыншықтар әр түрлі бағытта орналасқан. Үстел үстінде неше аю, қанша қуыршақ бар?

Балалар ойыншықтарды санайды. Санап болған соң аюлар мен қуыршақтар саны төрт-төрттен екенін анықтайды.

    

Әдебиеттер:

1. Леушина A.M. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 1987.

2. Столяр А.А. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников. -М., Просвещение 1988.

3. Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000.