Е.В. Шевчук, Н.С. Кольева, С.С.
Жекеева
М. Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
Петропавл қаласы, Казақстан
Бәсекелесуге
қабілетті тұлғаны дамыту мақсатында
құрылымдық-қызметтік
моделді қолданып оқушылардың ақпараттық біліктілігін
қалыптастыру
Осы мақалада жүйелік,
тұлғаға-бағытталған және іскерлік
көзқарастарыдың негізінде құрастырылған
оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастырудың
құрылымдық-қызметтік моделі ұсынылып отыр.
Педагогикалық модельдерді жасауға
арналған психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге
талдау жүргізу нәтежесі көрсеткендей, модель құру
танымдылық және қайта жаңарту тәжірибесінің
маңызды тәсілі ретінде немесе ғылыми-зерттеулердің,
тәжірибелік іс-әрекеттердің салыстырмалы жеке технологиясы
ретінде қарастырылады. Модель жасау тәсілі ықпалдастық
болып табылады, педагогикалық зерттеулерде эмпирикалық және теориялық
зерттеулерді біріктіруге мүмкіндік береді, яғни педагогикалық
объектіні игеру барысында логикалық құрылымдары
құрастырылған экспериментпен ғылыми абстракцияны байланыстырады.
Модель обектінің құрылымы мен
қызметін суреттеуге мүмкіндік береді және жүйенің
құрамдас бөліктерін өзара байланыстырып, объекті туралы
жаңа ақпарттарды ұсынады. Біздің зеттеулерімізде модель
құру оқушылардың ақпараттық біліктілігін
қалыптастыру деңгейімен және оның бәсекелестік
қабілетін дамыту арасындағы заңдылықтарды анықтау
үшін қолданылады. Сонымен қатар әрі қарай
жетілдіруге қажетті шарттар комплекісімен
қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық біліктілікті
қалыптастыру деңгейі туралы ақпараттарды алу.
Бәсекелесуге қабілетті тұлғаны
дамыту шарты ретінде қарастырылатын, оқушылардың
ақпарттық біліктілігін қалыптастыру моделін негіздегенде біз
ғылыми әдебиеттерде ұсынылған модельдердің
әр түрлі классификациясына сүйендік.
Ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын
құрылымдық-қызметтік модельге қатысты
ұғымды ашып жазайық. Құрылым ұғымын
анықтағанда біз құрылым анықтамасының
негізі ретінде қалыптастыруды
алдық және оның элементтерінің арасындағы бірегей
орнықты қарым-қатынасы ретінде жүйенің
ұйымдастырылуының ішкі түрін қарастырдық. Құрылымның
ең жақсы түсінігі ретінде келесі тұжырымды
қарастыруға болады: құрылым ретінде біртұтас
жүйенің ұйымдастырылуының ішкі тәсілін,
оның элементтері арасындағы өзара қарым-қатынасын
түсіну қажет [1].
Оқушылардың ақпараттық біліктілігін
қалыптастыру моделін құрастырғанда оның
қызметтік міндетін қарастыру қажет, олар өз алдына осы
модельдің құрылымдық талдауын жобалайды.
Ақпараттық біліктілікті қалыптастырып, дамытуда елеулі
жетістіктерге әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді жүзеге
асыра отырып қол жеткізуге болады. Осы міндеттерді толығырақ
қарастырайық.
Жүйелік,
тұлғаға-бағытталған және іскерлік жолдар
шеңберіндегі оқушылардың ақпараттық біліктілігін
қалыптастыру моделінің диагностикалық міндеттері
оқушылардың кейбір мәселелерді шешудегі уәждемелік-қажеттілік,
конгетивтік, операционалдық
және рефлексивті дайындықттарын зерттеп жүзеге асыруға
негізделген. Ақпараттық біліктілікті мақсатты түрде
қалыптастырып және дамыта бастау үшін оқушыларға кездесетін
қиншылықтарды, олардың сұраныстары мен талаптары туралы
білу қажет. Бұл кезеңде ұстаз оқушылармен бірге
сәйкесінше іс-әрекет түрін өте тиімді орындау
үшін нормативтік құжатнамаларға сәйкес
ақырлы нәтижені анықтау керек.
Құрылымдық-қызметтік модельдің
білімдік міндеттерін іске асыру
оның мазмұнын ерекшелейтін ақпараттық-компьютерлік,
әдістемелік, мәдениеттілік, педагогика-психологиялық
бағыттарға негізделген.
Өтемдеуіш
міндет диагностикалық процедуралар көмегімен
және білім беруде кеткен олқылықтарды жоюмен жүзеге
асырылады. Оқушылардың бастапқы білім деңгейін,
тәжірибелік дағдылары мен іскерлілігін уақытында
анықтау оны дұрыс жолға қоюға мүмкіндік
береді. Бұл қызмет оқушылырдың ақпараттық
біліктілігін жетілдіруге және қайтадан қалыптастыруға, ертеден
қалыптасқан дағдының
жағымсыз жақтарынан арылуға, рефлексивті
мәдениеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық біліктілікті
қалыптастыру моделінің үйлестірушілік
міндеті алдағы оқыту үрдісіне бағыттауыш
ықпал беруімен жүзеге асырылады. Модельдің үйлестірушілік
міндетін жүзеге асырумен
оның біріктіруші әрекеті байланысты. Екі міндетте оқыту
мәселелерін шешудегі пәнаралық байланысының қажеттігімен
келісілген.
Модельдің біріктірушілік
міндеті білімдік жүйені, іскерлікті және дағдыны
меңгеру үрдісінде оқушылардың білімідерін жаңа
мағынамен көкейкесті етіп, жеделдетіп, жүйелендіріп
және толықтыруында. Бұл міндет оқушылырдың
ақпараттық біліктілігін, жеке тұлғалық
қасиеттерін жетілдіруге және қайтадан
қалыптастыруға, бәсекелесуге қабілеттілігімен рефлексивті
мәдениеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Құрылымдық-қызметтік
модельді таңдау қажеттілігі бірсыпыра жағдайларға
негізделген. Біріншіден біз оқушылар мен педагогтың арасында
өзара қарым-қатынас болған жағдайда
танымдылық-зерттеушілік іс әрекеттерімен қоса
ақпараттық білім беру ортасында өтетін ішкі
құрылымдық-ұйымдастырылған үрдісті боямалай
аламыз. Екіншіден модельге функционалдық және бірізділік сай,
себебі ол өзара байланысқан компоненттердің санымен
сипатталады. Үшіншіден, модельдің алдынғы компоненттерінен
келесілеріне өту оқу қызметімен сипатталады.
Айта кету қажет, дидактикалық жобалау
мен құрылымдық-қызметтік модельді құрастыру
білім беру үрдісінің қисынымен қатаң
сәйкестікте орындалды, ал құрылымдық компоненттер
ретінде мақсаттық, мазмұндық, ұйымдастырушылық-қызметтік,
нәтижелік-бағалық компоненттер таңдалып алынды.
Құрылымдық-қызметтік модельді
құрастырғанда компоненттер арасындағы байланыс пен
оқушылар мен педагогтың оқыту үрдісін
ұйымдастырғандағы бірізділік
ескерілді. Оқыту үрдісі – бұл ұстаз бен
оқушылар арасындағы арнайы ұйымдастырылған,
мақсатты және басқарылатын әрекеттесу үрдісі, білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгеруге бағытталған,
білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыру, ойлау
қабілетін және потенциалдық мүмкіншіліктерін дамыту,
алдыға қойылған мақсаттарға сәйкес
өздігінен білім алуға дағдылану және бекіту.
Ю.К. Бабанский білім беру үрдісінің құрылымында
келесі компоненттерді ерекше атап өтеді: 1) мақсаттық; 2)
ынталандырушы-уәждемелік; 3) мазмұндылық; 4) амалдылық-әрекеттілік;
5) бақылаушы-реттеушілік; 6) бағалық-нәтижелік.
Бұл компоненттер педагог пен оқушы арасындағы білім беру
мақсатының қойылуынан, оның нәтижелерін
талдауға дейінгі әрекеттесу
үрдісін толығымен көрсетеді [1].
Ақпараттық біліктілікті қалыптастырудың
құрылымдық-қызметтік модельдерінің барлық
компоненттері өзара тығыз байланысқан. Оладың құрылымдық
компоненттеріне сипаттама берейік.
Модельдің мақсаттық компоненті, өздігінен білім
алуға, өзін-өзі кемелдендіруге және өздігінен
қалыптасып танылуға қабілетті, ақпараттық ортада
жоғары бейімділік қасиетерге ие, яғни еңбек
нарығында бәсекелесуге қабілетті оқушыларды
дайындаудың әлеуметтік тапсырысының сипаттамасын
қарастырады. В.С. Кукушкиннің пікірі бойынша «мақсат
жүйенің кейіпін, оның мінсіз моделін анықтайды.
Мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттер мен
қарым-қатынастар жиыны арқылы олар субъектімен нақты
жүйе ретінде іске асырылады. Егер мақсаттар жиыны жоқ болса,
онда жүйе бар деп айтуға болмайды» [1].
Модель құратын үрдістің мақсаты ол
оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыру,
оның басты құрылымдық компоненттерінің бірлігі,
жеке алғанда – уәждемелік,
әрекетшілдік-тәжірибелік, рефлексивті-бағалығы.
Біз ақпараттық біліктілікті қалыптастыру моделінің мазмұндық
компонентін мақсаттардың, мазмұнның қатынасын
реттеуге арналған және ақпараттық біліктілікті
қалыптастыру үрдісінің бағытталған
әрекетімен түсіндіреміз. Мақсаттық,
мазмұндық және іс-әрекеттік компоненттерді
қиыстыру, ақпараттық біліктілікті қалыптастыру
шеңберінде бәсекелесуге қабілетті тұлғаны
дайындауға бағытталған тиімді жағдай жасауға
мүмкіндік береді.
Модельдің мазмұндық компоненті 9 сынып «Информатика және АКТ» курсы бойынша авторлық оқу-әдістемелік
комплектісінде ұсынылған.
Білім беру
мазмұны мен оқыту үрдісі бір-бірімен тығыз байланысты,
оқу-әдістемелік комплект олардың нақты
қарым-қатынастарының сипаттамасын көрсетуге
мүмкіндік беретін объекті болып табылады. Оқу-әдістемелік
комплект бір уақытта білім беру мазмұнын таратушы,
мазмұнның әр түрлі элементтерін
тұрақтандыру түрі ретінде және оқу
үрдісінің жобасы ретінде қызмет атқарады.
Мазмұндық
компонентті іске асыру білім беру үрдісін жетілдірумен тікелей
байланысты, «Информатика және АКТ» мектеп курсы бойынша
оқушыларға оқыту бағдарламалары мен
оқу-әдістемелік комплектілерді дайындауға
бағытталған.
Білім
берудің дидактикалық шарттары, түрлері,
әдіс-тәсілдері оқушылардың ақпараттық біліктілігін
қалыптастыру моделінің ұйымдастырушылық-әрекеттік
компонентін құрайды.
Ұйымдастырушылық-әрекеттік
компонент оқушылардың ақпараттық біліктілігін
қалыптастырып, дамытудың дидактикалық шарттар
жиынтығымен сипатталады, информатика бойынша оқу-әдістемелік
комплектілермен [2, 3], білім беру бағдарламасының үйірме
секцияларымен және олардың әр қайсысында
біртұтас, ізделінетін, рефлексивті кеңістіктерді
құрумен жүзеге асырады.
Құрастырылған
ақпараттық біліктілікті қалыптастыру моделінің келесі
жүйе жасаушы компонентті нәтижелік-бағалық
болып табылады. Ол барлық басқа компоненттер арасындағы
реттелген байланысты құрады және оқушылардың
ақпараттық біліктілігінің дамуының барлық
кезеңдеріне ұйымдастырушылық ықпал етеді, біздің
жағдайда бәсекелесуге қабілетті тұлғаны дамыту
жағдайы ретінде. Сәйкес теориялық ұсыныстар мен
іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, оқушылардың
ақпараттық біліктілік деңгейін жоғарлату
бәсекелесуге қабілетті тұлғаны дамыту шарты ретінде
керекті нәтиже болып отыр.
Сонымен, бәсекелесуге қабілетті
тұлғаны дамыту шарты ретінде оқушылардың
ақпараттық біліктілігін дамыту моделі бір-бірін
құрастырушы бес компонентпен көрсетіліп отыр, олар: мақсаттық,
мазмұндық, ұйымдастырушы-әрекеттік,
нәтижелік-бағалық. Ақпараттық біліктілікті
қалыптастыруда біздің құрастырған моделіміздің
деңгейінің жоғары болуы өмірде алдыға
қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік
беруімен анықталады деп ойлаймыз; еңбектегі мінезін білдіретін
іс-әрекет жасауға дайындығының сапасы мен
деңгейі; еңбек нарығында үміткерге қойылытын
талаптарға сай келу; әр-түрлі жағдайларды пайда болған
мәселелердің оң шешімін таба білу. Орта мектеп
оқушыларына мұндай мүмкіндікті беру, яғни оларда
жоғары деңгейлі ақпараттық біліктілікті
қалыптастыру, қазіргі заманғы білім беру
жүйесінің басты мақсаты.
Әдебиеттер:
1. Кукушин, В.С. Теория и методика воспитательной работы
/ В.С. Кукушин. – М.-Ростов н /Д, 2004. – бет. 276.
2. Шевчук, Е.В. Информатика. Учебник для 5 классов
12-летних школ (пробный вариант) / Е.В. Шевчук, Н.С. Кольева. – Кокшетау: Изд-во «Келешек-2030», 2007. – 1 19 бет.
3. Шевчук, Е.В.
Информатика. Учебник для 6 классов 12-летних школ (пробный вариант) / Е.В.
Шевчук, Н.С. Кольева. – Кокшетау:
Изд-во «Келешек-2030», 2008. – 145 бет.