Педагогические науки/Современные методы преподавания

 

аға оқытушысы Г.С. Тоқтыбаева

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДІ СЫЗУ ПӘНІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ   ҚОЛДАНУ

 

Қазіргі таңға дейін  жалпы білім беретін мектептерде сол баяғыша сынып жоспарын құру, Білім беруді ақпараттандыру үдерісінде, компьютерді оқу жүйесінде пайдалануы арқылы халыққа білім беру жүйесін реформалаудың негізгі буынының бірі болып саналады. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуде мультимедиалық құралдардың  мүмкіндігін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.

Мультимедиалық құралдарды компьютерлік техникамен сызуды  оқыту үдерісіне пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:

-өзара тығыз байланыстағы материалдарды этаптарға бөлу (қадамдарға). Ал мұғалімнің оқу материалдарын тиянақты талдауды, этап бөліктері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді.

- заттардың сызбасын тұрғызу  кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру, яғни оқушылардың терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады.

- оқушының әрбір жауабына мұқият баға беру және ол  жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға көшу.

- оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.

- оқушылардың этап боынша кеңістіктік графикалық қабілеттерін сезім мүшелері арқылы қабылдау, сенімділігін тексеру, яғни әрбір оқушының мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дәрежесін реттеуді қарастыру.

Оқыту үдерісінде білім беру жүйесінің жаңа бағыттарының бірі - мұғалімнің ақпаратты игеру мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Мультимедиалық құралдарды компьютерлік техникамен сызуды  оқыту үдерісіне пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:

-өзара тығыз байланыстағы материалдарды этаптарға бөлу (қадамдарға). Ал мұғалімнің оқу материалдарын тиянақты талдауды, этап бөліктері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді.

- заттардың сызбасын тұрғызу  кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру, яғни оқушылардың терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады.

- оқушының әрбір жауабына мұқият баға беру және ол  жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға көшу.

- оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.

- оқушылардың этап боынша кеңістіктік графикалық қабілеттерін сезім мүшелері арқылы қабылдау, сенімділігін тексеру, яғни әрбір оқушының мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дәрежесін реттеуді қарастыру.

Заттардың кескінінің жазықтықта орналысуын модельдеу қоршаған ортаны, табиғат пен қоғамда болып жатқан ақпараттық процестерді тану әдісі ретінде ерекше мәнге ие болады. Сондықтан да сызу пәнінде ақпараттық-логикалық модельдеуге ерекше назар аударуға тура келеді. Себебі ол оқушылар меңгеруге тиісті графикалық білім қорын таным тәсілі мен мазмұны тұрғысында қарастырылады. Бұл ақпараттық-логикалық модельдеу (АЛМ) мәселесі, қоршаған шындықты танып-білудің әдістері ретінде оқып-үйренуді қажет етеді.

Оқушыларға қоршаған әлемді тану туралы, ойлау үлгілерін тану әдістерінің даму тарихы туралы, логикалық ойлау элементтері және оны қалыптастыру, компьтерде модельдеу туралы түсініктерді алу мүмкіндігін мультимедиалық көрсетілімдер арқылы қалыптастыруға болады.

Мультимедиалық көрстілімді сызу пәнін оқыту үрдісінде  – оқытудың басты бір әдісі ретінде үлкен назарда ұстап отыр. Графикалық есептерді шешуде, заттардың ақпараттық-логикалық модельдерін әзірше жете зерттелмегендігі байқалады [2].

Егер сызу курсын оқытуды қалыптастыру бұған дейін дәстүрлі қолмен сызуда тек плакаттар, әдебиттермен негізделіп келсе, курсты қазіргі заман технологиялары тұрғысында дамыту үшін оқушыларды мультимедиалық көрсетілімдерді қолдану бойынша оқытуды ұсынамыз. Мультимедиалық  көрсетілімді қолдану  әдістері пән салалары бойынша нақты және жалпы мәліметтерді ұсыну конструкциялық құралы ретінде қарастырылады.

Мектепте сызу пәнін оқыту үрдісінде мультимедиалық құралдарды қолдану негізінде кәсіби оқыту іс-әрекетінің мазмұны оқушының графикалық танымдық және кеңістіктік  іс-әрекетінің бөлінбейтін компоненті, ол мынадай іс-әрекеттің жинағы: заттардың жазықтықта орналасуын анықтау, заттарды таңдау және құрастыру, оқу үдерісін жоспарлауда қойылған мақсатқа жетудің көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау; оқу үдерісінің әрбір кезеңінде модельдердің түрлерін тиімді және жүйелі қолдану; іс-әрекет нәтижелерін түсіндіру және бағалау; жоспарланған және алынған нәтижелерді салыстыру; іс-әрекеттік мақсатқа жетуде жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтап, өзінің іс-әрекетін бағалау; қажет болған жағдайда оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу.

Сызу сабағында мультимедиалық құралдарды қолдану негізінде болашақ оқушылардың кәсібилікке бейімдей оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты - олардың ақпараттық мәдениетін дамыту, мектеп бітірушілердің техникалық даярлығының кәсіби деңгейге жетуін қамтамасыз ету.

Әрине ұсынылған графикалық тапсырмаларды мұғалімнің нұсқауымен қолмен сызып қана қоймай,  автоматтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін ЭЕМ қолданылады. Ол үшін арнайы графикалқы бағдарламалар қазіргі таңда  ЭЕМ бағдарламаларының жиынтығы түрінде іске асыру оның компьютерлік моделі деп аталады.

Ақпараттық модель - бұл  сезімдік және теориялық ойлауға сүйенетін табиғи немесе арнайы тілдердің көмегімен оқып-үйренетін пәнді дәл, нақты сипаттау. Компьютерлік модель - ақпараттық-компьютерлік-ақпараттық модель арқылы ұсынылған пәндер мен құбылыстар туралы нақты білімдерді жалпы анықтау нәтижесі ретінде қарастырылады.

 Зерттеу жұмысының барысында оқушыларды сызу пәніне оқыту үрдісінде мультимедиалық көрсетілімдерді қолдана оқытуда компьютерлік оқыту бағдарламаларының құрылымы анықталды.

Сонымен, сызу сабағында мультимедиалық көрсетілімнің қолданылуын анықтау кезеңінде мына міндеттердің шешімі іздестіріледі:

-     графикалық тапсырманың күрделілігі мақсатын анықтау;

-     нақты карточка тапсырманың тақырыбын таңдау және оны
жүргізуді теориялық тұрғыда негіздеу;

-     теорияда алынған мәселені графикалық сызба жұмыстарын орындауда болжамын тұжырымдау;

-     мультимедиалық көрсетілім арқылы оқушылардың тақырыпты түсінуін қадағалау  барысында жүргізілетін жұмыс қалпын анықтау;

-     оқушылардың бастапқы дайындық деңгейін анықтауға қажетті әдістемелерді таңдау және оның тиімділігін тексеру;

-     оқушылардың дайындық деңгейін жетілдіруге байланысты дидактикалық кешенді мультимедиалық көрсетілім арқылы дайындау;

-     сызбаның толық жетістігін беру нәтижесінде оқушылар дың этап бойынша кеңістіктік графикалық меңгеруде  болған өзгерістерді, дәстүрлі оқыту түрі айырмашылығын анықтау.

-          Қазіргі таңда сызу пәнін оқытуда мұғалімнің оқушыларға түсіндіретін тақырыбының толық меңгерілуінде мультимедиалық көрсетілімнің нақты деңгейін анықтау мақсатында сызу пәні оқулықтарына, оқу-әдістемелік құралдарға, мектепте сызу пәнін  оқыту жүйесіндегі пәндердің бағдарламалары мен оқу, оқу-әдістемелік құралдарына талдау жасай отырып, слайдтық тұрғыда сабқтың бірізділікпен көрсетілуіне негізделеген. Мұғалім сызу пәнінде мультимедиалық көрсетілімді қолдану негізінде оқушылардың ақпараттық-логикалық модельдеу іскерлігін қалыптастыруды жүзеге асыратын теориялық материал мен графикалық сызылу жүйесінің қаншалықты қамтамасыз ете алатындығының жәйін анықтайды. Сонымен бірге, олардың тапсырманы меңгеруде этап бойынша орындалуын қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламаларға сүйене отырып мультимедиа көрсетілімдерін дайындайды.

і [3].

Мұғалім мультимедиалық көрсетілімді дайындау іскерлігін қалыптастыруда  сызу пәнін оқытуда теориялық және әдістемелік негіздеріне оқытудың айқын, мақсатты, жүйелі, бірізділігін  жасау керек;

- оқыту үдерісіндегі қолданылатын сабқты түсіндіруге раналған материалдың нақтылығын және мағыналығын іріктеудің кәсіби педагогикалық сипаты және олардың мулльтимедиалық көрсетілімде қолдануда оқыту үдерісіндегі орнын анықтау;

- қазіргі қолданылып жүрген сызу бойынша оқытылатын грfфикалық бағдарламаларда «модельдеу» және онымен байланысты  ұғымдарын, Компас3D және AutoCAD та сызба жұмыстарын бірізділікпен орындау негіздерін қарастыру;

Қолданылған әдебиеттер:

1 Шишкин Е.В.  Компьтерная графика. – М.: Диалог – Мифи, 2000. – 243 с

2 Потемкин А. Е. Твердотельное моделирование в системе КОМПАС – 3D. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 512 с.,

3 Черчение. Боголюбов С.К. –М:, 1999