Старш.преп. Нурпейсова
Г.Т.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті, Алматы
ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Диалог пен
оның ерекшеліктері туралы алғашқы пікірлер
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтардың
еңбектерінде айтылса, кейінірек М. Балақаев, М. Серғалиев, Б.
Шалабаевтың көркем мәтін мен оның стиліне қатысты
еңбектерде диалогтың бірқатар ерекшеліктері ашыла
түседі.
Ал соңғы жылдары диалог
арнайы зерттеле бастады.
А.Қ.Айтбенбетованың «Ауызекі және көркем шығарма
мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және
стилистикалық сипаттама» (2007) атты зерттеуінде ауызекі сөйлеу
және көркем шығарма мәтініндегі диалогтық
лексикалық, синтаксистік, стилистикалық
ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған,
олар қазақ және орыс тілі материалдарымен салғастырыла,
пайда болу табиғатының, қызметінің негізгі
көрсеткіштері бірдей екендігі көрсетіледі [1].
Ал Г.С. Иманғалиева «Типология
диалога» (на материале казахского и русского языков) (1999) еңбегінде
диалогтарды екі тілдің материалдары негізінде психолингвистикалық,
этнолингвистикалық, әлеуметтік- лингвистикалық факторлар
арқылы салыстыра зерттейді [2].
Автор диалогты
хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үш түрге
бөліп қарастырып, оларды іштей әңгімелесу, хабарласу,
пікіралмасу, сұхбаттасу, түсінісу, мақұлдау,
талқылау, өтіну, қорытындылау т.б. түрлерге жіктейді.
Диалог
феноменінің философиялық астары жанды тілді түсінуде
ғана емес, алдымен өзіне және өзгеге деген қарым
– қатынасын қалыптастыруда жатыр деуге болады.
Демек,
диалогтық тіл - репликалардан тұратын ұдайы қабылдаулар
арқылы әсер ететін тілдік қызметте белсенді рөл
атқаратын сөйлеудің түрі. Олай болса диалогтың
өзіне тән ерекшелігі – екі немесе одан да көп тұлғалардың
сөйлесудегі шұғыл сөз алмасулар болып табылады.
Диалогтық
тілдің негізгі құрылымдық және
мазмұндық компоненттерін құрайтын екі адамның
сөйлесуін әдетте реплика дейміз.
Диалогтық
тілге мазмұндық (сұрақ, жауап, толықтыру,
түсіндіру, пайымдау, тарату, келісу, өарсыласу), тілдік
этикеттің т.б. түрлері және репликалардың
құрылымды байланысына тән.
Репликаларға
қатысты Д.Б.Абдыкаримованың «Типология реплик казахского и русского
диологов» (1999) және Ж.С.Қаңлыбаеваның
«Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі »
(2006) атты еңбектерін атауға болады [3].
20-ғасырдың
орта шетінен бастап, диалог лингвистикалық зерттеулердің ғана
емес, психология, психолингвистика, мәдениеттану, прагматика,
сөйлеу актілерінің теориясы, тіл мәдениеті, лингвостилистика
ғылымдары да тілдік қарым – қатынасты зерттеу барысында
диалогқа жүгінді.
Диалогтық
бірліктің коммуникативтік нүктесін (ядро, ұяшық,
минимум) айқындағанда, ондағы ортақ стимул – репликалар
мен реакциялық репликалардың қолданылуын де ескеру
қажет. Кейбір диалогтар өте ауқымды болуы мүмкін,
бірақ оның негізін екі әңгімелесушінің репликалары
ғана құрайды.
Енді біз осы
уақытқа дейін белгілі болған орыс ғалымдарының
еңбектеріндегі диалогтың түрлерін атап көрейік:
а) Қостау диалогы –
екі сөйлеуші де бір-бірінің пікірімен келісіп, бірін- бірі
толықтырып отырады.
ә) Полемикалық
диалог – сөйлеушінің бірі екіншісінің сөзін
қақпайлап, сөзбен қақтығысып отырады.
б) Нақтылау диалогы
в) Эмоционалды
қарсылық білдіру диалогы
г) Сұрақ –
жауап диалогы
д)
Сұраққа кері реакцияны білдіретін диалог
е) Жауапқа
қарама-қарсы сұрақ бағыттау диалогы
ж)
Сұраққа модальдық әсерді білдіретін диалог.
Әрине диалог
күрделі композициялық-стилистикалық және
мағыналық бірліктен тұрады. Одан басқа
репликалардың өзара қарым-қатынастарына авторлық
комментарийлер, репликаларға қатысты барлық «микроэлементтер»
(стимулдық реплика, сұрақ, шешім, т.б.) кіреді.
Тілдік
коммуникацияның прагматикалық табиғатын ашуда диалотың
мақсатты бағытын қарастыру қажет. Қарым-қатынастың
жоғарыдағылардан басқа мынадай жалпы түрлерін
атауға болады: ақпарат беруші диалог, прескриптивті диалог,
ақиқатты анықтау немесе шешім қабылдау мақсатындағы
ой алмасулар, екі тұлғаның арасындағы қарым –
қатынасты реттеу, эмоционалды, интеллектуалды т.б. Бұлар
күнделікті шынайы сөйлеу барысында көп кезедесе бермейді.
Олар мақсаттарына қарай тура және жанама мағыналарында
қолданылып пікірлесушілердің интенциялық жағдайларын,
коммуникативтік қызығушылықтарын анықтайды.
Жанрлық-стилистикалық
негізіне қарамастан барлық пьесалар (драма, комедия, трагедия,
мелодрама т.б) ең алдымен өнер туындысы болып саналады, ал
бұлардың бәрінде бастан – аяқ диалог өрбіп отырады.
Сондықтанда бұл жерде сахналық диалогтың екі есе
қызметіі көрінеді. Ол сахнадағы диалог пен өмірдегі
диалог. Осы ретте сахналық диалогтың өмірдегі диалогтан
бірнеше айырмашылықтарын көрсетейік:
а) Сахнадағы диалог
белгілі бір уақытты, кезеңді қамтуы тиіс;
ә) Ол автордың
әбден пісіп-жетілген ойларын көрсетеді;
б) Сахнадағы диалог
кинодағы әрекетті дамытып түрлі жолдармен ары қарай
өрбитін келесі диалогтармен жалғасын тауып отыруы тиіс;
в) Сахналық
диалогтың пьесаның қашан жазылғанына қарамастан,
уақытпен, ырғақпен, қарқын ережелерімен
санаспауына болмайды.
Осы кино
мәтініндегі диалогтардың бір қатары «Қанталапай»,
«Жетімдер» фильмдерінде былай көрініс тапқан:.
-
Аттың
деймісің, қайран жазықсыз жануарым – ай!
(Атасы мен баласының бір-бірімен тілдесуі) Қаршыға,
қалайсың?
-
Жақсы.
-
Осында
оқуға тапсырдың ба?
-
Ия.
-
Сенде
осында оқуға тапсырдың ба?
-
Жақсы
болды, бірге оқитын болдық.
-
Ағаларыңның
үйінде шығарсың?
-
Сен
ше?
-
Мен
де.
-
Жүр,
онда паркке барып отырайық.
-
Жүр.
-
Қала
деген сұлу ғой ия, солай емес пе?
-
Мүмкін.
-
Сен
де ағаңның үйіндесің мен де ағамның
үйіндемін.
Бұл –
қостау диалогы. Бірақ екі кейіпкердің әңгімесі
әрі қарай полемикаға ұласады:
-
Шыныңды
айтшы, бір түрлі ыңғайсыз ия?
-
Түк
те ыңғайсыздығы жоқ,
-
Қойшы,
Қаршыға, мен білемін ғой.
-
Біз
сияқты білім іздеп келген жігіттер өз беттерімен өмір
сүруі керек.
-
Мен
пәтер мәселесін ойластырып қойдым, бірге тұрайық
та.
-
Сонда
пәтер жалдап тұрамыз ба?
-
Ия,
бірге пәтер жалдап тұрамыз.
-
Онда
тұрған ештеңе жоқ.
-
Кеттік.
(Қаршыға мен Мелісбектің тілдесуі)
Диалог-таласта
қате әлсіз логикалық сәттің берілуі,
эксперссивтіліктің жоғары деңгейі қамтылады.
Мұнда да монологтық репликалар болмайды, лексика-синтаксистік
паралеллизмдер болуы мүмкін, репликалардың жеке берілуі болмайды,
диалогтың аяқталуы диалог мазмұнымен сәйкес келе бермеуі
де мүмкін.
Әдебиеттер:
1
Айтбенбетова А.Қ. Ауызекі және көркем
шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік
және стилистикалық сипаттама. А.,2007
2
Имангалиева Г.С.Типология диалога (на материале казахского
и русского языков. Алматы, 1999.с. 17б.
3. Абдыкаримова Д.Б. Типология реплик казахского и
русского диологов. А.,1999;
Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап
репликаның қызметі. А.,2006.
Резюме. В статье рассматриваются диалог как синтез сложных
композиционных и смысловых единиц. Определяется виды диалогов.