Ахметова Л. С.

аға оқытушы, тарих магистрі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Қазақстан, Қостанай қ.

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПОЛИНГВИСТТІК КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРНЫ.

Республика тәуелсiздiк алғаннан берi барлық факторлар елімізде тұрып жатқан барлық этностардың және этникалық топтардың ұлттық-мәдени қоғамдық-саяси және әлеуметтiк процестерiн жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғыза бастады.  Мемлекетiмiзде тұрып жатқан барлық этностар мен этностық топтар үшiн тiл мен мәдениеттi дамытуға бiрдей тең жағдайлар туғызуға тиiстi шаралар қабылданып отыр.Бұл мiндеттi өз тiлiнде жалпы бiлiм алу немесе мiндеттi пән ретiнде бiлiм алу арқылы қамтамасыз ету қарастырылған.      

Қазақстан Республикасындағы тiлдiк және этникалық жағдайдың әртүрлiлiгi полимәдени бiлiм берудi ұйымдастыруда нақты қиындықтардың туындауын болжайды.

Этникалық топтар шоғырланған жерлерде 75 (0,9%) - өзбек, 15 (0,1%) - ұйғыр, 3 (0,03%) - тәжiк, 1 (0,01%) - украин тiлдерiнде сабақ беретiн мектептер жұмыс iстейдi.[1.
      Республиканың 126 жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде жеке пән ретiнде 15 тiл оқылады; немiс, поляк, кәрiс, дүнген, татар, түрiк, әзербайжан, күрд, ұйғыр, шешен, грек, армян, иврит, беларус, украин тiлдерi.

76 жалпы бiлiм беретiн мектептерде туған тiлдерi факультатив ретiнде және үйiрмелерде оқытылады: немiс, кәрiс, иврит, татар, поляк, украин, армян, грек, әзербайжан, шешен, беларус, қарашай-черкес, чуваш, болгар, қазақ, орыс тiлдерi.

Елiмiздiң жоғары оқу орындарында 80 астам ұлттардың өкiлдерi оқып жатыр, студенттердiң 60%-ы орыс тiлiнде бiлiм алуда. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық ұлттық университетiнде бiлiм алу ұйғыр, түрiк, әзербайжан, кәрiс, қытай және немiс тiлдерiнде жүргiзiледi.[2]

Азаматтарды туған тiлiн оқуға құқығын қамтамасыз етудiң мiндеттерi ұлттық-мәдени бiрлестiктердi тарту мен мемлекеттiк тiлдер саясатын жүзеге асыру арқылы жүргiзiледi.

Ұлттық-мәдени бiрлестiктер елiмiздiң барлық аумақтарында жексенбiлiк   көпмәдениеттi қоғам құру және оның тұрақтылығын сақтап қалу мәселесi бiздiң мемлекетiмiздiң бiрден-бiр басымдылық мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Ол,әрине дұрыс.Дегеменде,мемлекеттік тіл-қазақ тілі екенің естең шығармаған дұрыс.

Қазіргі уақытта ең алдымен, тілге оралатын проблема,болашақ кадрларды қазақ тілінде сапалы дайындау.  Бірақ,бәрімізге мәлім білім кадрлары әлде де басым көпшілігінде орыс тілінде дайындалуда.

Мұңы біздің шенуініктердің білім саясатындағы жіберіп отырған үлкен қателігі,тіпті саяси соқырлығы деу керек.Себебі,олар қазақ тілін өркендету үшін жасалып жатқан шаралардың барлығын жоққа шығарып,қазына қаржысына мектептерде,жоғары оқу орындарында Ресейдің болашақ азаматтарын оқытып әлек болып жатыр.Осылай демеске амал жоқ.Әлде бұлардың біріңғай орысша білім алып шығұына мемлекет мүдделі ме?Өзіміздің ұлттық мүдде қайда қалады сонда?

Қазақстанның көп бастамасына көршілердің күлетіні осыдан.Тіпті экономикалық жетістігімізді жиі салыстыра қарайтын өзбектердің өзі «орыс болғын келсе,алдымен,қазақ бол»деп бізді мазақ қылады.

Университеттердегі оқу әдісі де әлі қазақ және орыс топтарын екіге бөліп оқытқан Кеңес кезіңен келе жатқан ескі жүйемен жұмыс істейді.Егер үкіметтің қазақ тіліне қатысты айтқан уәделері шын болса,қазірден бастап болашақ кадрларды неге тек қазақ тілінде тәрбиелеуді қолға алмасқа?Олардың орыс тілінде оқытып шығарудың және оған мемлекеттің есебінен көп ақша бөліп шығынданудың мақсаты мен мәнісін түсіне алмадық.Еуропа елдерінің логикасына салсақ,олар мұңдайды мемлекеттің қаржысын текке шашу,тіпті мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіретін,ақылға сыймайтын абсурд деп бағалар еді Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы-мемлекеттік гранттарды тек қана қазақ бөліміне түсетіндерге беру болып табылады еді. Білім саласындағы бассыздық осылай жалғаса берсе,2020 жылға қарай өз тілін білмейтін,ұлтының уызына жармаған шала қазақтардың саны тағы бір толқыны шығатынына күмәнініз болмасын.

Мемлекеттік тіл,ең алдымен,қалада қалыптасады. Өйткені,ол заман ағымына қарай бейімделіп,технология мен ғылым жаңалықтарына ілесе отырып дамуы тиіс.Ал техника тіліне айналамаған тіл бұқараның қатынас құралы болудан қалады.

Бұл тағы да тіл саясатында байқалады.Үштұғырлы тіл саясатын сылтауратып,мемлекеттік тілді менсінбеушілік жиі кездеседі.Екі тілді адамның екі жүрегі,екі миы бар деп кезіңде А.Луначарский айтқандай,көп тіл білген адамның дүниені қабылдауы,ойлау қабілеті,интеллектуалдық деңгейі жоғары келеді.Бірақ,қай тілді де қажеттілігіне орай меңгеру керек.Орынды-орынсыз ағылшын тілін тықпалау,мемлекеттік тілді шеттеткені өз алдына,біраз шығындарға ұрындырады.Еуропаның ортасындағы Словакадияда жоғары оқу орындарын бітірушілердің  2% ғана көрші елдердің жұмыс табады екен.Онтүстік Кореяда ағылшын тілін меңгеріп,шетел компанияларында,елшіліктерде,шетелге шығып жасайтындар халықтың4,5%құрайды.[3]

Осындай шетелдік тәжірибеге сүйене отырып,біздің мемлекетіміз өз болашағының өркендеуін ойласа,ең алдымен кадрларды дайындағанда ,оның қазақ тілді болуына күш-жігерің жұмсауы керек.Әйтпесе,жақын болашақта қазақ тілі қайтадан кеңес дәуіріндегі жағдайына қайта түсуі әбден мүмкін.Және оның орны зияткерлік сала емес,тұрмыстық салада пайдаланатын тіл ғана болып қалуы әбден ықтимал.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1.Нәрібаев К.Білім берудің ұлттық моделі.//Жалын, 2008,№7,23б.

  2.Ынтықбаева С. Сапалы білім-болашақ табыстың кепілі.//Экономика негіздері мектепте,2010,№1,16б.

3.Әлемдік білім:талап пен тағылым//Егемен Қазақстан-2009,13 сәуір.