Филологические науки/ 7.Язык, речь, речевая коммуникация
Көшімова Б.Ә. филол.ғ.к.
Ш.Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті,
Қазақстан
Маңғыстау
өңірі топонимиясындағы славян тілінен енген атаулар
Маңғыстау топонимиясы ана тіліміздегі атаулармен қатар кірме атаулар
арқылы да қалыптасқан. Маңғыстауда топонимиясында
араб-парсы, моңғол,
славян тілдерінен енген
топонимдер көптеп кездеседі.
Славян тілінен енген атаулардың
негізін орыс тілінен енген атаулар (1,55%) құрайды.
«Қазақ жеріндегі ең жас әрі соңғы
қабаттарындағы топонимиялық жер атауларына орыс тілінен енген
атаулар тобы жатады. Қазақстан мен Ресей арасындағы
әрқилы қарым-қатынас басталысымен-ақ географиялық
жаңаша жер атаулары да біртіндеп пайда болып, жыл өткен сайын
молыға түскен құбылысты аңғартады.
Қазақ жеріндегі бұрын-соңды бөгде тілден енген
топонимикалық атаулар тарихында дәл осы кезеңдегідей жер
атауларының жылдам өзгеріп отыруының ерен құбылысы
орын алған емес-ті» [1,71]. «Қазақ даласындағы орыс
тілінен енген топонимиялық жер атауларының қалыптасуын елеулі
түрдегі екі кезеңге бөле қарауға болды: бірінші
кезеңге, яғни патшалы Ресей дәуірінде еріксіз күшпен
таңылған отаршылдық мазмұндағы топонимикалық
атаулар тобы жатады» [1,71]. Екінші кезең Қазан
төңкерісінен кейінгі таптық принцип негізінде пайда
болған, социалистік қоғамға тән
идеологиялық мазмұндағы атауларды құрайды.
Орыс атауларының
Маңғыстауда қалыптасуы, негізінен 1731 жылы Кіші жүзді
Ресей өзінің қол астына алған кезеңнен
басталғанымен, Ресей мұның алдында бірнеше қамалдарын
салып үлгергенді.
«Ресей әуел бастан Шығыс
елдерімен сауда байланыстарын орнатуға тырысты. Тіпті Петр Хиуа,
Бұхара, Парсы арқылы Үндістанға жол тауып, Амударияны
Каспий теңізімен біріктіріп, Ресейдің Парсы мен Солтүстік
Кавказға ықпалын таратып, сауда үшін маңызды Каспий
теңізінің шығыс жағалауын әскери бекіністермен
қамтып алғысы келді [2, 21-22]. Патша осындай мақсатта 1716
жылы Түпқараған шығанағынан «Светой Петр» және Александр-бай қамалдарын салдыртады
және біреуі Красноводскі шығанағында болады. Александр-бай
шығанағы 1959 жылы «Светой
Петр» атауы экспедицияның Маңғышлаққа
жүзіп келген флагман кемесінің аты болса, Александр-бай А.Б.Черкасскиийдің атына берілген.
«Бірақ бұл қамалдарда ауыз суының тапшылығынан,
аурудан және т.б. себептерден 500-ден астам солдат пен офицер
өледі. Ақыры Черкасскийдің Хиуаға сапары сәтсіз
аяқталған соң орыс өкіметі Каспийге салынған
үш қамалын өз қолдарымен талқандап, әскерін
кейін алып кетуге мәжбүр болады» [3, 9-10]. Бірақ Каспий
теңізі арқылы Орта Азиямен сауда-саттық байланысын
жолға қоюды ойлаған патша үкіметі
Манғышлақтан 1834 жылы Ново-Александровск
қамалын салады. «Алайда күннен күнге тайыздап бара
жатқан Каспий теңізінің жағасындағы бұл
қамалдың болашағы жоқ болып шығады» [3,14].
«1846 жылы Бас штаб полковнигі
М.М.Иваниннің бастауымен Новопетровск
қамалының іргесі көтерілді. Қамал ресми түрде Форт деп аталды. Форт (француз сөзі) – бекініс қоршауы алдындағы ашық,
яғни далалық немесе жабық ұзақ мерзімге
лайықталған ірі әскери құрылыс [3,15]. Новопетровск аталған бұл
қамал араға он жыл салып, Александр II патша құрметіне
Форт-Александровск болып өзгерген» [3, 257].
1846 жылы Орынбордан бір топ казак-орыс
көшіріліп әкелініп, теңізге сұғына еніп
жатқан құмды мүйіс-көсе үстіне
қоныстандырылды. Жалпы «1846 -
1858 жылдар аралығында Маңғышлаққа 49 отбасы
қоныс аударған» [2,45]. Ол жер орыс слободасы деп, соңынан 1884
жылы Николаевская станицасы деп
аталады. Міне осылайша, «отарланған жаңа жерлерге ә
дегеннен-ақ Романовтар дистанциясындағы патшалар мен ұлы
кінәздардың, отарлау ісінен тікелей араласқан әскери
қолбасшылардың, патшашыл қайраткерлердің есімдерін
қою тәсілі басым жатты» [1,72]. Сонымен қатар бірінші кезеңге Долгий, Керел аралдарын
жатқызуға болады. Кирил
(Керел) осы жерге алғаш балық кәсіпшілігімен
айналысқан адамның аты. Бұл аралдар қазір де Жақсы Керел, жаман Керел аталады.
Қазан төңкерісінен
кейінгі таптық принцип негізінде пайда болған, социалистік
қоғамға тән идеологиялық мазмұндағы
атауларды бірнеше топқа бөлеміз:
1)
партия, қоғам қайраткерлерінің атымен аталған
топонимдер (колхоз, совхоз атаулары): Сталин,
Киров, Ленин, Мирзоян, Кагонович, Баутин, Фетисов, Куйбышев, Голощекин, Калинин, Тельман,
Ворошилов,Чапаев, Ильич т.б.
2)
Кеңестік өмір салты мен коммунистік идеология әсері
нәтижесінде қалыптасқан атаулар: Комсомол, Октябрь, Октябрск, Интернационал, 1Май, Путь к коммунизму,
Правда т.б.
3)
Жер бедеріне, қасиетіне, түрлі ерекшеліктеріне байланысты
қалыптасқан атаулар: Каменистый,
Каменный, Придорожный, Песчаный, Ракушечный, Меловой, Прохлада, Скалистый т.б.
Жоғарыда көрсетілген
колхоз-совхоз атаулары қазіргі қоғамда болған
өзгерістерге байланысты қолданыстан шығып қалған
немесе өзінің тарихи атауларымен қауышқан.
Форт-Шевченко қаласының
аты украин халқының ұлы ақыны, суретші
Т.Г.Шевченконың құрметіне қойылған. «Т.Г.Шевченко
«Кирилл – Мефодий» қоғамына қатысқаны үшін он
жылға (1847-57) айдалып, Қазақстанға жер
аударылған. 1857 жылы Маңғыстауға, Ново-Петровск
(қазіргі Форт-Шевченко) бекінісіне жіберіледі. Сегіз жыл табандай
Маңғыстауда болады.
Ново-Петровскіде өзінің көптеген повестері мен
суреттерін салады. 1939 жылы «Форт-Александровск» қаласына Т.Г.Шевченконың
атын беріліп, қала
«Форт-Шевченко» қаласы болып өзгерді» [4,606]. 1964 жылы
Ақтау қаласының атына Шевченко есімі берілген, 1991 жылы ҚҚСР
Кеңесі Президумының №851-XII қаулысымен өз тарихи
атауына ие болды.
Орыс тілі арқылы енген бірнеше
интернационалдық сөздерден қалыптасқан гибрид атаулар
да кездеседі: Оазис, Қосай фонтан,
Сарытас пристаны, Оразалы трубчатка, Шипрлы т.б.
Өлкенің шалғай
орналасуынан не орыс және басқа ұлт өкілдерінің
аз қоныстанғандығынан болар (олар тек қалаларда
ғана шоғырланған) облыстың жер-су, елді мекен атаулары,
еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда,
өзінің тарихи қалпын біршама сақтап қалған.
Әдебиеттер:
1.
Мырзахметов Б. Қазақ қалай орыстандырылды? – Алматы:
Атамұра – Қазақстан, 1993, -128 б.
2.
Турсынова М.С. Казахи Мангышлака во второй половине XIX века. - Алма-Ата,
1977, -184 с.
3.
Спанов Ә., Нұрмаханова Ж. Қарашаңырақ. –
Алматы, 1996, -271 б.
4.
Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы, 2008, - 632 б.