«ЖАСӨРКЕН» ОҚУ-ӨҢДІРІСТІК
КЕШЕНІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖӘНЕ
ӨҢІРІНДЕГІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ БИОТОП БОЙЫНША ТАЛДАУЫ
Қарабаева А.А., Мурсатова
А.Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Әбдіғапарова Ж. , Сабуров Х., Био-212-3,5 тобының студенттері.
Биотоп
– Жер бетінің (құрлықтың не
суқойманың) биоценоз мекендейтін орта жағдайлары біртектес
өңірі (телімі).
«Жасөркен»
оқу-өндірістік кешенінің
өсімдіктерін зерттеу үшін олар әр түрлі
биотоптардан (дала, шалғын, су және су жағалауы, егістік)
жиналған.
Жұмыс
барысында зерттеліп жатқан тұқымдас
өсімдіктерінің ішінде ең көп алуан түрлілікке 140
түрді (50%) құрайтын шалғындық биотопқа ие.
Оны осы өсімдіктердің көбісі жарық сүйгіш
және жылу сүйгіштігімен, сондай-ақ басым ашық
кеңістіктерде таралғандығымен түсіндіруге болады. 117
түрі (42%) орман және орман жағалауларында өседі.
Орташа саны 99 түрі (35%) – су және су жағалауында
өседі. Ондай көл түрлерінің алуан
түрлілігінің мардымсыздығы берілген тұқымдас
өсімдіктерінің әртүрлі ксероморфты қасиеттерге ие
және басым ылғал тапшылық мекен ету орталарында
таралғандығымен түсіндірілуі мүмкін.
Дала
аймақтарында 77 түрі (27,4%) өседі. Ал ең аз егістік
жерлерінде 39 түрi (14%) өседі. Анықталған
биотоптарға өсімдік түрлерінің орайластырылуын
көрнекілі үшін диаграмма құрылды (1 сурет).
Диаграммада
ең көп өсімдіктер кездесетін биотоптарға
шалғындық және орман мен орман алқабы жататыны
анық көрінеді. Ал ең аз биотоптарға егістік жерлер
жатады. Себебі оларда адам әртүрлі агротехникалық шараларды
жүргізеді.
1 сурет «Жасөркен» оқу-өңдірістік кешенінің
аумағы мен өңіріндегі өсімдіктердің биотоп
бойынша таралуы
Жұмыс барысында биотоптарда
ең ірі тұқымдастар қарастырылды. Биотоптарда ең
көп ірі тұқымдастар шалғында – 7 тұқымдас, су және су жағалауында – 5 тұқымдастан кездеседі.
Дала және егістік желерде – 3 ірі тұқымдастың
өкілдері кездеседі.
Биотоптарда таралуы бойынша
жетекші және көп таралған тұқымдастарға
келесі тұқымдастар жатады. Күрделігүлділер
(Asteraceae) тұқымдасының
өкілдері ең көп мөлшерде егістік жерлерден басқа
барлық биотоптарда кездеседі: дала аймағында – 19 түр
(26,7%), шалғындық жерлерде – 24 түр (17,1%), су және
су жағалауында – 13 түр (13,1%).
Келесі Бұршақ тұқымдасы (Fabaceae) Күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасындай
көп мөлшерде егістік жерлерден басқа барлық биотоптарда
кездеседі: дала аймағында – 15 түр (21,1%), шалғындық
жерлерде – 17 түр (12,4%), су және су жағалауында – 10
түр (10,1%).
Раушангүлділер тұқымдасы (Rosaceae) өкілдері көп
мөлшерде тек қана шалғындықта – 10 түр (7,1%), су
және су жағалауында – 8 түр (8%) кездеседі. Дала биотобында
аз алуантүрлігінде (3 түр) кездеседі. Егістіктерде мүлдем кездеспейді.
Астық тұқымдасының (Poaceae) өкілдері барлық биотоптарда кездеседі.
Бірақ көп түр мөлшерінде шалғындық жерлерде
– 14 түр (10%), егістік жерлерде – 7 түр (17,9%) және
дала жерлерде
– 5 түр (7%) кездеседі.
Айлаулықтар тұқымдасының (Boraginaceae) өкілдері
барлық биотоптарда кездеседі. Көп түр мөлшерінде тек
қана дала биотобында кездеседі – 6 түр (8,4%).
Жұмыстың келесі
кезеңі тіршілік формаларды зерттеу. Өсімдіктің
тіршілік формасы жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу
нәтижесінде пайда болды.
«Жасөркен» оқу-өңдірістік
кешенінің аумағы мен өңіріндегі
өсімдіктердің тіршілік формалар бойынша қатынасын ең
үлкен бөлігін шөптесін өсімдіктер алып жатыр – 248
түр (88%), келесі ағаштар – 17 түр (6%) және
өсімдіктер флорасының аз бөлігін бұталар – 11 түр
(4%) мен жартылай бұталар – 5 түр (2%). Зерттелген
тұқымдастардың арасынан төмен бұталы
өсімдіктер кездескен жоқ (2 сурет).
2 сурет «Жасөркен» оқу-өңдірістік
кешенінің аумағы мен өңіріндегі
өсімдіктердің тіршілік формалар бойынша қатынасы
«Жасөркен» оқу-өңдірістік кешенінің
аумағы мен өңіріндегі өсімдіктердің өмір
ұзықтығы бойынша біржылдық, екіжылдық және
көпжылдық өсімдіктер анықталды.
Өсімдіктер форасының алуантүрлілігімен
көпжылдық – 219 түр (78%)
өсімдіктер басым бөлігін алады. Келесі екіжылдық – 25 түр (13%)
және біржылдық өсімдіктер – 37 түр (9%) аз бөлігін алады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1)
Крестников А.Д. Декоративные многолетники. – М.: Россельхозиздат, 1987. – 62 с.
2)
Вальтер Г. Общая геоботаника. – М.: Мир, 1982. – 261 с.
3)
Федорук А. Т. Ботаническая
география. – М.: БГУ,
1976. – 224 с.
4)
Быков Б.А. Введение в фитоценологию. Алма-Ата: Наука, 1970. – 234 -237 с.
5)
Әметов Ә.Ә., Ботаника.
Оқулық. - Алматы: Дәуір, 2005. – 512 б.
6)
Агелеуов Е.А., Агитова К.А., Дөненбаева К.Д.
Ботаника. Оқулық. Алматы: Дәуір, 1991. – 285 б.
7)
Нысанбаев Ә. «Қазақстан».
Ұлттық энциклопедия – Алматы: Қазақ
энциклопедиясы,1998. Т1.
8)
Роботнов Т.А. Фитоценология: Учебник. – М.: Изд-во МГУ,
1978. -384 с.