Нурбосынова Жанар Нурболовна

г. Актау КГУТиИ им. Ш.Есенова, Институт экономики и право

 

Логистикалық жүйедегі ақтау портының даму тенденциясын талдау

 

Ақтау көлік торабының дамуы – көлік құралдарының тиімді өңделуі мен рационалдық көліктік-экономикалық байланыстардың қалыптасуының объективті және қажетті шарты. Бұл дамудың бағыты жекелеген көлік түрлерімен жүк тасымалдаудың технологиялық процестерінің ерекшеліктерімен және көлік кәсіпорындарының клиентермен қарым-қатынастары қажеттіліктерімен байланысты.  

Ақтау көлік торабы - өндіріс қорларының құрылымы бойынша күрделі,  көпжақты көлік кәсіпорындарының кешені. Ол мұнай-газ және басқа да өндірістік кешендер аймағында әртүрлі көлік түрлерінің өзара қатынастарының тоғысуында қалыптасады.  Көлік торабының қызмет атқаруы Қазақстан территориясы арқылы өтетін транзиттік жүктер ағымын, Қазақстанның және басқа мемлекеттердің арасындағы экспорттық-импорттық тауар айналымын көрсететін жұмыстар көлемінің қатынасы арқылы анықталады. 

Жүк ағымдарының біркелкі еместігі бірқатар теңіз көлігіне қатысты сыртқы  факторларға байланысты болғандықтан, мекемеаралық қатынастарды реттеудің шаруашылық механизмі көлік торабында тоғысатын көлік түрлерінің өзара қарым-қатынастарын барынша айқын анықтауы қажет. Тек қана осы жағдайда экономикалық шығындар мен эффект қолданып отырған ресурстарға пропорционалды бөлінетін болады.

Көлік торабына кіретін аралас көлік түрлерінің кәсіпорындарының дамуының кешенділігі мен теңдестірілуінің толық еместігінің бірқатар себептері мен шарттары бар. Факторларды үш  топқа бөлуге болады, олар:тарихи, экономикалық және ұйымдастыру сипатты факторлар. 

Теңіз және теміржол көліктерінің өзара қарм-қатынасы талаптарына сай, Ақтау көлік торабының теміржол щаруашылығының болашағында Достық-Бейнеу-Ақтау Трансқазақстандық теміржол магистралының құрылысы қарастырылған. Мұның нәтижесінде порт маңындағы станциялар қуатын күшейтуге, олардың техникалық қайта құрылуына территорияларды резервке алып қалу қажет.

Қазіргі заманға сай жағдайларда экономикалық субъектілердің бәсеке қабілеттілігінің жоғары жәрежесін Қазақстанның көлік жүйесінде Ақтау портының дамуы бойынша мақсатты шаралар жүргізбей қамтамасыз ету мүмкін емес.

Ақтау порты 1963 жылы  Маңғыстау аймағының мұнай кен орындары мен уран өнеркәсібінің дамуын қолдау мақсатында құрылды. Соңынан порт БН-350 атом электростанциясының, химия саласының зауыттарының және тікелей Ақтау  қаласының құрылысында елеулі роль атқарды.

 Төменде көлік дәліздері көрсетілген:

Сурет 1. ТРАСЕКА бойынша ақпарат

         ТРАСЕКА жобасы - Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізін дамыту жөніндегі мемлекет аралық бағдарлама. Қазақстан жобаға 1993 жылдан бастап қатысып келеді. Жобаның мақсаты Кавказ бен Каспий теңізі арқылы Орталық Азияға және әрі қарай Қытайға, Еуропадан Батыс-Шығыс көлік дәлізін жасау және дамыту болып табылады.

        ТАСИС-ТРАСЕКА Еуропалық комиссиясының бағдарламасына қатысушы елдерге (Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Болгария Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Моңғолия,Румыния, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина) арналған маңызды міндет дүниежүзілік қауымдастық пен алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдар (ЭСКАТО БҰҰ және ЕКМТ) ресми түрде мойындаған, Еуропа мен Азия арасындағы табиғи транзиттік көпір ретінде «ТРАСЕКА» халықаралық көлік дәлізінің көлік желілерін дамыту арқылы өзінің геосаяси және экономикалық мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыру міндеті болып табылады.

         Бүгінгі күні Азия мен Еуропа арасындағы тауар айналымы жылына 2 трлн. АҚШ долларынан асып түседі, мұнда көлік шығындарының үлесі 200 млрд. долларды құрайды.

          Ақтау порты Азия елдеріне бағытталған Қазақстандық бағыт желісінің бірінші тобы болып табылады. Жүк ағымының болжалды номенклатурасы: контейнерлер, халық тұтынатын тауарлар, машина жасау өнімдері, құрал-жабдықтар, мақта. Паром кешені пайдалануға берілген соң «Дағыстан» класты арнайы паромдарға теміржол вагондарын кіргізу, шығаруға және бір рейспен 28 теміржол вагондарын тасымалдауға мүмкіндік туды. Паром кешенінің жұмысы басталғаннан бері ТРАСЕКА көлік дәлізінің шеңберінде ауыстырылып тиелетін жүктердің көлемі бірден өсе бастады. ТРАСЕКА шеңберінде Әзірбайжан мен Грузияның теміржолдары, Қара теңіздегі Грузияның Поти, Батуми порттары іске қосылды.

   

Ақтау теңіз порты ішкі порт болды. Ол арқылы жүргізілген тасымалдардың көп бөлігін мұнай тасымалы құрады, 80-ші жылдардың басында мұнай тасымалының көлемі жылына 7 млн-ға жуық тонна құрайтын. Құрғақ жүктер тасымалы  жылына 300 мың тоннадан аспайтын, негізінен жергілікті маңызға ие жүктерден (тұз, ұлутас, көмір) құралатын.

Ақтау порты арқылы халықаралық тасымалдар дамуы, басқа каспий жағалауы мемлекеттерінің порт және шектес көлік инфрақұрымымен,  каспий бассейнін басқа дүниежүзілік бассейндермен байланыстырушы су көлік жолдарының дамуымен тікелей байланысты. Иран бағыты Ақтау-Баку-Ноушахр паром желісімен, порттардың салыстырмалы дамығандығымен, Иранның ТМД елдерміен дамыған халықаралық саудасымен сипатталады. Сонымен қатар басты жүктерді қабылдауға бағытталған порт инфрақұрылымының, келіп тұрған теміржолдың жоқтығымен басты бірқатар мәселелер бар;

 

Подпись: Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы теңіз тасымалының бағыттары
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 Сурет 2.– Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы теңіз тасымалының бағыттары

         Ресей бағыты Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың дамуы, ресейлік транзиттік потенциалды пайдалану, жолаушы тасымалының дамуы болашағымен, мұнай тасымалдау бойынша бар қарым-қатынастармен сипатталады. Порт инфрақұрылымдарын дамыту  бойынша Каспий-Азов бассейніндегі ресейлік порттардың даму бағдарламасын атап айта кеткен жөн.

Ақтау теңіз порты арқылы негізгі мұнай жіберушілер болып «ТенгизШевройл» компаниясы мен «МаңғыстауМұнайГаз»АҚ табылады. Тексако, Қаражанбасмұнай компанияларының мұнай өндіру көлемі елеусіз. Ақтау порты арқылы мұнай тасымалдау көлемі өндіріс қуаты мен «Қазтрансойл» АҚ жоспарлап отырған  аталған бағытта экспорттау көлеміне, мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндіру көлеміне, құбыр желісі тасымалы квоталарына, Иранға экспорттық мұнай тасымалы қаралған SWAP жобасын жүзеге асыруға тікелей байланысты. 2006ж. Порттың негізгі мақсаты КТК жобасын жүзенге асырылуына және Тенгиз кен орнынан мұнай тасымалдау көлемінің төмендеуіне байланысты, SWAP жобасының жүзеге асырылуы мен Құмкөл мұнайын Ақтау порты арқылы тасымалдау тәжірибесін ескере отырып, «Қазтрансойл» АҚ –мен  басқа кен орындарынан мұнай тасымалын тарту сұрағы бойынша келіссөздер жүргізу болып табылады.

 

Сурет 3. «Бозашы» мұнайының тасымалының маршруттары

«Маңғыстаумұнайгаз» мұнай компаниясы географиялық факторларға, өндіру көлемінің өсуіне, өткізу нарықтарының болшағына және Бозашы мұнайының мейлінше арзан әдісі болуына байланысты мұнай тасымалдау бойынша негізгі клиент болып табылады. Бүгінгі күні «Бозашы» мұнайының тасымалының жоғарыда көрсетілгендей төрт маршруты бар:

·       кен орнынан шекарадағы соңғы пунктке дейін құбыр желісі арқылы тасымалдау. «Маңғыстаумұнайгаз» квотасы 4,5 млн т. құрайды;

·        аралас әдіспен тасымалдау: құбыр желісі теңізтеміржол

·       аралас әдіспен тасымалдау: құбыр желісі теңізтеміржол (Қаламқас – Ақтау – Махачкала - Новороссийск);

·       аралас әдіспен тасымалдау: құбыр желісі – теңіз көілігі (Қаламқас – Ақтау – Қара және Жерорта теңіздерінің порттары).

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1        Исследование проблемы увеличение торговых потоков и разработка организационно-правовой системы освоения мультимодальных перевозок  по международным транспортным коридорам РК. – Алматы.: НИИ ТК,2000.

2        Финансовая отчетность РГП «АММТП». – Актау, 2010