Экономика /
13.Региональная экономика.
Оспанова А.Н. доктор Ph.D,
Аймақтану
кафедрасының магистранты Джиргалбаева Д.
Ғылыми жетекші: ЕҰУ
профессоры Сыздықов С.М.
Шанхай
ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық
ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде
Қазақстан
өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері іс
жүзінде барлық халықаралық және
аймақтық деңгейдегі әртүлі ұйымдарға
мүше болды. Бұл жағдай оның сыртқы
саясатындағы көпвекторлы бағытты ұстанатындығымен
түсіндіруге болады. Ал Қазақстанның алдымен Шанхай
бестігінің, кейіннен Шанхай ынтымақтастық
ұйымының аясында қызмет етуі оның Еуразиялық
кеңістіктегі өркениеттер мен мемлекеттер арасындағы диалогты
қамтамасыз етудегі, сондай ақ құрлықтағы
жаңа қауіпсіздік жүйесі мен тұрақтылықты
қалыптастырудағы аса зор ұмтылыстарымен түсіндіруге
болады. Қазақстандағы мұндай ұмтылыстары
жаһандану процесінің шапшаң дамуымен, сонымен бірге
интеграция үрдістерінің жиелеуімен де тығыз байланысты [1].
ШЫҰ-ның
құрамындағы қалған бес елдің төртеуі
Қазақстанмен дәстүрлі байланыстары бар.
Қазақстанды Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және
Қырғызстанмен патшалы Ресейдің отаршылдығы, Кеңес
одағы және де орыс тілі, басқа да тарихи психологиялық
факторлар байланыстырып отыр. Ал, халқы 1,5 млрд-тан асатын
экономикалық дамуы өте шапшаң Қытаймен жан жақты
байланыстарға түсу - жаһандану кезеңінің
талаптарының бірі. Қазіргі кезеңде, әлемде ешбір
мемлекет саяси экономикалық жағынан жеке дара дамуы мүмкін
емес, өзінің ұлттық қауіпсіздігін өзі
ғана қамтамасыз етуі де екіталай. АҚШ, Франция,
Ұлыбритания, Германия секілді әлемнің ең қуатты
державалары да аймақтық және ғаламдық масштабта
саяси, әскери, экономикалық интеграцияны дамытуға аса
мүдделі болып отыр.
Жоғарыда айтылған
факторларды ескере отырып, бір жағынан ШЫҰ ның қызметін
тек фикция ретінде қарастыруға болады. Бірақ, екінші
жағынан көптеген отандық мамандар
Қазақстанның ШЫҰ-ның қызметіне қатысуын
ұлттық мүдделерге толық жауап береді деген пікірді
ұстанады [2].
Қазақстанның
ШЫҰ-ның қызметіне қатысуының позитивтілігін
бірнеше фактор негізінде дәлелдеуге болады.
Біріншіден, Қазақстанның
Ресей мен Қытай арасында геосаяси орналасуы оның ұлттық
қауіпсіздігі үшін және мемлекеттік шекара мәселесі
шешуде өте тиімді. Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қытай
мемлекеттік шекараларының анықталуы аймақтағы
қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатудағы
маңызды қадам болды.
Екіншіден, діни экстремизммен,
лаңкестікпен күрес мәселесін ескеру Орталық Азия елдері
үшін маңызды. Өйткені, Ауғаныстандағы саяси
дағдарыс пен тұрақсыздық, Орталық Азия
елдеріндегі радикалды діни қозғалыстардың,
ұйымдардың қызметінің шапшаң артуы
Қазақстанның қауіпсіздігіне зор нұқсан
келтіруде.
Осыған
орай, ШЫҰ-ның шеңберінде ынтымақтастықты дамыту
және нығайту өте пайдалы болады. Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан үшін
ШЫҰ-на қатысу аймақтық қауіп қатерлерге
қарсы күресуде Ресей мен Қытайдың ресурстарын
тартуға зор мүмкіндіктер тудырады. Терроризм және
экстремизммен күресу стратегиясы Орталық Азия елдері
арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге немесе
бәсеңдетуге ықпалын тигізуі әбден мүмкін.
Үшіншіден, Қазақстанның
ШЫҰ-на қатысуы оған Орталық Азияда мүдделері
тоғысқан Ресей мен Қытай арасында саяси тепе-теңдікті
орнатуға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар саяси экономикалық
мүмкіндіктері жағынан әлсіз Орталық Азия елдері
қуатты державалармен ынтымақтастыққа түсу
олардың әлемдегі беделі мен позициясын нығайта түседі.
Өйткені Ресей мен Қытай БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады.
Төртіншіден, ШЫҰ-на қатысу
әлеуметтік экономикалық жағынан көпжақты
ынтымақтастық орта мерзімдік жетістіктерге қол жеткізуге жол
ашады. Қытайдың қуатты экономикалық потенциалы мен
инвестиция құю мүмкіндіктері өзге аймақтық
бірлестіктермен ынтымақтастыққа түскеннен гөрі
ШЫҰ- на қатысуға жол ашады. Орталық Азияның жас
тәуелсіз елдерінің экономикасы үшін Қытайдың
экономикалық реформалары баға жетпес үлгі болады [3].
Салық
жүйесінің жұмсақтығы мен жеңілдігі,
ашық экономикалық аймақтардың құрылуы,
парақорлықты қатаң әдістермен алдын алу елге мол
инвестицияның құюлуына серпіліс береді. Қытайдағы
реформалардың ғаламат жетістіктері мен экономиканың
қарқынды дамуы Қытайдың орасан зор күшті
екендігін көрсетеді. Әлемдегі экономикалық дамуы
жағынан ең озық елмен ынтымақтасу
Қазақстанның экономикалық жағынан өркендеуіне
алып келетіндігі сөзсіз. Бұл мәселе өте перспективті
болып табылады. Себебі Қытай өзінің орта мерзімді стратегиясы
ретінде елдің орталық және батыс өңірлерін
дамытуды таңдады. Осы бағытта бүгіннің өзінде
өте қомақты табыстарға қол жеткізді.
Қытайдың
батыс өңірлерді аса шапшаңдықпен игеру оның
Орталық Азиядағы саяси экономикалық позициясының
нығая түсуіне зор мүмкіндік береді.
Ұйымға
мүше Қазақстан және Орталық Азия елдері
үшін транспорттық коммуникациялар сферасында
ынтымақтастықты дамыту да өте тиімді. АСЕАН мен Еуропаны
байланыстырып тұратын әуе, темір, тас, өзен жолдарын салу,
Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына зор мүмкіндіктер
береді. Әйгілі Жібек жолының орнына
трансқұрлықтық коммуникацияларды құру,
Қазақстан мен аймақтың өзге елдерінің
энергетикалық ресурстары мен шикізаттарын игеруге аса ұмтылыс жасап
отырған Қытай үшін өте тиімді болмақ [4].
ШЫҰ-на
қатысу тек сауда және байланыстар саласында
ынтымақтастықты дамытуға жол ашып қоймайды, сонымен
қатар шекара аумағындағы экологиялық мәселелерді,
трансшекаралық өзендер мәселелерін, миграция, диаспора
мәселелерін рационалды түрде шешуге ықпал етеді.
ШЫҰ
аясында сауда экономикалық ынтымақтастыққа
қатысты Қазақстанның позициясы осы ұйымның
барлық мүше мемлекеттермен экономикалық байланыстарды
тереңдету және дамыту болды. Мәліметтерге сүйенсек,
2004 жылдың бірінші жартысында ШЫҰ мемлекеттерімен тауар
айналымының көлемі 60,2 миллиард долларды
құраған. Мұның өзі 2003 жылдың
көрсеткішімен салыстырғанда 67,8 пайызға артқан.
Енді
ШЫҰ шеңберінде Қазақстанның көздеген
тікелей жобаларына келсек, қазіргі таңда Қазақстан
келесі жобаларды шапшаң түрде жүзеге асырудың
бастамасын қолға алып отыр. Демек бұл жобалар өте
маңызды бірқатар салаларды қамтымақ. Атасу-Алашаңқай мұнай
құбырларын жүргізу, мұнайды Омбы-Павлодар-Шымкент
мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды қайта
қалпына келтіру, Орта Азиялық және Ресейлік газды тасымалдау
саласында ынтымақтастық орнату, Қытайға газ жеткізуді
ұйымдастыру, тамақ және жеңіл өнеркәсіп
салаларында бірлескен өндіріс орындарын құру тәрізді
маңызды жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
ШЫҰ
аясында Қытаймен осы ұйымның мүше
мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның да екі
жақты ынтымақтастықты ары қарай жетілдіруі
жалғасып келеді. Саяси салада Қытаймен байланыстарды дамыту
Қазақстан үшін несімен үшін мынадай маңызды деген
сауалдың тууы әбден мүмкін. Мұның өзіндік
себептері де бар. Өйткені бұл Қазақстанның
мүддесі үшін мынадай себептерге байланысты:
-Терроризммен, экстремизммен,
сепаратизммен, және есірткі таралуымен күрес жүргізудің
қажеттігі;
-Шекара маңындағы
аудандардағы өзара сенімділік режимін тұрақты
түрде ұстап тұру;
-әскери техникалық
салалардағы ынтымақтастық;
-полигондарда ядролық
қаруларды сынауды Қытай тарапының мораториді жүзеге
ассыруға қолдау көрсету;
-Шыңжаң
өлкесіндегі қазақ диаспорасының мәселесі;
-Қазақстан
мүнайын экспорттау;
-Екі елдің темір жол
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, еуро-азиялық көлік коридорын
қалыптастыру;
-Қазақстан
ауылшаруашылық өнімдерін өткізу рыногын қалыптастыру;
-Алматы облысы мен
Шыңжаң өлкесі арасындағы шекара маңындағы
сауда экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;
-Қытайдан бастау алатын
трансшекаралық өзендер мәселесін реттеу;
Яғни,
осының бәрі халықаралық лаңкестікпен
ғаламдық деңгейде күресу жағдайында
тұрған әлемдік қауымдастық бірте-бірте ұлы
державалар арасындағы қатынастардың шиеленісуінің
жаңа арнасына тартылуда.
ШЫҰ көпполярлы
әлемде өмір сүргісі келетін көптеген Шығыс елдері
үшін тартымды ұйым болып отыр. Ұйымның
тартымдылығы мен аса жоғары деңгейде
қызығушылық туғызып отырған оның басты
себебі - Қытай мен Ресей секілді алып елдердің ресурстары мен
Орталық Азия мемлекеттерінің(Қазақстан,
Өзбекстан, Тәжікстан, және Қырғызстан)
потенциалына келіп тіреледі. ШЫҰ-ның әлемдік рейтингі жыл
өткен сайын күшейіп келеді, қазірдің өзінде оннан
астам мемлекеттер ұйым қатарына қосылуға өтініш
беріп отыр.
Қорыта
келе, Шанхай ынтымақтастық ұйымы жобасы - оның
барлық қатысушыларының (ірі, орташа, шағын мемлекеттер)
мүдделерін ескеретін, қазіргі кездегі геосаясатта көпполярлы
әлемді қалыптастыру процесінің маңызды бір бөлігі
болып табылады деп сеніммен тұжырымдауымызға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
К.Л.Сыроежкин. Китай и
Шанхайская организация сотрудничества // Китай в XXI веке: глобализация
интересов безопасности // Отв. Ред. Г.И.Чуфрин.- М., Наука, 2007.
2.
Меморандум между
правительствами государств-участников Шанхайской организации сотрудничества «Об
основных целях и направлениях регионального
экономического сотрудничества и запуске процесса по созданию благоприятных
условий в области торговли и инвестиций» // Шанхайская организация
сотрудничества (Сборник документов).-Алматы, 2001.
3.
Совместное Заявление
участников Алматинской встречи - Республики Казахстан, Китайской Народной Республики,
Кыргызской Республики, Российской Федерации и Республики Таджикистан //
Шанхайская организация сотрудничества (Сборник документов). - Алматы, 2001.
4.
Султанов Б. Республика
Казахстан и Шанхайская организация сотрудничества контексте региональной
безопасности // Казахстан в глобальных процессах.-2004, -№2.с.75.