Әнуарбекова
А.Н.
Абай атындағы ҚазҰПУ
магистратура және PhD докторантура
институтының 1 курс магистранты
Қазіргі салық жүйесі және оны
жетілдірудің кейбір мәселелері
Еліміз
тәуілсіздігін алғалы 20 жыл болды. Осы жылдар аралығында
мемлекетіміз бірнеше қиыншылықтарды бастан өткере отырып,
көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Егемендігіміз бен
тәуелсіздігімізді алғаннан соң мемлекетімізде көптеген
өзгерістер орын алды. Сол өзгерістердің бірі салық
жүйесі. Салық жүйесі өз алдына бірқатар
міндеттерді жүктегендіктен салықтың алатын орны мен
өзектілігі жағынан алда келе жатқан мәселелердің
бірі болып табылады.
КСРО
ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы
басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне,
бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық
жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс
көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген
бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын
қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған
болатын.
Салық
жүйесі елдегі экономикалық дамудың маңызды
мәселелерін, экономика құрылымын, жеке
аймақтардың даму деңгейін реттеуді шешуге қажетті
мемлекеттік қаржы ресурстарының концентрациясын, яғни
жиынтығын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, салық жүйесі
мемлекетке төленетін салық жиынтығын, оларды бекіту,
өзгерту және жою қағидалары, нысандары мен
әдістері жиынтығы; төлетуді есептеу әдістерінің
жиынтығы, салық бақылауы нысандары мен
әдістерінің және салық заңын бұзудағы
жауапкершілік жиынтығы ретінде анықталады. Салықтың
қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлар, объективті (экономикалық
эволюция, әлеуметтік құбылыстар), сондай-ақ,
субъективті (саяси құбылыстар, соғыстар, табиғи
катаклизмдер) факторлар әсер етті және әсер етуде [1, 30б.].
Қазақстанның
2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы
мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, оның
ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады.
Осыған сәйкес, салық жүйеснің алдында
тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты
экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру
болып табылады.
Салық
жүйесін жетілдіру жұмысы елімізде 1992 жылдан бері жүргізіліп
келе жатыр. Біздің салық жүйеміздегі халықаралық
стандарттарға жақындататын шаралар ол салық жүгін
төмендету және салық түрлерін қысқарту.
Осының барлығы Қазақстан Президентінің 1995
жылғы 24 сәуірдегі заң күші бар «Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
жарлығында қаланған болатын. Өткен он жылдың
ішінде көп нәрсе өзгерді. Осымен бірге салық заңнамасы
да жетілдірілініп келеді. «Салық және бюджетке төленетін
міндетті төлемдер туралы» жарлықтың қолданысқа
енгізілуі мен шын мәнінде өркениетті және тиімді салық
жүйесін жасауға маңызды қадам жасалды. Осылайша, елдегі
қолданыстағы салықтар мен алымдардың 45 түрі мен
мақсатты қорларға аударымдардың 6 түрінің
орнына салық және алымдардың 19 түрі қалып
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып
прогресшіл салық заңнамасын әзірлеп, енгізді.
Елдегі салық
ахуалы жақсарып, салықтардың саны қысқарған
сайын салықты әкімшілендіру мен салықтық бақылау
мәселелері де оңтайлы өзгерді. Салықтарды төмендете
отырып, мемлекет олардың төленуін талап етуге
құқылы. Бір ғана салық ставкаларын
төмендету теріс пиғылды салық төлеушінің
өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындауға
құтылуға қоймайтынымен келісерсіз. Ал өйтпейінше
нарықта тең жағдайлар болмайды. Салық
төлемейтіндер адал салық төлеушілерге қарағанда
бәсекелестікте артықшылыққа ие болады. Басқаша
айтқанда, салық жүктемесін төмендету бақылауды
бара бар деңгейде күшейтумен бірге жүруі тиіс. Және
бұл жерде тәртіп орнату мемлекеттің қазынашылық
міндеті ғана емес, салауатты экономикалық орта және тартымды
инвестициялық ахуал қалыптасрырудың маңызды элементі
болып табылады. Бұл ретте заңнаманы жиі өзгерту емес,
оның тұрақты болуы тиіс. Ал қолдану тәжірибесі
жаңа технологияларды пайдалана отырып, үнемі жетілдіруі тиіс.
Бұл салық төлеушілерге қызмет көрсету
нысандарымен әдістемелерін жетілдіру, бір мезгілде салық
міндеттемелерін орындау рәсімдерін оңайлатып, оларға көрсетілетін
қызметтердің аясын кеңейту. Салық есептілігін
электрондық түрде беруді, салық төлеушілердің
дербес шоттарына алыстан қол жеткізуді, электрондық салық
есептілігін толтыру және жіберу бойынша тегін бағдарламалық
қамтамасыз етуді де осыған жатқызуға болады.
Салық
ауыртпашылығын өлшеудің теориялық аспектілері елімізде
жүргізіліп жатқан әрбір салық реформалары
шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеті мен қаржы
жағдайына әсерін тигізеді. Сондықтан да салық
саясатында кәсіпорынға, оның өндірістік ерекшеліктерін
ескере отырып, салық ауыртпашылығын өлшеудің есебі мен
талдауы әдістерін жасау қажеттілігі туындады.
Салықтар
барлық елдерде олардың қоғамдық
экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына
қарамастан, ұлттық мемлекеттің негізгі көзі
ұлттық табысты қайта бөлудің басты
қаржылық құралы, мемлекеттің және
бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып
табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны
нақты түрде көрінеді, ал салықтардың
әлеуметтік-экономикалық мәні, түрлері мен рөлі
қоғамның экономикалық құрылысымен,
мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Салық
төлемдерінің жаппай төленбеу сипаты, айналыс
қаржыларының тапшылығы тек кәсіпорын басшыларының
шаруашылық жүргізудегі епсіздігі себебінен ғана емес,
қолайсыз макроэкономикалық жағдайларға, оның
ішіндегі салық ауыртпалығының шектен тыс болуына да
байланысты болып отыруы мүмкін [2,158б.].
Салық салу
аясындағы мемлекеттік басқаруды, салықтық
қызметті жетілдірудегі басты мәселелердің біріне мысалы,
салықтарды, салық жүйесін және салық
қызметін ауқымды әлеуметтік, ұйымдастырушы және
құқықтық жағдайларға бағдарлай
отырып мемлекеттік-басқарушы қызметтің тиімділігін
жүйелендіруді және мемлекеттің фискалдық саясатын
қоғам өмірінде ойдығыдай жүргізу мақсатында
мемлекеттің өкілді органдары, атқарушы билік органдары
оның ішінде салық органдары, жергілікті мемлекеттік басқару
органдары, мемлекеттің салық агенттері мен салық
төлеушілер және олардың өкілдіктері арасындағы
әр алуан қатынастарды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік реттеуді
айтарлықтай нығайту үшін бүгінгі күнде әлеуметтік-психологиялық
факторларды кеңінен пайдалануда. Олар салықтың жетілуіндегі
мәселелерді қамтамасыз ететін басты факторлар болып саналады [3,
256б.].
Қорыта
айтқанда, ҚР-сы салық жүйесінің
методологиялық базасының жетілуіне және одан арғы
дамуына әлі де дамыған елдердің салық салу тәжірибесі
ықпал етуде. ҚР-ның салықтық жүйесі
толығымен жетіліп болған жоқ, әлі де қалыптасу
үстінде. Сондыктан салық жүйесін жетілдіру қазіргі
жастардың қолында. Еліміз құқықтық
мемлекет болып табылғандықтан сол тірек сөзге лайық
болганымыз абзал болар.
Әдебиеттер
1 Бекболсынова
А.С. Салық жүйесінің негіздері: оқулық. – Астана:
Фолиант, -2007, - 120б.
2 Казахстан
в XIX веке: образование, наука,
общество. Этюды молодых выпуск 7-8 материалы VIII ежегодный международный научной конференции студентов и магистрантов,
посвященной 15 летию Казахской Академии труда и социальных отношений. – Алматы,
-27.03.2009, - 624б.
3 Өтпелі
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау
мәселелері: ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына
арналған халықаралық ғылыми конференция материалдары. –
Алматы: Қазақ Университеті, -2001, 2 бөлім, - 262б.
Резюме
В
данной статье рассматривается понятие о системе налогообложении и его некоторые
проблемы его совершенствования
Summary
This article discusses the concept of the tax system and improving some
of the problems