Абилова А. І курс магистранты

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың

Магистратура және докторантура PhD институтының

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

Алып «қызыл империяның» ыдырағаннан кейін қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, өткен жылы оның 20 жылдық мерейтойы республика көлемінде атап өтілді. Тәуелсіздік жылдары қазақ қоғамы түбегейлі реформалауды бастан кешіріп, әлемнің озық мемлекеттерінің қатарына қосылуды алдына мақсат етіп қойды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет болған соң оның ішіне түрлі міндеттемелер мен жүктемелер негізделді. Солардың ішінде алда келе жатқан маңызды мәселелердің бірі- еліміздегі демографиялық ахуал.       Әр он жыл аралығында өтетін халық санағының көрсеткіші артпаса, кеміген жоқ, сол нәтижелерге қарамастан халық саны өте баяу өсуде. Қазақстан жер көлемінен дүние жүзі бойынша алғашқы ондықтың ішіне кіре тура, 2011 жылғы статистикалық мәліметтерде халқының санынан 62 орынды иемденгені демографиялық ахуалдың төмен екендігінің бір дәлелін көрсетеді. Қазақстанда тұратын халықтың орналасу тығыздығы 2010 жыл дерегіне сәйкес, орта есеппен 1 шаршы километрге 6 (кей деректерде 5,5) адамнан келсе, әлем мемлекеттері арасынан жер көлемі бойынша 3-ші орынды иемденетін Қытай мемлекетінде бір шаршы метрге 140 адамнан келеді екен [1]. Халық санының аздығы мемлекеттің болашақ дамуына кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан да алдағы уақытта Қазақстан Республикасы басшылығы халық санының артуына жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып келеді. Адам санының кемуi ең алдымен мемлекетте еңбек ресурстарының азаюына әкеледi. Бұл түптiң түбiнде ел дамуына әсер ететiн фактор. Өйткенi, демография заңдылығы бойынша, саннан сапа шығады. Ендеше, тууы үшiн де ең әуелi, осы елдi, жердi сүйетiн, қадiрлейтiн адам саны артуы қажет. Бұл жөнінде көп ғалымдар халық санының артуының жолдары мен ұсыныстарын ұсынып жатқан жайы бар. Әйтсе де нәтиже төмен.                                                                                                                Жалпы еліміздегі статистикалық мәліметтерге көңіл аударар болсақ, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өмір сүру ұзақтығының төмендігінен, өлім санының жыл санап артуынан біздің ел алда. Неліктен? Осы сұрақ аясында кішкене жауап ретінде мынандай себептерімен зерттеу нәтижелерін ұсынып көрейік, мәселен дүние жүзі бойынша өмір сүру ұзақтығынан алдыңғы қатарда Жапония мемлекетінің оңтүстік-шығысында орналасқан Окинавы аралының тұрғындары екен. Бұл аралда жалпы есеппен 100 000 халық тұрады, соның ішінде статистика бойынша 34,7 халқы 100 жас жасайды екен. Екінші орында Еуропадағы Андорра мемлекеті, халқы орта есеппен 83,5 жасты құрайды.Үшінші орында Жапон мемлекеті, халқы орта есеппен 82 жас жасайды. Ал ең аз өмір сүретін ел ол - Африкадағы Свазиленда патшалығында, орта есеппен ер адамдары - 38 жас, ал әйелдері - 37 жас (кей деректерде 25 жас) өмір сүреді. Себебі бұл елде 20 млн. астам адам СПИД-пен ауырады және ас суының лас болуынан [2]. Салыстыра қарастырсақ, Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдерде – 72,5 жас, еркектер арасында – 61,5 жасты құрайды [3].                                                                                                                        Қазақстанда тууылудың шыңы 1987 жылы болды, яғни 417 мың адам дүниеге келді немесе 1000 адамға шаққандағы 25,7-і. Содан кейін туу төмендеп, ал өлім көрсеткіші өсе бастады. 2005 жылы Қазақстанның әр бір 1000 адамына шаққанда 18 адам туылып, 10 адам көз жұмып отырды. Сондықтан, Қазақстанда табиғи өсімнің төмендеу қарқыны байқалады.                       Қазақстан Республикасы халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 16,4 млн адамды құрайды, оның ішінде 8,5 млн. (52 % ) әйел және 7,9 млн. (48 ер адамдарды құрады [4].                                                                                     Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы» төртінші кезеңдік баяндамасында келтірілген статистикаға жүгінсек 40 жасқа дейінгі дүниеге бала әкелетін әйелдер саны елімізде 552625 екенін байқаймыз. Олай болса көбеюге мүмкіндік бар. Тек, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарап, халықтың қолдауымен, мемлекеттік деңгейде нақты, іс-шаралар жүзеге асырылса болды. Ұлттық өсім туралы берісі бір жылға, әрісі 50 жылға арналған бағдарламалар жасалуымен қатар міндеттемелер қойылуы қажет. Ұлттық өсім күрт төмендеген кездері Жапония, Ирландия, Чехия сынды елдерде бұл жәйт нөмірі бірінші мәселе ретінде көтеріліп, жалпы халықтық қозғалысқа айналып, ақырында нәтижесін де берген. Чех халқы ұзақ уақытқа созылған: «Әрбір чех біз үшін қымбат...» атты акциялар өткізіліп, әр шаңырақтың астын жанға толықтыруға үндеген. Сол орайда, демографиялық қорлар құрылып, дүниеге сәби әкелген отбасына қаржылай көмек көрсетілген. Экономикасы жағынан дамыған және жер көлемі бойынша бірінші орынды иемденетін, шекаралас Ресей федерациясын алсақ дәл қазіргі кезеңде демографиялық құлдырауды бастан кешіріп жатыр. Статистикалық мәлімет келтірер болсақ, халқы 2010 жылы 138,7 миллионға, 2020 жылы - 131,2 миллионға, ал 2050 жылы - 93,8 миллионға дейін азайады деген ғалымдардың болжамдары бар [1.2б.]. Осы жағдайға байланысты «Ана капиталы» атты ұлттық жоба жасалды. Сонымен қатар аборт жасауға тиым салуда (зорланған, УЗИ-дің көрсеткіші бойынша бала кем болмаған жағдайда). Халық саны жағынан алдыңғы қатардағы Қытай мемлекеті де абортқа тиым салуда, себебі халқының басым көпшілігі қарттар болғандықтан.                                              Жоғарыда Ресейдегі демографиялық ахуалдың «біздегі жағдай жақсы, Ресейде мәселе осылайша ушығып тұр екен» деп жатқан «жаңалығымыз» емес. Керісінше, жоғарыда аталған мәселелер бізге де тән екендігін мойындайтын кез келді. Рас, Қазақстанның бүгінгі демографиялық ахуалы Ресейді басып озбаса да, өкшелеп келеді. Сондықтан, ат төбеліндей халқымызды жоқтайтұғын бізге де үлкен демографиялық саясат керек. Саясат болғанда да сахна төріндегі алдамшы қойылым емес, нағыз іс- қимыл қажет-ақ.                                                   Сонымен қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы процесінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеп, өз ыңғайымызға қарай құрсақ дұрыс нәтиже берері анық. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді. Бәлкім, бұл істі білікті мамандар, ұлтжанды азаматтар қолдап, шындап қолға алып, басқа бір бағыттарда дамытар болса, нұр үстіне нұр болар еді. Ал біздің басты мақсат – қазақтың уақыт санап өсіп, шарықтап қанат жайғанына куә болу емес пе?!

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Омарова Г. Ел болашағы-демографиялық дүмпуде. Ана тілі. 5 тамыз 2010.

2 Иванов А. В какой стране люди живут дольше и почему. Лекарна.ру. 13 января 2009. 3 Есімсейітұлы Т. Бақыт деген не өзі?.. www.islam-orkeniet.kz 12 қаңтар 2012.

4 Сарсенова Ә. Қазақстан Республикасы халқының демографиялық өсу бағытындағы саясатты жүзеге асыру мәселесі. Саясат №6. мамыр 2010.

5 Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама 2011.

Резюме

В данной статье расматривается  демографическое положение Казахстана на современном этапе на оснований  сравнительного анализа с другими зарубежными государствами.

Summary

This article reports on the demographic situation of independent Kazakhstan. The reasons of low demographic situation and statistical researches. Also compares against other foreign countries.