История /2. Общая история.

Оспанова А.Н. доктор Ph.D, Жақсымбетова Б. Ж.

Аймақтану кафедрасының магистранты

Ғылыми жетекші: ЕҰУ профессоры Сыздықов С.М.

Еуразияшылдық – үлкен құбылыс метафорасы.

ХХ ғасырда мәдени – философиялық сипаттағы көптеген идеялар мен теориялар пайда болды. Олардың бірқатарының ғұмыры қысқа болып, әлдеқашан ұмытылса, енді бірқатары қоғамдық санадан мықтап орын алды. Ал, енді бірқатары пайда бола салысымен, көлеңкеде қалып қойды да, көп жылдардан соң қайта дәуірледі. Еуразиялық идея осы соңғысына жатады.

         1921 жылы 3 маусымда Софияда орыс эмигранттарының діни-философиялық үйірмесінің мәжілісінде негізін Н. С. Трубецкой мен П. Н. Савицкий қалаған және марксизм мен социалистік құрылыстың жаңа Еуразияшылдық бағыт өмірге келді. Алғашқы еуразияшылдар сөз еткендей, біздің құрлықта ұлан-ғайыр транзиттік аймақ, яғни оның ішкі, терең жатқан континенттік бөлігі бар. Ол – Еуразия деп аталады және теңізден, жазықтан, қатаң климат пен өзінің шаруашылық өмірден сыртқары жатқандығымен сипатталады.

         Ерекше географиялық дүние іспетті Еуразия тұрғындары не батыс еуропалықтарға, не қиыр немесе оңтүстік-шығыс азиаттарына ұқсамайды. Еуразиялық халықтарда славяндардың (шығыс-еуропалықтардың) және тұрандықтардың (угрофиндер, түріктер, монғолдардың) ерекшеліктері аралас болады. Осыдан барып «Шығыс-Батыс» жүйесінде Қазақстан мен Ресейдің орны жөніндегі мәселе шешілуі керек. Қазақстан мен Ресей – Батыс та және Шығыс та емес, олар Еуразияға жатады және біртұтас славяндық-тұрандық айырмашылықты білдіреді. Батыс (орыс) мәдениетінде Шығыс әуендері, керісінше, Шығыс мәдениетінде Батыс әуендері мен элементтері кездеседі. Бұл орыс және басқа еуразиялық мәдениеттің ұқсастығымен, олардың тарихи астасуымен, тіпті орыстардың түріктермен, угрофиньдермен, монғолдармен тарихи достастық байланыстарымен дәлелденеді [1].

Еуразияшылдық «көп халықты ұлт» (немесе Л. Н. Гумилевтің кейінгі «еуразиялық суперэтнос» атауын пайдалансақ) біртұтас үйлесімділік құрамындағы әрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі «материалдық база» немесе «мемлекет алдында бас июшілік» емес, ең алдымен руханият немесе рухтың биіктігі болуы керек деп түсінді.

ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғында еуразияшылдық толығымен КСРО қарсыластары мен оның жақтаушыларына бөлінді. Бірақ екеуінің де тағдыры аянышты халде болды. Олар фашистік бағыттағы Батыс және сталиндік тәртіптегі Шығыс тарапынан қуғыншылыққа ұшырады.

Алғашқы еуразиялықтар еңбегінде Еуразия доктринасы мәселелерінің барлық – географиялық, тарихи, саяси және т.б. қырлары сөз етілгенімен, басты бағыты түпкілікті түрде айқындалған жоқ. «Еуразия» деген ұғымның өзі дүдәмал жағдайда қалды. Ол еуропалықтар үшін Еуропа мен Азияға қатысты дүниенің тұрғысынан біресе «үшінші, біресе азиаттық бастаманың басымдығына байланысты олардың синтезі болды. Ертедегі еуразияшылдықта батыстың мемлекет алдында бас июшілігін сынау кеңес мемлекетінің өзіне табынушылықпен ауыстырыла бастады. Қозғалыс негізін салушылардың сяасаттан тыс болғысы келген үміті орындалған жоқ. Ал, еуразияшылдық тарихи-географиялық тұжырымдама ретінде геосаяси, тіпті, жалаң саясатшылдық тұжырымдамаға айнала бастады. Еуразиялық мәселесі 20-жылдарда ғана емес, 90-жылдарда да, қазір де қызу талас объектісі болып отыр. Сөйте тұра, дауласушы әрбір жақ мәселені тұтастай емес, оның тек бір ғана қырын бөліп алып, оны еуразиялықтың мәні деп қате түсінді.

Көп халықтық еуразиялық суперэтнос өкілдерінің өзіндік этномәдени бірегейлігіне және идеологияға кереғар руханиятқа ерекше мән беретінін ұмыта отырып, еуразияшылдық көбіне-көп тоталитарлық идеологиямен теңестірілді.

Шынайы адами байланыстар мен еуразия халықтарының (жеке алғанда оырстар мен қазақтардың) достығы идеясы да кейде өрескел қате түсіндіріліп келеді: достыққа қарай ұмтылудың өзі мемлекеттік тәуелсіздікке, ұлттық мәдениетке және этикалық тазалыққа қауіп ретінде бағаланып қалады. Еуразиялық адам антропологиялық жағынан толыққанды емес деген пікір айтылуда. Шын мәнінде еуразияшылдықтың терең мәнін ашуға әлі келмеді.

Еуразия континентіндегі және оның ішіндегі мұндай ойларды кәдуілгі, қарапайым пікірлердің мұртын аздап басу ғана деп түсінуге болар еді. Бірақ, біріншіден, мұндай түзетулер кейде өте қауіпті жағдайға әкеп соқтырады. Екіншіден, Еуразия идеясы төңірегіндегі әр түрлі көзқарастарды тек жекелеген тараптар ғана аңғартып отыр. Ал, мұны әрқайсысы оның шынайы мәні ретінде түсінеді. Сөйте тұра еуразияшылықтың «көп қырлылығы» жөніндегі шашыранды ойлармен шектелуге болмайтыны сияқты көзге бірден түсетін қырлары қайталанбас деп тану дұрыс емес. Еуразиялық идеяның табиғи мәніне барлық тарихи сипаттарына ой сала отырып тереңірек үңілу қажет. Еуразияшылдық – күрделі, көп қырлы және көп өлшемді проблема.

Ғылыми-тарихи немесе геосаяси доктринадан гөрі Еуразиялық идеяның  мәні тереңірек. Бұл тұрғыда 1995 жылы «Вопросы философии» журналы бетінде ресейлік профессор А. Панариннің (Александр Сергеевич дөңгелек үстелге қатысқандардың бірі) айтқан ойы мәнді: «Адамзат тұтынушылық қоғамдарда экологиялық өзін-өзі шектеу болып табылатын жаңа, постиндустриалды аскездер табалдырығында тұр... Менің ойымша, әзірше ешкім сөз етпеген «еуразия» тақырыбы шеңберінде бұл мәселе іс жүзінде осы ағымның тағдырын айқындайды. Осыдан келіп ол өз ойын: «толғағы жеткен үлкен құбылыстың метафорасы» деп әділ атап көрсетеді [2].

«Үлкен құбылыс» деген не? Басқаша айтқанда, еуразияшылдықтың терең мәні неде?

Еуразияшылдық мәселесі өз ішіне географиялық, тарихи, әлеуметтік, геосаяси, этнологиялық, этнопсихологиялық жақтарды, яғни табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен және оның ішкі рухани әлемімен байланысты нәрсенің бәрін сіңіреді. Яғни, еуразияшылдық – жеке ғылыми ұғым емес, керісініше, қамтуы мол, әмбебап немесе философиялық ұғым. Басқаша да мәніне үңілейік. «Еуразияшылдық» деген сөз «Еуропа» мен «Азияны» біріктіреді, бірақ олар философиялық мәні жағынан «Батыс» пен «Шығыс» деген кең және мазмұнды ұғымды білдіреді.

Сонымен, еуразияшылдық – басты мұрат ретінде адам мәдениетінің осы екі полюсінің тұтастығы, Шығыс пен Батыс қуаттарының бірігуі. Егер бүгінгі күні Батыс пен Шығыстың өзара түсіністігі, өркениетті сұхбаты мен бірлесе қимылдауы туралы сөз болса, бұл мағынасында еуразияшылдық бізге не береді? Бұл үрдістерде еуразиялық идея қандай рөлатқара алмақ?

Жауап анық. Еуразияшылдық дегеніміз – ол, ең алдымен, бірлік. Өз мағынасы, өзінің табиғатымен мәні жөнінде де ол солай болуы тиіс. Еуразиялықтардың ақылы мен құлқынын «жинақтаушы» деген бір ғана сөзбен білдіретіні жайдан-жай емес. Жинақтаушылық кез келген адамға мейлі ол алыс немесе жақын болсын, әрине егер олар адам табиғатына жат болмаса халыққа немесе мәдениетке ашықтық дегенді білдіреді. Жинақтаушылық гуманизм мұратымен, ол өзінің ең жоғары деңгейінде жалпыадамзаттық туысқандықпен және жалпыпланеталық мәдениетпен түйіседі. Егер Батыстың ұраны: «Сыртқы дүниені танып, соның негізінде оны қайта өзгерт» десе, Шығыстың ұраны: «Өзіңді өзің танып, соның негізінде оны қайта өзгерт». Ал Еуразияның ұраны: «Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу». Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам бол!», рухани-адамгершілік жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін ұштастырған толыққанды адам бол.

Еуразиялық идея Шығыс пен Батыс идеяларымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бола тұра, оларға кереғарлық жасамайды, олардан айрықша тұрмайды. Керісінше, екі идеяны да жандандырып, мәдени-рухани жағынан біріктіреді, синтездейді. Ол дүниені жаңғырту мен адамды рухани жетілдіруді бір-бірінен алшақтатпайды, керісінше, жақындатады, толықтырады. Еуразияшылдық «үлкен құбылыс метафорасы» іспетті, ол адамның дүниеге түбірінен жаңа қатынасының, жаңа өркениеттік өмір формасының үшінші мыңжылдық талаптарына толық жауап берерлік жаңа тәсілі [3].

Еуразиялық кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық үрдістерді алсақ, олар еуразияшылдықтың табиғи терең мәнін көрсетеді. Егер Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық одақ (ЕО) жөніндегі нақты идеясы туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының мәдениеті мен болмысының іштей жақындығына, славяндар мен тұрандықтардың іс жүзіндегі ішкі менталитеттік бірлігіне негізделген [4]. ЕО мұраты сырттап өмір сүру мен мен басымшылдықты жоққа шығарады, өйткені еуразиялық «жинақтаушылық» әр түрлі тектер, мәдениеттер мен елдер арасындағы оқшау қатынасты емес, достық, яғни үйлесімді қатынасты білдіреді. Еуразия кеңістігі бойынша екі аса ірі дін – ислам мен христиан арасындағы шекара өтеді.

Ислам мен христиандық арасындағы рухани келісім туралы айтар болсақ, онда Қазақстан дамуының табиғи жолы біздерді ұлттық тамырдың, тілдің, әдет-ғұрып пен дәстүрдің көп ғасырлық бірлігін байланыстырып отырған түрік-ислам әлеміне сәтті кіруі болып табылар еді. Бірақ Еуразия кеңістігіндегі басқа Шығыс республикаларынан өзгешелігі, Қазақстанның ұлттық мәдениетінде таза мұсылмандық форманың басым болуы мүмкін емес. Өйткені, оның даласында ежелгі заманнан бері әр түрлі діндер бейбіт қатар өмір сүрді, олардың ішінде ежелгі христиандық пен буддизм болды, ал тәңіршілдік дәстүрі өзінің қарапайым халық үшін маңыздылығы жағынан исламнан кем түскен жоқ.

Бұрынғы кеңестік зорлық-зомбылық идеологиясының күйреуіне орай қазіргі қоғамдағы діннің рөлі едәуір артуда. Халықтың едәуір бөлігі дәстүрлі игіліктер мен қоғамдағы адамгершілік қалыптарды дін арқылы жаңғыртқысы келеді. Мұны қолдау қажет.

Кейде кейбір саясаткерлер Ресей мен одан тысқары аймақтарда болып жатқан ұлтаралық қақтығыстардың себебін христиан және мұсылман халықтары арасындағы қарама-қарсылық деп есептейді. Жағдайларға осындай болымсыз, ақ-қара әлеуметтік көріністің негізінде баға беріп қана қоймайды, сонымен бірге оның даму барысында болжам мен сценарий жасалады, туындаған қайшылықтарды шешу жөнінде нақты шаралар қабылдайды. Іс жүзінде бұрынғы Кеңес Одағы аймағындағы ислам ұлттық диаспоралар мен жергілікті халық арасындағы қақтығыстардың айқындаушы факторы болып табылмайды, керісінше, оның христиандықпен қатар өмір сүруі мемлекеттердің қалыптасқан еуразиялық сипатына орай әлеуметтік өмірдің қажетті бөлігі болып табылады.

Еуразияшылдық идеясы біздің аумақтағы геосаяси және әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде терең интеграциялық үрдістер басталатын болашағы мол тарихтың жаңа философиясы рөліне ұмтылуы мүмкін.

Қазір ХХ ғасырдағы тәжірибемен байыған Еуразия идеясы оның алғашқы даму кезеңінің сипатына орай әлеуметтік өмірдің қажетті бөлігі болып табылады.

Қазір ХХ ғасырдағы тәжірибемен байыған Еуразия идеясы оның алғашқы даму кезеңіне қарағанда да көкейкесті болып отыр. Бүгінгі күнгі жаһандану заманында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия континенті мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда. Егер алғашқы еуразияшылдық Ресей империясының күйреуіне жауап ретінде болса, қазіргі еуразияшылдық КСРО-ның ыдырауы, сондай-ақ болашақта орын алуы мүмкін әлеуметтік-саяси күйреуге деген әсер болуы мүмкін. Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мәдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жеңудің басты жолы, адам тіршілігінің әр түрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тәсілі болар еді. ХХІ ғасырда Еуразиялық идеяның кең де терең мәнге ие болуы да сондықтан. Еуразиялық идея Еуразия континентіндегі мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үрдістердің қайнар көзі, ендеше, континенттік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Идеи и реальность евразийства. Материалы Валихановских чтений. – Алматы: Дайк-Пресс, 1999. – 174 б.

2.     Мансұров Т. Еуразияшылдық – Н. Назарбаевтың іске асқан жобасы. – Мәскеу: Реал-пресс, 2011. – 388 б.

3.     Назарбаев Н. Ә. Еуразиялық одақ: идеясы, практикасы, болашағы. 1994-1997. М.: Фон, содействия развитию социальных наук, 1997. – 95 б.

4.     Размышления о Лидере. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 469-474 б.