Әлеуметтік
педагогтың практикалық жұмыс әдістері мен
технологиясының өзара байланысы
Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Асаубаева А.К.
XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің
жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың жұмыс
теориясының қалыптасуы қазіргі жалпы әлеуметтік
жұмыстың негізі болып табылады. Қоғамда болып
жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың
барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.
Әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды,
нақтылы оқушылардың
әлеуметтік жағдайды талдап, бағалай білу, олардың әлеуметтік
мәселелерді тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті
түрде анықтауда осы әлеуметтік- педагогикалық
жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Қазақстан
Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін
алған жылдан басталып, жаңа жүйеге енуі нарықтық
экономиканың орнауы, мемлекеттік реттеудің маңызды компоненті
әлеуметтік жұмыстың анықталуына әкелді. Қазақстан Республикасының
Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан дамуының
басты 10 бағыты қарастырылған болатын. Адам капиталы ретінде
білім беру саласында оқытудың жаңа әдістері мен
технологиясын ендіру мен мамандардың сапалы дайындалуына көп
көңіл бөлінді.
Осы ретте қазіргі кезде жаңа мамандық ретінде әлеуметтік педагог білім беру жүйесінде
оқушылардың әлеуметтік –педагогикалық мәселелерін
шешуде мектептегі педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне
айналып отыр. Қазіргі кезде оқу орындарында
шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
оқыту технологияларын жете меңгерген мамандық шеберлігі
қалыптасқан әлеуметтік педагог қажет. Сондықтан
әлеуметтік педагогтың өз қызметі аясында жұмыс
істеу әдістері мен технологиясының байланысын білуі қажет.
Әлеуметтік – педагогикалық
жұмыс технологиясы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді
шешуге міндетті тиімді әдістері мен құралдары болып табылады.
Бұл технологияда нақты іс-әрекетінің нысанына
қатысты әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді
шешудің нұсқаларын негіздеу мен талдауды сиппаттауда
қолданылады.
Әлеуметтік - педагогикалық
зерттеу технология – бұл технология әлеуметтік-педагогикалық
құбылыстарды, олардың құрамды бөліктерін
тануға (әдістермен құралдарды қолдануда реттілік
пен өзара байланыс) ғылыми-негізделген әдістеме. Мұндай
технологиялар те қана әлеуметтік-педагогикалық
құбылыстарды ғана тану емес
әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді зерттеуде
қолданылады. Жалпы сипаттағы қолданбалы технология –
нақты бір ортада адам немесе топпен жұмыста болжамдалған
мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер,
әдістемелер, құралдардың өзара байланысын
жетілдіру бойынша маманның әлеуметтік-педагогикалық
іс-әрекетінің тиімді жүйелілігін жетілдіретін және
алдын-ала жобалайтын мақсатты технология. Жеке сипаттағы қолданбалы технология – нақты
бір ортада адам немесе
тұлғамен жұмыс бойынша жобаланған
мақсаттардың жетістіктерін инструменталды қамтамасыз ететін
әрекеттердің, операциялармен процедуралардың жүйелі
нақты анықталған жобаның реттілігі. Бұл типтегі
әлеуметтік-педагогикалық технологияда әлеуметтік
педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылады. Олар жалпы
түрдегі әлеуметтік-педагогикалық технологияның
құрамды бөлігі болуы мүмкін.
Оқу және
ғылыми педагогикалық әдебиеттерде «технология», «әдіс»
ұғымдары бір бірімен синоним ретінде кездеседі.
Әдіс (грек тілінен methodos – зерттеу жолы,
теория, оқу) – бұл қандай да бір міндеттерді шешуде
жетістіктерге жету жолы.
Қолдану аясына байланысты
әдістің келесі жеке топтары бөлінеді: тәрбие
әдісі, педагогикалық ақтау әдістері,
педагогикалық түзету әдістері және т.б. Әрбір топ
бойынша мәселені шешу жағдайына байдланысты өз әдістері
дайындалады.
Әлеуметтік-педагогикалық
технология саласы бойынша әдістер мәселені шешуде өзара байланысты
қамтамасыз ететін құрамды бөлік болып табылады.
Қандай да бір әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды
шешуде олардың міндеттерін шешуде әдістердің жіктелуін
қарастыру керек. Әлеуметтік педагогика әдістері – адам немесе
топтың нақты мәселелерін шешу жолы. Яғни адамның
мәселесін немесе жағдаяттан шығуды шешу адамның
өзінің мүмкіншілігіне байланысты. Басқаша
айтқанда, мәселенің шешілунің көзі адам өзі
болып табылады. Әдістер өзінің мәселесін (проблемасын)
шешуде анықталған іс-әрекет бойынша : дамуға бағытталған,
меңгеру, түзелу, қандай да бір мүмкіндіктерді
жетілдіру, білім, білік, дағдыны қалпына келтіру. Нақты жағдаяттарда әдістерді қолдану
қандай да бір әлеуметтік-педагогикалық әрекет етуге
бағытталуы және оны қандай түрде қолдану
керектігін ескеру қажет. Әдістердің орны мен рөлін
негіздейтін үш деңгейлі жіктелуін көрсетуге болады:
Субьектілі деңгей
яғни субьект түрінде келесілер: маман (мамандар). Олар
қолданатын әдістерге сыртқы әдістер жатады
(әрекет ету, өзара әрекет ету); адамның өзі
(өзіндік басқарудағы топ) – бұл сыртқы
әдістер (өзіндік әрекет жасау, адаммен өзіндік
жұмыс); педагогикалық әрекет ететін маман. Мұнда адам
немесе топтың маманмен өзара әрекетіне негізделеді.
Функционалды
деңгей әдістерді таңдап алумен негізделеді. Олар негізгі (басты және жетекші) және
қамтитын болып бөлінеді.
Негізгі функционалды әдіс – жобаланған мақсаты
жетілдіруді қамтамасыз ететін іс-әрекетті анықтайтын нысанды
қамтиды (адам, топ).
Пәндік деңгей
әдістерді жетілдіру әдістерімен негізделеді. Әрбір әдіс
әдістердің функционалды мүмкідіктерін жетілдіретін
әрекетті көрсететін пәндік жағынан сипатталады.
Оларға: әрекет етуші әдістер тобы - (практикалық әдістер), жаттығу әдістері,
ойын әдістері, үйрену әдістері; іс-әрекетті
ұйымдастыру әдістер тобы – басқару әдістері,
іс-әрекетті басқару әдістері, жағдаятты ортаны
құру әдістері; реттеу әдістерінің тобы:
мадақтау әдістері, жарыс әдістері, бақылау
әдістері, әрекетте белсенділікті реттеу жағдаяттын
құру әдістері жатады. Жалпы жұмыс әдістері мен
технологиясының арасында ұқсастық болуымен қатар
ерекшеліктерін байқауға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Мустаева Ф.А. Основы социальной педагогики: – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Академический проект, 2001. – 12 с.