ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ӨНЕГЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

Калиева Жазира Муратбаевна

Шымкент Агро колледж, социолог

 

ХХІ ғасырдың басында Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени жағдай қоғамдық тәртіптің ауысуымен, саяси, әлеуметтік-экономикалық және рұхани-өнегелі мәселелердің шиеленісуімен сипатталады. Өзгерген идеалдар мен құндылықтар, әлеуметтік құрылымның күрделенуі, идеялық және өнегелі плюрализм, жұмыссыздық, отбасылардың 80%-ның шұғыл кедейленуі – осының барлығы жастардың әлеуметтенуіне, оның өнегелі құндылықтарының тәрбиеленуіне күшті әсерін тигізді. Біздің елдегі қайта құру дәуірінде пайда болған құндылықтардың түрінің өзгеруі көптеген құндылықтардың ұмытылуына алып келді: рұхани құштарлық, адамгершілік, көптеген ізгіліктер. Р.Г.Гуроваяның мәліметтері бойынша, жоғары сынып оқушыларының 5% ғана оларға жақынға қайырымдылық, мейірбандық, көмек білдіру тән екндігін атап өтті. Білім беру өзінің негізгі құрмасын – адамның өнегелі құндылықтарын дамыту жөніндегі іс-әрекетін жоғалтты. Бір жағынан, материалдық құндылықтардың бар болуы ең үлкен мағынаға ие болды, екінші жағынан – қоғамда әрбір оқушының бірегейлігін, оның жеке даму стратегиясына деген құқын қамтитын тұлғаның жеке мақсаттары мойындала бастады. Соңғы жылдарда мемлекет жалпы білім беретін мекетепті, қоғамды басты міндет ретіндегі өсуші ұрпақты тәрбиелеуге бейімдейді. Демократиялық мемлекет адамның бар болуының адамгершіліктік негіздерінің белсенді ізденісі жүретін, өнегелі құндылықтарды еркін өнегелі ізденіс пен дамыту үшін қажетті болатын педагогикалық шарттарды жасауды өзінің негізгі міндеті ретінде бекітеді.   

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында білім беру мен тәрбиелеудің міндеттері бірыңғай аксиологиялық жиынтыққа интеграцияланған: Отанға, азаматтылыққа, патриотизмге деген  сүйіспеншілікті тәрбиелеу, жалпы адамдық құндылықтарға еліктеу, жетілдіруге ұмтыла отырып, қазіргі қоғамда өмір сүруге дайындық, оқушылармен көзқарастар мен ұғынуларды, демек өнегелі бейімделулерін еркін   таңдау барысында әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастыру. Жиі жағдайда нарықтық экономиканың қатаң ережелерімен келіпеушілікке  түсетін, білім саласындағы адамгершілік және демократиялық ережелердің күрделі процессімен байланысты болатын, оның құрылымындағы маңызды өзгерістер, жастарды тәрбиелеуге және білім беруге, олардың аксиологиялық мағыналарына деген жаңа, айтарлықтай икемді, идеологиялық догмалар мен саяси конъюнктурадан бос тәсілдерді ұсынады. 

Қазіргі кезде елде Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбиені дамыту бағдарламасында көрініс алған, тұлғаны тәрбиелеу кеңістігін өнегелі сауықтыруға бағыттылған, әлеуметтік ғылымдардың базалық диагностикалық мағлұматтарының негізіндегі тәрбиелеудің жағдайына және мәніне, қалыптасқан кері салдарына жаңартылған көзқарастың тенденциялары айқындалды. ҚР Конституциясымен анықталған бағыттардың негізінде білім беру мекемелерінің әр түрлі типтеріне қатысты тұлғаның өнегелі құндылықтарын тәрбиелеу іс-әрекетінің және оны дамытудың басты бағыттары айқындалған.

Ведомствоаралық жалпы ұлттық бағдарлама өз іс-әрекетін жақын болашақта тәрбиелік кешеннің әрекет етуінің және «Қазақстан Республикасында балаларды тәрбиелеу және дамыту» ақпараттық-талдау жүйесінің, БҰҰ Конвенциясына сәйкес оқушылардың игілігін заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етудің негізінде, тұтас тәрбиелік кеңістікті қалыптастыру жағдайындағы тәрбиелеу жүйелерін моделдеу арқылы, оқушылардың әлеуметтенуінің құрылымындағы отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінде тәрбие жұмысын болжау әдістемесін өңдеуге шоғырландырады.   

ҚР білім беруінің қазіргі жүйесі мемлекетпен және қоғаммен өзара байланыстардың жаңа кезеңіне көшті. Білім беру саласына жататын заңдылық құжаттар: 26.06.2005 ж. ҚР білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген ҚР 2005-10 жж. арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, «Білім беру туралы»Заң (1997), «Жастар - 2009» Мемлекеттік бағдарламасы.

Бүгін, егерде мектеп бәсекеге қабілетті болғысы келсе, ол қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда дұрыс бағыт табуға және лайықты әрекет етуге мүмкіндік беретін сапалы білім мен тәрбие беріп, мектеп оқушысының білім алушылық қажеттілігінің логикасында жұмыс жасауы қажет. Жаңарту  адамгершілік құндылық формасындағы қазіргі білімнің тұтастығы мен толықтығын, өнегелі сау бағыттарды құрылымдайтын, мектептің, бірыңғай білім беру кеңістігі ретіндегі сыныптың, тәрбиелік жүйесінің жаңа моделін дамыту арқылы ғана мүмкін болады.

Осы жағдайда мектеп оқушыларын тәрбиелеудің отандық концепциясын құру мәселесі аса маңызды болып тұр. Аймақтардағы мектептер интеллектуалдық және өнегелі потенциалды дамытуда; тәрбиелеу практикаларының вариативтілігінің, оқу-тәрбие процессінің барлық субъектілерінің ынтасын кеңейтудің, білім берудің адамгершілік-әрекеттілік бейімділігін нығайтудың, тәрбиеші-педагогтардың жауапкершілігін әдетке айналдырудың, мектептің тұтас тәрбиелік кеңістігін қалыптастырудың, оқушылардың рұхани-өнегелі әлеуметтенуінің және жекеленуінің, тәрбие процессінің полимәдени сипатының негізінде тәрбиелеудің жаңа моделдері құрылуда.   

Осыдан өнегелі құндылықтарды тәрбиелеудің жаңа тәсілдері мен баты бағыттарын, ережелерін және технологияларын өңдеуде барысындағы педагогтардың жауапкершілігі жоғарылап келеді. Қазіргі жалпы білім беру мектебінде оқушыларда өнегелі құндылықтарды тәрбиелеу жөнінде маңызды тәжірибе қалыптасқан.

Бізбен өнегелі құндылықтарға бейімделген тәрбие жұмысының моделдері қарастырылған, олар келесі құрылымдық композицияға түйістірілген:

1.     В.А.Караковскийдің авторлық мектебі;

2.     А.Н.Тубельскийдің «өін-өзі анықтау мектебі»;

3.     Т.И.Власованың рұханилықты тәрбиелеу мектептері;

4.     академиялық мектептер;

5.     көп ұлтты аймақтағы этномәдени білім беру мектептері;

6.     педагогикалық гимназия;

7.     гуманитарлық гимназия.

Оқу мекемелерінің талданып жатқан іс-әрекетін тәрбиелеу міндеттерінің, мақсаттарының, мазмұнының, ұйымдастыру әдістерінің алуан түрлілігі ерекшелендіреді. Бірақ, олар үшін дамып жатқан адамның тұлғасын жоғары әлеуметтік құндылық деп мойындауды түсінудегі, тәрбиеленушіге субъекті ретінде қараудағы, тәрбие процессіндегі өзара қатынастарды құрудың адамгершіліктік тәсіліндегі, оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тартуда және солардың негізінде осы мақсаттарға сәйкес мінез-құлықты қалыптастырудағы бірлік тән болады. Аталған мектептерде сынып жетекшісі өнегелі құндылықтарды  тәрбиелеу басты міндеті болып табылатын үлкен жолдас, кеңесші ролін атқарады.

Оқу мекемелерінің талданып жатқан іс-әрекетін тәрбиелеу міндеттерінің, мақсаттарының, мазмұнының, ұйымдастыру әдістерінің алуан түрлілігі ерекшелендіреді. Бірақ, олар үшін дамып жатқан адамның тұлғасын жоғары әлеуметтік құндылық деп мойындауды түсінудегі, тәрбиеленушіге субъекті ретінде қараудағы, тәрбие процессіндегі өзара қатынастарды құрудың адамгершіліктік тәсіліндегі, оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тартуда және солардың негізінде осы мақсаттарға сәйкес мінез-құлықты қалыптастырудағы бірлік тән болады. Аталған мектептерде сынып жетекшісі өнегелі құндылықтарды  тәрбиелеу басты міндеті болып табылатын үлкен жолдас, кеңесші ролін атқарады.

Мақсатты  нұсқауларды шешу жолдарының алуан түрін қолдану, мектеп оқушысының тұлғасында рұханилықты тәрбиелеу басым тенденцияларды анықтауға және олардың практикалық тұрғыдан іскеасуының шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі мектеп оқушыларының рұханилығын тәрбиелеудің поливариантты кеңістігіинновациялық мектептердің варианттық моделдерін құрудың негізінде жүзеге асырылады: іс-әрекеттілік; рефлексивтік-талдаушылық; «Қайнар» соборлық-қатынастық-гуманитарлық мектебі.

Рұхани-өнегелі тәрбиені жүзеге асыру жеті мәдени-білім беру бағдарламасы арқылы орындалады: «Рұханилықты қайта өркендету», «Инновациялық педагогикалық технологиялар», «Дарынды балалар», «Азамат», «Мектеп және микросоциумның мәдени кеңістігі», «Балалар денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуы», «Микроаймақтық мектептің экологиясы». Содан соң тағы да бір бағдарлама қосылды – «Психологиялық-педагогикалық мәдениет». Оқушылардың жеке басты мәдениетінің бір немесе бірнеше құрамаларына құрылымды-бағытталған әрбір бағдарлама ең алдымен рұхани-өнегелі тәрбиеге бағытталған жалпы және ерекше міндеттерді шешеді.  

Тұлғаның рұхани-өнегелі құндылықтарын тәрбиелеу мектептің тәрбиелік кеңістігін толықтыратын қосымша білім берудің вариативтілігінің, икемділігінің және қозғалымдығының арқасында мүмкін болды. «Демократия» ойынын өткізу оқушылардың шығармашылық-іскерлік қабілеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік берді, ал «Импульс» атты балалар мемлекеті – ойынды өнегелі құндылықтарға негізделген партнерлік қатынастармен толықтырды. Сонымен, оқушылардың әлеуметтенуі үшін жағдай жасалынды, ал қалыптасып жатқан азаматтық мәдениет тұлғалық өсуге мүмкіндік бере отырып, өзекті болып келеді. 

Тәрбиелік іс-әрекет жүйесіне ұжымдық шығармашылық істер технологиясын енгізу оқушыларды тәрбиелеу потенциалының тиімділігін арттырады. Тәрбиеші-педагогтың бейімділік-ізденістік көзқарасы, өз іс-әрекетін талдаудың тұтастық тәсілі, өзінің меншікті психологиялық-педагогикалық тәжірибесіне ой жүгірту, білім беру кеңістігін гуманизациялау гимназияның тәрбиелік процессінің табыстылығына септігін тигізеді.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Стратегический план  Министерства образования и науки  Республики Казахстан на 2009-2011 годы, Астана 2008 год

2.     С.Д. Муканова, д.п.н., вице-президент НАО им.Ы.Алтынсарина «Инновации как основа развития системы среднего общего образования», Журнал «Білім – Образование», 2010, № 4

Ланько Э. Наш «караван» на пороге XXI века Наука Казахстана.- 1995.-№10.- С.4