Ойын
арқылы есептерді шығару
Айтбаева А.,Орынбасар М.,
ПМНО 11-1 топ студенттері
Ғылыми жетекші:Кенжебекова
Р.И.-п.ғ.к.,доцент, Шымкент қ. Қазахстан
Дидактикалық ойындардағы жұмыс үшін дайындық
деңгейіндегі бастауыш мектеп оқушыларын топтарға бөлу
кезінде мұғалім бұл жерде нашар, орташа және
күшті даярлық деңгейіндегіге дәстүрлік бөлу
тиімсіз екендігін есте ұстауы қажет. Дидактикалық
ойынның өзіндік үлгісі оның ішкі жан дүниесін
жандандыра алатындығынан және әдеттегі жағдайларда тек
қанағаттанарлық білім көрсететін оқушылар да,
ойында жеңімпаз бола алады.
Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық құрылымы
ерекшеліктерін, ынтасын, ерік күштерінің сипаты мен
қарқындылығын білу маңызды.
Мәселен дидактикалық ойынға енгізілген материал бойынша
сабақтың алғашқы бөлігінде
қанағаттанарлықсыз баға алған
оқушыларға «Дидактикалық ойында тапсырмаларды нақты
шешуге саған не көмектесті, сен 5 минут алдын ғана берілген
материалды түсінбегендігіңді көрсеттің ғой?»
деген сұрақ қойдық. Оқушы: «Мен ойын ережелері
мен міндеттерін түсіндіруді, мұғалімнің сыныпқа
берген сұрақтары мен оларға берілген жауаптарды, мұғалімнің
топ басшысымен әңгімелесуін бәрін-бәрін тыңдадым
және бәрін түсіндім және мен артта қалуды
қаламадым» деп жауап берді (Молдабек Мұхаметжан
әңгіме-сұхбаттан).
Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнен сабақ барысына
дидактикалық ойынды енгізу
жөніндегі түсіндірмені тыңдай отырып, оқу тапсырмасын,
ережені, бақылау сұрақтарын, жауаптарды айрықша
мұқият тыңдайды және мұғалімнің топ
басшысымен әңгімелесуіне де құлақ салады.
Оқушы бар күшін сала отырып жеңіске жету тілегі оның
танымдық іс-әрекетін жандандырады, өзіне деген барынша
жоғары талаптарды алға қояды.
Осылайша оқу үрдісінде пайдаланылатын дидактикалық
ойындар психологиялық,
қоғамдық–құлықтық, дидактикалық
және әдістемелік негіздердің сақталуы кезінде
ғана оң нәтижелерге алып келеді.
Кейбір
дидактикалық ойындардың
мысалдарын қарастырайық
Дидактикалық мақсаты. Берілген
математикалық, тілдік тапсырмалар баланың
ұғым-түсінігіне сай күнделікті өмірінде
көріп, қолымен ұстап, сезіп-біліп жүрген
қарапайым нәрселерін қамтиды. Бала берілген тапсырмаларды
орындау барысында қиялдайды, ойланады. Демек, оның логикалық
ойы дамиды. Заттар мен ұғымдардың суретін салу, оларды бояу
арқылы эстетикалық сезімі оянып, соларға ат қою
барысында сөз, сөзден сөз тіркесін, одан сөйлем,
сөйлемнен мәтін құрастырады. Нәтижеде
баланың логикалық ойлау қабілеті, эстетикалық
талғамы мен тілі қатар дамиды, сөздік қоры молаяды.
Оқушылардың берілген тәртіпте
санай алу шеберліктерін тексеру.
Суреттерді
аяқтаңыз. Сөйлем құраңыз. Суретші
құсты қанша қанатпен салды? Құста
қанша қанат болады? Суретші мысықтың қанша
құлағын салды? Мысықтың қанша
құлағы бар?
Дидактикалық мақсаты. Оқушылардың
1, 2, 3, 4 сандарын білуі мен оларды жаза білу шеберлігін; есептеу кезінде
алдыңғы және артқы сандарды анықтай алу
шеберлігін; «қанша?» және «есеп бойынша қайсысы?»
сұрақтарына жауап бере алу шеберлігін; тапсырма
сұрақтарына жауап бере алу шеберлігін тексеру
Сабақ
барысында оқытудың әдіс – тәсілдерін қолданудың мәні зор. Оны
нәтижеге жету үшін ойынды өткізу кезінде көп
нәрсе назар аударылған жөн. Бұл бағыттағы
ой түйінін ежелгі грек философы Демокрит пікірімен
тұжырымдасақ: «Өнер де, даналық та егер оны
үйренбесе қолға түспейді». Осы бағытта
ұлттық ойындарын сабақ жүргізудің бір
тәсілі ретінде пайдаланып отыру – оқытылудың тиімді
жолдарының бірі
«Бүгінгі
таңда өздерінің тәлім – тәрбие беріп жатқан
бүлдіргендер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес,
Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін
қастерлемейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілу
қажет » деп Білім және ғылым министірі Шәмші Көпбайқызы
мұғалімерге арнау сөзінде атап көрсетті.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Кенжебекова
Р.И. Бастауыш сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептерін
пайдалану әдістемесі. Пед.ғыл. канд. дисс. –
Шымкент, 2004-139б.
2.
Керімбаева Р.Қ., Жиеналиева Р.Д. Бастауыш сыныпта
ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалану.
//Қазақстан мектебі, 2006, №10, 24-25б.
3.
Қайыңбаев Ж.Т. Бастауыш
мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның
құрылымының ерекшеліктері: Пед.ғыл.кан... .дисс.
-Алматы, 1998. -101б.
4.
Н.Н.Медетбекова Ұлттық ойындарды бастауыш математикасын
оқытуда пайдалану. «Білім берудің инновациялық моделі:
бағыттары мен болашағы» халықаралық
ғылыми-практикалық конференция материалдары.
Ақтөбе-2007