АҚШ-ТЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ФАКТОРЫ
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
«Халықаралық қатынастар» кафедрасы
Аға оқытушы Құрманова Г.Т.
1980 – 1990 жылдардың
тоғысындағы биполярлықтың күйреу үрдісі
Мәскеу мен Вашингтонның жаһандық
құндылықтарды, әсіресе алдыңғы
онжылдықтарда өздері құрған халықаралық институттарды
қайта бағалауына алып келді. «Мейірбан гегемония» (benevolent
hegemony) саясатынан қалған қос ұлы державаның
қалдықтары және
сыртқы саясатта «ұлттық эгоизм» қағидасына
қайта оралу кеңестік және американдық «гегемониялар»
арасындағы бір жағынан өзара тәуелділіктің,
екінші жағынан олардың бақылауындағы саяси
күштердің әлсіреуіне ықпал етті.
«Қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен
көптеген одақтық құрылымдардағы
«сыртқы ресурстың» қажеттілігі автоматты түрде жойылды,
ал АҚШ пен КСРО-ның жақын одақтастары мен
халықаралық ұйымдарға, тіпті осы қос ел
үстем орын алатын ұйымдарға стратегиялық
тәуелділігі айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде,
одақтастар мен қолшоқпарларға қатысты ұлы
державалардың саяси міндеттерінің теңдессіз
үлестерінің қысқаруы көптеген онжылдықтарда
тұңғыш рет ақиқатқа айналды. Мұндай
қысқартулар көбіне тек ескертпелі реттілікпен, яғни
кіші әріптестерден міндетті кеңес жүргізбестен болып жатты.
Одан басқа, кіші әріптестер кеңестік және
американдық басшылық тарапынан қуат, тірек ретінде емес,
масыл елдер ретінде қабылданды, ал олардан құтылуды
Мәскеу мен Вашингтон (әр түрлі себептермен болса да)
биполярлық дәуіріндегі өздерінің ауыртпалықтарын жеңілдетуге
арналған қажетті шарт деп қарастырды.
Сөз арасында қазіргі заманғы ресейлік және
американдық потенциалдардың, мүдделер мен
мақсаттардың салыстыруға келмейтіндігі айқын
көрінетін жаһандық көлемдегі американдық
унилатерализм мен нақты аймақтық сипатқа ие ресейлік
«сыртқы саяси дербестігі» арасында теңдік белгісін
қоюға мүмкіндік бермейтінін атап өту қажет.
АҚШ бұрынғы,
тіпті амеикандықтардың қатысуымен болатын
халықаралық қауіпсіздік құрылымдарына арқа
сүйеместен, әскери-ұйымдық мәселелерде максималды
жеткіліктілік пайдасына таңдау жасап қойды.
Тәуелсіздікке қолы
жеткен Ресей, керісінше, ұзаққа созылған ішкі
дағдарысқа орай, ол үшін маңызды болған
халықаралық институттарға салатын инветицияларын
қысқартуға мәжбүр болды. Оның үстіне,
халықаралық институттар ол үшін халықаралық
істердегі ресейлік ықпалды салмақтырақ етуге (әсіресе
КСРО күйреуіне орай Ресейдің «ұлы держава» дәрежесін
жоғалтқаннан кейін) мүмкіндік беретін өзіндік бір
компенсаторлық механизм болар еді.
Нәтижесінде, Ресей халықаралық міндеттердің
үлкен концепцияларынан бас тартып, жаһандық және
аймақтық құрылымдар қызметіне
қатысуға дифференциялды түрде қарай бастады.
Сыртқы саяси белсенділіктің «білімді эгоизм» дәрежесіне дейін
төмендеуі саяси-идеологиялық негізге және сыртқы
саясаттың ресейлік концепцияларындағы
құқықтық рәсімделуге ие болды, ал
«мультилатерализм a la carte» американдық қағидасына
қатты ұқсас естілетін «сайлауға қатыстыру»
қағидасының өзі,
ресейлік бірқатар белгілі зерттеушілердің пікірінше, ХХІ
ғасыр басындағы ресейлік стратегияның өзіндік
әуеніне айналды[1].
Анық қалаудың
(«гипердержавалық» Америка жағдайындағыдай) немесе
мүмкіндіктің болмауына орай қос ойыншы да әлем істеріне
барынша қатысудан бас тартты және бақылау үшін өздеріне
кең мүмкіндіктер жасап алып, «қолмен басқару» режиміне
көшуді жөн санады. Уақытша коалициялар мен екі жақты
байланыстарға артықшылық беру ресейлік және
американдық стратегиялық ойлаудың сипатты жағына
айналды, әсіресе бұл Мәскеу мен Вашингтонда қандай да
бір бастаманы халықаралық ұйым арқылы алға
тартуға күшінің жетеріне сенімсіз болған
жағдайда, ал ұжымдық шешімдер қабылдауда шеткері
қалып қою қаупі жоғары деп бағаланған
кездері айқын көрінді.
Постбиполярлық әлемнің екіұштылығы
жағдайында бұрынғы гегемондар сыртқы саясаттағы
ресейлік-американдық концепциялары мен олардың
халықаралық міндеттердің бұрынғыға
қарағанда «тар» трактовкасын абайсыздықпен
қабылдаған өздерінің кіші одақтастарының
дәлелдеріне үлкен көңіл бөлу арқылы
мойындарына артық ауыртпалық алғысы келмеді. «Бұрынғы
proteges» бұл жағдайда «бұрынғы
жарылқаушылардың» сыртқы саясатын түзетуге
мүмкіндік беретін көп жақты маңызды рычагтарынан
айрылды. Көптеген онжылдықтар бойынан бергі үлкен саясаттан
өздерінің алшақтап қалғанын сезінген
алғашқылар екіншілерге ықпал етудің жаңа (аса
белсенділерін де) рычагтарын іздеуге кірісті.
Осылайша, әлемдік аренада легитимдіктің өзіндік дефициті
байқалды, бұл аса ықпалдырақ халықаралық
ойыншылардың бұрыннан бар әлемдік тәртіптің
негіздерін қайта қарауының, сондай-ақ қос
басқарушы орталықтың статус-квоны сақтауға деген
саяси еркінің жоғалуының салдары еді.
Десек те, кеңестік-центристік институттарды ертерек шарпыған
легитимділіктің жаһандық дағдарысы АҚШ
гегемониясының жүйесінің жылдам күйреуіне алып келген
жоқ. 1990 жылдардың аяғы, әсіресе 2000 жылдардың
басындағы Вашингтонның біржақты белсенділігі салдарынан
үлкен дәрежеде қирауға ұшыраған
Американдық «басқарылатындардың келісімімен болатын
басқарулар» концепциясы, тек сақталып қана қалған
жоқ, сонымен бірге американдық жаһандық билікке
соншалықты қажетті сенімділік несиесін беруге дайын
тұрған бірқатар елдер мен жеке аймақтардың
есебінен жаңаруды бастан кешірді.
Қазіргі заманғы
әлемдік тәртіп (онда АҚШ әлі гегемон болмаса да,
көшбасшы ролін атқарып тұр), оның барлық
кемшіліктеріне қарамастан, оны өзгертуге тілек білдіріп
отырған және қабілеті жететін айқын
«контр-лидерлердің» байқалмауымен сипаталады. Тіпті қазіргі
әлемнің енді туып келе жатқан державалары АҚШ жетегіндегі
әлемдік тәртіпті қиратуға емес, оған өзіне
тиімді шарттармен қосылуға талпынады. Бұл мақсаттар
үшін олар тікелей конфронтация саясатын емес, саудаласу дипломатиясын
қолданады, ШЫҰ немесе БРИК сияқты аймақтық
ұйымдарға антиамерикандық көрініс беруден жалтарады,
ДСҰ мен ХВҚ сияқты американо-центристік ұйымдар
шеңберінде өз құқықтарын
сақтауға және кеңейтуге талпынады. Бұл орайда
Ресейдің объективті сыртқы саяси және сыртқы
экономикалық басымдылықтары жаһандық институтарға
интеграциялануға бағыт алған оның азиаттық
әріптестері – ҚХР немесе Үндістандыкінен қатты
ерекшеленбейді.
Ресейлік гегемондық жүйені бұрынғы нұсқада
қайта қалпына келтіру бірқатар белгілі себептерге байланысты
тәжірибе жүзінде мүмкін болмайтындығына орай, Ресей
Федерациясының стратегиясы ресейлік доктриналарда ресми түрде
«көп полярлы әлем» аталып жүрген өзіндік
институцияланған «ұлы державалардың концертін»
құруға бағытталып отыр. Бір жағынан,
«жұмсақ бір жақты тепе-теңдікке келу» саясатына, екінші
жағынан – халықаралық институттарға Ресейдің
біртіндеп қатысуы негізінде, бұл стратегия сақталып
отырған американдық гегемондық жүйені
көпжақты әріптестік жүйесіне трансформациялай отырып,
оны «іштей» өзгертуге арналған[2].
Бұл орайда айта кетерлігі,
қазіргі заманғы американдық және ресейлік
саясаттағы бір жақты бағыттар көп жақты
бастамалармен органикалық түрде үйлесіп, дәстүрлі
одақтар мен «жағдайға байланысты» коалициялар синтезін
құрады.
Болашақ әлемдік
тәртіпке американдық және ресейлік көзқарасты
біріктіретін маңызды фактор бұл екеуінің де
жаһандық құрылымдар мен ұлтқа жасалатын
бюрократия емес, мемлекеттер іске асыратын халықаралық процесстерді
басқаруды түйсінуі болып табылады.
Халықаралық
ережелерді нығайтуға бағытталған АҚШ пен
КСРО-ның көпжылдық саясатының қорытындысы –
әлемдік аренада әр түрлі салалардағы
мемлекетаралық бірқатар құрылымдардың пайда
болуы. Өзара тәуелділік пен интернационализация процесстерін дамыту
нәтижесінде өз ұстанымдарын айтарлықтай күшейтіп
алған институттар кейде өздерінің құрушыларының
мүдделеріне сай келмей қалатын өзіндік даму динамикасына ие
болды. Қазіргі таңда бұл мемлекетаралық
құрылымдардың көпшілігі мыңдаған
үкіметтік емес ұйымдар (НПО) секілді Мәскеу мен
Вашингтонның ерекше құқықтары мен
артықшылықтарын соңғыларға санкцияға
ұшырау қаупінсіз біржақты әрекеттер жасай беруге
мүмкіндік беретін атавизм ретінде қарастырып отыр. Соңғы онжылдықтарда
әлемдік қауымдастықтың артықшылықсыз
мүшелері (жаңа туып келе жатқан батыстық емес
державалар) мен ұжымдық ойыншылардың (ЕО сияқты)
күшімен айтарлықтай күшейіп алған ескі
институттардың мақсаттары мен міндеттерінің келбеті
өзгерді, американдық және қайда пайда болмаса да
ресейлік унилатерализммен күресуге қарай бағдар қоя
бастады. Халықаралық легитимдіктегі АҚШ пен
РФ-ның керек қажеттілігі ресейлік және американдық
элиталардың постбиполярлық реалияларды қабылдауға дайын
болмай шығуына орай әлі күнге дейін
қанағаттандырарлықсыз қалып отыр. Гегемонистік
көпжақтылыққа оралу бір маңызды
жағдайдың болуымен шартталған – институттар қандай да
бір халықаралық қағидалар мен тіректерді
ынталандырған гегемондарға, сондай-ақ олардың негізінде
базаланатын ресми және бейресми мүшеліктегі халықаралық
ұйымдарға «ерекше статусқа» кепіл беруге тиіс [3]. Саяси
субъектілердің көп түрлілігімен сипатталатын қазіргі
заманғы әлем жағдайларында мұның бола қоюы
екіталай. Бұл жағдайға қарамастан, гегемондардың
инерциялық ойлауы әлемдік қауымдастықтың
мүшелерінің барлығының емес, ұлы державалар
арасындағы консенсустың бар немесе жоқ болуы қандай
шешімдер мен әрекеттердің көп жақты болатынын, демек,
легитимдік, унилатерализм ретінде қарала алатынын анықтайтын басты
критерий болып табылатындығынан шығып отыр.
«Кейбіреулерге ғана берілетін ерекшелікті» сақтаудың
мақсатқа сәйкестігі туралы мәселенің
халықаралық ұйымдардың артықшылықсыз
мүшелері немесе әкімшіліктік аппаратының ұсынған
кез келген шешімі соңғылардың «элитарлық» елдер клубы
тарапынан байқалатын тұйықтығына кіналауына алып
келеді. Ұйымдардың өздері «тиімсіздігі» (мысалы, АҚШ
тарапынан БҰҰ) мен «теріс түсінік» (мысалы, Ресей тарапынан
ЕҚЫҰ) үшін остракизмге ұшырап отырады, ал олардан тыс
жасалатын біржақты әрекеттер ветоны ұстаушылар тарапынан
унилатерализм деп қабылданбайды немесе аздаған зұлымдық
деп қаралады. Солай бола
тұра «аздаған зұлымдық» пайдасына шешілетін
таңдау заңды ұлттық мүдделерді іске асыру
қажеттілігімен ақталып, халықаралық бюрократияның
ұстанымына мән берілмейді. Демократизация мен универсализация
бағытындағы БҰҰ-ның да,
ЕҚЫҰ-ның да реформасының ұзақа созылып кетуі
көп жағдайда екі құрылымның
басшылығындағы өзінің ерекше статусын сақтап
қалуға тырысатын Мәскеу мен Вашингтонның мұндай
өзгерістерді қаламауына байланысты болып отыр [4].
Аймақтық интеграция
қатарында, локомотивтері түрлі «трансұлттық ойыншылар»
болып табылатын жаһандану мен өзара тәуелділік сияқты
принциптік жаңа әлемдік құбылыстар мен үдерістердің
дамуы АҚШ-тың консервативтік саяси-академиялық орталарында
алаңдаушылық туғызады. Олар, оңшыл
бағыттағы кейбір саясаткерлердің пікірінше
«демократиялық емес әлемдік билікті» елестететін сансыз
халықаралық құрылымдар тарапынан американдық
республиканың егемендігіне қысым жасалудан қауіптенеді [5].
Ресейлік мемлекетшілдердің мемлекеттік биліктің
саяси-құқықтық реттеудің басқа
формаларына жүргізетін үстемдігі идеялары да айтарлықтай
қолдау тапты.
Американдық және
ресейлік егемендіктің мызғымастығын жақтайтындар
биліктік қатынастардағы иерархия көлеміне байланысты
қандай да бір елдердің артына бекитін мемлекеттердің
халықаралық-құқықтық
дәрежелеріндегі айырмашылықтарды туғызады. Бұл орайда
«егемендік шеруінің» қатардағы қатысушыларына
ұлттың өзін өзі анықтауға деген
құқықтық қағидасы, Косово мен
Оңтүстік Осетия тәжірибесі көрсеткендей,
түсіндірмемен таралуға тиіс және ұлы
державалардың тарапынан анықталуға тиіс [6].
Соңғы
онжылдықта БҰҰ ҚК-не де, дербес елдердің сот
органдарына да бағынбайтын Халықаралық қылмыстық
сот (МУС) сияқты халықаралық құқық
органдарының пайда болуы мен дамуын әлі күнге дейін Рим
Статутын ратификацияламаған Мәскеуде де, Вашингтонда да энтузиазм
қарсы алып тұрған жоқ [7]. Алуан түрлі
үкіметтік емес ұйымдар көтеріп жүрген Ирактағы,
Ауғанстандағы немесе Оңтүстік Осетиядағы адам
құқықтары тақырыбы да ресейлік мемлекетшілдер
үшін де, американдық консерваторлар үшін де
ыңғайлы болып табылмайды.
Біржақты және көпжақты сыртқы саяси
құралдарды таңдаудағы американдық және
ресейлік істердің жақындығы қарусыздану саласында да
байқалып отыр. Бұл орайда біржақты шаралар мен
ұжымдық шешімдерді үйлестіру ұмтылысы кейбір
логикалық-ойлық коллизияларға алып келеді. Қандай да бір
халықаралық қауіпсіздік режимдерінің
артықшылығы АҚШ пен РФ қарауындағы ракеталық-ядролық
потенциалдар мен қарапайым қаруларға байланысты,
сондай-ақ олардың нақты стратегиялық
жағдайға қосатын роліне байланысты анықталады [8].
Бұл жағдайда қарусыздану риторикасы ДНЯО, ДВЗЯИ немесе ДОВСЕ
сияқты көпжақты құжаттарға арқа
сүйейтін ядролық немесе «қарапайым»
қарусызданудың өзіндік жарысында бір біріне кезектесіп
эстафета беріп отырған екі ядролық державаның өзіндік
әскеи-стратегиялық ойынының бейне бір тұтқынына
айналады.
АҚШ пен РФ саясатындағы біржақты бағыттар НАТО
сияқты маңызды әскери-саяси институтты да айналып
өтпеді. Отандық эксперттер атаған ресейлік-натолық
қатынастардың ерекшелігі тек ресейлік-американдық
қатынастардың жалпы климатына ғана емес, сонымен бірге евроатлантикалық
қоғамдастықтың өз ішіндегі
жағдайларға да байланысты. Мәскеу дәстүрлі
түрде НАТО бойынша батысевропалық одақтастармен
байланысындағы Вашингтонның біржақты тербелістеріне
сезімталдық танытып, американдық унилатерализмге Альянспен
өзара қатынастарының деңгейін - «шағын істер» саясатын ашық елемеу және
төмен жүргізуден оған «стратегиялық әріптестікке»
жақын ерекше артықшылық беруге дейін «көтеру» жане
«төмендету» жолымен тез арада жауап қатып отыр [9].
Дегенмен, арасында тоқтап
қалатын американдық әкімшіліктің НАТО-мен жұмысы
ресейлік биліктің ОДКБ немесе ШЫҰ-мен жұмысына
қарағанда жемісті болып отырғанын атап өту қажет.
Көп жағдайларда соңғы халықаралық
дағдарыстар жағдайларында онжылдықтарда Ресей Федерациясы
ұшырасып жүрген бұл қос құрылымның да
тарапынан қолдаудың болмауы Ресейге, әскери кампанияларды
арандатқан АҚШ-тың қолы жеткен «псевдолегитимдікті» де
қамтамасыз етпеді.
Посткеңестік (евразиялық) кеңістік елдері арасындағы
ұстанымдардың үйлесіміне жету барысындағы
қиындықтарды ескерсек, көпполярлықтың ресейлік
концепциясын іс жүзінде жүзеге асыруын жеңілдететін кең
коалицияларды құрудың американдық тәжірибесін
пайдалану үшін Ресейге көп күш пен өз көршілеріне
«жұмсақ» ықпалының айтарлықтай ресурсы қажет.
Биполярлық конфонтация
кезеңінің аяқталуымен АҚШ пен Ресейдің әлемдік
қауымдастықтың басқа мүшелерімен
қатынастарының геосаяси контексті көптеген өзгерістерді
басынан кешірді. Екі ел де әлі күнге дейін олардың
әлемдік жүйедегі жаңа жағдайларына сәйкес келетін
орны мен ролін іздеу, ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы
саясат саласындағы өз мүдделері нақтылау қажеттілігі
алдында тұр. Алайда, пайда болған шарттарда американдық билік
те, ресейлік билік те қалыптасқан тәртіпке орайлас
бағдарлар мен ережелерді соңына дейін жасамағандығын
атап өтуге тура келеді. Әр уақыт бірін бірі біржақты
әрекеттер арқылы қазіргі тәртіпті бұзды деп
айыптай отырып, Мәскеу мен Вашингтон мойындарына бұрыннан бар
әлемдік тәртіптің негіздерін қайта қарау
жауапкершілігін алудан бас тартады. Бірақ ақиқат
ревизионизмнің қырлары да, статус-кво саясатының
қырлары да қос елорданың саясатында да бар екендігіне
куәлік етеді.Дегенмен, бұл әрекеттерде мөлшерленген
сипат бар және сол себепті ол бұрыннан бар әлемдік
тәртіптің институциялық негіздерін жылдам демонтаждауға
емес, оның баяу эволюциясына бағытталған, оны ресейлік
және американдық истеблишмент кейбір жағдайда әр
түрлі, ал кейбір жағдайда бірдей елестетеді.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1. Шаклеина
Т.А. Место
реализма в российских исследованиях международных отношений / Российская наука
международных отношений: новые направления. М.: ПЕР СЭ, 2005. С. 123-140.
2. Шаклеина
Т.А. Россия
и США в новом мировом
порядке. Дискуссии в
политико-академических сообществах России и США (1991-2002). М.: Институт США и Канады РАН, 2002. С. 114-170.
3. Кортунов
С.В.
Современная внешняя политика России: стратегия избирательной вовлеченности. М.:
ГУ-ВШЭ, 2009.
4. Страус
А. Униполярность.
Концентрическая структура нового мирового порядка и позиция России. // Полис. 1997. № 2.
C. 78-91.
5. Нарочницкая, Н.
Россия в новых геополитических реальностях // Международная жизнь. 2003. № 11.
С. 73—90.
6. И.А. Зевелев,
М.А. Троицкий. Сила и влияние в американо-российских отношениях: семиотический анализ.
М.: НОФМО. 2006.
7. Шаклеина Т.А., Батюк В.И.
Россия и Америка: российская
внешнеполитическая мысль
о российско-американских отношениях.
М., 1992. С. 36-66.
8. Иноземцев, В.
Российско-американские отношения: что впереди? // Международная жизнь. 2003. №
9-10. С. 147—156.
9.
Тузовская Н.Ю. Россия и
НАТО: новое качество отношений?// Ядерный Контроль. 2004. №2. С. 73-80.