Психология

 

Сәлімбаева Ш.О.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ОҚЫТУДЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ФИЛОСОФИЯЛЫҚ,  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ    НЕГІЗДЕРІ

 

Еліміздің  ата  заңы – ҚР-ның  Конституциясында  атап  көрсетілгендей,  құрылып  жатқан  зайырлы  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекеттің  ең  қымбат  қазынасы – адам  және  адам  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары.  Сондықтан  адамды  әдеттегі  үйреншікті  сана-сезім  шеңберінен  алып  шығып,  мәдениеттің  биік  әлеміне  көтеру,  өз  дүние  танымын  қалыптастыруға  мүмкіндік  жасап,  адамзат  табыстарына  негізделген  өзіндік  сенім  көзқарастарын  тудыру,  білім  берудің  маңызды  мақсаты.

ҚР-ның  «Білім  туралы»  заңында  білім  беру  жүйесін  қайта  қарау,  білім  беру  мәселелерін  алдыңғы  қатарлы  елдердің  деңгейінде  жабдықтау  қажеттілігіне  тоқталған.  Сол  сияқты  ҚР-ның  білім  беру  туралы  заңында  педагогика  қызметкерлері  оқушылар  алған  білімнің  мемлекеттік  стандарттан  төмен  болмауына  күш  салуға,  оқушылардың  өзіндік  және  шығармашылық  қабілеттерінің  көрінуі  мен  дамуы  үшін  жағдай  жасауға  міндетті  деп  атап  көрсетілген.  Бұл  міндеттерді  шешу қазіргі  педагогикалық  зерттеулер  нәтижелері  көрсетіп  отырғандай  жаңартылған  әдістемелік  жүйенің  оқыту  процесінде  іске  асуы  үшін  оны  технологияландырудың  қажет  екеніне  келіп  тіреледі.  Өйткені,  дәстүрлі  оқу  үрдісінің  нәтижесінде  білім  заңы  талап  етіп  отырғандай,  әр  оқушының  мемлекеттік  стандарттан  төмен  болмайтын  білім  алуын,  олардың  міндеттері  мен  құқықтарын  қамтамасыз  ету  мүлдем  мүмкін  емес. 

Оқытудың  мақсаты - өз  бетімен  дами  алатын,  әр  түрлі  өзгермелі  жағдайларда  бағдар  ұстай  білетін,  белсенді  жеке  тұлғаны,  яғни  қызмет  субьектісін  тәрбиелеп  шығару.  Мұндай  мақсат  білім  мазмұнының  құрылымына,  оны  іріктеп  алудың  дәстүрлі  талаптарына  сәйкес  өзгерістер  еңгізуді  талап  етеді.

Республика  мектептерінде  білім  мазмұны,  мәдениеті  өркендеген  демократиялық  қоғамға  үйлесімді  жаңа  адам  үлгісін  тәрбиелеуге  бағытталуға  тиіс.

Болашақ  қоғамның  азаматы:

-                     дүниеге  диалектикалық  көзқарыстың  негізі  болып  саналатын  белгілі  мөлшердегі  ғылыми  білім  жүйелерін;

-                     жаңа   хабарларды  өздігінен  дұрыс  қабылдап,  бағалай  білуге,  дереу  шешім  табуға  қабілеттілікті;

-                     кез-келген  нақты  жағдайларды  өз  бетінше  талдай  білуді  т.  б.  меңгеруге  міндетті.

ҚР-ның білім  беру  жүйесінің стратегиялық  мақсаты – мемлекеттік  және  кәсіптік  проблемаларын  өз  бетінше  тұжырымдай  отырып,  іс  жүзінде  шеше  алатын  жоғары  білімді,  әрі  бәсекеге  түсуге  қабілетті  шығармашылық  тұлғаны  қалыптастыруға  неғұрлым  қолайлы  жағдай  жасау  болып  табылады.

Қазіргі  қолданылып  жүрген  білім  үлгісінде  этикаға,  морльға  және  дүниенің  жаратылыстану –ғылыми  көріністеріндегі  адамгершілікке  мүлдем  орын  берілмеген.  Мән-мағыналық  міндеттерді  қазіргі  бар  дүниені  танып  білудегі  оны  мақсатты  түрде  түлетуге  бұрғанда  білім  берудің  мүлде  өзгеше  мақсаттары  қажет  болады.

Жаңа  (инновациялық) білім  жүйесі  адамға  дүние  (және  оның  заңдары)  туралы  білім,  бұл  дүниені  түлету  методологияда  беруге  міндетті  инновациялық  білім  жүйесі  білімді  гуманизациялық  және  гуманитарландыру  проблемаларын  шешуді  талап  етеді.

Жоғары  білімнің  жаңа  үлгісінің  басты  мақсаттары  мыналар:

1.                        Адамның  шығармашылық  қуатын  сақтау  және  дамыту;

2.                         Құрылғыны  жобалаудан  іс-әрекетті  жобалауға  өту.

3.                        Оқушының  бойында  шешімдерін  көп  өлшемділігіне,  басқаша  ойлауға,  төзімділікке  және  өзінің  іс-әрекеттері  үшін  адамгершілік  жауаптылыққа  негізделген  көзқарасты  қалыптастыру;

4.                         Пәнаралық  байланысты  дамыту;

5.                        Оқытудың  интеллектуалдық  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру;

Оқыту,  білім  беру  тәжірибесі  педагогикалық  үрдістің  сапасын  үнемі  арттырып  отыруды  талап  етеді.  Осыған  байланысты  ғылым  мен  тәжірибеде  педагогикалық  үрдістің  сапасын  көтерудің  бай  тәжірибесі  жинақталған  солардың  бірі -  педагогикалық  үрдісті  технологияландыру. 

Қазіргі  заманғы   ғылыми – техникалық  даму  адам  өмірінің,  қызметінің  барлық  саласын  қамтиды,  ал  ғылым  саласындағы  теориялық  және  технологолиялық  өзгерістердің  жалпы  стратегиясы  ғылымның  тұрақты  өзегі  ретінде  дүниенің  ғылыми  бейнесін  білдіреді.

Оқытудың  технологиясы  білім  берудің  теориялық  және  қызметтік  негізін  қалыптастырады,  білімді  еңбекпен  ұштастырып  іс-әрекеттің  саналылығын  дамытады,  мақсаты  өмір  сүруге  ұмтылуға  әсер  етеді. 

Оқыту  технологиясы – оқу  бағдарламасында  қарастырылған  алға  қойған  мақсаттқа  жетудің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  оқытудың  әдісі,  құралы  және  түрлерінің  жүйесі  арқылы  оқыту  мазмұнын  жүзеге  асыру  жолы.

Барлық  берілген  анықтамалардан  біз  «технология» - tecni - өнер,  шеберлік  және  loga – ғылым,  заң  деген  мағына  беретінін  білеміз.  Технология – шеберлік,  өнер  туралы ғылым.

Қазіргі  заманғы  оқыту  технологиялары  педагогикалық  және  психологиялық  ілімдері  негізінде  жасалған  дамытушы  тұлғалық,  бағдарлы,  мақсатты  технология  болып  табылады. 

Оқу  үрдісін  технологияландыру  басқа  ақыл-ой  талабына  ғана  негізделген  рационалистік  немесе  технократтық  деп  аталатын  дидактикалық  парадигмамен  әдіснамалық  байланысты  Педагог – рационалистердің  негізгі  міндеті – оқу  материалын  меңгерудің  неғұрлым  тиімді  тәсілін  іздестіру.

Қазіргі  заманғы  қоғамдық  білім  саласында  білім  беру  үрдісінде  көптеген  филисофиялық  бағыттар,  ағымдар,  мектептер  бар.

Педагогикалық  технологияға  олардың  бәрінің  негізінде  сипатттама  беру  мүмкін  емес.  Біз  тек  қана  педагогикалық  технологиялардың  тұжырымдамасыннан  айқын  көрінетін  бірнеше  философиялық  негіздердің  кейбіріне  ғана  тоқталамыз.  Олар  материализм  мен  идеализм,  диалектика  мен  метафизика,  гуманизм  және  антигуманизм  және  т. б.

Диалектикалық – материалистік  бағыт  кеңестік  дәуірде  білім  берудің  өзегі  болып  табылғандықтан,  одан  басқа  бағыт  туралы  айту  мүмкін  болмағанын  біз  сол  кезде  жарық  көрген  оқу  әдістемелік  әдебиеттердің  кез-келгенінен  табамыз.

Ізгілік – адамды  және  тұлғаға  есебінде  танып,  оның  құндылықтврын  бағалап,  оған  еркіндік  беріп,  өз  қабілетін  көрсете  білуге  жағдай  жасайтын  жүйе.

Теософия – діни  бағыттағы мектептердің  маңызды  іргетасы  болып  табылады.  Теософиялық  ізгілік  парадогмасының  тамыры  халықтық  педагогикада  жатыр.

Педоцентризим – философияның  баланың  қызығушылығы  мен  талабының,  қажеттілігінің  басымдылығын  бағалай  отырып,  оның  жан-жақты  дамуына  жағдай  туғызуды  негізгі  міндет  деп  есептейтін  бағыты.

Прагматизм – тұжырымдамасы  бойынша  жеке  бастың  интеллектуалдық  және  адамгершілік  қасиеттері  оның  сирек  кездесетін  табиғатына  және  тәжірибесіне  байланысты.

 Мұның  негізі  адамға  табиғат  берген  қабілеттілікке,  өзін-өзі  икемдеуге  байланысты  шешіледі  деп  есептейді.

Қоғам  өмірінің  кенеттен  өзгерісі  мен  білім  беру  жүцесінің,  білім  беру  мақсатымен  формаларының,  оқыту  мазмұны  мен  технологиясының  арасындағы  сәйкессіздік  білім  беру  жүйесінің  дағдырысқа  ұшырауына  соқтырды:

-                     педагогикалық  білімге  деген  сұраныс;

-                     педагогикалық  білім  берудің  кәсіптік  деңгейін  көтеру;

-                     жалпы  білім  берудің  ерекшелігі  мен  икемділігі;

-                     жалпы  білім  берудің  қоғамның  талабына  сәйкес  келуі;

-                     дәстүрлі  технологияның  тиімділігінің  төмендігі;

-                     қоғамның  жеке  тұлғаның  дамуына  қойып  отврған  талабының  өсуі;

-                     оқытудың  жаңа  технологиясын  ендіруге  кері  әсер  етіп  отырған  психологиялық,  әлеуметтік  кедергілер.

Оқыту  технологиясы  оқыту  теориясын  бейнелейді  және  оқытудың  технологиялық  деңгейін  стратегиясы   мен  тактикасы  болып  табылады.

Мектептердегі  білім  мазмұны  мәдениетіөркендеген  демократиялық  қоғамға  үйлесімді  жаңа  адам  үлгісін  тәрбиелеуге  бағытталуы  тиіс.

Осы  заманғы  ұлттық  мектеп  білім  мазмұны  тұжырымдамасының  методологиясы  таным  процесінің  философиялық  теориясынан,  жеке  тұлға  болмысын  түсінуге  бағытталған  іс-әрекет  туралы  ілімнен,  түрлі  оқу  пәндерін  оқытуға  диалектикалық  тұрғыдан  қарау  мен  тұтас  педагогикалық  процесс  теориясымен  негізгі  қағидаларынан  келіп  шығады.

Қазіргі  уақытта  жалпы  білім  қоғамдық  қажеттілік  қана  емес,  сонымен  қатар,  жеке  адамның  өзіне  де  қажет,  оның  қоғамдық  мәдени  өмірге  кәсіптік  еңбекке қатысып,  білімін  одан  ары  жетілдірудің  мөлшері  болып  табылады.

Сондықтан  да  жалпы  білім  беру  мектептің  білім  мазмұнын  жаңарту  үшін  нақты  әлеуметтік  жағдайларда  дамитин  әрбір  оқушының  талғам – тілегінің,  оның  табиғи – биологиялық – гинетикалық  негіздноін,  қабілетін,  денсаулығы  мен  психологиялық  ерекшеліктерін  барынша  ескере  отырып,  жеке  тұлғаны  шығармашылықпен  іс-әрекет  ете  білу  мақсаты  басшылыққа  алынады.

Жаңартылған  білім  мазмұнының  ғылыми - әдістемелік  негізіне  дамыта  оқыту  идеясы  алынған. 

Дамыта  оқытудың  ерекшелігі  оқушыда  пәндік  білім,  білік,  дағды  қалыптастырудың  қажеттілігін  жоққа  шығармайды,  бірақ  оқыту  мен  оқушыны  дамыту  міндеттерін,  басымдылығын  қолдамайды,  оқыту  оқушының  дамуын  қамтамасыз  ететін  жағдай  болуы  керек  дегенді  приоритет  етіп  қою.

Дамыта  оқыту  жүйесінде  оның  мазмұны  оқушының  жеке  бас  болмысын,  тұлғасын  дамытудың  құралы  деп  қарастырады. 

Ол  мазмұнды  оқушы  меңгеруі  тиіс  теориялық  ұғымдар  мен  түсініктер  жүйесі,  оны  саналы  меңгеретін  жалпыланған  амал- -әрекеттер  және  ұстанымдарды  беріліп  бейнелеуі  қажет  және  бұл  мазмұн  оқулықта  көрініс  табуы  шарт.

Кез - келген  технология  адамның  психикалық  дамуын  анықтайтын  деректер,  алғашқы  себептер  туралы  түсініктерден  пайда  болады.  Дамудың  негізгі  жетекші  факторына  байланысты  технологияларды  төмендегінше  бөлуге  болады:

-                     психиканың  дамуы  биологолиялық  тұқым  қуалау  арқылы  анықталады  деп  қарастыратын  биогендік  технологиялар;

-                     жеке  тұлғаның  қалыптасуы  адамның  әлеуметтік  тәжірибесіне,  оқып  үйрену  нәтижесіне  байланысты  деп  қарастыратын  социогендік  технологиялар;

-                     даму  нәтижесі  адамның  өзіне,  тәжірибесіне,  өзін-өзі  психологиялық  жағынан  жетілдіруіне  байланысыты  анықталады  дегенді  жақтайтын  психогендік  технологиялар;

-                     жеке  тұлға  және  оның  қасиеттерін  материя  емес  деп  үғындыратын  идеалистік  технология.

Қорыта айтқанда педагогикалық  технология – педагогия  ғылымының  оқытудың  мақсатын,  мазмұнын  және  әдістерін  зерттеп,  айқындаушы  және  педагогикалық  үрдісті  жобалаушы  бір  бөлшегі.  Ол -  білім  стандартында  көзделген  оқыту  нәтижелеріне  қол  жеткізу  жолындағы  мақсат,  мазмұн,  әдістер  мен  құралдардың  біртұтас  қызметін  бейнелейтін  үрдіс.

 

Әдебиет

 

1.     Жарықбаева  Қ.  Психология.  Алматы,  1992 ж.

2.     Журавлев  В. И.  и  др.  Введение  в  научное исследование  по  педагогике.  Учебное  пособие  для  студентов  пед  институтов.  М.,       «Просвещение».  1989

3.     Журавлев  В. И.  Педагогикалық  зерттеу  әдістері.  Москва,  1972

4.     Жұмабаев  М.  Педагогика.  Алматы.  «Ана тілі»,  1992

5.     Зденек  Хелус.  Понимаете  ли  вы  ученика. М.  «Просвещение»,  1987

6.     Исаева  З. А.  Подготовка  студентов университета  к  научно-исследовательской  работе  по  педагогике.  Методические рекомендации, - Алматы,  Изд.  КазГУ,  1996

7.     Краевский  В. В.  Место  и  функции эксперимента  в  педагогическом 

исследовании, - М.,  1973