Психология

 

Сәлімбаева Ш.О.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЕҢБЕК САБАҒЫНДА  ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН  МІНДЕТТЕРІ

 

Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс- тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт тұрпатында, қарым – қатынастарында, киім- кешегі мен үй- жайларында , өндіргіш заттарында, тілі мен өнер туындыларында – осының бәрі эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктері мен принциптері көрінетіні белгілі.

Эстетикалық тәрбие де  тәрбиенің басқа салаларындай оқу, білім, тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста, біртұтастықта қарастырылады. «Этетикалық тәрбие –болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті  дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды  тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін  қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы» (Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы 1678 ж. Т-12. 464).

         Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі, отбасындағы, сабаққа дайындалу, сабақта, оқу барысындағы ең жақсыны қабылдау, ләззат алу барысында қалыптасады.

         Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды ажырата білуді қалыптасытрып ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады.

         Эстетика тек заттардың өзіне және шындық құбылыстарына тән, ол біздің түсінігімізге де, қоршаған ортаға деген қатынасымызға  да байланысты емес. Ортаны эстетикалық тұрғыда меңгерудің субъективті жағы болып эстетикалық сезім, талғам, баға,әсерленушілік ой-сана, армандар, осылардың жиынтығы ретінде сана алға шығады, эстетикалық мұратқа жетелейді.

Эстетикалық тәрбиенің басты құралдары-әдебиет, өнер. өнер мен әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы: әдебиет, театр, кино, теледидар,музыак, кескіндеме (пейзаж, баталия), мүсін Т.Б.  көркем туындылар арқылы баланың санасына әсер етіп қалыптастырады.

Бастауыш сыныптардағылардың байқампаздығы айқындалы түседі, сурет салуға, желімдеуге, музыкаға деген қызығушылық, бояулардың түрлерін, әртүрлі формаларды, сызықтарды айыра білу, естіген әуенін еске түсіру қалыптасады. Заттың эстетикалық жағына бала тек әуестік, танып білу, қызығушылықтан ғана көңіл аударады. Сонымен бірге осы жастар балада белгілі бір форманы мазмұнымен бірге қабылдау қабілеті жетіледі, музыканың, сөздің, бояудың әсерін түсінеді. Күнделікті музыкамен, сурет  салумен, оқумен айналысуы оның эстетикалық тәрбиесінің негізін қалауына ықпалын тигізеді. Бастауыш сыныптағы баланың алғаш әсері, оның көркемдік әрекеттері дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім. өнер шығармаларымен танысу, тіпті өнермен айналысу  оны тез жалықтырады. Көркем творчествоның нәтижесінен  әсері сурет салу, желімдеу, музыка процесі қызықтырады, ал эстетикалық құбылыстарды бағалауы белгілі бір жағдайларда ғана байқалады. Баланың өзін - өзі тәрбиелеуінің алғашқы сатысы жеткіншек сатысы болып табылады. Бұл жаста ол белгілі мөлшердегі көркем шығармалардың мазмұнын түсінуге тырысады, білім деңгейін кеңейтеді, қоршаған ортадан эстетикалық тәжірибе жинайды, өмір құбылыстары мен өнер шығармаларын саралап, өздігімен бағалауаға талпынады.

     Жоғарғы сыныптарда баланың өмірдегі эстетикалық саланы талғаммен қабылдауы жеткіншектерге қарағанда жоғары болады, дүниетанымдылығы мен пікірі жүйелене түседі. Өнерге, көркем творчествоға, өзінің тәртібіне ерекше мән береді. Мұғалімге баланың жас ерекшеліктерінің эстетикалық дамуын білу, олардың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық талғамын мақсатты түрде жетілдіруде және сезім тәжиребесін толықтыруда көмегін тигізеді.

Адам өз өмірінің суреткері. Ол қалай болмасын өз өміріне әсемдікті еңгізуге тырысады. А.М. Горькийдің бұл ойы өте орынды айтылған. Адамның эстетиканы меңгеруі тек өнер саласымен шектелмейді, ол адамның барлық творчестволық әрекеттерінде кездеседі. Басқа сөзбен айтқанда, тікелей өнер туындыларымен: суретпен, музыкамен, поэзиямен айналысқанда ғана суреткер болып қоймайды. Эстетиканың бастамасы адамының еңбегінде, адамның өзін ортаны өзгертуіне бағытталған ортаны өзгертуіне бағытталған әрекеттеріне негізделген. Адамның болмысқа деген эстетикалық қатынасы өзінің пайдасы болуында еңбек әрекеттеріне міндетті еңбекті дене ойыны мен рухани күштұрғысында әдемілік, сәулеттілік құбылыстары тұрғысында түсініп, әсерлену эстетикалық тәрбиенің негізі мен адамның дамуын қалыптастырады.

Бала еңбегі масылдыққа айналмай, эстетикалық ләззат әкелуі үшін, ол қоғамның қажетінен шығуы керек, қимылдың нақытылығымен, ырғақтылығымен, уақыт үнемділігімен, берілгендігімен байқалып, қағанаттанарлық және табыс сезімін әкелуі керек. Дене қимылының ептілікте, дәлдікте, ырғақтылықта, қуанышта байқалатын үйлесімділігі ішкі рухани әсемділікті тудырады. Оны балалар үлкен эстетикалық байлық ретінде бағалап қабылдайды. Эстетикалық әсер көбіне оқыту әрекеттері арқылы беріледі.

Балалардың әдемілікке деген сөзімін қай жерде болмасын: мектепте, үйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек.

Мектепте, сыныпта арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті түрде оларды қатыстырған жөн. Бұл тұрғыда А.С. Маккаренконың тәжірибесі кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар, ондағы гүлдердің көптігін жалтыраған паркетті, айналарды, асханалардағы аппақ жапқыштарды, бөлмелерінде мінсіз тазалығын таңдама әңгімелейді.

 Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік  деңгейді  жетілдіру, оқыған кітап,  көрген кинолар  мен музыкалық шығармалар  санын көбейту ғана емес. Ең бастысы,  адамгершілік сезімді, жеке бастың  рухани  деңгейін  кеңейту, мінез-құлқын түзхету, толықтыру.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің  бәрі  өзара тығыз  байланысты, алайда оларды тізіп шығу тәртібі белгілі дәрежеде эстетикалық  тәрбие беру жөніндегі жұмыстағы дәйектілікті,  оның  қайсыбір кезең-кезеңге  бөлінетіндігін  бейнелейді.  Шынында да адам әуелі әсемдікті қабылдай білуге,  онан кейін қабылдаған  нәрсесін  бағалап, аңғара білуге үйренеді,  тек осының  негізінде ғана  өзін өнерде шама-шарқынша көрсете білуге дағдылану,  төңірегіндегі тіршілікке әсемдікті енгізе білу бәрінен де жақсы дамытылады. Сонымен бірге үш міндетті қатарынан, көбінесе алғашқы екі міндетті  бір мезгілде өте жиі  шешуге тура келеді.

Егер эстетика педагогиканы әсемдіктің  мәнін   және оның көрініс  беру заңдылықтарын түсінумен қаруландыратын болса,  ал педагогика  адамның осы  жендікке  деген көзқарасын қалыптастыру құралдары  туралы мәселені шешеді,  эстетикалық тәрбиенің нақты міндеттерін  алға қояды және оқу-тәрбие жұмысының  барысында ол  міндеттерді шешу жолдарын белгілейді.

Эстетикалық  тәрбие адамның рухани бейнесін  қалыптастырудың  соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген  ұғымды «көркемдікке тәрбиелеу»  деген ұғыммен пара-пар алып жүр.  Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз  өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өнердегі,  табиғатты және бүкіл  қоршаған өиірдегі әсемдік құралдары  арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық  тәрбиемен пара-пар  емес,  оның өте  маңызды,  бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.

Эстетикалық  ұғымды   пайымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.  Әдемілікті  сүю,  оған түсіну үшін  балаға  негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік,  музыка мен әндегі  дыбыстарды  және өнер әдістері туралы білімді халықтың  педагогика саласында игеру қажет. Осыған  байланысты ол эстетикалық терең  түсінуге тырысады,  өз  халқының  салт-дәстүріне, тіліне, мәдениетіне,  әсем табиғатына  деген сүйіспеншілігі пайда болады.                              

Бастауыш сынып оқушыларға әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс әрекетінің әдемілігін бағалай білуге, әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал, бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға көмектеседі. Яғни, оқу пәндерінің оқушыларға тәрбие берудегі ролі орасан.

         Жаңа қоғам талабына сай адам санасын, оның қабілетті мен рухани байлығы жан – жақты  жарасымды дамыту мәселелері адамдардың қабілеттерін ашып, олардың өмірін рухани бай, сан қырлы ету үшін мейлінше кең өріс ашу-бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндеті деп білсін. Бұл салада да жақсылық жағына қарай түбегейлі өзгерістерге жетуге күш сала отырып, бүкіл мәдени тәрбие жұмысын адамдардың рухани талап -  тілектерін барынша толық қанағаттандыратындай, солардың мүделеріне сай болатындай етіп құру маңызды – деп атап айтылған болатын. Аса маңызды міндет оқушыларға көркемдік білім  беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту.