Психология

 

Имамбекова Г.С.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРIНIҢ ДАМУЫН ЭКСПЕРИМЕНТ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТУ

 

 

Бастауыш мектеп жасы педагогикалық және жас ерекшелiгi психологиясындағы өзектi мәселелердiң бiрi. Бiлiм беру жүйесiнiң тармақтарының бiрi және бiлiм қалыптастырудың түп негiзi болып табылатындықтан бұл жас кезеңiне ерекше көңiл бөлiнедi. Себебi, бастауыш мектепте мектеп табалдырығын аттағаннан соң мектепке бейiмделу, жаңа әлеуметтiк жағдайларға кезiгу, басқа әлеуметтiк ортаға түсу сияқты жағдайлармен қатар, сол ортадағы орны, бiлiм деңгейi т.б. жағдайлардың әсерi көрiнедi. Бiлiм ордасының негiзгi мақсаты оқу iс-әрекетi төңiрегiнде болады. Ал, оқу әрекетi ең алдымен танымдық және бiлiм беруден тұрады. Бiлiмдi меңгеру үшiн ең алдымен әрбiр бiлiм берушi баланың жекелiгiнiң деңгейiн бiлуi қажет. Сол арқылы ғана бiз олардың даму мүмкiндiктерiне жете аламыз.

Бiздiң зерттеу жұмысымызда таным iс-әрекеттерiнiң дамуын эксперименталды түрде зерттеу көзделген. Таным процестерiнiң эксперименталдық зерттелуi оқу iс-әрекетiндегi бастауыш мектеп оқушыларының таным әрекеттерiн дамытудың амал-тәсiлдерiнiң қолданылуы үшiн практикада өте маңызды. Зерттеуiмiздiң объектiсi ретiнде №21 және №54 орта мектептерінің 4 сынып оқушылары алынды. Зерттеу жұмысының мiндеттерiне байланысты экспериментке дейiнгi зерттеу жұмысы жүргiзiлiп, дамытатын экспериментке сыналушылар iрiктелiнiп алынды.

Зерттеудiң эксперименталдық бөлiмiнде таным процестерiн анықтауға арналған бiрнеше психологиялық әдiстемелер арқылы жұмыстың нәтижесiн көрсетуге болады.

4-сынып оқушыларының зейiн қасиеттерiн зерттеуге мынандай үш әдiстеменi алдық:

1. Бурдоның стандарттық кестелерiн негiзге ала отырып, қазақ тiлiнде оқитын мектепке бейiмделген түрде "Корректуралық сынақ" әдiстемесi негiзiнде зейiннiң тұрақтылығын қарастырамыз.

2. "Гербов кестесi" бойынша зейiннiң көлемiн зерттеймiз.

3. "Гербов-Шульте кестесi" бойынша зейiннiң аударылуын анықтаймыз.

Себебi, зейiн қасиеттерi iшiнде психологиялық-педагогикалық ерекшелiгi жағынан ерекше қасиеттерi оның тұрақтылығы, аударылуы (бөлiнуi) және көлемi болып табылады. Зерттеу нәтижесiн алғаннан соң нәтижесi өңдеуде зерттеу кiлтi мен хаттамадағы мәлiметтердi теңелте отырып зерттелушiнiң зейiн қасиеттерiнiң өлшеулiк көрсеткiшiн аламыз. Мысалы,

1. Зейiн тұрақтылығын бағалауда 4 "а" сынып оқушысы ә.ә зейiн тұрақтылығының өлшеулiк көрсеткiшiнiң экспериментке дейiнгi нәтижесiн былай есептеймiз.

К=m/n х100% m=89, n=97, яғни

К=89/97 х 100%=91%.

К-ның нақты бағалану балы 16-ға тең, 10 минут iшiнде қаралған әрiптер саны 1476, оның өнiмдiлiк бағаның балы 7-ге тең.

Зейiннiң тұрақтылығының интегралдық көрсеткiшiн анықтауда В=7, с=16, яғни А=7+16=23 зейiннiң өлшеулiк көрсеткiшi арнайы сандық көрсеткiш кестесi бойынша 8 балдық бағалауды көрсеттi. Дамытушы эксперименттен кейiн, бұл зерттелушiнiң зейiн тұрақтылығы 14-ке тең.

2. Зейiннiң көлемiн "Гербов таблицасы" бойынша зерттеу әдiстемесiнде төрт кесте бойынша сандарды iздеуге кеткен уақытты санаймыз. 1-шi кестенi қарауға 56 секунд, 2-шi кестеге – 55, 3-шi кестеге – 48, 4-шi кестеге 63 секунд уақыт жiберген. Жұмысты орындауға кеткен жалпы уақыт 225 секунд. Оны арнайы кестеден қараймыз, өлшеулiк көрсеткiш 8 балдық бағамен теңледi.

Дамытушы эксперименттен кейiн, бұл оқушының зейiнiнiң қозғалыс көлемiнiң өлшеулiк көрсеткiшi 19-ға тең.

3. "Гербов-Шульте кестесi" арқылы зерттеушiнiң зейiнiнiң аударылуын зерттеудiң нәтижесiн өңдеуде жалпы көрсеткiшi бес кезең бойынша тапсырманы орындайды. Ол үшiн санды iздеуге кеткен уақыт пен жiберген қателер саны негiзiнде есептеледi, арнайы кесте бойынша балға теңелтемiз Ii кезеңде – 73 секунд – 31 балмен, II кезең 101 секунд – 29 балмен, III кезең 132 секунд – 30 балмен, IV кезең 138 секунд – 23 балмен, V кезең 138 секунд – 22 балмен есептеледi. I кезеңде қызыл сандар ретiнен 5 қате 5 балл, II кезеңде санаса 1 қате – балл, III кезеңде түстен және реттен 2 қате – 6 балл, IV кезеңде реттiк қатардан және саннан 3 қате – 10 балл. Жалпы жұмысты орындауға кеткен уақыт Т – 135 болса, қателер саны С –18, яғни А=135-18=117

арнайы құрастырылған кесте бойынша зейiн аударылуының өлшеулiк көрсеткiшi 3-ке тең.

Дамытушы эксперименттiк жұмыстардан кейiн зерттелушiнiң зейiн аударылуының өлшеулiк көрсеткiш 9-ға теңелдi.

Бастауыш мектептегi оқыту процесiнде танымдық iс-әрекеттер iшiнде естiң де алатын орн ерекше. Есте сақтаудың жақсы дамуы нәтижесiнде оқушыларға берiлген бiлiм нәтижесi тиянақты болады.

Бiздiң зерттеуiмiздiң негiзгi мақсаттарының бiрi оқыту процесiндегi есте сақтау процесiнiң тиiмдiлiгiн көрсету.

қысқа мерзiмдi есте сақтаудың бейнелiк және сөздiк-мағыналық көлемiн бағалау әдiстемесi таңдалынды.

Бейнелiк және сөздiк-мағыналық есте сақтау көлемiнiң нәтижесiн өңдеуде дұрыс есте сақтаған элементтер саны (с) мен қате есте сақтаған элементтер саны (m) және таптап кеткен элементтер (n) саны табылып арнайы Формуламен есептелiндi, яғни B=c-m/c+n х 100.

Мысалы, ә.ә 4 "а" сынып оқушысының бейнелiк және сөздiк мағыналық есте сақтау көлемiнiң нәтижесiн өңдегенде қысқа мерзiмдi образды есте сақтауын анықтау үшiн с=56 n=46 m=2, яғни В=5-2/5+4 х 100=33, ал жұмысты орындауға кеткен уақытты Т=32 сек. Балға теңелтi арнайы кесте бойынша – 1-ге тең, яғни А=33-1=32 қысқа мерзiмдi образдық есте сақтаудың өлшеулiк көрсеткiшi 32-ге тең арнайы кесте бойынша 2-ге тең.

     Эксперименттен кейiнгi көрсеткiш 9-ға тең. Ал сөздiк-мағыналық есте сақтауының нәтижесi.

В=7-3/7+3=4/10 х 100=40

А=40-2=38 арнайы кесте бойынша қысқа мерзiмдi  сөз-мағыналық есте сақтау көлемiнiң өлшеулiк көрсеткiшi 8-ге тең.

    Дамытушы әксперимент жұмыстарынан кейiн, зерттеушiнiң өлшеулiк көрсеткiш нәтижесi 14 балдық бағалауды көрсеттi.

    Бастауыш мектептiң оқыту процесiнде зейiн мен естен басқа танымдық процестердiң iшiнде ерекше орын алатын ойлау процесi. Ойлауды дамытуда оқытудың мәнi мен маңыздылығы артып, бiлiмдi дұрыс меңгеру қалыптасады. Ойлау процесiн зерттеу мақсатында 2 негiзгi әдiстеменi алдық.

1.           "Ерекше сөз" әдiстемесi арқылы сөз-мағыналық ойлауын бағалау.

2.           Бейнелiк ойлауын бағалау.

"Ерекше сөз" әдiстемесiн негiзге ала отырып оқушылардың сөз-мағыналық ойлауын бағалаудың нәтижесiн өңдеуде мысалы: Ә.Ә. 4 "а" сынып оқушысының эксперимент нәтижесiн алатын болсақ, тапсырманы орындауға кеткен уақыт пен дұрыс жауабының қосындысынан сөз-мағыналық ойлаудың интегралдық көрсеткiшiн аламыз, әр дұрыс жауапқа 2 балл, яғни В=24, әр серияны орындауға кеткен уақыттың қосындысы балдарға теңелтiледi Т=-15, яғни  А=24-15=9

Арнайы кесте бойынша сыналушының сөз-мағыналық ойлауының өлшеулiк көрсеткiш 5-ке тең. Дамытушы эксперименттен кейiнгi нәтиже 14 балдық бағалауды көрсеттi.

2. Бейнелiк ойлауын бағалау әдiстемесiнiң нәтижесiн өңдеуде эксперимент нәтижесiн уақытты балдық көрсеткiшке теңелтудi және тапсырманың орындалуының нақтылығын арнайы кесте бойынша анықтаймыз. Сыналушының дамытатын экспериментке дейiнгi бейнелiк ойлауын бағалауда ең алдымен жалпы бес серия бойынша 2-5 балл, 2 серия 3-5 балл, үшiншi серия бойынша 4-9 балл, төртiншi серия бойынша 4-1 балл, 5 серия бойынша 1-5 балл, яғни барлығы 25-ке тең. Тапсырманы орындауға кеткен уақыт I серия 78 сек – 1 балл, II серия 72 сек. – 2 балл, III серияда 56 сек – 1 балл, IV серияда 65 сек – 2 балл, V серияда 68 сек – балл, жалпы кеткен уақыт – 8 балл, яғни

А=25-8=17

Арнайы кесте бойынша өлшеулiк көрсеткiш 60 балдық көрсеткiшi көрсеттi.

Дамытушы эксперимент жұмыстарынан кейiн, оқушының бейнелiк ойлауының өлшеулiк көрсеткiшi 12 балдық көрсеткiштi көрсеттi.

Экспериментке дейiнгi және эксперименттен кейiнгi зерттеу нәтижелерi жеке өңделгеннен кейiн спирменнiң корреляциялық коэффициенттiк бойынша әртүрлi көрсеткiштердiң рангiлерiнiң арасындағы байланысты салыстыру арқылы тексерiледi.